Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ПРОЕКТИВТІ ӘДІСТЕР
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Тараз қаласы №11 орта мектептің
педагог-психологі
Абитжанова Жанар Аманжоловна
ПРОЕКТИВТІ ӘДІСТЕР
Сурет салу тесттерін жүргізу:
Әрбір тест сызық жүргізілмеген қағазда жүргізіледі. Қағаздың форматы А4 (21*30см) болғаны жөн, бірақ одан кіші форматты да қолдануға болады. “Адамның суреті” тестінде қағаз зерттелінушінің алдына вертикальды түрде, басқа тестерде горизонтальды түрде қойылады. Әрі қарай зерттелінуші қағазды бұрғанда оған бөгет жасамау керек.
“Әдемі сурет” тестінен басқасының барлығы жай қара қарындашпен жүргізіледі. Қарындаш тым қатты болмауы керек: мүмкіндігінше М немесе 2М. Бұдан қатты қарындаш басылып салынған сызықтарды аңғартпайды, өйткені қатты басқанның өзінде жіңішке сызық қалады. Ал бұдан да жұмсақ қарындаш қатты жағылып қағазды бүлдіреді.
Өшіргіші бар қарындашты пайдаланған тиімді. Егер қарындаш өшіргішсіз болса, оны бөлек береді, бірақ оған арнайы көңіл аудартпайды. Кейбір авторлар сурет салу әрекеті барысындағы барлық өзгерістерді байқау үшін өшіргіш бермеген дұрыс көреді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей зерттелінушілердің көбісінде, әсіресе қобалжу деңгейі жоғары болса, өшіргіштің жоқтығы елеулі қиындықтарға ұшыратады, тіпті кейде олар салудан бас тартады. Тиімді шешім болып қатты өшіргішті пайдалану болады: ондай жағдайда өшірілген сызықтардың ізі қалады және зерттелінуші бұған аса назар аудармайды.
Қарындаш парақтың ортасына қойылады да, зерттелінуші оны қай қолмен алатынына назар аударылады. Бұның өзі көп мәлімет беруі мүмкін.
“Әдемі сурет” тесті түрлі – түсті қарындаштармен жүргізіледі. Бұған спектрдың барлық түсі және қара түсті қарындаш пайдаланылады. Мүмкіндігінше әр түстің екі – үш реңі болғаны жөн. Ең тиімдісі 18 түсті қарындаштар жинағы. Фломастермен салынған тестің мәліметтілігі төмендейді, өйткені фломастермен салынған суреттің басылып салынған сызықтарын анықтау өте қиын.
Сурет сала бастағанның алдында әрбір тестің нұсқауларын сөзбе – сөз, өзгертулерсіз қайталаған жөн. Сурет салынып біткен соң, нәтижесіне байланыссыз мадақтап, мақтап қойған жөн. Нұсқауға қарағанда, суреттен кейінгі әңгімелесу формальданбаған болу керек.
Сурет салу процесі хаттамада бейнеленеді. Хаттаманың және сурет салудың әрбір қағазына зерттелінушінің аты мен фамилиясы (немесе оның цифры) және зерттеліну күні жазылады. Бірінші парақта анамнездік мәліметтер жасы, жанұя құрамы, келу себебі көрсетіледі.
Хаттамада:
• тапсырманы орындау темпі, жұмыс барысындағы паузалар және үзілістер;
• бейнелердің бөліктерінің салыну кезегі;
• зерттелінушінің сұрақтары және сөздері;
• суреттен кейінгі әңгімелесудің қысқаша мазмұны жазылады.
«Кактус» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау, жағымды және жағымсыз (агрессивті, мазасыз) мінез-құлық бітістерін анықтау.
Қажетті құралдар: Таза парақтар, жәй қалам мен түрлі түсті қаламдар.
Нұсқау: «Алдыңыздағы таза параққа өз ойыңыздағы кактустың бейнесін салыңыз»
Әдістеменің нәтижесін өңдеу:
-
Егер кактустың парақ бетінде орналасуы-ірі, үлкен ортада болуы, ортада болғанды ұнатады, өзіндік бағалауы адекватты, көсем болуға талпынады, барлық жерде бірінші болуға тырысады.
-
Егер кактус парақтың жоғары жағында салынса; онда өзіндік бағалауы өте жоғары, өзіне көңіл аударғанды жақсы көреді.
-
Егерде кактус парақтың төменгі жағында салынса және кішкентай болса – онда өзіндік бағалауы төмен, өзіне сенімсіз адам.
-
Кактустың инелерінің көптігі – онда агрессияның белгісі.
-
Инелері үшкір, ұзын, жиі болып салынса, онда агрессияның басымдылығын білдіреді.
-
Инелері майда, сирек орналасса, онда өз бойындағы агрессияны қолға ұстай алады, шыдамды.
-
Кактустың бір контуры бір үзілмейтін сызықпен салынса – онда коммуникативтік қасиеттері жақсы дамыған, мейірімді, ақкөңіл адам.
-
Кактустың контуры жиі үзілген сызықпен, болмаса штрих ретінде салынса – онда ашуланшақ адамның белгісі.
-
Сызықтары ирек (кактустың ішінде) онда интроверт адам – тұйық.
-
Кактустың айналасындағы кактустар – онда жұртқа өзін көрсету, ашық, ұйымшыл, досы көп адам.
-
Ашық түстерді қолданса – онда оптимист, өмірде не болса да, жақсылыққа жориды.
-
Қара, қоңыр түстерді қолданса немесе штрихталса – онда
үрей мен қорқыныштың белгісі.
13.Кактусты әшекейлесе немесе гүл салса – онда сезімтал адам
екенін білдіреді.
14. Кактусты ыдысқа салу – онда отбасындағы қамқорлыққа
ұмтылу.
15.Шөлдегі немесе ыдыссыз салынған кактус – онда жалғыздықты сезіну немесе ұмтылу, отбасындағы нашар ахуалды білдіреді.
Әр түрлі кактустар
Психолог салынған суреттегі әр түрлі белгілерді анықтап, сол арқылы баланың мінез ерекшеліктерін біліп, ол ерекшеліктің пайда болу себептерін түсіндіруі керек. Суретті түсіндірген кезде “суретшінің” сурет салу тәжірибесі де ескерілуі керек. Сурет сала алуы – алмауы, шаблондар мен топтауырындарды пайдалану жас ерекшеліктерінің бәрі сынақ нәтижесіне әсер етеді.
“Кактус” сынағы бес жыл үш жастан жоғары балалар арасында тәжірибеден өтті. Бұл тестің нәтижесінде адамның эмоциалды сферасының қалпын, агрессияның болуын, агрессияның бағытын, агрессияның күшін білуге болады.
А4 қағаз бен қарындаш беріледі.
Түрлі түсті қарындаш берілсе, сегіз түс беріліп, нәтижесі Люшер сынағының көрсеткішімен талданады.
Суретте салынатын адамның мынадай қасиеттері көрініс таба алады:
Агрессия – иненің болуы. Қаты білінетін, ұзын, тығыз орналасқан ине агрессия деңгейінің жоғарылығын білдіреді.
Импульсивтілік – сызықтардың жуан болуы, бір – бірінен алшақ жатуы.
Эгоцентризм, лидерлікке ұмтылу – үлкен сурет, қағаздың ортасында.
Өзіне сенімсіздік, тәуелділік – кішкентай сурет, қағаздың шетінде.
Қыр көрсету, ашықтық – кактуста шығып тұрған өскіннің болуы.
Тұйықтық, сақтық – кактустың ішінде және кескінінде зигзагтың болуы.
Оптимизм – ашық түстерді қолдану, “Қуанып” тұрған кактус.
Мазасыздық – қара түстерді көп пайдалану (түрлі түсті қарындаштарда), суретте қысқа сызықтармен бояу.
Нәзіктік – сәндеу, гүлдің болуы, жұмсақ сызықтардың болуы.
Экстраверттілік – басқа гүлдер мен кактустардың болуы. Интраверттілік – бір ғана кактус.
Үйдегілердің қорғауын қажет ету, жанұядағы бірлік сезімінің болуы – гүлдің горшогының болуы, бөлме өсіидігін салу.
Үйдегілердің қорғауын қажетсінбеу, жалғыздық сезімнің болуы – жабайы, дала кактустары.
Енді балалар қандай кактус салатындарыңа мысал келтірейік. Суретті салып болған балаға нәтижеге жететін мынадай сұрақтар қоюға болады:
1. Бұл кактус үйде өсер ме, әлде жабайы ма?
2. Бұл кактустың тікенектері батады ма? Ұстап көруге болады ма?
3. Кактус өзіне қарағанда су құйғанды ұнатады ма?
4. Кактус жалғыз өседі ма, әлде басқа өсімдіктермен көрші болып өсе ала ма?
5. Кактус өскенде қалай өзгереді (инесі, көлемі, өскіні)?
Сынақ қорытындысын шығару кезінде баланың үйінде дәл осындай кактустың болуы немесе бір жерден кездестіруі сияқты жағдайлар әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұқият ойланып талдау керек.
“Крокодилдер” әдісі
Агрессиялық экспресс – диагностикасына бейімделген әдістеме шартты түрде “крокодилдер” әдістемесі деп аталған. Мамандардың пікірінше, крокодилдер агрессиялық мінез – құлықтың символы болып табылады. Крокодилдің кескіні (суреті) адамдарда агрессиялық тенденциялардың пайда болуына әсерін тигізеді. Сурет кек сақтау, күдік туғызу, жауласу сияқты қасиеттерді көрсетеді.
Бұл әдістеме әр түрлі жастағы адамдарға қолданылады. Мақаладағы 1, 7, 8 – сынып оқушыларын зерттеу материалдары берілген.
Материал: А4 форматты ақ парақ.
Бейнелеу құралдары: қара және түрлі түсті қарындаштар,фломастерлер.
Түсі, көлемі, түрі, сюжеті (бейнесі) қосымша талқыланбады.
Уақыттың шектеулілігі белгіленбейді.
Кіші оқушылар конформділіктің жоғары деңгейіне ие, сондықтан олар зерттеу барысында басқалардан көшіріп алуын алдын алатындай етіп орналастыру керек. Зерттеу барысында таптауырын деп атауға болатын суреттер түрі анықталды. Олардың мазмұны неғұрлым танымал мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлері арқылы бейнелендірілді. Балалардың эмоциялық күйін кейіпкердің ролінен бөлу үшін суреттен кейін сұрау жүргізіледі.
Суретті қарайық (Таня 13 – жаста). Бұл қыздың ойынша, бұл чебурашканың досы Гена крокодилі. Ол кейіпкерді мультфильмдегі рөліне сәйкес суреттеледі. Бірақ жағымды қасиеттердің кейбіреуіне (ол ақылды, сенімді) қарамастан суретте қыз тұлғасының эмоционалды жағы көрініп тұр. Бұл түс туралы шешімде көрініс тапты. Көк түсті қарындаш қолданылды. Таня крокодилдің көк екендігің, өйткені оның мейірімді екенін айтты. Табиғатынан өте жақсы бояуларға бай аллигаторлар суретте сирек (шамамен 3%) кездеседі. Оқушылардың көбі түрлі түсті гамманы қолданды. Көп қолданылытын түстерден бас тарту оқушылардың креативтілігін, олардың ойлау қабілетінің бейнелерін, ақпарат берудің қосымша түрлерін көрсетеді. Одан ешкімнің қорықпауы үшін.
Көңілі алаңдайтын балалар көп жағдайда қара қарындашты қолданады.
Көптеген сурет техникаларындағы сиқты біздің зерттеуімізде алаңдаушылықтың кейбір белгілері байқалады. Жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда бастауыш сынып оқушыларының суреттері көп өшірілген және түзетілген. Бұны былай түсіндіруге болады: Бұл оқушылардың мектеп нормалары мен ережелеріне сай болуға тырысуы, өйткені олар сурет салуды өз ойын айтудың әдісі ретінде қарастырады. Сондай – ақ түзетуді (өшіруді) бейнелеу құралдарының көмегімен агрессиятілік немесе агессивтіліктен пайда болған қорқынышты азайту қажеттілігі ретінде қарастыруға болады. Үлкен крокодилді салып, соңында крокодилдің көлемі көп мөлшерде кішірейсе, бұл метаморфоз.
Диназаврға ұқсайтын аң салған жағдайда, қоршаған әлеуметтік ортаны осылай қабылдау балаға теріс әсер етіп, қорқыныш тудырады.
Агрессиялық күйдегі крокодил бейнеленген болса, оның құйрығы белгіленген, ол кек сақтаудың көрсеткіші болып есептеледі. Сурет салу кезінде қызыл түспен бояуға көп уақыт кетсе, суреттің бір бөлігіндегі кез келген фиксация мен уақытша тоқтаулар ішкі тұлғалық дау – жанжалдардың индикаторы болып табылады.
Қосымша белгілер: Қосымша элементтер (су, ағаштар, жер) жағдайды құрастырғысы және бақылағысы келгендігін көрсетеді. Су (көл, өзен, т. б.) крокодилмен бірге өз символикасына ие. Су жаман тәртіпті көрсетпейді, агрессияның латентті формасын көрсетеді. Тура агрессияті символдардан (тарнақ, тіс, тікен) басқа өшпенділікті бейнеленген жануарлардың саны көрсетеді. Қаз қатар орналасқан және бір – бірін қолдайтын 2 крокодилдің суретін салынса, суретті салып болғаннан кейін сұрау барысында бұл суреттің агрессиялық жағдай мысала екендігі анықталған, өйткені ол ұнамайтын сабақтан кейін салынған жағдайда.
Ең маңызды көрсеткіш – жауаптардың парақтағы орны.
Суреттің сол жоғары жақта орналасуы алаңдаушылық пен өткенге бағытталғандығын көрсетеді. Суреттің сол жақта орналасуы (қиылысуы) өткен өмірді жоққа шығаруы көрсетеді. Парақтың шетінде құйрық кесілген. Баланың мұндай қылығы оның кек сақтауын жоққа шығарады, ол бәрін жақсы көреді және кешіреді.
Жануарды парақтың ортасына орналастыру – толық емес пен қорғансыздық сезімінің дәлелі. Бұл суретті құрдастарымен салыстырғанда физикалық тұрғыдан аз дамыған өте жасқаншақ болуы мүмкін. Анфас суреттер ереже бойынша компромистік мінез адамдарға тән суретті салып болғаннан кейін сұрау процесінің барысында агрессиялық себептерін анықтау қажет. Сонымен “Крокодилдер” әдістемесін түсіндіру барысында стандартты жобалы суреттерді тестерде сипаттайтын параметрлер қолданылды. (Өмір сүрмейтін аң, Маховер тесті). Аталған әдістемелердің орындалуы қиын емес, балалар үшін қызықты және олардың қарсылықтарын тудырмайды. Біз қол жеткізген қорытындылар тәуелсіз эксперттердің (мұғалімдер, мектеп психологі, ата – аналар) бағасына сәйкес келеді. Әрине “Крокодилдер” әдісін басқа тесттерге қосымша ретінде қолдануға болады.
“Әлемде жоқ жануар” әдістемесі
Жоғарғы сынып оқушысының тұлғасын зерттегенде “Әлемде жоқ жануар” жобалау (проективті) тестін қолдануға болады. Бұған бір парақ қағаз, жұмсақ қара қарындаш және өшіргіш керек. Жұмсақтығы орташа қарындашпен салу қажет, жай қаламсаппен және фломастермен салуға болмайды.
Нұсқау: Өмірдегі жоқ жануарды салыңыз және оған өмірде болмаған атау беріңіз.
Сурет салынып болған соң, әңгіме құрастыру өтініледі. Әңгіме мүмкіндігінше сөзбе – сөз жазылады.
Егер әңгіме жануар туралы жеткілікті мәлімет бермесе, жұмыс аяқталғаннан кейін келесі қосымша сұрақтар қойылады:
• Ол немен қоректенеді?
• Қайда тұрады?
•Әдетте немен айналысады?
• Көбіне нені жасағанды ұнатады?
• Нені ұнатпайды?
• Ол бір өзі тұрады ма, әлде кіммен?
• Оның достары бар ма? Кімдер?
• Оның жаулары бар ма? Олар кімдер? Неге олар оның жауы?
• Ол неден қорқады, әлде ол ешнәрседен қорықпайды ма?
• Оның мөлшері қандай?
Содан соң зерттелінушіге оның жануары сиқыршыны кездесті деп қиялдау ұсынылады. Және бұл сиқыршы оның үш арманын, тілегін орындайды. Оның арман, тілегі қандай болуы мүмкін? Барлық жауаптар протоколға енгізіледі.
Келтірілген сұрақтар – міндетті емес, олар бағыттаушы бола алады.
Көрсеткіштер мен интерпретация
Суреттің парақтағы орналасуы: Егер сурет стандартты вертикальды парақтың орта сызығының бойында орналасса, бұл қалыпты жағдай.
Егер сурет парақтың жоғарғы бөлігіне жақындай түссе (ашығырақ, нақтырақ сипатталуы көбірек болса) өзін - өзі жоғары бағалауы, социумдағы өзінің орнына қанағаттанбауы және айналасындағылардың қадірлеуінің жеткіліксіздігі; өрлеуге талабы, өзін таныту тенденциясы, қадірлеу талабы деп саналады.
Суреттің төменгі бөлігінде орналасуы – қарама-қарсы көрсеткіштері: өз - өзіне сенбеуі, өзін - өзі төмен бағалауы, жабырқаушылық, батылсыздық, сенбеушілік, өзінің әлеуметтік орнына қызықпаушылық, қадірлемеу, өзін таныту тенденциясының болмауы деп есептеуге болады.
Фигураның орталық мағыналық бөлігі: (бас немесе оны алмастыратын бөлшектер). Ойлағанның немесе жобалағанның барлығын орындайды немесе аяғына дейін жеткізбесе де, орындайды (адам өзінің жобаларын асыра бастауға белсенді түрде кіріседі).
Солға бұрылып тұрған бас – іс - әрекет және ойлануға бағытталған тұрақты тенденциясы. Зерттелінуші “іс - әрекет адамы емес”, тек ойлағанының бір бөлігі ғана жүзеге асады немесе тек бастайды. Батылсыздық, қорқу, белсенді іс - әрекет алдында қорқу жиі кездеседі (Бұны қосымша тұрғыда анықтау керек).
Фас орналасуы, яғни бас салушыға бағытталған, бұл дарашылдық деп түсіндіріледі. Басында орналасқан сезім мүшелеріне сәйкес бөлшектер – құлақ, ауыз, көз салынған жағдайда:
Көзге ерекше мән беріледі. Бұл адамға тән қорқудың символы. Осы мағына, әсіресі көздегі сызықшалар ашық қылып боялуынан түсуден көрінеді. Кірпіктердің бар – жоғына назар аударыңыз. Кірпіктер – бұл истероидты қыр көрсеткіш мәні.
Ер кісілер үшін көз сызықтарын немесе қарашықты бояй түсу сияқты әйелдің мінезіне тән белгілердің көрінуі сирек кездеседі.
Кірпіктер – бұл айналасындағылардың сыртқы көріктігіне және киіну үлгісіне сұртануы және осыған үлкен мән беруі.
“Түрлі түсті пирамидалар тесті”
Алғаш рет бұл тестіні Макс Пфистер 1950 жылы құрды, бірақ оны дамытқан Роберт Хайсс еді. Және де бұл тест 1963 жылы “Pcychological Bulletin” – алғаш рет басылып шықты.
Жабдықтау және нұсқау
Зерттелінуші үш “әдемі” және үш “әдемі емес” пирамида жасауы керек. Ол үшін ол 15*25 см шаршылардан тұратын бос орындарды 24 түстен (немесе оттенок) таңдау жасап толтыру керек. Әр қайсы түстің 15 шаршысы бар, сондықтан зерттелінуші пирамиданы тұтас бір түсті етіп жасай алады.
Түрлі түсті шаршылар кез келген кезекте түсі көрінетіндей етіп тізіліп қойылады. Нұсқау бойынша “пирамида” бұдан да әдемі бола алмайынша қайта – қайта жасала береді. Үш “әдемі” пирамида жасалғаннан кейін, нұсқау бойынша енді үш әдемі емес” пирамида жасалуы ұсынылады.
Жазбалар және ұпайларды есептеу
CS – константардың қосындысы: үш пирамидада да қолданылған түстердің мөлшері.
MIS - өзгерулердің минимальды қосындысы: екі пирамидада да қолданылған түстердің мөлшері.
MAS - өзгерулердің максимальды қосындысы: бір пирамидада қолданылған түстердің мөлшері.
AS – мүдем қолданылмаған түстердің мөлшері.
Сонымен қатар, түстердің таңдауына байланысты келесі принципиальді синдромдар қолданылады:
Қалыпты синдром (N syn): қызыл, жасыл, көк.
Стимулдайтын синдром (S syn): қызыл, оранжевый, сары.
Агрессиялық (драйв) синдром (D syn): сары, жасыл, қоңыр.
Ахроматикалық синдром (А syn): ақ, қара, сұр.
Проективті тесттер
“Өмірде жоқ жануардың суреті”
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз