Материалдар / Психиатрия жайлы және даму тарихы жайлы түсініктеме.Жалпы психология.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психиатрия жайлы және даму тарихы жайлы түсініктеме.Жалпы психология.

Материал туралы қысқаша түсінік
Психиатрия жайлы және даму тарихы жайлы түсініктеме.Жалпы психология.Психиатрия жайлы және даму тарихы жайлы түсініктеме.Жалпы психология.Психиатрия жайлы және даму тарихы жайлы түсініктеме.Жалпы психология.Психиатрия жайлы және даму тарихы жайлы түсініктеме.Жалпы психология.Психиатрия жайлы және даму тарихы жайлы түсініктеме.Жалпы психология.Психиатрия жайлы және даму тарихы жайлы түсініктеме.Жалпы психология.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2022
308
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психиатрия пәні және даму тарихы

Психиатрия - адам психикасының бұзылуының шығу себептерін, патогенезін, клиникасын, емдеу мен аурудың алдын алу әдістерін зерттейтін ғылым.

Грекше: - «психе» - жан және «иатрио» - емдеу деген сөздердің қосындысы.

Психикалық аурулар әрбір дәуірдегі философиялық көзқарастарға байланысты әртүрлі қабылданды.Демокрит адам психикасы көк еттің (френикус) астында орналасады деп есепеген. Осы күнге дейін «френ» деген сөз психиатрия саласында кеңінен қолданылып келеді. Мысалы: шизофрения, олигофрения, циклофрения т.б. Психиканың бұзылуын (мидың ойлау қабілетінің бұзылуы) кейде психоз деп те аталады. Бұл мида өзгеріс болғандықтан айналадағы шындықты, өзін-өзі білудің, жүріс-тұрыстың бұзылуына байланысты жалпы организмнің ауруы.

Әртүрлі соматикалық ауруларда кездесетін психикалық өзгерістерді де психиатрия ғылымы зерттейді. Медицинаның қай саласында жұмыс істесе де, әрбір медицина қызметкерлері психиатрия ғылымынан хабардар болуға тиісті.

Ерте заман тарихында көз жіберсек ұлы математик - Пифагордан, Гипократтан бастап, Гален, Аретей, бертін келе И.П. Павлов ми, жоғарғы нерв қызметінің әр түрлі типтерін ашты. Осы күнге дейін қолданылып келе жатқан: меланхолия, мания, эпилепсия атаулары сол кісілердің еңбектерінен алынған. Ерте заманда ғылым мен медицинаның шіркеудің қарауында болуы орта ғасырдағы психиатрия ғылымын дамытпады.

Ауруларды - «сиқыршы,жын-шайтан, мыстан» деп отқа өртеп, жандарын қинап «емдемек» болды.ХVІ-ХVІІ ғасырларда ауруларды өлтіру арқылы бұл індеттен құтылдық деп есептеген.

Алғашқы психикалық ауруханалар шығыс елдерінде: Бағдатта, Дамаскіде, Каирде ашыла бастаған.1560 жылы Константинопольда (Түркия) Сүлейман сұлтан психикалық аурухана салдырды.

Осы шығыста Әбу-Әли-Ибн-Сина ауруларға дәріменен емдеуден басқа жұмыс істетіп, әуенмен (музыка) емдеуді ұсынған.

Батыс елдерінде ойлау қабілеті бұзылған ауруларды ауру деп есептей отырып, оларды түрмеге ұқсас мекемелерде ұстауын, жазалауын тоқтатпады, мысалы, Англияда шынжырмен шырмалған жалаңаш ауруларды бай адамдар ақша төлеп келіп мейрамдарда «тамашалаған».

Феодализмнен капитализмге өту кезеңінде (ХVІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың соңы) білімнің барлық салаларында алға даму ағымы басталды. Психиатрия саласында еңбек еткен Филипп Пинель өзінің досы жатқан ауруханаға жиі барып алғаш рет Францияда ауруды құрсаған шынжырды шештірді. 1792 жылдан бастап өмір бойы адам төзгісіз жағдайда болған бірнеше адам босатылды. Шынжыр, орнына тыныштандырғыш көйлектер пайда бола бастады.Бірақ емдеуге қолданылатын шаралар көбіне аурудың басына бірнеше шелек салқын су құю, жоғарыдан лақтыру және дүре соғу сияқты шаралардан аспаған. Әсіресе неміс психиатриясы жалған ғылыми көз қарастарымен танылды. Эммануил Кант сандырақтың түрлерін дәрігерлер емес, философтар емдеу керек деп тапты.

Неміс психиатриясының көрнекті өкілдері Гризенгер және Крепелин болып табылады, олар әр аурудың көрінетін белгілерінен басқа ағымы, себебі, патогенезі мен патанатомиясы бар екенін көрсетті.

Тарихи деректерге қарағанда Ресейде психикалық ауруларға адамгершілік көзқарас басым болған. Олар «құдайдан жәбір көрген адамдар» деп танылып, ерекше қамқорлыққа алынған. ІХ-шы ғасырдан ХVІІІ-ші ғасырға дейін Ресейде ақылынан ауысқан аурулар монастырлерде өмір сүрген. Монастырлерге алынбағандары «дуана, сиқыршы, көреген, «әулие»ретінде ел кезіп жүріп, күндерін көрген. Тек өзін «патшамын» деп есептеген аурулар шын патшаның бұйрығымен өлімге кесілген немесе жер аударылып қоғамнан аластатылған. І-ші Петрдің жарлығымен психикалық аурулар әскери қызметтен босатылып,үйленуге немесе мұрагер болуға тыйм салынған. ІІ-ші Екатерина Петербургте есінен ауысқан адамдар саны көбейгендігі туралы мәліметтен кейін полиция қызметкерлеріне ауруларды бір жерге жинақтауға бұйрық берді. Оларға арнайы үйлер салғыза бастады.


Бұл үйлерді «долгауз» үйлер деп атап, халық арасында «сары үйлер» деп аталып кетті. Бұл 1776-1779 жылдары болған жағдайлар еді.

ХІХ ғасырдың басында,1826 жылы Мәскеуде есінен айрылғандар үйі Преображен ауруханасы деп аталып аурудың тарихы, жаңа ережелер, емдеу тәсілдері енгізіле бастады. В.Ф.Саблер, Рюль сияқты тамаша дәрігерлер болғанымен жаңа ауруханалар салынуы кейінгі қалтырыла берілді.

Земстволық медицина пайда болған 1864 жылдардан бастап Яковенко, Кашенко, Литвинов сияқты дәрігерлердің күшімен психиатриялық көмек жақсара түсті. И.М.Сеченовтың «Мидың рефлекстері» деген еңбегі 1860 жылы жарияланғаннан соң психиканы зерттеуге жаңа көзқарас пайда болды. И.П.Павлов мектебі жұмыс жасай бастады.

1857 жылы медицинада психиатрия жеке ғылым ретінде бөлініп шықты.Петербордағы ғылыми-медициналық академияда И.М. Балинский дәріс оқып, осы кафедраның бірінші профессоры әрі директоры болды. Оның оқушысы И.П.Мержевский,оның мұрагері И.М. Бехтеров, Осипов т.с .с. болып жалғаса берді.

Ерекше көзге түскен В.Х. Кандинский «Жалған елестеушілік туралы» еңбегін жариялап, бүкіл әлемге танылды. Мәскеуде профессор А.Я. Кожевников, С.С Корсаковтар өздерінің тірі кездерінде халықаралық даңққа ие болды.

Ал, Қазақстандағы жағдайларға тоқсалсақ, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін елімізде арнайы медициналық мекемелер болған жоқ. Есінен адасқан адамдар «жынды» деген ат алып, ем-домсыз қаңғып өле өлгенше ел аралап жүрді. Емшілері: тәуіптер, бақсылар, дуаналар өз білгендерінше ем қолданып, мағыналы өмірге қайтаруға тырысқанымен, нәтижесі болмады.

1861-ші жылы Оралда 10 адамдық,Жымпитыда 6 адамға арналған психиатриялық аурухана іске қосылды. Одан кейін1893 ж Омбыда,1896ж Семей мен Верныйда ауруханалар ашыла бастады. Бүкіл Қазақстанда 1900 ж 49 орындық аурухана болды. 1957ж Қазақстандағы психикалық ауруларға арналған орын 10 есе көбейіп,1987ж осы салаға 40 психиатриялық,44 наркологиялық мекемелер,68 жедел психиатриялық көмек пункті, далалы мекендерде 217 психиатриялық және 223 наркологиялық кабинеттер мен 380 фельдшерлік пункттер енді.

Алматы медицина институтында 1935ж психиатрия кафедрасы ашылды. Кафедра түлектері:Т.А.Әлімханов, К.А. Әділханова, Т.С. Букашев, Г.И. Зальцман, Н.Т.Измаилова, М.А. Гонопольский, Р.Г.Илешева т.с.с ғалымдар елімізде психиатрия ғылымының дамуына зор үлестерін қосты.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!