Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Психикалық даму тежелуі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Психикалық дамуы тежелген балалардың саны неге артуда?
Әдістемелік кеңес
Мақсаты:ПДТ балалар туралы толық ақпарат беру.
Міндеті:ПДТ толық,жүйелі түрде мазмұндау.
ПДТ себептерін анықтау.
ПДТ балалардың түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.
Психикалық дамудың
тежелуі
Психикалық дамуы тежелген балалар
(ПДТ) –бұл оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға
кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай-ақ, бұл балалардың
эмоционалды ерікті
саласының жетілмеуі, органикалық
инфантилизммен түсіндіріледі.
«Органикалық
инфантилизм термині, алғаш рет француз психиатрлары
Лоран мен Лассегтің енгізуімен, ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды.
Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланулардың нәтижесінде
пайда болған, психикалық және дене бітімдік тежелулер аталды.
Осылайша, инфантилизмді психикалық және дене бітімдік жетілмеу
белгілерінің тұтас құрылымы, яғни, баланың жасына сай жетілмеуі,
«балалықтан» арылмауы деп қарастырған
дұрыс.
Инфантилизм, әсіресе мектеп жасына келген
кезде анық байқалады. Бұл балалар өте мазасыз, әбігерге түседі.
Қимыл-қозғалыстары өте шапшаң, бірақ координацияларында дәлдік жоқ.
Сыныпта отырғанда, әйден алып келген ойыншықтарымен ойнап отырады.
Мектептегі ситуацияны
сезінбейді. Тапсырма
орындауда,
жалпы сыныппен ілесе алмайды, жұмыс істеу
қарқындары баяу, сәл қиындықтар кездессе, жұмыстан бас тартады. Бұл
балалардың дене бітімінің дамуы тежеледі. Бұл
– гармониялық
инфантилизм деп
аталады».
М.С.Певзнердің пікірінше, эмоционалды –
ерікті саланың дамуының тежелуі уақытша болуы мүмкін, баланың жеке
ерекшеліктерімен сай келетін дамыту бағдарламалары дұрыс жүзеге
асырылса, бұл кемшіліктер толық жойылады. Сондықтан, психикалық
дамудың тежелуін, уақытша құбылыс деп санауға болады. Бірақ,
балаларды тереңірек зерттей келе,
әлгермейтін
оқушылардың психикалық және дене бітіміндегі
инфантилизмінің, басқа даму ауытқуларымен ұласатындығы
анықталған.
«1966 ж. М.С.Певзнер ПДТ–ң клиникалық
нұсқауларына сәйеніп жасаған
өз классификациясын
ұсынды:
Қалыпты интеллект пен эмоционалды – ерікті саласының жетілмеуі,
яғни асқынбаған гармониялық инфантилизм.
Танымдық әрекеттің жетілмеуі.
Танымдық әрекеттің жетілмеуі, нейродинамикалық бұзылулармен
асқынған, психофизикалық инфантилизм
Танымдық әрекеттің жетілмеуі, сөйлеу қызметінің кемістігімен
асқынған психофизикалық
инфантилизм.
Кейінірек, 1980 жылы К. С. Лебединская
ПДТ
классификациясының жаңа нұсқасын ұсынды.
Этиопатогенетикалық қағида негізінде, ПДТ–ң негізгі 4 клиникалық
типі анықталды.
Бұлардың әрқайсысы, өзінің
клиникалық–психологиялық құрылымымен, соматикалық,
энцефалопатиялық, неврологиялық асқыну сияқты науқас белгілерімен
ерекшеленеді.
Конституциональды
ПДТ. Бұл гармониялықинфантилизмнің нақты көрінісі.
Мұнда эмоциональды – ерікті саласы, дамудың ерте сатысында тоқтап
қалған. Демек, қалыпты дамудағы сәби, баланың деңгейінде. Ойынға
деген ынтасы басым, көңіл-күйлері үнемі жоғары,
сенгіш. Мектеп
жасына жеткенде,
ойынға деген
қызығушылықтары басым
болады.
Соматогендік
ПДТ. Бұл топқа
жататын балалар түрлісоматикалық әлсіздіктерімен көзге түседі. Ұзақ
уақытқа созылған жұқпалы аурулар, аллергиялық күйлер, туа біткен
және жүре пайда болған соматикалық кемістіктер, баланың психикалық
дамуының тежелуіне себеп болады. Соматикалық әлсіз балаларға,
танымдық белсенділіктің төмендігі, шаршағыштық тән, интеллектуалды
және дене қуатын қажет ететін жаттығулардан олар тез шаршайды. Бір
тапсырманы орындау үшін, ұзақ уақытты қажет етеді, сондай-ақ бұл
балалардың жеке тұлғалық дамуында эгоцентризм мен өзімшілдік
қалыптасада. Олар жұмыс істеуге құлықсыз, үнемі біреудің көмектесуі
мен қамқорлық жасауына
әдеттенген.
Психогендік
ПДТ. Бұл тип,
тәрбиедегі теріс әсерлердің
салдарынан
болады. Баланың жеке тұлғасы дұрыс қалыптаспайды. Аталмыш
кемістіктің әлеуметтік генезі, оның патологиялық сипатын жоққа
шығармайды. Баланың қоршаған ортасындағы психикасына әсер ететін
келеңсіз жағдайлар, оның жүйке жүйесінде ауытқулар туғызуы мүмкін.
Алдымен, вегетативті қызметтер бұзылады, одан соң, психикалық және
эмоциональды салалар дамуында ауытқулар пайда болады. Кейде, мұндай
жеке тұлғаның патологиялық дамуын, педагогикалық қамқорлықтан тыс
қалған қалыпты дамудағы балалармен шатастырады. Әсіресе, психикалық
тұрақсыз ПДТ түрінде анық көрініс береді. Оның себебі, қамқорлықтан
тыс қалу, балада танымдық
қызығушылық пен интеллектуалды
қабілет
дамымайды.
Эмоционалды – ерікті саласының жетілмеуі, импульсивтіліктен
байқалады. Жеке тұлға дамымауының тағы бір түрі, шектен тыс
қамқорлық жасалған балаларда кездеседі. Бұл балаларда жауапкершілік
сезімі, бастама, өз бетімен әрекет ету дағдылары
қалыптаспайды.
ПДТ-ң бұл
типінің пайда болуындағы нагізгі фактор – әлеуметтік фактор, ол
тежелудің патологиялық сипатын жоққа шығармайды. Демек, ПДТ-ң бұл
түрінің пайда болуында, депривация (ада болу) немесе баланың өз
қажеттіліктерін қанағаттандырудағы жеткіліксіздіктер себеп бола
алады. Дәстүр бойынша, депривацияның әш түрін
ажыратады:
эмоционалды депривация – бала мен оны қоршаған орта арасындағы
эмоционалды жақындықтың аздығы немесе мүлдем
болмауы;
-
әлеуметтік депривация – баланың әлеуметтік қарым-қатынастарының аздығы немесе мүлдем болмауы;
-
сенсорлық депривация – баланы қоршаған ортада оның қабылдау, танымдық қабілеттерінің дамуына стимул жасаудың аздығы немесе мүлде болмауы.
Депривацияның
ПДТ-н туғызатыны, арнайы коррекциялық, көмекке зәру жеке тұлғалық
патологиялық дамуға себеп болуы, болмауы, педагогикалық көмекпен
тәзелетін «педагогикалық қамқорлықтен шет қалу» жағдайының пайда
болуы–мұның барлығы, ең алдымен, баланың қай жаста депривацияға
ұшырағанына, оның ұзақтығына байланысты
мәселе.
Церебральды–органикалық
ПДТ. Бұл балалардың
анамнезінзерттей келе, жүйке жүйесінің органикалық кемістігінің
болатына анықталған. Сондай-ақ, жәктілік патологиясы да елеулі
әсерін тигізеді. ПДТ-ң бұл түрінің негізі – мидың минимальды
дисфункциясы (ММД). Аталған термин 1962 ж.
енгізілді».
Церебральды-органикалық генезді психикалық
даму тежелуінен басқа, ПДТ түрлеріне қарағанда, айрықша жиі
кездеседі, олардан өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл топқа жататын
балалардың көпшілігінің жүйке жүйесінде, органикалық кемшілік бар,
оның себептері олигофренияның себептерімен өзара өте ұқсас.
Сондықтан, кейде баладағы церебральды-органикалық генезді,
психикалық дамудың тежелуі мен жеңіл дәрежедегі ақыл-ойдың кемдігін
ажырату қиынға соғады. Барлық жағдайда, баланың даму барысы мен
ерекшеліктеріне мұқият, бірнеше мәрте тексеру жүргізілгеннен кейін,
шешім қабылданады
Кейінгі
кездері, ПДТ балаларға арнап ашылған коррекциялық сыныптар мен
мектептер, осы церебральды-органикалық генезді, психикалық дамуы
тежелген балаларға арналады. ПДТ-ң басқа түрлеріне жататын балалар,
кейде жалпы мектептердегі сыныптарды, кейде «жетілдіру сыныбы»,
«педагогикалық көмек сыныбы» деп аталатын арнайы сыныптарда оқи
алады.
«Психикалық дамудың тежелуі» түсінігі орталық
нерв жүйесінің органикалық және функционалдық жетіспеушілігі
кезіндегі бала әрекетіне байланысты қолданылады. Бұл балаларда
есту, кӛру, сӛйлеу, тірек-қимылдың бұзылуы, интеллектінің бұзылуы
болмайды. Психикалық дамудың тежелу клиникалық картинасы тәртіптің
күрделі формаларының дамымауы, мақсатты түрдегі әрекетке түсудің
жетіспеушілігі, энцефалопатиялық бұзылулармен түсіндіріледі.
Аталған симптомдардың патогенетикалық негіздерін Г.Е.Сухарева,
Т.А.Власова, М.С.Певзнер, К.С.Лебединская, В.И.Лубовский,
И.Ф.Марковская зерттеулері кӛрсеткендей, орталық нерв жүйесінің
аурулары, олардың резидуалды-органикалық зақымдануы
құрайды.Психикалық дамудың тежелуі ұрықтық кезеңдегі ОНЖ-нің
зақымдануынан, инфекциялық, созылмалы аурулардан болуы мүмкін.
Психикалық дамудың тежелуінің этиологиясы биологиялық факторлармен
емес, әлеуметтік факторлардың да әсерінен болуы
ықтимал.А.О.Дробинская, М.Н.Фишман еңбектеріндегі
нейрофизиологиялық зерттеулер 6-8 жастағы балалар арасында оқудағы
қиындықтардың байқалуы ми құрылымдары мен олардың арасындағы
байланыстардың дамуы нормадан ауытқуы салдарынан болады деп
беріледі. Осы жастағы танымдық қабілеттердің тӛмендігі ми
қыртыстары, соның ішінде маңдай және тӛбе бӛлігіндегі қабықшалардың
дамуындағы жетіспеушіліктерден болатындығы кӛрсетіледі. Аталған
авторлардың зерттеулерінде клиникалық-психологиялық синдромдардың
тӛрт түрі беріледі.
Психикалық инфантилизм синдромы баланың эмоциясының жетіспеушілігін анықтайды, яғни маңдайдағы диэнцефальды жүйелеріндің баяу дамуынан баланың эмоциясы ӛзінің жас шамасына сай келмейді. Күрделі түрінде К.С.Лебединская (1980), И.Ф. Марковская (1977) кӛрсеткендей, дисгармониялық инфантилизм, танымдық қабілеттердің бұзылуы орын алады.
-
Цереброастениялық синдром ақыл-ой және дене еңбегі кезіндегі нерв жүйелерінің тұрақсыздығымен түсіндіріледі. Аталған синдром гидроцефальды синдром кезінде (бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы) байқалады. Бұл балалардың бас пішіні үлкен, маңдайлары жоғары, маңдай мен самай бӛліктерінде қан тамырларының шығуы орын алады. Бұл балаларға тән белгілер: қимылдық қозғалыс кезіндегі дәлдіктің болмауы, ұсақ қол қимыл моторикасының бұзылуы, кӛңіл-күйдің аяқ-асты ӛзгеруі, жылауықтық, апатиялық жағдайларға берілгіштік.
-
Гипердинамикалық синдром жалпы қимылдағы тежелулер, қозу, импульсивті жағдайлармен сипатталады. Зейін, тәртіптегі ерікті қозғалыстар, қарым-қатынастың бұзылуы байқалады.
-
Психоорганикалық синдром бас миының ерте кездегі органикалық зақымдануынан танымдық қабілеттердің тӛмендеуі. Бұл балалар оқу мен жазудағы қиындықтар, сӛйлеу тіліндегі кемшіліктер байқалады. Ұсақ қол қимыл моторикасы, кӛру қоординациясы, ӛз-ӛзіне қызмет ету дағдысының бұзылуынан мүсіндеу, жапсыру әрекеттері кезінде қиындықтар туындайды.
Психикалық дамудың кешеуілдеуі себептерінің кӛптігінен, оның анықталу белгілері де әр түрлі. Осыған байланысты ПДТ классификациялаудың да бірнеше түрі белгіленен. Бірінші клиникалық классификация Т.А.Власова мен М.С.Певзнердің (1967) ұсынған классификациясында ПДТ екі вариантта қарастырылады:
-
Бірінші вариантында психикалық және психофизикалық инфантилизм әсерінен тұлғаның эмоциялық-ерік сферасының жетіспеушілігі байқалады.
-
Екінші вариантында тұрақты церебральды астениялық жағдайдың әсерінен танымдық қабілеттердің бұзылуы байқалады.
В.В. Ковалевтің ұсынған классификациясы (1979) ПДТ биологиялық факторлардың әсерінен болатын тӛрт вариантын ұсынады.
-
мінездің дизонтогенетикалық кешеуілдеуі (психикалық инфантилиизм жағдайында орын алады);
— мінездің энцефалопатиялық кешеуілдеуі (ОЖЖ-нің әлсіз түрдегі органикалық
зақымдануы );
-
сенсорлық кемшіліктердің қайталануынан болатын түрі (есту, кӛру, сӛйлеудің бұзылуы);
-
ерте әлеуметтік депривация жағдайынан болатын ПДТ.
Тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген К.С.Лебединскаяның (1980) классификациясы тӛрт түрге бӛлінеді:
-
конституционалдық мінездеме бойынша;
-
сомотогендік мінездеме бойынша;
-
психогендік мінездеме бойынша;
-
церебральды-астениялық мінездеме бойынша;
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері 3 жасқа дейінгі уақытта байқалады. Олардың бойында байқалатын кемшіліктердің түрлері мыналар:
-
кеңістікті бағдарлау қабілетінің төмендігі;
-
ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі эмоцияның әлсіздігі;
-
сӛйлеу тіліне дейінгі кезеңдердің кешеуілдеуі (уілдеу, былдырлау);
-
моторика мен кӛру координациясының баяу дамуы.
ПДТ БАЛАЛАРДЫҢ ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Коррекциялық кабинеттің жұмысының жүйелілігінің және педагогтардың бір-бірімен жұмыстарының өзінара байланысының нәтижесінде, көптеген балалар жалпы мектеп бағдарламасын меңгеріп,әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы балалардың айтарлықтай көп бөлігін психикалық дамуы тежелген балалар құрайды.Психикалық дамудың тежелуі– бұл баланың интеллектуалды
қабілетінің жасына сәйкес келмеуі.
Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интеллектуал-
ды деңгейі көбіне таным процестері:зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Осы себептерге байланысты
психикалық дамуы тежелген (ПДТ)балалардың өқу үлгерімі төмен болады.
Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі мектеп жасына дейін анық байқалады.
Оның негізгі белгілері: ойыншықтарға деген қызығушылығының төмендігі, ойын әрекетінің толық қалыптаспағандығы,құрбыларымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, (экспрессивті сөйлеу тілі дамымайды), тез шаршағыш,зейіні тұрақсыз болады, өзін-өзі төмен бағалайды, сенімсіздігі басым болады. ПДТ балалардың тіл байлығы қалыптағы балаларға қарағанда 20-30%төмен деңгейде болады. Осы себептерден баланың нұсқауларды, тапсырмаларды орындауда көп қиындықтар кездеседі. Аталған қиындықтарды
мен де өз жұмысымда кездестіремін.Психикалық дамудың тежелген ба-
лалар арнайы педагог маманының көмегіне мұқтаж.
ПДТ балалардың ата-аналармен бірлескен түзету жұмыстарының нәтижесінде
осы балаларды әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесе аламыз.
Ш.Е.Рысмаханбетованың "Қисынсыздықтар" әдістемесі
Мақсаты: баланың еске сақтау қабілетін зерттеу, логикалық ойлауының көрініс беруін, сөздік қорының, грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуін және өмірде кездесетін объектілерінің бір-бірімен ара қатынасын түсінуін зерттеу.
Оқушыға сурет көрсетілгеннен соң оған келесі нұсқау беріледі. Суретте жануарлардың қисынсыз жағдайда болған сәттері көретілген (мысық ағаш басында құс сияқты ұяда отыр, кит иттің үйінде, ақ қайында алма гүлі ашылған және алмұрт пен ананас пісіп тұр, терезе алдындағы гүл, үйді қоршаған штакетник орындарынан адасып кеткен). Шартты мерзім өткеннен соң психолог суретті алып қояды да баланың сурет бойынша айтқан әңгімесін тыңдайды. Бала суреттегі барлық қисынсыздықтарды атап шығып, содан соң олардың дұрыс орналасу ретін көрсетуі керек. Бала үндемей отырса, психолог оған келесі сұрақтарды ретімен беріп, оны әңгімеге тартуы керек:
Саған сурет ұнады ма? Бала тек басын изеп жауап берсе оған келесі сұрақтар койылады:
-
Бұл суретте саған не ұнады? Егер бала сурет фрагменттерін ғана атаса келесі сұрақ беріледі:
-
Суретте не салынған? Бала жауабының мазмұнына байланысты косымша келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:
-
Тағы не бар еді?
-
Сурет қызық па?
-
Күлкілі нәрсе салынған жерлері бар ма?
-
Өмірде осындай жағдайлар кездеседі ме?
-
Орындары ауысып кеткен суреттер бар ма?
Егер бала бірден жағдайды дұрыс түсініп, орындары ауысып кеткен жануарларды атап шықса, онда қосымша сұрақ қоюдың ешқандай қажеті жоқ.
Орындау уақыты : 3 минут.
Бағалау шкаласы:
9-10 балл — бала суреттегі 7 қисынсыздықты толық атап, қай жерде не нәрсе ақиқатқа сай келмейтіндігін қанағаттанарлықтай түсіндіргенде қойылады және зерттелініп жатқан қасиеттер өте жақсы дамығын деп бағаланады.
7-8 балл — бала суреттегі қисынсыздыктардың барлығын атап беріп, олардың ақиқатка сай келмейтіндігін түсіндірсе, бірақ оларды айтып беруге қиналса қойылады. Бұл баға баланың еске сақтау қабілеті жақсы дамығанын, логикасы барлығын, дегенмен оның тіл байлығы немесе сөйлеу техникасы онша қалыптаспағанын көрсетеді. Баланың жалпы дамуы жақсы деп бағаланады.
5-6 балл ~ бала қисынсыздықтарды түгел байқаған, бірақ айтып беру барысында 4-5 қисынсыздықты толық көрсетіп, калғандарын еске түсіруге және ақиқатта қандай болатынын түсіндіруге қиналса койылады. Баланың жалпы дамуы орта деп бағаланады.
3-4 балл - бала қисынсыздықтардың 3-4 атап беріп, олардың дұрыс орны қандай екенін әңгімелеп беруге қиналып, қоршаған ортадағы жан-жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін толык түсінбейтіндігін көрсеткені. Бұл жағдайда баланың даму денгейі төмен екені анық байқалып тұр, сондықтан оның оқу мазмұнын алып кетуі қиын деп бағаланады.
1-2 балл - бала тек сұрактар қойып жетелеу барасында қисынсыздықтарды еске түсіріп, олар туралы өте қысқа мағлұмат берсе, немесе басын изеп отырса, оның даму деңгейі өте төмен деп бағаланады.
Назарларыңызға рахмет!