Материалдар / Психикалық дамуы тежелген балалардың қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері

Психикалық дамуы тежелген балалардың қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
«Психикалық дамуы тежелген» түсінігі «оқу қиындығы» түсінігімен салыстырғанда едәуір көбірек сараланған болып табылатыны туралы айта кеткен жөн.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2023
342
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Психикалық дамуы тежелген балалардың қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері



Бүгінгі күні қоғамымыздың қайта құрылуы мен жетілдірілуі жағдайында, әсіресе, дамудың жас ерекшелік нормаларынан артта қалуы бар балаларға замануи психология мен педагогикаға негізделген көмек көрсетуде отбасының және мектептің атқаратын рөлі өзекті проблема болып отыр. Психикалық дамуы тежелген балаларға оңтайлы оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету маңызы зор міндет, себебі, мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін түрлі өндіріс салаларында кәсіби қарым-қатынастарға кеңінен араласатын болады.

«Психикалық дамуы тежелген» деген түсінік, жекелеген анализаторлары (есту, көру, моторика, сөйлеу) бұзылған және ақыл-ойының кемтарлығы бар балаларға қатысты қолданылады. Дегенмен, олар басқа балалардан ерекшеленеді, жалпы білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде қиындықтар сезінеді. «Психикалық дамуы тежелген» түсінігі «оқу қиындығы» түсінігімен салыстырғанда едәуір көбірек сараланған болып табылатыны туралы айта кеткен жөн. Оның қатарына педагогикалық салғырттық немесе арнайы сөйлеу қабілетінің бұзылуы немесе тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы салдарынан туындаған психикалық даму кемтарлығы жатпайды (Т.А. Власова, В.И. Лубовский, М.С. Певзнер).

Бельгия дефектологтары мұндай балаларға қатысты «ақыл-ой патологиясының жеңіл дәрежесі» терминін қолданады. Олар мұны әртекті топ деп атайды. Бұл топқа ерте невроздар мен түрлі ауытқулар салдарынан тежеле дамыған, содан кейін төменгі деңгейде қызмет істей бастағандары жатады (Е. Broekaert, Hove G. Van, 1990).

Психикалық дамуы тежелген балалар қазіргі кезде балалар популяциясының төрттен бір бөлігін құрайды. Аталған балалардың әлеуметтік өмірге кеңінен енуі, жалпы гуманистік, сондай-ақ азаматтық және қылмысқа қарсы аспектілерді қамтитын, бірқатар психологиялық – педагогикалық ғылым мен тәжірибе міндеттері белсенді түрде шешілгенде ғана мүмкін. Дефектолог-ғалымдар баланың өмірлік сәттілігі ақаудың дәл өзіне емес, оның әлеуметтік салдарына: адамның әлеуметтік - психологиялық іске асырылуына байланысты екендігін дәлелдеген. Әлеуметтік кері нәтижелердің пайда болу себептерін талқылау, сондай-ақ оларды жою мүмкіндіктері мен тәсілдерін, психикалық дамуы тежелген баланың жағымды әлеуметтік-психологиялық іске жетелейтін шарттарды талдау аяқтайды.

Жалпы психологияда өзара қатынастардың кеңінен зерттелуіне қарамастан, арнайы психология бойынша әдебиеттерде дамудың жасөспірімдік кезеңінде кешеуілдеген психикалық дизонтогенез түріне ие балалардың өзін -өзі бағалауын және өзара қатынастарын кешенді зерттеулер бүгінгі күнге дейін жоқтың қасы.

Сонымен бірге осы санаттағы балалардың өзін-өзі бағалауын және өзара қатынастарын зерттеудің мәні зор, себебі, өзін-өзі бағалау сана-сезімнің даму процесінде жетекші орынға ие болады, жеке тұлғаның бірлігін, тұрақтылығын және біртұтастығын қамтамасыз етеді, көптеген байланыстарға және өзге де психологиялық білімдерге енгізілген, әрқайсысы оның қалыптасуына өзіндік үлесін қосады, тікелей әсер етуі арқылы түзеледі және бағдарланады. Өзара қатынастар жүйесі осындай психологиялық білімдер қатарына жатады. Отандық және шетелдік ғалымдарды өзара (тұлғааралық) қатынастар мәселесі әрдайым толғандырып отырған. Өмірдің осы тұсы да ерекше маңызға ие. Өйткені, бастауыш мектептегі алғашқы жылдары тұлғаның алдағы уақыттағы дамуына негіз қаланатын болғандықтан, бұл тақырып көкейкесті болып табылады.

Қазіргі кезде арнайы психологияда бірқатар зерттеулер бар, олар: балалардың психикалық дамуы қарқынының төмендеу себептерін және нақты көріністеріне (Т.А.Власова, В.И.Лубовский, М.С. Певзнер, Л.И.Переслени), психикалық даму тежелуінің түрлі нұсқаларын сипаттауға (Т.А.Власова, В.В.Ковалёв, К.С. Лебединская, Н.А.Никашина, М.С.Певзнер, М.Г.Рейдибойм, Е.Н. Самодумская, У.В.Ульенкова), ойлау қабілетінің даму ерекшеліктерін талдауға (Т.В.Егорова, 3.И.Калмыкова, Т.Н.Князева), ой қызметін, танымдық белсенділікті зерттеуге (Т.В.Егорова, Н.А.Менчинская, У.В.Ульенкова), оқу қызметіне (Г.И. Жаренкова, Г.М.Капустина, Р.Д.Тригер, У.В.Ульенкова, Н.А. Цыпина, С.Г. Шевченко), жекелеген психикалық процестерді (Н.Ю. Борякова, Н.А. Жулидова, Л.И. Переслени, В.Л.Подобед, Е.С.Слепович, П.Б.Шошин), ПДТ ұқсас жағдайлардан шектелуі мәселелеріне (В.Н.Лоскутова, М.С.Певзнер, Г.Н.Седельникова) арналған.

Психикалық дамуы тежелген балаларда қалаулы құрдастарымен эмоциялық қарым-қатынастарын салыстыруда өзге заңдылықтар анықталды. Қалыпты дамыған балада қарым-қатынасына ұқсастығы, тек «құрдасын дәріптеу» негізінде құрылатын қатынастарда ғана, яғни, құрдасын қабылдау кезінде ересек адамның бағалау пікірін толығымен сөзсіз қабылдауы кезінде көрінеді.

Дамуы кешеуілдеген мектеп оқушыларының аздаған бөлігінде ғана қалаулы құрдастарымен толыққанды қарым-қатынас орнатылады. Қалған бөлігінде – бағындыру, эмоциялық тәуелділік қатынастар немесе құрдастарымен жолдастық қарым-қатынастардың толығымен болмауы.

Түрлі авторлар қол жеткізген нәтижелерде психикалық дамуы тежелген оқушыларда құрдастарына деген қарым-қатынастарының өзіндік көрінісі анықталған. Артта қалумен қатар, балалар өмірінің осы сферасының ерекшелігі де орын алады. Инфантилизм көріністеріне мыналарды жатқызуға болады: 2-3 сынып оқушылары қарым-қатынасының мазмұны – танымдық іс-әрекетпен байланысты, сабақтар, ойындардың толығымен болмауы кезінде қимыл-қозғалыс ойындары; сыныптастарына деген сараланбаған жағымды қарым-қатынас (құрдастары туралы пайда болатын қызығушылық айғағы).


«Психикалық даму тежелісі» түсінігі орталық жүйке жүйесінің – органикалық немесе функционалдық жеткіліксіздігі әлсіз көрінетін балаларға қатысты қолданылады. Бұл балаларда есту, көру, тірек-қозғалыс аппаратының өзіндік бұзылуы, сөйлеудің күрделі бұзылуы жоқ, олар ақыл-ойы кемтар балалар қатарына жатпайды. Дегенмен де, олардың басым бөлігінде полиморфизмдік клиникалық симптомдар: мінез-құлықтың күрделі формаларының жетілмеуі, мүлдем жүдеу аясында мақсатты бағытталған іс-әрекеттің кемдігі, жұмысқа қабілеттілігі мен энцефалопатиялық бұзылулар байқалады.



Психикалық дамуы тежелген кіші мектеп оқушыларының қарым-қатынасын дамытуға арналған бағдарлама

Бағдарламаның мақсаты: психикалық дамуы тежелген кіші мектеп оқушыларының коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Бағдарлама міндеттері:

  • балалардың эмпатиялық реакцияларын қалыптастыру; адамгершілік қасиеттеріне деген құндылықты қарым-қатынасты қалыптастыру; өзін-өзі бағалауды көтеру.

  • достарына деген жағымды қарым-қатынастарды қалыптастыру; достық ықыласты тәрбиелеу.

  • өзара қарым-қатынаста эмоциялық жағымды ахуал қалыптастыру.

  • шиеленісті жағдайларды сындарлы шешу.

  • балаларда коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау;

  • баланың қызығушылықтарын дамыту және тереңдету;

  • бірлескен шығармашылық іс-әрекеттер негізінде коммуникативтік дағдыларды дамыту;

  • физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.

Келесі қағидалар психикалық дамуы тежелген балалармен түзету жұмысының негізі болып табылады:

  1. оқу қиындығы бар балалардың психикалық қызметтерінің дамуында баланың жасына қатысы бойынша сензитивтік кезеңдерінің сәйкес болмауы;

  2. қасиеттердің, қабілеттердің және қызметтердің жеткіліксіз дамуының орнын толтыру қағидасы.

Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, А.В.Запорожец және басқалардың жұмыстарында баланың психикалық дамуындағы сензитивтік кезеңдерді, яғни, аталған қызметтің сыртқы әсерлерге ерекше сезімтал болуы және олардың әсерімен айрықша жылдам дамитын кезеңдердіескерудің маңызы көрсетілген.

Баланың жағымсыз жағдайларда қалыптасуы кезінде ішкі және сыртқы әсерлер, функционалдық жүйелер мен олардың арасындағы байланыстардың үйлесімсіз дамуына итермелейтін «қауіпті» факторларға айналуы мүмкін, мұнда, қандай да бір қызметтің зақымдану дәрежесіне байланысты, түрлі құрылымдардың жетілуі әр түрлі шамада бөгелуі мүмкін.

Түзету ықпалдары белгілі жас ерекшелік топтарында психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, құрылуы қажет.

Психикалық дамуы тежелген балалардың ата-аналарына арналған тұлға аралық қатынастарды дамытуға арналған ұсыныстар

Бүгінгі күнгі отбасы адамдардың өзіндік өмір сүру атмосферасын құратын, өсіп келе жатқан адамның өзара қарым-қатынастар мен мінез-құлқын қалыптастыратын, құрылымы бойынша күрделі және барынша тұрақты жүйені білдіреді. Отбасы баланың, соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі балалар өмірінің нақты әлеуметтік-психологиялық ахуалын құрастыра отырып, оның келешектегі және бүгінгі жеке тұлғасының дамуын белгілейді. Отбасы әлеуметтену факторы ретінде, мектеп немесе жеке тұлғаны қалыптастыратын басқа институттарға қарағанда, едәуір жоғары дәрежеге ие.

Өзгеше баласы бар отбасылық жүйені зерттеу жұмыстарына сәйкес, отбасы қызметтері арасында тек қана экономикалық, шаруашылық жүргізу мен денсаулық туралы қамқорлықпен қатар, рекрациялық (мысалы, отбасылық, сондай-ақ жеке хобби және басқа іс-шаралар), әлеуметтендіруші – әлеуметтік мәдениет дағдылары мен тұлға аралық өзара байланыстарды, өзін-өзі бірегейлендіру (мысалы, күшті және әлсіз қасиеттерді мойындау, тиістілік сезімін қалыптастыру), аффективтік (мысалы, сырластық пен тәрбиелеу қабілеттілігін дамыту), кәсіби-білім (мысалы, үй тапсырмаларын орындау, мамандық пен кәсіпті таңдай білу) дамытумен қатар, діл сферасында проблемалары бар балаға қатысы бойынша отбасында жүзеге асырылатын, өзіндік қызметтер де қарастырылады.

Қызметтердің дәстүрлі топтамасына мыналар енгізіледі:

  • абитациялық-реабилитацилық – әдеттегі емес баланың психофизикалық және әлуметтік статусын қалпына келтіру, оны әлеуметтік ортаға енгізу, оның мүмкіндіктері аясында қалыпты өмірге және еңбекке араластыру;

  • түзету – мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық даму кемшіліктерін дұрыстау, жұмсарту немесе деңгейлестіру;

  • орнына келтіру - ағзаның бұзылған қызметтерін қайта құру, орнын ауыстыру, оны кері өмірлік іс әрекет жағдайларына бейімдеу және бүтін, өтемдеуші механизмдерге қатысты істен шыққан немесе өнімсіз жұмыс істейтін, зақымданған құрылымдарды өзгертуге тырысу.

Аталған қызметтерді іске асыру нақты немесе жасырын сипатта болуы мүмкін. Қалыпты емес баласы бар отбасының ең басты міндеті, мұндай баланы «сырқат» адам, қатаң әлеуметтік талаптану ортасы бар, мүмкіндігі шектеулі субъект ретінде «Мен» бейнесін құрылымдаудың алдын алу. Балада өз мүмкіндіктерінің шекаралары туралы түсініктің қалыптасуына кедергі жасау қажет, олай болмаған жағдайда, оның бойында жағымсыз мінез-құлық реакцияларының пайда болу қаупі бар.

Алайда отбасы рөлінің төмендеуі мен бірқатар жағдайларда оның өз қызметін орындау мүмкіндігінің болмауы – даусыз факт. Қазіргі жағдайларда отбасы балаларды дамыту мен тәрбиелеу бойынша барлық жүктемені өз мойнына алуға дайын емес.

Отбасында қандай да бір ауытқулары бар баланың өмірге келуі оның ата-анасы мен жақын туыстары үшін қиын эмоциялық уайымдарымен байланысты болады. Ондай отбасына көмектесу үшін, ең алдымен, ата-анасына баланың ерекшеліктері: оның өзіндік жағымды және жағымсыз ерекшеліктері мен мықты және әлсіз тұстары туралы толық ақпараттар беру қажет. Мұндай ақпаратты баланы үнемі бақылап отырған мамандар бергені жөн.

Ата-аналардың мамандарға алғаш рет жүгінуі көбінесе баланың мектепке дейінгі ересек жасына сәйкес келеді.

Баланың мектепке дейінгі ересек жасы мектеп жасына дейінгі кезең мен мектепте оқудың басталуы арасындағы шекарасы болып табылады. Ата-аналар дәл осы кезеңде балаларына зер сала қарап, олардың қабілетін, еңбекқорлығын, оқуға дайындығын бағалауға тырысады.

Әдетте, балаларға қойылатын талаптар осы кезеңде күрт жоғарылайды. Ат-аналар балаларын жазуға, оқуға, санауға үйретуге тырысады. Олар алғашқы қиындықтардың өзінде, қате әрекеттер жасап, теріс бағалайды.

Балалары арнайы балабақшаларына барған ата-аналар, даму ақауларының толық немесе ішінара оңалғанына сенім арта отырып, арнайы маманның бала ақауының орнына келу дәрежесін бағалауы мен мектеп түрін таңдау мәселесін шешу көмегін қажет етеді.

Ата-ананың бірі немесе екеуінің де баласының мүмкіндіктерін түсінбеуінен, не болмаса, маманның шешімін қабылдамауынан туындайтын шиеленісті жағдаяттар дәл осы кезеңде жиі пайда болады. Осының барлығы ата-аналарды өз баласының мүмкіндіктері мен қабілеттері туралы, сонымен қатар тәрбиелік ұстанымдары туралы жан-жақты кеңестер алуға және объективті бағалауға итермелейді.

Қазіргі кезде кеңес берудің мынадай үлгісі жасалған:

  1. ата-аналардың шағымдары мен отбасы ішіндегі жағдаяттарды талдау;

  2. диагноз қою мен ақаудың психологиялық құрылымын белгілеу үшін балаға кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізу;

  3. барлық отбасы мүшелеріне психологиялық-педагогикалық кеңестер беру.

Кеңес беруші шағымдарды талдай отырып, оларды ата-аналардың дұрыс тұжырымдауына көмектеседі, содан кейін оны баланың жасымен отбасындағы шынайы жағдайына салыстыру жасайды: ол үйде тәрбиеленеді ме, әлде балабақшаға барады ма; отбасының құрамы, оның мәдени және әлеуметтік деңгейі, қосымша сабақтардың және т.б. болуы.

Балаға кімнің көбірек көңіл бөлетінін, оның отбасында кімді қалайтынын және кімге бағынатынын анықтау мен ата-ананың тәрбие мәселесіндегі ынтымақтастығын білудің маңызы зор.

Кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық зерттеу барынша дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді. Осы тұста, психолог баланың интеллектуалдық даму деңгейін, сенсорлық және моторлық қызметтерінің жағдайын, білім мен білік деңгейлерін, тұлғалық және іс-әрекеттік ерекшеліктерін ескереді. Тексеру негізінде ақаудың психологиялық деңгейі анықталады, ол ата-аналарға баланы оқыту мен тәрбиелеу жоспарында ұсыныстар беру үшін қажет.

Әсіресе, баласының психикалық және физикалық дамуындағы ауытқулармен қатар, сыртқы ақаулары байқалатын ата-аналар,ға қиын. Әдетте, мұндай жанұяларда отбасы ішілік қарым-қатынастар, соның ішінде, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынастарында бұзылулар пайда болады.

Ата-аналар мінез-құлқының (көбінесе, саналы түрде емес) бұрмалануы төменде көрсетілген жағдайларға әкеліп соғады:

  • социуммен (туыстары мен таныстары, дәрігерлер, дефектологтар, мұғалімдер) өзара қарым-қатынас бұзылады. Осы ретте, өз отбасында тұйықталуы, дәрігерлік және педагогикалық ұсыныстарға барабар емес әрекет ету, балаларға білім беру мекемелерімен тайталасу бақыланады;

  • отбасы ішілік, әсіресе, ерлі-зайыптыларарасындағы қарым-қатынастар бұзылады. Мұндай жағдайда, анасына қарағанда. баласының сырқатына және обасының басқа мүшелері сияқты өзінің де «қараусыз» қалғанына қатты күйзелетін, әке ұстанымында да күрт бұрмалану байқалады. Мұндай жағдайлар ең ақырында отбасының ыдырауына әкеліп тірейді.

  • бұдан кейінгі репродуктивтік мінез-құлық (аталған отбасына тән) бұзылады. Баланың сондай патологиямен туылуының аздаған қаупі болған жағдайда ерлі-зайыптылар басқа баланы дүниеге әкелмеуі туралы (алдағы уақытта қатаң ұстанады) шешім қабылдайды, ал үлкен қауіп болған жағдайда, керісінше, тағы да балаларының болғанын қатты қалайды.

  • сырқат бала, оны емдеу мен тәрбиелеу мүмкіндіктері туралы қате түсініктер қалыптасады. Отбасында көбінесе диагноздың және одан туындаған салдардың қайтымдылығы жиі мойындалмайды. Тіпті, ресми мақұлданған түсінікке қарамастан, диагноз расталмайды не болмаса, баланың жазылуына себеп болатын ем табылады деген үмітпен, баланың ата-аналары «дәрігерлерді айналып жүрумен» барлық күштері мен қаражаттарын жұмсауды тоқтатпайды.

Мұндай бұзылулар, отбасы ұшыраған фрустрациялық жағдаяттардан психологиялық қорғану құралдары болып табылады. Кеңес беру тәжірибесі мұндай бұзылулар тек ақыл-ой мен физикалық бұзылыстар кезінда ғана емес, сонымен қатар, жеңіл ақаулар жағдайында да пайда болатынын көрсетті. Отбасының бейімделе алмауы сырқат дәрежесінің күрделі болуымен қатар, ата-ананың құндылық бағыттылығына, сырқат жәнен сырқаттан туындауы мүмкін, оның салдарына деген көзқарасына да байланысты болады.

Отбасының бейімделмеуі балаға медициналық-генетикалық тексеру және психологиялық-педагогикалық кеңестер беру кезеңінде анық байқалады. Екі кеңес беруді бір мезгілде жиі өткізу қажет болады.

Кеңес беру барысында ата-аналар нақты диагнозды біледі, баланың зақымдануының тұқым қуалаушылық сипаты мен оның отбасында қайталануы қаупі туралы ақпараттар алады, оларға баланы үйде оқыту мен дамыту ерекшеліктері туралы түсіндіреді.

Кеңес беру тиімділігіне объективтік (жалпы психодиагностика мен медициналық генетика даму деңгейі, кеңес беруші-мамандардың дайындығы) және субъективтік көптеген факторлар әсерін тигізеді.

Кеңес берілетіндердің тұлғалық және интеллектуалдық ерекшеліктерін; отбасындағы тұлға аралық, соның ішінде, жыныстық қарым-қатынастар құрылымын, кеңес алуға келетін адамдардың қате түсініктері мен болжамдарын, ата-аналардың осы сәттегі эмоциялық жағдайларын соңғысына жатқызуға болады.

Тығырыққа тірелген күрделі эмоциялық жағдай, ата-аналардың ақпаратты дұрыс түсінуіне және қабылдауына мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты, кеңес беруші алдында ата-ананың (кейде, басқа да туыстарының) жағдайын дұрыс бағалау және тиісті түзету іс-шараларын жүргізу міндеті пайда болады.

Ата-аналардың балаға және бір-біріне деген қарым-қатынастары бойынша рөлдік барабар ұстанымдар қабылдау арқылы отбасы ішіндегі қатынастарды оңтайландыру, ата-аналарды баламен байланыс орнатуға және оны қоғамдық мінез-құлық нормаларына сәйкес тәрбие беруге үйрету отбасы мүшелеріне психологиялық кеңес берудегі басты мақсат болып табылады.

Кеңес беру барысында ата-аналардың қате түсініктері мен жаңылыстарын жиі түзетуге тура келеді. Әсіресе, ата-аналар дамуында ауытқулары бар балаға тәрбие беру кезінде жиі қателеседі. Балаға қойылатын талаптың төмен болуы, оны сырқат адам қатарына жатқызу үнемі жол берілетін тәрбие қателігінің бірі болып табылады.

Бақылаулар кемтар бала ақыл-ойының даму деңгейіне қатысты талаптардың төмендеуі мен оны оқыту нәтиежелерінің орынды болуы, тәрбиелік қарым-қатынаста ең төмен деңгейде болуы қажет екенін көрсетті. Қалыпты дамушы баламен қатартең дәрежеде дамуы артта қалған баланың бойына ұқыптылық, өзін-өзі күту дағдылары, ал, алдағы уаөытта отбасындағы күш жетерлік жұмыс, жақындарына қамқорлық жасауды сіңіру қажет. Көп жағдайларда кері құбылысты көруге болады. Ата-аналар баланы мерзімінен бұрын оқуға, жазуға, санауға үйрете бастайды, педагогтармен қосымша сабақтар ұйымдастырады, баланың меңгеруі үшін көп ақпараттар беруге тырысады. Ата-аналардың барлық күші баланы оқыту мен мектепке орналастыруға бағытталған, ал мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға тым аз көңіл бөлінеді. Сондықтан, әріптерді танитын, бірақ өзіне қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын білмейтін балаларды жиі бақылаймыз. Ата-аналар балаларына шамадан тыс қамқорлық жасап, олардың күнделікті өмірінде болатын ұсақ-түйек қиындықтарды болдырмауға тырысады. Бұл отбасында ауыр атмосфера және ата-аналарының басқа балаларымен арасында шиеленіскен жағдаяттарға себеп болады.

Дамуында ауытқулары бар баламен қатар дені сау балалары бар жанұяларда жалпы дұрыс емес қарым-қатынастар туындайды. Мұндай отбасында дені сау балаға аз көңіл бөлінеді, оның «сырқат» балаға қарсы келмеуін, әрдайым қамқорлық жасауын, соңғысының теріс әрекеттеріне жауап қайтармауын және оған шағымданбауын талап етеді. Осының барлығы сау бала мінезінің қалыптасуына кері әсер етіп, кейде тіпті оның жүйкесін жұқартуы ықтимал. Ата-аналардың отбасылық жағдайды дұрыс бағалауы, кемтар баланы барабар тәрбиелеуі, мамандардан ұдайы кеңес алып отыру отбасында оңтайлы ахуалды орнатуға ықпалып тигізеді.

Дамуында ауытқулары бар баланың отбасына психологиялық кеңес беру келесі қағидаларға негізделеді:

  1. Кеңес берілетін баланың мүдделерін сақтау. Бұл қағида отбасының басқа мүшелерінің (ең алдымен, балалардың) денсаулығына қауіп төндіретін, анық көрінетін патологиялардан басқа жағдайларда жүзеге асырылады. Бала мүддесінің сақталуына оның мектеппен қатар үйде де оқуына, тәрбиеленуіне және емделуіне барабар жағдайлар тағайындау мен отбасы мүшелерінің мәліметіне жеткізу түсінігі жатады.

  2. Дұрыс диагноз қою – ол үшін қажетті, дегенмен, жеткіліксіз жағдай. Бүгінде елімізде кемтар балалардың оңтайлы жағдайларда және өз мүмкіндіктеріне сай бағдарламалар бойынша оқытылатын, арнайы мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің үлкен желісі жасалған. Ата-аналар баласының тиісті түрде арнайы білім алу мүмкіндігі мен маңызын түсінуі қажет, себебі, ата-ана баласының мүмкіндігін кері түсінуінің өзі, оны қажетті балалар мекемесіне орналастыруына кедергі келтіреді.

  3. Балаға қойылған диагноздың жұмсартып жеткізу түрі. Ата-аналармен әңгімелесу кезінде бала ақауының психологиялық құрылымымен қатар, оның болымды сипаттарын да айту қажет. Ата-аналарға жай ғана диагнозды және мамандардың шешімін айтудан бұрын, оларға түсінікті тілде баласының ерекшеліктері туралы, оған қалай жағдай жасауды және неге назар аударуды түміндіру қажет. Осыған байланысты, берілген кеңестер отбасы үшін орындалмайтын және ата-аналарда баласының алдында кінәлі болуы мен дәрменсізік сезімі туындамауы үшін, әрбір отбасының тұрмыс жағдайын, оның құрамы мен мәдениет деңгейін, балалардың санын ескерген жөн.

  4. Жеке кеңес беру құпиялары сақтау арқылы, отбасы мүшелеріне жеке кеңес беруден кейін жүргізілетін ұжымдық кеңес берулер. Ата-аналар баланы оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне қатысты әр түрлі пікірде болатын жағдайлар аз емес. Сол себепті олардың әрқайсысы өз ұстанымдарының дұрыстығын тексеру немесе отбасылық өмірдің қандай да бір тұстарын түсіндіру үшін кеңес берушімен жеке әңгімелесуді қалайды. Психолог баланың мүддесіне сүйене отырып, отбасындағы жағдаяттарға талдау жасайды және оның мүмкіндіктеріне объективті баға береді. Ол отбасын жаралайтын басқа жайттарды болдырмау үшін кеңестерді құпияда сақтай отырып, баланың ата-анасымен немесе жақын туыстарына жеке дара әңгімелер жүргізеді. Жеке кеңес берулер, ата-аналарымен бірге басқа туыстары да қатыстырылатын ұжымдық кеңестерді дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тікелей балаға қатысты емес, оның ата-анасы арасындағы шиеленістер кеңес беру кезінде қарастырылмайды және ол туралы алдын ала хабарланады. Ұжымдық кеңестер көмегімен (прихологтың басшылығымен) отбасы ішіндегі ұстанымдар тиімді шешіледі.

Ата-анасының қатысуымен балаға психологиялық-педагогикалық түзету сабақтарын жүргізу ұжымдық кеңес берудің тиімді тәсілі болып табылады. Ата-аналар өз баласының маманмен бірге мінез-құлық ережелерін, білім мен дағдыларды меңгеру процесін бақылауы баласын жақсы түсінуге, оның талаптарының барабар екенін бағалауына және тәрбиелік дұрыс ұстанымды қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар, балалар мен ата-аналардың бірлесіп үй тапсырмаларын орындауы кезіндегі мінез-құлқын талдау әдісін де қолдануға болады. Ата-аналардың баласымен жұмыс істеу амалдары мен әдістерін меңгеруіне қарай ата-ана мен бала арасында байланыс орнайды, отбасы мүшелері арасында өзара түсіністік пайда болады.

Сонымен, отбасында кемтар балаға дұрыс тәрбие беру баланың өзіне және де жалпы отбасындағы психологиялық ахуалға игілікті әсерін тигізеді.


4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ