Мектеп: №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі
|
Күні:
| Мұғалімнің есімі: Әбдиева Сандуғаш |
Сынып: 10 «А», «Ә» | Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісімен таныстыру;
|
Оқу мақсатары
| Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісімен таныстыру;Білім жетістіктерін әділ бағалауды қамтамасыз ету. |
Жетістіктер критерийлері
| Барлық оқушылар |
| Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісін білетін болады. |
| Оқушылардың басым бөлігі: |
| Бұрын алған білімдерін кез келген жағдайларда дұрыс қолдана алады. |
| Кейбір оқушылар: |
| Программалау тілдерін талдай алады, олар туралы тұжырымдар жасай алады және практикалық тұрғыда қолдана алады, берілген тапсырманың шешімін ұсына алады. |
Өткен тақырып | «Бес саусақ» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау
|
Қолданылатын әдіс – тәсілдер | СТО, «Миға шабуыл», «Бес сұрақ». |
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, слйд, оқулық.
|
Пән аралық байланыс | Математика, қазақ тілі, әдебиет
|
Жұмыс түрлері | Тапсырмалар, қосымшалар | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс – әрекеті (нәтижесі) |
І кезең |
Ұйымдастыру кезеңі | Тренинг. Бүгін күн қандай? Ақпарат алмасу. Сынып оқушылары өз ойымен бөліседі | Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру, топтастыру. | Сынып оқушылары программалау тілдері бойынша топтасады |
Үй тапсырмасын тексеру | «Бес саусақ» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. Компьютерлік желілер?Ақпараттық қауіпсіздік?ҚР заңнамасы? | Интербелсенді тақтадан сұрақтар көрсету. | Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді |
Қызығушылығын ояту, мәселе қою | «Миға шабуыл» әдісі арқылы көпір тапсырмасы сұралады.
| Оқушы жауаптары тыңдалады. Қосымша сұрақтар қою арқылы толықтырылады. | Көпір тапсырмаларында берілген сұрақтарға әр топ сыни тұрғыдан ойлау арқылы жауап береді. |
ІІ кезең |
Теория бойынша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмалары (топтық жұмыс, презентация, мұғаліммен бірге талдау) | Мазмұнды сызбамен жұмыс. Әр топ берілген тақырып бойынша мазмұнды сызба дайындау және қорғау тапсырмасы беріледі. Тақырыбы: Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі «Білу» тапсырмасын оқушылар теория бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы орындайды.«Түсіну» тапсырмасы на қорытынды қорытынды жасап, ой- тұжырым айтады.«Талдау» тапсырманы бойынша қазіргі заманғы программа мен бұрынғы программаны салыстырып айтады. «Жинақтау» тапсырмасында берілген кестені дәптерлеріне толтырады және сөзжұмбақты шешеді. | Жаңа сабақты меңгерту мақсатында жаңа ұғымдармен, материалдармен таныстыру, слайдтар көрсету арқылы мәліметтер беру.
Әр қадам тапсырмаларына нұсқау беру, тексеру.
Топ бойынша жасалған жұмыстарды тексеру
Дұрыс орындалғандығын тексеру. Қателескен жағдайда түзету, түсіндіру. Сөзжұмбақ «Программа» жауаптары: Ақпарат, ПернетақтаҚолданбалы, Гигабайт, Растрлық, Драйвер, Әмбебап, Модем, Графика
| Оқушылардың мұндағы мақсаты – берілген тапсырмаларды қатесіз, топпен бірлесе отырып орындау.
Оқулықпен жұмыс жасау.
Қадам тапсырмаларын қатесіз орындау, тексеру.
Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады. Оқушылар топпен ақылдаса отырып, өз ойларын айтады. |
Сергіту сәті | Бейнеролик көрсету | Оқушылармен бірге сергіту жасау, бейнеролик туралы оқушылардың ойын жеткізу | Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығу жасайды. |
ІІІ кезең |
«Қолдану» және «Баға беру» тапсырмалары | «Қолдану» тапсырмасы бойынша оқушылар компьютермен практикалық жұмыстарды орындайды. Тапсырмада берілген мәтінді компьютерге теріп, бос орындарға тиісті сөздерді қояды. «Бағалау» тапсырмасы бойынша оқушылар пікірімен алмасады. | Компьютерде орындалатын практикалық тапсырмаларды тексеру, білмеген жағдайда бірлесе отырып орындату.
Оқушылардың айтқан ойларын тыңдау, ой қосу. | Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін практикада қолдана отырып, тапсырмаларын орындайды.
Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады.
Оқушылардың барлығы бірдей тапсырмаларды орындайды. |
Бағалау, кері байланыс (бағалау парағы бйынша) | «Бес саусақ» әдісі бойынша топтар бір – бірін бағалайды. | Мұғалім тексеріп болған соң оқушылардың дұрыс нәтижелерін салыстырып, бағалау парағына бағаларын қойғанын қадағалайды. Қорытынды бағаларын қояды. | Топ оқушылары өздерінің бағаларын бағалау парағына қояды |
Үй тапсырмасы: 7-8 -ші тапсырманы орындап келу | Оқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау. | Оқушылар үй тапсырмасын орындайды. |
Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында сыныпта жиналған балл санын әр оқушы өздерінің жеке бағалау парағына белгілейді. Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған балы қосылып, барлық балл саны мониторингке тіркеледі, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады. |
Қосымша ақпарат |
Саралау – оқушыларға алдыңғы тақырыптар бйынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар бар топтың тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын. | Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын. | Оқушыларға қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіліп, тақырып бойынша мазмұнды сызбаны түсінікті етіп дайындау айтылады. АКТ-мен байланыс жасау. Бір – бірін топта тыңдау, сыйластық таныту. Бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу |
РефлексияСабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |