Материалдар / Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамыту кезіндегі логопедиялық сабақтарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда және жеке дамуына ілгері әсерін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2023
186
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану.


Психикалық дамуы тежелген оқушылардың мәселелерін жан – жақты зерттеу 1960 жылдардан басталады: осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіптен, кейбіреулері бағдарламаны игере алмады, білім сапасы төмендей бастады. Осы кезеңде шет елдерде де оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемлекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы «оқуға қабілеті төмен», «оқытуда қиындықтар кездесетін», «педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған», «тәртібі бұзылған» , «бейімделмеген», «миында болмашы зақымданулары бар» балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың бәріне тән кемістік – үлгермеушілік. Ал оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелу немесе уақытша қалыптаспауы. Бұл ауытқу көбіне 5-6 жастан 11-12 жас аралығында кездеседі. Оларды кесақылдылықтың жеңіл түрлері кездесетін балалардан ажырату үшін, Сухарев Г. Е. «Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТБ)», немесе біздің елдегі дефектология саласында «дети с задержанным темпом психического развития (ЗПР)» деген терминді енгізді. Бқл термин осы уақытқа дейін қолданылады. Бұл балалардың интеллектуалды дамуының зақымдану дәрежесі – олигофрения мен интеллектісі қалыпты дамыған балалардың арасындағы аралық орын алады (яғни, интеллектісі кемақылдылықтан жоғарғы, ал қалыпты дамыған интеллектіден көп төмен). Психикалық дамудың тежелу мәселесі – дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден – бір көкейтесті проблемалардың бірі болып табылады.

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамыту кезіндегі логопедиялық сабақтарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолданса, олардың сөйлеу тілін дамытуда және жеке дамуына ілгері әсерін тигізеді. Стандартты оқу бағдарламасына сәйкес келетін негізгі лексикалық тақырыптар бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін сұрыптап орын –орнымен қолдана алсақ, басқа тілден аударып немесе материал жоқ деген себептерге соқтықпай сабағымызды нәтижелі өткізуге болады[1].

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың таным процестерінің, жас ерекшеліктерін, сөйлеу деңгейін ескере отырып, халық ауыз әдебиетінің ішінен: мақал – мәтелдер, жаңылпаштар, жұмбақтар, ертегілер, аңыз – әңгімелер, шешендік сөздер қолдануға болады.

Психикалық даму тежелген оқушыларға халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдануда төмендегідей негізгі жағдайлар ескерілуі қажет:

- аталған халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет;

- кемістік түрі мен деңгейі назарға алынуы тиіс;

- балалардың қызығушылықтары да назаода болуы керек;

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда – халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі ертегілер ең негізгісі болып табылады. Халықтық шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері ұшан теңіз екені еш күмән туғызбайды[2].

Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін көркем шығармалар. Ертегінің бай фантастикасы психикалық дамуы тежелген оқушылардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана сезімі мен ақыл – ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі. Ертегіні психикалық дамуы тежелген оқушылардың сүйсіне тыңдайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан –ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналы, тапқырлық ой – пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Ертегі оқиғасы басталатын жерден – ақ қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, психикалық дамуы тежелген оқушыларды бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді.

Халық ертегілердің ішінде ең көп тарағаны – хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы, қарым – қатынас жасаудағы айла – тәсілдері психикалық дамуы тежелген оқушыларға ой салады. Бұл ертегілер психикалық дамуы тежелген оқушылардың санасын оятып, мақсат – мұрасына жетуге үйретеді. Ертегі жөнінде Мұхтар Әуезов: «Ертегілер жас баланың ой –санасын оятып, қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді», - деп көрсеткен. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің бәрін алып қарасақ та, баланың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі, қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар. Олар: ертегінің барлық кейіпкерлерінің мінез өзгешіліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есту, тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екіншіден, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып, адамдар арасындағы қарым – қатынасты, олардың мінез – құлқын салыстыра отырып, байқайды. Ертегі кейіпкерлері арқылы балалар қиын қыстау кезінде асып – сасуға, не нәрсені болса да, ақылға салыпшешуге үйренеді. Ертегі баланы парасаттылық пен тапқырлыққа баулиды. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылады. Ертегі оқиғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс – әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық іскерлік, айлакерлік іс – әрекеттері: аңқаулық мінездер балалардың таң қалдырып сүйсіндіреді. Ертегілердің осындай ерекшіліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді[3].

Ертегілерді психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін қолдануда көптеген әдіс – тәсілдерді пайдалануға болады. Солардың негізгілерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады: ертегілерді рөлдерге бөліп оқыттыру; ертегі желісімен суреттер салғызып, сол сурет негізінде ертегі мазмұнын сұрау; ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп сахналау; оқылған ертегі бойынша сөздік жұмыстарын жүргізу және ертегіні психикалық дамуы тежелген оқушыға түсінікті болуы үшін қысқартып немесе артық шұбылаңқы сөздерін алып тастап қолдану[4].

Жоғарыда аталған тәсілдерді пайдалану психикалық дамуы тежелген оқушылардың тек қана сөйлеу тілін ғана дамытып қоймайды, қайта олардың таным процестерінің, басқалармен қарым – қатынасының дамуына, сынып оқушыларының татулыққа, бірлікке, бір сөзбен айтқанда адами қасиеттерге баулуға өз септігін тигізеді.

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөйлеуін, ой – өрісіндамытуда, көзқарасын, тәлім – тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің бір түрі – мақал – мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал –мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал – мәтелдер арқылы үлгі өнеге ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал – мәтелдерді тақырыптық жүйемен топтап ұсынған. Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керектігі мақал ө мәтелдерде толық қамтылады. Мысалы, «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар.», т.б. Мақал – мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстары да баршылық. «Жаман аттан аяғым артық, жаман жодастан таяғым артық», «Еңбек түбі зейнет» т.б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселерінің бірі – еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал – мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған[5].

Негізінен, мақал – мәтелдерді психикалық дамуы тежелген оқушылардың тобынан сөйлеу тілін дамытуда. Көптеген әдіс – тәсілдер арқылы қолдануға болады. 1) Балаларға түсінікті болу үшін мақал – мәтелдердің қысқа түрін алу қажет. Мысалы, «Ердің атын еңбек шығарар», «Жылқы – малдың патшасы», және т.б. 2) Мақал –мәтелдерді лексикалық тақырып бойынша қарастыру орында. 3) Психикалық дамуы тежелген оқушылардың мақал – мәтелдерді меңгеру деңгейі жоғарлаған сайын күрделендіріп беру керек, яғни алғашқыда қысқа түрдегілерін берсек, одан кейін кем дегенде екі жолдан тұратындарын беру керек.

Халық ауыз әдебиетінің келесі бір түрі – жұмбақтар. Балалар фольклорында жұмбақтар баланың ақыл – ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланың ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іс – әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпін береді. Жұмбақтың балаларға пайдалы жағы – өз бойындағы құпияны шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады. Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздестіреді, байқауға тырысады. Зертеуші Ш. Ахметов жұмбаққа мынадай анықтама берген: «Жұмбақ дегеніміз – адамның қай затқа болса да поэжтикалық көзқарасының қандай екенін сынау ұшін, бңр затты көркем тілмен жұмбақ етіп суреттеген, халықтық жанрдың бір түрі». Жұмбақтың тәрбиелік мәніне тоқтала отырып, психикалық дамуы тежелген балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тақырып мазмұны сәйкес жұмбақтарды таңдап алып, онда балалардың ақыл – ойын, логикалсын, тілін дамытуға мән бердік. Баланың ақыл – ойын дамытуда танымдық қабілеттерін арттыруда, қиялын шарықтатып, тапқырлыққа тәрбиелеуде жұмбақ таптырмайтын құрал болып табылады.

Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез – келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді. Тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс. Жұмбақ айтумен жұмбақ айтысты ажырата білу керек. Мектеп оқушыларының тілін дамытуда үзбей жүргізілетін және тіл дамытуға мүмкіндік беретін балалар фольклорының бірі жаңылпаштар. Ол баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне тартымды қылықтарына күле отырып, оларды дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап дұрыс сөйлеуге үйретеді.

Жаңылтпаш – халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқан сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол туралы С. Сейфуллин: «Жастардың, бала шағының жиналып ойын – күлкі дүкенін құрған орыны айтылатын айтыстың бірі – жаңылтпаштар. Бұл да ертерек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді жастардың тілге ұстануларына, ойнақы, қырлы сөздерді тақпақша атқылып, билеп еркін сөйлеуге төселу ретінде балаларға жас кезінен сабақ – ойын болатын нәрсе осы жаңылтпаш»- деген жаңылтпаш көбінесе психикалық дамуы тежелген бастауыш мектеп оқушыларына лайықты шығарма. Олай дейтініміз – жеке дыбыстар мен айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету, ол көбінесе балаға ғана тән нәрсе. Психикалық дамуы тежелген балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен балалар сақаулана сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған[6].

Қорыта келе, психикалық дамуы тежелген оқушыларды сөздік қорын молайту жұмыстары бірнеше жұмыстардың мәселесін шешеді. Мәселен: біріншіден, тілдік қарым –қатынасқа түсу және өз ойын басқаларға еркін жеткізу.Екіншіден ,сөздерді қолданып, тілдері жетіледі. Үшіншіден, сөз байлығы дамиды және ойы да дамиды. Төртіншіден, сөйлеуін жетілдіру барысында олардың таным процестерін де дамытуға болады.



Әдебиеттер

  1. Ермағамбет Ә. Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық – педагогикалық сипаттамасы //Дефектология. -2008. -№4. –С.3-5.

  2. Қазақ фольклоры мен халық педагогикасының мәселелері. / Под ред. Қоңыратбаев А.С. –Алматы, 1984.

  3. Өмірбекова Қ., Серкебаев Қ. Логопедия – Алматы, 1996. -247 б.

  4. Шадаева Н.К. Қазақ мектебінің 5 сыныпта лексиканы деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту әдістемесі. Канд.Дисс.-А., 2003. –С. 182-185.

  5. Қазақ халық әдебиеті. - Алматы, 1990.

  6. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолдану тәсілі \\ Отбасы және балабақша, 2006. - №57. –с. 14-15.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!