Материалдар / Психикалық даму тежелеуі бар балаларға түзету-дамыту бағдарламасы

Психикалық даму тежелеуі бар балаларға түзету-дамыту бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
10699
57 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





























































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Павлодар обласының білі мен тәрбиені дамыту инновациялық орталығы





А.Есімжанова





















































Құрастырған: Есімжанова.А.-«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің педагог-психологі.



Рецензент: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің "Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Кударова Н.А.







Бағдарлама мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогтарға арналған. Ұсынылып отырған бағдарлама психикалық даму тежелеуі бар балаларға жұмыс жасауға арналған.































































Мазмұны



  • «Психикалық даму тежелеуі бар балаларға түзету-дамыту бағдарламасы»
Кіріспе................................................................................................... 6



  • Балаларға арналған түзету-дамыту сабақтары ........................... 8




  • Әдебиеттер тізімі..............................................................................38












































Психикалық даму тежелеуі бар балаларғатүзету-дамыту бағдарламасы Кіріспе

Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-эканомикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек. . Психикалық даму тежелеуі бар балалардың құрамына қарай көптеген түрлері болады.Олардың бір бөлігінде орталық жүйке жүйесі аса қатты бұзылмаса,кейбірінде функционалдық жетілмеушілік байқалады.Сондай-ақ, ағзаның әлсіреуі,созылмалы аурулардың әсері психикалық-жүйке жүйесіне әсер ететіні сөзсіз,қолайсыз әлеуметтік шарттар мен психикалық соққыға әкелетін жағдайлар баланың психикалық дамуын тежейтін жағдайлардың тағы бір себебі.Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интелектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді Қазіргі таңда адамзат ғылым мен білімді игеруде психология ғылымынсыз өркениеттің өріне еркін қол жеткізе алмайды. Өйткені психология барлық салаларда қамтылады. Осыған орай әр психологтың алдында тұрған мәселе қазіргі кездегі балалардың    дамуындағы бұзылыс түрлерінің жиі кездесетін барлығымызға мәлім.Соңғы уақытта балаларды ерте жастан сараптау-түзету жұмыстарына байланысты мәселелер ғалымдар тарапынан да, іс-тәжірибелермен де көп қозғалуда.Шын мәнісінде,мектеп жасындағы балаларда кездесетін білім алу мәселесі немесе мінез-құлыққа байланысты туындайтын қиыншылықтардың түп-тамыры сәбидің ана жатырындағы дамуы кезеңінен немесе мектепке дейінгі дамып жетілуі аралығынан бастау алатыны сөзсіз.Осы қиындықтарды ерте сараптама жасап,анықтау оны түзетуге көп көмегін тигізеді.Толық қамтамасыз етілген жағдайда өмір сүріп жатқан әр жас кезеңіндегі баланы келесі жас аралық кезеңге дайындау-ол психологиялық жаңа білім алуға қажетті мүмкіндікті қалыптастырады.Бағдарламаның теориялық негізі ретінде психологияның мамандары Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.И. Лубовской  К.С. Лебединская, А. Кушербаев Г. Кальпебаева және басқада ғалымдардың психикалық дамудың негізгі заңдылықтары мен жалпы ережелері туралы, жас ерекшеліктеріне байланысты түзету-дамыту жұмыстары,оқыту мен дамытудың қатынастары және мектеп жасына дейінгі балалық шақтың маңыздылығы туралы еңбектері негізге алынды.

Бағдарламаның маңыздылығы:Өкінішке орай қазіргі уақытта психикалық даму тежелуі бар балалар жыл сайын артып келеді. Бастауыш мектептерде стандартты мектеп бағдарламасының талаптарын меңгере алмаған оқушылар саны соңғы 20 жылда 2-2,5 есе өскен. Медициналық мәліметтер бойынша мектептегі 9 жылдық білім алу мерзімінде (1сыныптан 9 сыныпқа дейін) дені сау балалар 4-5 есе қысқарады,ал бұл барлық оқушы санының 10 - 15% -ғана құрайды.Бүгінгі таңда мектептегі үлгерімнің төмендігінің 80%-ы интеллектуалдың төмендігі мен психикалық дамудың тежелісі салдарынан туындап отырған мәселе.Әрбір 10-ыншы баланың танымдық қызығушылығы дамымаған,ал мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуі мен қалыптасуы-бұл теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды әрі күрделі мәселе болып отыр. Осыған орай аталған топтағы балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстарының маңызы зор.Психикалық даму тежелуі бар балаларды дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінің өзара тығыз байланыста, белсенді қарым-қатынаста болуы: педагог – психолог, мұғалім – дефектолог, мұғалім - логопед,сынып жетекшісі, және баланы оқыту мен тәрбиелеуде ата-аналар маңызды рөл атқарады.Бағдарламаның мақсаты: психикалық даму тежелуі бар балалармен (6-8 жас) дамыту-түзету жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру және келешекте баланың толық дамыған тұлға болып қалыптасуы мен әлеуметтік ортаға бейімделуін қамтамасыз ету. Міндеттері:
  • Баланың психикалық іс-әрекеттерін дамыту;
  • Түзету-дамыту жұмыстарын жүзеге асыру;
  • Әр баланың жекелей қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту;
  • Баланың даму кезеңіндегі ағарту жұмыстарын жүргізу.
Бағдарламаның жүзеге асырылу шарттары: Психикалық даму тежелуі бар балалардың мінез-құлықтарының ерекшеліктері жайында білімділік-біліктілік қабілеті бар,осы топтағы балалармен жұмыстың қазіргі заман талабына сай әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мамандарының өзара бірлесіп жұмыс жасауы бағдарламаның іс-жүзінде жүзеге асырылуының негізгі шарты болып табылады. Бағдарлама психикалық даму тежелуі бар балалардың жас ерекшеліктері мен спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып құрылды. Бағдарламаның көлемі: бағдарлама оқу жылы бойынша 25 сабаққа есептелген.Жұмыс түрі: аптасына 1 рет – топтық жұмыс.Топтық жұмыстың жүргізілу уақыты: Топтағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,сабақтың ұзақтығы 25 - 35 минут мөлшерінде белгіленуі керек.Қатысушылардың ең көп саны: 6-8 адам.Жас мөлшері: 6 - 8 жас. Бағдарлама құрылымының негіздері:
  • Ағарту,түзету және дамыту тапсырмаларының жүйелі түрде болуы.
  • Түзету мен сараптаманың біржақты болуы.
  • Баланың жас ерекшеліктерін,психологиялық және тұлғалық
  • ерекшеліктерін есепке алу.
  • Психологиялық әдіс-тәсілдердің жинақты болуы.
  • Тапсырмаларды қиындықтарына байланысты арттырып отыру.
  • Материалдардың көлемі мен түрлі деңгейлерін ескеру.
Жұмыс барысы:
  • Ұйымдастырушылық-әдістемелік кезең. Бұл кезеңде ПМПК
  • ұсынысы және арнайы мамандарының ұсынысы (жекелей кеңестер
  • жүргізу
  • арқылы) бойынша топқа балаларды жинау.
  • Диагностикалық кезең. Балаларды жекелей және топпен
  • сараптамадан өткізу,анықтамалық мәліметтер жинау.Балаға сараптама
  • жүргізу психологтың қатысуымен жүргізіледі.
  • Түзету-дамыту кезеңі. Психологтың балалармен жекелей және топтық
  • сабақтар жүргізуі.
  • Қорытынды кезең. Қорытынды сараптама жүргізу және
  • қорытындысын шығару.
Балаларды диагностикалық сараптамадан өткізу жылына 2-рет,оқу жылының басында және оқу жылының соңында өткізіледі.Сонымен қатар,жұмыс нәтижесі бағдарлама бойынша қаралады.Әр сабақ сайын психикалық ортаға әсер етуші негізгі мәліметтер жинақталып,өзара қарым-қатынас және жаңа психологиялық,функциональдық білім жүйесі кеңейтіліп отырылады.Балалармен сабақ жүргізуді ұйымдастыру барысында төмендегі функциялар жүзеге асырылады:• Баланың эмпатикалық қабылдауы.• Психологиялық атмосфераны және психологиялық қауіпсіздікті құру.• Баланың көңіл-күйін көтеру.• Жан-жақты қамтылған тапсырмалар қою және оны баланың қабылдауын қамтамасыз ету.• Тапсырмалар құрылымының тақырыпқа сай болуы.• Тақырып түрін таңдауда көмек көрсету.• Сурет салу барысында баланың орындаған жұмысы арқылы оның көңіл- күйін сезіну.Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту











Психологиялық сабақтың құрылымы

КіріспеНегізгі бөлімҚорытынды бөлім

Мақсаты топты бірлесіп жұмыс жасауға шақыру,әр қатысушының бір-бірімен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету.

Жұмыстың негізгі құрылымы:
  • Сәлемдесу
  • Өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға арналған ойындар
  • Бұл бөлімдетанымдық,эмоциональды-еркін ортаны дамытуға, сөйлеудің лексикалық-граматикалық мәнерін қалыптастыруға арналған тапсырмалар,ойындар қарастырылады Негізгі құрылымы:
  • Ойындар
  • Тапсырмалар
  • Жаттығулар
  • Бірлескен іс-әрекеттер.
  • Бұл бөлімнің негізгі мақсаты баланың тұлғалық мінез-құлқын ,сезімін қалыптастыру,топтың біртұтастығы мен сабақ барысындағы жұмыстардан жағымды көңіл-күй,жақсы әсер алуды ұйымдастыру.

    Негізгі құрылымы:
  • Қандайда-бір ортақ ойынның өткізілуі
  • Релаксация
  • Рефлексия


  • Күтілетін нәтиже:

    • Үлкендермен,өзінің құрбы-құрдастарымен өзара адекватты қарым-қатынас жасау;
    • Ақпараттың танымдық түрлерін қолдану;
    • Өзінің іс-тәжірибесінің нәтижесін көре білу;
    • Өзінің ой-пікірі мен талап-тілектерін белсенді әрі ашық жеткізу;
    • Үлкендермен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін көрсету және үлкендердің көмегін қабылдай білу;
    • Құрбы-құрдастарының жанынан табыла білу,бір-біріне зиян келтірмеу,оларға үнемі көмек көрсету;
    • Әдеттегі жағдайларда өзін адекватты ұстау;
    • Сөздік құрылым бойынша 3-4 жеңіл іс-әрекеттерді орындау;
    • Үлкендермен және өзінің құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасағанда сөздік қорды пайдалану,өзінің негізгі талап-тілектерін жеткізе білу.








    Психикалық даму тежелеуі бар балаларғатүзету-дамыту сабақтарының жоспары

    р/сТақырыбысағатыжауапты
    1Хайуанаттар бағы1психолог
    2Батпақтағы аңдар1Психолог
    3Біздің көңіл-күйіміз1Психолог
    4Біздің эмоциялар1Психолог
    5Табиғатқа саяхат1Психолог
    6Табиғат кереметі1Психолог
    7Мұхитқа саяхат1Психолог
    8Табиғат құбылыстары1Психолог
    9Қоршаған орта және біз1Психолог
    10Мен қаңдаймын?1Психолог
    11Қарым-қатынас жасайық1Психолог
    12Бауырсақ1Психолог
    13Шағала1Психолог
    14Сәлемдесу1Психолог
    15Жақсылық жасайық1Психолог
    16Ит адам досы1Психолог
    17Елестету1Психолог
    18Неден кейін не?1Психолог
    19Үлкендер әлемі2Психолог
    20Мен спортшымын1Психолог
    21Менің бос уақытым1Психолог
    22Емхана1Психолог
    23Дос болайық бәріміз1Психолог
    24Қорытынды сабақ1Психолог






























    1 – cабақ«Хайуанаттар бағы» Мақсаты: Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту. Хайуанаттардың балаларының атауларын есте сақтау арқылы тілдік қорды байыту. Көрнекіліктер: Контурлық мысал суреттер (түлкі, қасқыр, кірпі, ит, аю, тиін, мысық, қоян); осы хайуанаттардың бейнесі бейнеленген геометриялық үлгілері; қағаз; түрлі – түрлі қарындаштар. Сабақ барысыI. «Әнші» тыныс алу жаттығуы а) Терең тыныс алу. Қолымызды баяу жоғары көтереміз. Б) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз. В) А-А-А дыбысын дауыстау арқылы демімізді шығарамыз және қолымызды баяу түсіреміз.г) Демімізді ішке тартамыз.Қолдарымызды жанға қарай иық деңгейіне дейін көтереміз.д) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.е) О-О-О дыбысын қатты дауыстау арқылы демімізді баяу шығара отырып,қолдарымызбен екі иығымызды қапсыра құшақтап басымызды төмен түсіреміз.ж) Баяу терең тыныс ала отырып қолдарымызды кеудеміздің деңгейіне дейін көтереміз.з) Демімізді ұстап түрамыз.и) У-У-У дыбысын қатты дауыстау арқылы қолдарымызды ақырын төмен түсіреміз.II.«Хайуанаттар бағы» ойыны.Үй және жабайы хайуанаттарды ажырату.Хайуанаттар балаларының аттарын есте сақтау.Тапсырма: Суреттерге қарап жануарларды және олардың балаларын атаңдар.Осылардың арасынан хайуанаттар бағында қайсысы артық екенін анықтаңдар.Неге?(Артық суреттер алынып тасталады.)Қалған жабайы хайуанаттарды есте сақтаңдар.III.«Жұбын таңда» ойыны.Алдыңғы ойында хайуанаттар бағында қалған 6 сурет және осысуреттерге сәйкес келетін геометриялық формадағы суреттер көрсетіледі. Ойын барысы: 1.Балалар хайуанаттарды еске түсіріп, олардың аттарын атайды және соған сәйкес контурлық суреттерге ие болады. 2.Содан кейін жануарлардың бейнесі геометриялық формада беріледі. 3.Балалар өздерінің қолдарындағы суреттерге сәйкес келетін жануарлардың геометриялық «бейнесін» , яғни жұптарын таңдап алады.IV.Ешқандай көмексіз, балалар геометриялық формалар арқылы хайуанаттардың суреттерін салады.Балалар өз қалаулары бойынша салады.
    • «Ым –ишара» жаттығуы. Балалар кез келген хайуанатты ым-ишара арқылы бейнелеп көрсетеді, ал қалған балалар табуы керек.
    • «Оралма» жаттығуы.
    • Қолдарымызды жоғары көтеріп, керілеміз.
    • Қолымызды созып тұрып оңға, солға бұраламыз.
    • Қолымызды түсіреміз
    Жаттығуды 3-5 рет қайталаймыз.
    • Электрондық дидактикалық ойын «Жануарлардың көлеңкесін тап?»
    VIII.«Серіппе» жаттығуыКөздерімізбен жоғарыдан төмен серіппені саламыз, содан кейін төменнен жоғары қарай саламыз. 3-5 рет қайталау./басымызды қозғалтпаймыз/IX. Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.

    2 – сабақ«Батпақтағы аңдар»Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Көрнекіліктер: жануарлардың суреті бейнеленген контурлы суреттер, қағаз, қарындаштар, бор.Сабақ барысы:
    • «Әнші» тыныс алу жаттығуы.
    а) Терең тыныс алу. Қолымызды баяу жоғары көтереміз. Б) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз. В) А-А-А дыбысын дауыстау 770 ₸ - Сатып алу
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ