Материалдар / Психодиагностиканың инновциялық формаларын енгізу арқылы оқушыларды бақылау Внедрение инновационных форм в психодиагностике учащихся

Психодиагностиканың инновциялық формаларын енгізу арқылы оқушыларды бақылау Внедрение инновационных форм в психодиагностике учащихся

Материал туралы қысқаша түсінік
Постиндустриалды қоғамда индивидтің басты проблемасы психикалық жағдайдың өзгерісі болып табылады. Оның ішінде білім беру саласында психодиагностика маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз білім беру ордасында психологиялық диагностикаға ерекше назар аудардық. [1]. «Психодиагностика» дегеніміз не? Бұл терминді талдауда, біз екі құрамдас бөлікке бөлеміз: "психологиялық" және "диагностикалық". Психодиагностика - бұл тұлғаның психикалық жай-күйін анықтайтын маңызды психология бағыты.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психодиагностиканың инновциялық формаларын енгізу арқылы оқушыларды бақылау

Внедрение инновационных форм в психодиагностике учащихся


Бекова Алтынай Амиргазиевна


17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі КММ


КГУ Средняя общеобразовательная профильная школа дифференцированного обучения №17 города Павлодара



Өзектілігі

Постиндустриалды қоғамда индивидтің басты проблемасы психикалық жағдайдың өзгерісі болып табылады.

Оның ішінде білім беру саласында психодиагностика маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз білім беру ордасында психологиялық диагностикаға ерекше назар аудардық. [1].

«Психодиагностика» дегеніміз не? Бұл терминді талдауда, біз екі құрамдас бөлікке бөлеміз: "психологиялық" және "диагностикалық". Психодиагностика - бұл тұлғаның психикалық жай-күйін анықтайтын маңызды психология бағыты.

Білімнің қай саласы болмасын еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапаларының диагностикасы жетекші рөл атқарады. Қазіргі көптеген әдебиеттерде «диагноз» деген грек сөзінің түп мәні – «танып білу, бағдарын анықтау» деген мағына беретіндігі жазылып жүр. Ал, педагогикалық-психологиялық ғылыми зерттеулерде тиісті мәселенің құрылымдық, функционалдық міндетінің бағытын анықтап, бағдарын болжай білу және оны зерттеу барысында қолдана білу делінген. Олай болса, диагноздың анықтамасы педагогикалық-психологиялық процестің себеп-салдарын анықтап, оның барысында оқушы мен оқытушы әрекетіндегі мүмкіндіктерді ажыратып, жобалаудағы нысандарды болжап, бағдардың ұстанымы болып табылады. Ол қарым-қатынасты сипаттап, оның жақсы жақтарын жинақтайтын, себеп-салдарын ажырататын көрсеткіш деп есептелінеді. Белгіленген психодиагностиканы жүзеге асыру педагогикалық-психологиялық зерттеу әдістерімен тікелей байланысты. Психодиагностика психологияның төмендегі бөлімдерімен тығыз байланыста болады:жалпы психология, медициналық, жас ерекшелік, әеуметтік және т.б. Аталған ғылымдардағы адамның, қабілеттері, мүмкіндіктері, ерекшеліктерін және т.б. қасиеттерін зерттеу психодиагностика әдістерінің негізінде жүзеге асады. Психолдиагностика өлшемдерінің нәтижесі тек белгілі бір қасиеттің шегін, даму деңгейін және т.б. анықтап қоймай әртүрлі психологиялық бағыттардағы теориялық мәліметтерді тәжіриби, эксперимент жүзінде көрсетеді.

Белова О.В психодиагностика адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін әдіс-тәсілдер арқылы өлшеп зерттейді – деп, түсіндіреді. Шнейдер Л.Б психодиагностиканы психикалық процестердің қалыпты нормадан өзгеру функцияларын анықтайды деп тұжырымдаған.

Психодиагностиканың теориялық пән ретіндегі міндеті ғылыми негізделген психодиагностикалық әдістерді өңдеу және теориялық тұжырымдамалар мен болжамдарды тексеру болып табылады. Практикалық психодиагностикада психодиагностикалық берілулердің нәтижесі қалай, кіммен қолданылуына байланысты. Осыған орай психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін практикада қолданудың бірнеше салаларын көрсетуге болады:

  1. Психодиагностика оқыту және тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін қолданылады. Психодиагностика көмегімен білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жұмысшыларының алдында тұрған міндеттер шешіледі. Бұл баланың мектепте оқуға даярлығы, оқу үлгермеушілігінің себебін анықтау, кәсіптік бағдар беру.

  2. Диагностикалық жұмыс кәсіби іріктеу, кәсіби бағыт беру, кәсіби білім беру мамандарының іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, ол арнайы кәсіби кеңес беру, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл жұмыс әркімге өзіне лайықты мамандық таңдауға, кәсіби білім және іскерлікті нәтижелі меңгерудің жолын табуға, кәсіби шеберлік деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

Психологиялық оқытудың негізгі мәні мынада: 

  1. Тәрбиешілерді, мұғалімдерді және ата аналарды қалыпты балалардың психикалық дамуының негізгі жағдайы және заңдылықтарымен таныстыру. 

  2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін талдау және түсіндіру. 

  3. Психологиялық білімге қажеттілікті қалыптастыру, оны баламен жұмыс істегенде немесе өзінің жеке қызығушылығында қолдануға итермелеу. 

  4. Оқушыларды негізгі өзін тану және өзін тәрбиеле ұғымдарымен таныстыру. 

  5. Баланы тәрбиелеу білім беру мекемелерінде психолог жұмысының және практик псиологтың қажеттілігін түсіндіру. 

Психодиагностика білім саласы арнасында бақылауға және білім беру стандарттарының оқушылардың жасқа сай даму аймағына әсерін анықтауға көмек береді. Жаңашыл психодиагностиканың білім беру саласында қолданылуын 2 – ге бөліп қарастырамыз:

  1. Бағдарламаның тиімділігін өлшеу, білім беру әдістерінің тиімділігіе көз жеткізу және оқушының ақыл-ой өрісінің жалпы даму динамикасын бақылау;

  2. Баланың мектепке даярлығын, дарындылығын, жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, индивидуалды ерекшеліктерін дамыту;

Психодагностика классификациясы әр түрлі ол, анкета, сауалнама, индивидуалды сұрақтар, интервью, диагностикалық ойындар т.б арқылы жүргізіледі.

Сондықтан, жаңа технологиялар көмегімен сауалнама жүргізу соңғы жылдары жаңашыл әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс психодиагностиканың тиімділігіне жаңа мүмкіндіктер береді. [2].

Лучинин А.С психодагностиканың кең тараған әдістерінің бірі бланкілі және сандық тестілеу әдістері - бұл арқылы сыналушыға сұрақтар жиынтығын дайындап, оған ауызша немесе жазбаша түрде жауап берілуін сұрайды.

Көптеген елдерде психодиагностиканың тиімді әдістерінің қолданылуы әлеуметтік- саяси жағдайлармен байланысты. Еуропада психодиагностиканың түрлі инновациялық әдістері кеңінен қолданылады.

Біздің мемлекетімізде қазіргі таңда психодиагностика әдістері тиімді қолданылуда. Ол тиімді білім сапасын өлшеуге, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Қазіргі таңда, проективті диагностикалаукеңінен таралуда. Бірақ, қазіргі таңда сауалнаманы өткізілу барысында қиындықтар туындайды, сауалнама қорытындысын шығару көп жағдайда ашықтестілеуде ұзақ уақыт қажет етеді.

Ең тиімділігі, сауалнама әдістерін бірыңғай инновациялық технологиялар арқылы жаңадан енгізу.

Еуропа елдерінде бүгінде психодиагностика инновациялық технологиялар жүйесімен қатар дамуда. Бірден бір мысал: Филимонова О.Г бойынша Голмошток А.Е "Қызығушылық картасы" әдістемесінің өткізілу базасы ескіргенін және кейін, бұл сауалнамаға инновациялық технологиялар, социология, кәсіп, философия ұғымдарын қосқан. Бұл әдістің теориялық құрылымы мінсіз қалғанымен, тәжірибе өткізу формасында өзгеріс енгізілген. [3].

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін психологтардың инновациялық іс-әрекеттердің ғылыми-педагогикалық психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан психологтың біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық психологиялық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі жаңатехнологияларды меңгеруі маңызды.

Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс иннофацияны былай түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», -дейді. Ендеше «Инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. [4].

Бүгінгі таңда білім беру мен психологиялық қолдау жұмыстары әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы - оның алған білім сапасына, ойлау деңгейіне, өзін-өзі бағалауына байланысты болатыны белгілі болып отыр.

Білім беру жүйесін және психологиялық қолдау жұмыстарын ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғарғы тиімділік технологиясына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Білім беру жүйесін және психологиялық қолдау бағытын ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технолгияларды пайдалану арқылы дамыта, топтық және дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсатын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің және психологиялық қолдау бағытының барлық деңгейінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Қазіргі заманда адамзат дамуының ерекшелігі – ақпараттық өркениетке көшу, адамның интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуы болып табылады. Тұңғыш президентіміз ықпал етуі тарапынан ҚР орта білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу туралы мемлекеттік бағдарламада «ҚР дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни біріңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет» делінген. Осыған сәйкес жаңа технологияның әлементтерін ата-аналармен кездесулер кезінде де қолданып, әдіс-тәсілдердің тиімділігіне тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың психологиялық жағдайымен көрнекі турде таныстырып, зерттеулердің нәтижесін мониторингке салып көрсетіп, оқушыны психологиялық-әлеуметтік қолдау бағытында жүргізілген жұмыстармен таныстырып отырып, ата-аналарға оқушының тәртібі, психологиялық жай-күйі, білімге деген көзқарасы, болашаққа деген ойы жайында көптеген ақпататтар беріп, оларды психологиялық-педагогикалық қолдап, сүйемелдеп, ақыл-кеңестер беріп, білімдерін жоғары деңгейге көтере аламыз. [5].

Білім беру мекемесінде әрбір оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін анықтау мақсатында жүргізілетін психологиялық әдіс-тәсілдер жетклікті. Бұл әдістердің әрқайсысы белгілі бір мөлшерде стандартты өлшеу әдістерін, сандық және нақты қорытынды нәтижелерін талап етеді. Сондықтан, психодиагностика бағытында инновациялық технологияларды қолану тиімділігі артуда. Ол сапалы өлшем, нақты сандық жинақ пен валдиділікті қажет етеді. Жаңа технологияларды тиімді қолдануда нақты тиімді нәтижелер берілетін бұл сауалнама әдісі болса, оның жаңа технологиялар арқылы қандай психодиагностикалық жетістіктерге жеке алатынымызды анықталды. Жаңа «Plickers» бағдарламасы бойынша психодиагностиканың тиімді әдістерін қолдана білу үлкен мүмкіндіктерге алып келеді. Бағдарлама арнайы дайындалған сұрақтар мен жауаптар нұсқасынан тұрады. Оқушылар өздері дұрыс деп есептеген нұсқаны таңдау арқылы соңында жауаптар арқылы тұлғалық ерекшеліктерін анықтай алады немесе жаппай диагностикалау арқылы стандартты пайыз көрсеткішін шығаруға мүмкінік береді. Диагностикалау барысында әр оқушының өз QR коды мен реттік шифры анықталады. Реттік саны мен QR коды сканерлеу арқылы оқушының сұрақтарға жауап беру уақыты мен психологиялық денсаулығын анықтауға мүмкіндік береді. [6].

Қорытынды:

Қазіргі дүниеде тұлғаға деген талаптың қатаңдай түсуі - білім беру кеңістігінде және әлеуметтік психологиялық педагогикалық қолдау жұмыстарындағы өзгерістердің әлеуметтене түсу тенденциясының өсуіне әкеледі. Жаңа технологиялар өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды сапалы әрі нақты алуға мүмкіндік береді, және олардың ата-аналарына бала тәрбиесіне толықтырулар енгізіп, өз білімдерін көтеріп, басқаата-аналармен ой бөлісіп, өздеріне қажетті қосымша ақпараттарды алып отыруға мүмкіндік береді.

Жалпы психологиялық қолдаудың типтерін, түрлерін, технологияларын таңдап алу білім беру парадигмасына, әлеуметтік тұжырымдамаларға, оқушының мақсаттары мен міндеттеріне, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерге, психологтың білімі мен жоғары бағалауына байланысты. Оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттыру және олардың өмір сүруге деген ынтасын дамыту үшін жаңа технологиялардың маңызы зор. Сабақты психологтардың әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып өткізуі жас ұрпақтың өз бетінше ізденіп жұмыс істеуіне, ойының дамуына, айналасындағы жолдастарымен дұрыс жұмыс істеуіне үйретеді. Сондықтан психологтардың жаңа технологияларды игеріп, әр кездесуді түрлендіріп өткізуі - білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған ұрпақтың өсуіне және еліміздің болашағының жарқын болуына бір себеп болады.















Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. 1. Белова, О. В., Общая Психодиагностика. — Новосибирск: Научно-учебный центр психологии НГУ, 1996.

  2. 2. Бурлачук, Л. Ф., Морозов, С. М. Словарь-справочник попсиходиагностике— СПб.: Питер Ком, 1999.

  3. 3. Зеер, Э. Ф., ПавловаА. М., СадовниковаН. О. Профориентология: Теория ипрактика: учеб. пособ. длявысшей школы. — М.: Академический проект; Екатеринбург: Деловая книга, 2004.

  4. 4. Лучинин, А. С. Психодиагностика.: М— Эксмо; 2008.

  5. 5. Тесты попрофориентации дляшкольников: самый полный сборник тестов / сост. А. Аркадьев. — Минск: Совре­менная школа, 2008. — 272 с.

  6. 6. Шнейдер, Л. Б., Основы психодиагностики, М., 1995








Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!