Психикалық дамуы тежелуімен ақыл-ойы кемдіктің
айырмашылығы, ұқсастығы
ПДТ және АОК баланың
ерекшелігі, деңгейлік тапсырмалар
ПДТ және АОК балалар
бір-бірімен мәліметті игеруде, оқуда ұқсастық көрінуі мүмкін.
Баламен жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін екеуінің ара жігін ажыратып
алуымыз қажет. Басты айырмашылық аурудың табиғатына байланысты
болады. Олигофрения (АОК) үнемі болатын, тұрақты, бас мидың
органикалық бұзылысынан пайда болатын ақыл-ой кемісітігі, ол туа
және жүре пайда болады. Ақыл ойы кем үш дәрежесі баринклюзивті
білім беруге: ең жеңіл түрі жатады. Ғ70-Ғ71
Ал, ПДТ дегеніміз-ми
ұлпаларының инфекциялық ауруларда, стресстік жағдайларда жеңіл
жарақаттануы. ПДТ-психологиялық емес, педагогикалық диагноз. Бұл
жерде әлеуметтік-педагогикалық қамсызданбауды да айта кету керек.
Бала үнемі сабаққа ата-ана және мұғалім тарапынан бақылауға
алынбай, оқу бағдарламасы бірінен соң бірі игерілмей қала берсе де
ПДТ көрініс табуы мүмкін. ПДТ балаға үлкендермен (ересектермен),
құрдастарымен араласу, сөйлесу қиындық тудырады. Мәліметті есте
сақтау, назар аудару,қабылдау, өзіне-өзі қызмет ету, шығармашылық
іс-әрекетті ұйымдастыруда қиындық тудырады. Сол үшін
сыныптастарынан артта қалушылық байқалады. Бірақ жас ерекшелігіне,
психикалық дауына сәйкес жүйелі, жан-жақты дамытушылық-түзетушілік
жұмыстарын жүргізіп, деңгейлік тапсырмалар дайындасақ,
педагогикалық көмек үздіксіз болған жағдайда ПДТ тоқтатуға,
түзетуге болады. АОК-өкінішке орай баланың сол дамыған деңгейін тек
үнемі толықтырып, есте сақтау, ойлау дағдыларын жаңғыртып отыра
аламыз. Балаға түстер, математикалық дағдыларын, өзіне-өзі қызмет
ету, қоршаған орта туралы түсініктерін қоғамда өзін өзі ұстауын
үйрете білуіміз керек. АОК жұмыс істеу барысында үйретілген
материалды меңгеру және оны үнемі қолдануға қол жеткізу маман үшін
үлкен мәртебе. Инклюзивті білім алатын оқушылармен жұмысты
ұйымдастыру бастауыш сыныптарда аса көп қиындық тудырмайды, бір
мұғалім бала деңгейін және БЖБ, ТЖБ баланың білімді игергеніне
байланысты болуы тиіс және со,ан сай жеке құрылуы тиіс. Бастауыш
сыныптан соң балаға әр пәннен жеке жеке мұғалім береді. Балада
стреспен қатар білімді игеруде қиындық туындайды. 4 жыл бастауыш
сыныпта көрінбеген мәселе осы жерде тұтас көрініс табуы мүмкін.
Балаға тек таңдалған мәліметті жіберіп, тек бір жақты түсіндіріп
кете бергенше әр пәннің не екенін, мақсатын, міндетін айқындап
ғылыми, педагогикалық емес жәй қарапайым сөздермен қол жетімді
түрде түсіндіру керек. Мысалы: география пәні не туралы, құрлық,
материк, теңіз, өзен, көл, сарқырама, тау, бұғаз, жартас деген не
деген сияқты жалпы мәлімет беру. Оны игеріп болған соң ғана клесі
тақырыпқа ауысқн дұрыс. Әр тақырыптың соңында ойын немесе
тәжірибелік тапсырмалар беріп отырған дұрыс болады. Жалпы пән
мұғалімдеріне берілетін кеңестер мазмұны осы мақаланы
қамтиды