Материалдар / Прокариоттық эукариоттық жасушалар 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Прокариоттық эукариоттық жасушалар 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар: • прокариот және эукариот жасушаларымен байланысты негізгі терминдерге ауызша, жазбаша анықтама береді. • прокариот және эукариот жасушаларына тән құрылымдарды атап жасушаларды ауызша сипаттай алады; • прокариот және эукариот жасушаларының айырмашылықтарын сурет/сызбада белгілеп жаза алады; • ауызша сұрақтар құрастырып, қоя алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2023
376
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


8.1.А.Жасушалық биология:


Мектеп: Шетпе лицейі

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні: Нурболекова Гульфайруз

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Прокариоттық эукариоттық жасушалар

(жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру


Сабақтың мақсаттары

  • Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;

  • Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;

  • прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.

Бағалау критерийлері

  • прокариоттық, эукариоттық жасушаларын сурет бойынша ажырата алады;

  • прокариоттық, эукариоттық жасушаларының айырмашылықтарын түсіндіре алады;

  • прокариот, эукариоттарға мысалдар келтіре алады;


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • прокариот және эукариот жасушаларымен байланысты негізгі терминдерге ауызша, жазбаша анықтама береді.

  • прокариот және эукариот жасушаларына тән құрылымдарды атап жасушаларды ауызша сипаттай алады;

  • прокариот және эукариот жасушаларының айырмашылықтарын сурет/сызбада белгілеп жаза алады;

  • ауызша сұрақтар құрастырып, қоя алады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

прокариоттық жасуша, эукариоттық жасуша, жасушалық мембрана, цитоплазма, ядро, вакуоль, митохондрия, хлоропласт, рибосома, жасуша қабырғасы, мебраналы органоидтар, ядролық мембрана, талшық, капсула, мезосома, сақиналы ДНҚ. 

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Егер жасушада ядролық мембранасы бар болса, онда бұл ...жасуша. Жасушада мембраналы органоидтар кездесетін болса, бұл...жасуша.

Прокариоттық жасушаның мөлшері эукариоттық жасушаға қарағанда...

Сақиналы ДНҚ тек ... жасушаларда кездеседі.

Бұл ... ағзаға тән жасуша.

Бұл өсімдік / жануар жасушасы себебі...

Бұл өсімдік / жануар жасушасы емес, себебі... органоидтары бар.

Прокариоттық/эукариоттық жасушада... болады.

Бұл өсімдік/ эукариот жасушасы, рарапотому что өйткені онда … бар


Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыс кезінде оқушыларда ынтымақтастықта бола білу, өзгелердің пікірімен санасу, сыйластық, адамгершілік құндылықтарын дарыту жүзеге асырылады. Үлгілеу кезінде өз білімін жетілдіруге деген жауапкершілігі дамытылады. Сабақта алған білімдерін жаһандық мәселелерді шешуде қолдануға қатысты талқылаулар арқылы жаһандық азаматтық қалыптастырылады.

Пәнаралық байланыс

Цитоплазмадағы заттар туралы білім арқылы химия пәнімен,

үлгілеу немесе аппликация жасау дағдылары арқылы технология пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар жаратылыстану курсынан жасуша және ұлпа ұғымдарын біледі. 7 -сыныптан өсімдік жануар жасушаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, жасуша құрамбөліктері (пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана мен жасуша қабырғасы) қызметтерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Сабақ тақырыбын анықтау мақсатында өсімдік, жануар, саңырауқұлақтар және бактерия суреттері таратылады. Оқушылар суреттерді топтастырып, топтастырудың себептерін түсіндіреді.

Сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

1 - слайд

1-қосымша


Сабақтың ортасы

4-17 мин

Оқушыларға бактерия, жануар және өсімдік жасушаларының суреттерін пайдаланып, айырмашылықтарын анықтау ұсынылады.

Алдыңғы білім мен жаңа тақырыптың байланыстыру үшін өсімдік, жануар бактерия жасушаларының суреттерін ұсынып:

Қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады?

Бұл жасушалардың айырмашылығы неде? сұрақтары бойынша үш жасушаны салыстыру ұсынылады.



Таныстырылмның көмегімен прокариот және эукариот ұғымдарына мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, анықтама береді.

1-қосымша


17-27 мин

Ресурс және мазмұн арқылы саралауды қолдау үшін жасушалардың суреттері/ ақпарат парақшалары, таныстырылымнан оқушылар өз қалаулары бойынша (қандай ресурспен жұмыс жасағысы келеді) таңдап алып, тақырып мазмұнымен танысу ұсынылады.

Оқушылар прокариот және эукариот жасушалыры туралы постерлер мен қосымша ақпараттар/ ұсынылған ресурстарды пайдалана отырып салыстырмалы кесте толтырады. Кестеде салыстыру белгілерін мұғаліммен бірге талқылап анықтайды.

Мысалы:

1. жасуша мөлшерін салыстыру

2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасуша қабырғасы, талшық, капсула, мезосома, сақиналы ДНҚ)

Эукариот жасушасы үшін: (жасушалық мембрана, ядро, цитоплазма, митохондрия, рибосомалар, ЭПТ, Гольджи жиынтығы, пластидтер, ДНҚ, ядролық мембрана)

Оқушылар топтардың жұмыстарын бағалайды.

1, 2 - қосымша

4- 9 слайдтар

27-37 мин

Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Кейбір оқушыларға жасушаның екі түрін үлгілеу тапсырмасын беруге болады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар прокариот және эукариот жасушаларының айырмашылықтарын түсінгенін анықтап тексере алады.

3- қосымша

Сабақтың соңы

38-40 мин







Кері байланыс

Әрбір оқушы:

- осы сабақтан алған 1 идеяны айтады;

- осы сабаққа қатысты әліде жауап алғысы келетін 1 сұрақ қояды.



Үйге тапсырма:

Пәндік терминологияны пайдаланып, прокариот және эукариот жасушаларының ұқсастығы мен айырмашылығын қамтыған қысқаша тұжырымдамалар жазу.


10 слайд








Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушыларға жасушаның екі түрін үлгілеу тапсырмасын беруге болады.


Саралау оқушыларға қосымша ресурс түрлері мен мазмұнды саралау және өз мүмкіншілігіне сай жұмыс жасау (сурет салу, аппликация жасау, басқаша үлгілеу), ақпараттың қосымша көздерін ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Қызығушылығы жоғары оқушыларға прокариот жасушаларының генетикалық ақпаратының ерекшеліктерін зерттеу тапсырмасы ұсынылады.

Қабілеті төмендеу оқушыларға, немесе кейбір сурет салуды ұнататын оқушыларға прокариоттық және эукариоттық жасушалардың суретін салу тапсырмасын ұсынуға болады.


Қабілеті төмен оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою, кейбір ақпараттарды талдауда көмек көрсетіледі.


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

1.Тақырып бойынша жалпыға сұрақ жауап;


2. Салыстырмалы кесте толтырулары бойынша;

3. Деңгейлік тапсырмаларды орындаулары арқылы;

4. Жасуша моделін құрастырып, моделде жасушаларды салыстыру арқылы.



Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партаға дұрыс отыруына назар аудару.


Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.


Үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды




















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!