Материалдар / Психодиагностика ғылыми технология ретінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психодиагностика ғылыми технология ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Психодиагностика ғылыми технология ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
582
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психодиагностика ғылыми технология ретінде


Жоспар:

1. Психодиагностика пәні

2. Тарихи дамуы.

3. Психодиагностиканың кәсіптік аспектілері.


"Психодиагностика" сөзі "психологиялық диагноз қою" деген сөзбен бірдей сияқты немесе адамның жалпы психологиялық жағдайын немесе қандай да бір психологиялық қасиеттерін жеке қарастырып, квалификациялық шешім қабылдау.

«Психодиагностика» терминін 1921 жылы Г.Роршах енгізеді. Ол «диагностикалық тесттің перцепциясына негізделеді» деп аталатын зерттеудің пайда болуы еді. Бірақ та бұл терминнің мазмұны кеңей түседі. Яғни, бұл термин «психологиялық тестілеу» сөзімен синоним ретінде қолданылды.

Бұл термин сөздің алдағы тағдыры өте қызық. Р.Хейстің айтуынша, ол тез маңызды мағынаға айналады.

Айтып беру керек, егер «психодиагностика» туралы қатынасқа түсінік, жоспарланған тәсілмен қаралса, оларды неміс және швейцар психологтарының (Мейли, 1961; Хейс, 1966 ж.) жұмыстарынан көруге болады.

Белгілі WEBSTER сөздігінде: «Психодиагностика»- бұл жеке тұлғаны бағалауға немесе клиникалық психологияның құралдарымен психикалық ауытқушылықты диагностикалау туралы ғылым және практикалық жұмыс жүргізу деп беріледі.

1970 ж. дейін «психологиялық тестілеу» термині, кез келген психологиялық тест жұмыстарымен байланысты ізденулер,зерттеулерге қатысты қолданылды. Осыған байланысты 1960-70 ж. әйгілі бірнеше (руководствалар) топтарды атап өтуге болады.

«Психологическое тестирование (Anastasi, 1968; Анастази, 1982, 2001), «Сущность психологического тестирования»-Essentials of Psychological Testing (Cronbach, 1960), «Теория тестов»-Test Theory (Magnusson, 1967), «Теория и практика психологического тестирования»-Theory and Practice of Psychological Testing (Freeman, 1963), «История психологического тестирования» (А History of Psychological Testing: Du Bois, 1970). «Психодиагностика» термині бірте-бірте қолданыстан тыс қалуда. Оған мысал ретінде 2000 ж. шамасында «Энциклопедии психологии» сегіз томдық кітапта психодиагностика туралы ешқандай мақала кездеспейді. Осылайша, қазіргі шетел психологиялық ғылымда психодиагностика туралы былай қарастырылады:

  • Роршах тәсіліне және жоспарланған басқа тесттерге қарап, мән беру;

  • Әртүрлі ауытқушылық бағалармен және психологиялық құрылымдармен жетіспеушілік байланыста болу;

  • Кейде психологиялық тестілеу сөзімен синоним ретінде қолдану.

"Психодиагностика" сөзінің психологияда екі түрлі мағынасы бар. Оның бірі – практикада қолданатын әртүрлі психодиагностика әдістеріне қатысты арнайы психологиялық білім аймағын көрсетеді, яғни " психодиагностика" ғылым ретінде түсіндіріледі және ол мынандай сұрақтарды қарастырады:

  1. Психологиялық құбылыстардың табиғаты қандай және оның принциптік мүмкіндіктерінің ғылыми бағасы қандай?

  2. Қазіргі уақытта психологиялық құбылыстардың танымдық және сапалық қағидаларының жалпы ғылыми негізделуі қалай қойылуда?

  3. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген психодиагностика әдістері жалпы ғылыми методологиялық талаптарға қаншалықты сай келеді?

  4. Психодиагностиканың әр түрлі құралдарына қойылатын әдістемелік талаптар қандай?

  5. Практикалық психодиагностиканың нәтижесінің нақтылығы, талаптары, психодиагностика жүргізу шарттары, нәтижесін өңдеу құралдары мен интерпретация әдістерінің негізделуі қандай?

  6. Психодиагностика әдістерінің, соның ішінде тесттің ғылымилығын тексерудің негізгі процедуралары қандай?

Психодиагностика сөзінің екінші мағынасы психологиялық диагноз қоюдағы психолог әрекетінің спецификалық ортасын көрсетеді. Бұл жерде теориялық мәселелерден гөрі, психодиагностика жүргізген мекемеге қатысты практикалық сұрақтар шешіледі, яғни мынандай мәселелерді қарастырады:

  1. Психологқа кәсіби талаптардың қойылуы

  2. ¤з жұмысын табысты орындау үшін психолог меңгеруі тиіс білімдер, ептілік пен дағдыларды анықтау

  3. Психологтың психодиагностика әдістерін кәсіби және табысты меңгергені туралы кепілдеме ретінде практикалық жағдайда қысқаша түсіндірме беру

  4. Психологтың психодиагностика саласындағы біліктілігінің бағасы жайлы

Теориялық және практикалық екі сұрақтар кешені де бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл салада жоғары квалификацияланған маман болу үшін психолог психодиагностиканың ғылыми және практикалық негіздерін өте жақсы меңгеруі қажет.

Барлық айтылған жағдайларда ғылыми және практикалық психодиагностика мынандай мәселерді шешеді:

  1. адамның психологиялық қасиеттерін, мінез ерекшеліктерін анықтау

  2. сол айтылған қасиеттердің даму дәрежесін сандық және сапалық көрсеткіштермен нақтылау

  3. қажет болған жағдайда диагностикаланған адамның психологиялық және құлықтық ерекшеліктерін суреттеу, хаттау

  4. әртүрлі адамдардың зерттелінген қасиеттерінің даму дәрежесін бір-бірімен салыстыру

Зерттеу жүргізілген кезде практикалық психодиагностиканың осы төрт түрлі міндеті жеке-жеке немесе кешенді түрде қарастырылады. Көптеген жағдайларда сапалық сипаттаудан гөрі, сандық талдауды меңгеру қажет болады. Бұл математика элементтері, математикалық статистиканың көмегімен жүзеге асады.

Сонымен қорыта келгенде, психодиагностика психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі арнайы дайындықты қажет ететін күрделі жұмыс түрі. Кәсіби психологтың жұмысында психодиагностика ерекше маманданған сала ретінде қарастырылады, себебі психолог-диагност меңгеруі тиіс білім, икемділік, дағдылар жиынтығы соншалықты ауқымды және соншалықты күрделі екендігі ақиқат.

Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негіздері - тұлғаның немесе топтың психологиялық даму деңгейінің жағдайын, қасиетін нақты бағалауға арналған теориялық, методологиялық әдістердің ортасы деуге болады. Психодиагностиканың обьектісі ретінде психология зерттейтін барлық құбылыстар қарастырылады, яғни адамның түйсінуінен бастап, күрделі тұлғалық және өзара тұлға аралық қарым-қатынаста туындайтын күрделі әлеуметтік психикалық процестерге дейін.

Тұлғаның немесе топтың психикалық даму деңгейінің бағасын практикада анықтау үшін мынандай мәселелерді шешу керек:

1.Қасиеттің сәйкес даму деңгейін анықтау.

2.Оның даму динамикасын және белгілі бір уақыт аралығындағы өзгеруін анықтау.

3.Тұлғаның немесе топтың мінез-құлқындағы және психологиясындағы нақты өзгерістерді.

4.Тұлға қасиеттерін дамыту перспективасын анықтау.

5.Келесі дифференционалды зерттеу жұмыстары үшін зерттелінуші адамдарды немесе топты категорияларға бөлу.

6.Тұлғаның немесе топтың тапсырманы орындауға жарамдылығын анықтау, мысалы адамның өз қызметтік міндеттерін атқаруға кәсіби даярлығын.

7.Тұлғаның немесе топтың психологиясы мен мінез-құлқы психокоррекция жұмыстарын жүргізу мақсатындағы кейбір медициналық немесе әлеуметтік нормаларға сәйкес келу,келмеуін анықтау.

8.Тұлға немесе топ үшін өмір жолын таңдауда (мамандық, некелік жолдасын,т.б.) және өз білімін жетілдіруде ұсыныстар жасау.

Осы айтылған мәселелер психодиагностика үшін жалпылау болып табылады. Осылардың көпшілігі мектеп жасына дейінгі мекемелерде және мектептерде әртүрлі жас баламен жүргізілетін жұмыстар арқылы шешілу керек.

Психодиагностика көбінесе былай түсіндіреді: (предпологает)

  • баланың бір айлығынан бастап мектеп бітіргенге дейінгі жас ерекшілік психолгиясының даму динамикасын (танымдық, интеллектуалдылық,тұлғалық және тұлғааралық) зерттеу. Ол үшін әрбір баланың жылдық немесе айлық даму көрсеткіштері жазылған психодиагностикалық картасы жасалу керек.

  • Әрбір баланың психологиялық және құлықтық дамуының өзіндік ерекшеліктерін анықтау, оның орташа стандартты нормадан ауытқуын, жағымды жағына қарай ма?(жедел дамуын), әлде теріс қарай ма?(баяу даму)

  • Балаларға білім беру мен тәрбиелеудегі жетістіктерді анықтау мақсатында жүргізілетін психологиялық қызмет көрсететін педагогикалық эксперименттер және осының негізінде берілетін ұсыныстар.

  • Өз уақытында дұрыс бағыт беру үшін, сондай-ақ ғылыми негізделген профконсультатциялық және мамандыққа бағдарлау жұмыстарын жүргізу мақсатында баланың дарындылығын,икемділігін, қабілеттілігін, бейімділігін анықтау.

  • Мұғалімдер мен ата-аналар үшін пайдалы болатын, сол балаға тиімді болатын оқыту мен тәрбиелеу әдістерін таңдау және баланың психологиялық жағдайы туралы әртүрлі информациялар алу.

Білім беру жүйесіндегі мекемелерде балалардың психодиагностикасымен жоғары оқу орнының психология факультетін бітірген, кәсіби даярланған практик-психолог немесе «практикалық психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен мамандар айналысады. Осыншама мәселені қамту және дұрыс психодиагностикалау үшін практик-психологтың кәсіби біліктілігі жоғары болуы керек.

Психодиагностикалық жұмыс барысында жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностика әдістері кеңінен қолданылады.Оларға жалпылама шолу жасап өтетін болсақ, мысалы ақыл-ой дамуын диагностикалау, танымдық процестердің дамуын диагностикалау, жалпы қабілеттер, тұлғаның құндылық мотивациялық мінезі, қарым-қатынас диагностикасы,т.б.

Мамандығымызға байланысты келешекте балалармен, мектеп оқушыларымен жұмыс жасайтын болғандықтан, оқушыны психологиялық-педагогикалық зерттеудің ұстанымдары мен әдістеріне тоқтала кетейік:

Ғылыми диагностиканың қалыптасуы ең алдымен психологиялық ғылымда эксперименттің, жаңа идеялардың пайда болуымен байланысты. Психологиялық зерттеулер туралы ойлар ХІХ ғ. 30 ж. жарыққа шықты. Ең бірінші бұл туралы неміс зерттеушісі Вольф болды. Ол психометрия ұғымын енгізді. Бірақ сол кездегі философтардың төккен қан мен тері ғасыр өткеннен кейін ғана өз нәтижесін берді. Э.Вебер мен Г.Фехнердің психофизика бойынша бастаған жұмыстарында, яғни психикалық көріністердің салыстыру туралы ойлардың шындыққа енуі сол кездегі экспериментальді психологияның ізденістеріндегі негізгі бағытты анықтап берді. Осы кездестірген жайттардың ішіндегі қызықтысы, индивидтің айқындалуын зерттеп оқуда оқымысты ғалымдар психологияға, физиологияға және медицинаға жақын болғандар.

«Ментальды хронометрияда» маңызды бағдар көрсетуде еңбек сіңірген Галланд ғалымы әрі физиологы Ф. Дондерс (1818-1889) болды. Ол бірнеше реакция түрлерін бөліп көрсетті. А реакциясы – тәжірибе жасалынып жатқан қандай нәрсе әсер ететінін және оған қалай жауап беру керек екенін біледі. В реакциясы – зерттелуші әр әсерге әр түрлі жауап береді. С реакциясы – барлық жасалғандардың ішінде тек қана біреуіне ғана жауап береді.

Бұл зерттеулер экспериментті зерттеулердің маңызды бір бөлігі ретінде қарастырылды.

Қазіргі заман психодиагностиканың тарихы ХІХ ғасырдың І-ші жартысынан басталады, яғни сол уақыттан бастап, ең алдымен психологиялық білімнің дамуының клиникалық кезеңі басталды. Бұл кезең адам туралы психологиялық эмпирикалық білімді талдауда және оны қолдануда шешуші рольді дәрігерлердің орындауымен сипатталады. Ал бұған дейін мұнымен негізінен философтар мен жазушылар шұғылданған. Дәрігерлерді емделуі қиын аурулар және аурудың неден пайда болғандығы туралы, сондай-ақ сол жылдары әлемнің дамыған елдерінде етек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар және невроз себептері қатты қызықтырды.

Психиатр дәрігерлер Европа клиникаларында ауруға жүйелі түрде бақылау жүргізе бастайды және өз бақылау нәтижелерін талдап жазып отырды. Бұл уақытта психодиагностика әдісінің бақылау, сұрау, құжаттарды талдау сияқты әдістері жүзеге асады. Бірақ бұл жылдары психодиагностика тұтастай толық құрылды деп айта алмаймыз. ¤йткені, мұнда тек дәрігерлердің бір ауру түрін ғана бақылауы және бірдей әдіспен қорытындылануы, олардың зерттеу нәтижелері дәрігерлердің көзқарастары, ой қорытындылары бойынша ғана жасалады. Бұл кезеңде психодиагностика әдістері тек сапалық жағынан ғана сипатталатынын көрсетеді.

Осыған сәйкес ХІХ ғасыр соңына дейін психодиагностика негізінен адамның түйсіну дәрежесін өлшеумен ғана шектеліп отырды. Негізгі психологиялық процестерге қатысты адамның қасиеттері мен жағдайын зерттеуге арналған психодиагностика әдістерінің түрлері ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып дами бастады. Осы кезде өте белсенді түрде және психолог мамандардың қатысуынсыз “ықтималдылық теориясы”, “математикалық статистикалық бағалаулар” психодиагностиканың ғылыми сандық әдістемелеріне араласып кетті. Бірақ математикалық статистика әдісін психологиядан бұрын математика, биология, экономика, медицина т.б. ғылымдар пайдаланып келді.

Ең бірінші арнайы психометриялық мекеме Англияда ағылшынның ұлы психологы Гальтонның басшылығымен құрылды. Ол 1814 жылы адам қабілеті көрсеткішінің статистикалық мәліметтерін алуға арналған антропометрикалық лаборатория ашты. ¤здерінің қабілетін анықтау үшін осы лабораториялық зерттеуге он мың шамасында адамдар келді.

Статистиканы психологияда қолдануды ұсынған Гальтон еді. Ол бірлесіп жұмыс жасау үшін Пирсон, Фишер сияқты математик ғалымдарды шақырды. Спирменнің 1904 жылы “Объективті анықталған және өлшенген жалпы интеллект” деген еңбегі жараыққа шықты.

Г.Айзенг пен Р.Кеттел тұлғалық қасиеттерді зерттеу үшін факторлық анализді пайдаланды. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А.Биненің статистикаға негізделген интеллект тестісі жарыққа шықты. Ол француз ғалымы Т.Симонмен бірге осы тестті аяқтап, нәтижесінде өмірге Бине-Симон тестісі келді.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Немов Р.Психология. Том 2. Москва., 2002.

  2. Рогов Е.И. Настольная книга психолога: М. 2004

  3. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. Екатеринбург, 1995.

  4. Анастази А. Психологические тестирование в 2-х т. М., 1982.

  5. Бурлачук Л.Ф. Психодиагностика личности. Киев, 1989.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!