Материалдар / ПСИХОЛОГИЯ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ПСИХОЛОГИЯ

Материал туралы қысқаша түсінік
менің мамандығым және қазіргі замандағы балалар психологиясы туралы қызқаша өз ойымды эссе туринде жазып шықтым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2022
533
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭССЕ



Мен және және менің мамандығым



Мектеп табалдырығында жүргенде психология сөзін жиі еститінмін, дегенмен аса көп мән бермейтінмін, алайда стдент болып екінші курс оқып жүргенде, психология сөзімен терең таныстым, ол жан туралы ілім, адамның ақыл-ойы мен мінез-құлқын зерттейтін ғылым екенін аңғардым. Оқу мен түсіну бір бөлек екеніне көзім жетті, кейде біз қарапайым сөздің мағынасын терең түсіне бермейміз. Уақыт келе толықтай түсінік қалыптасады, әрине оған мән берсек. Таңдаған мамандығым мектеп психологы болғандықтан, теориялық білім ала қоймай, сонымен қатар психолог бойындағы қасиеттер қандай болу керек екеніне көзім жетті. Жаңашыл психолог ең басты мәдениетті, сыр сақтай білетін, жауапкешілік шегін дұрыс түсінетін, ұстамды, өзіне қарата алатын, ойын, сөзін анық жеткізе білу керек, заманауи құралдарды пайдалана алу керек, жаңарып отырған мағлұматтардан хабардар болу керек. Сонымен қатар жұмыс барысында бір обьектінің жағдайын аңғару үшін екінші обьектімен байланыста болу керек.(мысалы, оқушы мен сынып жетекшісі )

Қазақ психологиясына үлкен үлес қосқан жазушы Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей ... адам мінезінің, ақыл – қайратының әртүрлі болуы – тәрбиенің түрлі – түрлі болуынан деген сөздеріне толықтай келісем. Алдымда тұрған барлық бала әрқайсысы алуан отбасындағы тәрбиесін іліп шықан бала. Алайда психологиялық ерекшелігіне аса назар аударып, мектеп ортасына үйренісіп кетуіне менің көмегім ауадай қажет.

Қазіргі мектеп оқушылардың психологиясын бұрыңғы оқушылармен салыстырғанда арасы жер мен көктей. Бұрыңғы балаларға көп көңіл бөлінгеннен шығар... Жұмыс жасап, нан тауып, бала-шағаны асырау керек, «ал баланы кім қарайды?» дегенде, біздің балабақшаларымыз бар. Сәбилер таң атқаннан кешке дейін күтуші, тәрбиеші және басқа да балалармен араласып, тез сөйлеуге үйреніп, өзінің қоғамын көбейтіп, дамып отырады. Бұл – үйде жалғыз қамалып отырғаннан гөрі пайдалы нәрсе. Бірақ, менің ойымша, бала өзінің жақындарымен, ата-анасымен жиі қарым-қатынас жасау керек сияқты. Қазіргі заманда балалар мүлде ата-анасымен сөйлеспейді дегенім емес: бала таңертеңнен кешке дейін бала бақшада болса, үйге кешке қарай барады, кешкі асын ішіп, шаршап ұйқыға жатады. Осы тәртіп келесі күні де қайталана береді. Тек сенбі, жексенбі күндері, мүмкін кейбір отбасылар, бір-біріне көңіл бөліп, әңгімелесіп, қыдырып, бір-бірінің қал-жағдайын біліп жүретін шығар, бірақ көбінесе, жағдай әлгіндегі айтқандай болып шығады. Қазіргі заман балалары, бұрынғы заманға қарағанда өте дамыған, мүмкіндігі көп. Олар тез сөйлеп үйренеді, кей балалар 1-2 жасынан сөйлеп кетеді, техниканы үлкендерден қарағанда тез ұғып алады да, тіпті, өзімізді үйретіп отыратын кездері де болады. Осыған байланысты осы күзде мынадай мақала оқыдым қазргі замандағы балалардың психологиясы жайлы. Ғылымдардың айтуы бойынша Альфа-ұрпақ деп 2010 жылдан бері қарай дүниеге келген балалар. Олар толықтай цифрлық кеңістікте туған. Неге дәл осы уақытта ұрпақ ауысты десеңіз, бұл уақыт – қазіргі балалардың ғаламдық цифрлануына әсер еткен IPad пен Instagram-ның пайда болған уақыты. Бұл балалар әлі тым жас болғандықтан әзірге олар туралы толық бір нәрсе айту қиын. Дегенмен ғалымдардың альфа балалар туралы біраз болжамдары бар. Альфа балалар білім мен тұрмыс, демалысқа қатысты жаңа технологиялық революцияны бастан кешеді Жаңа ұрпақ ерте бастан табыс табуды бастайды. Тіпті жасөспірім шақта өз-өзін қамтамасыз етуге мүмкіндігі болады Цифрлық сауаттылығы ең жоғары деңгейде болады Альфа ұрпақ жұмысын жиі ауыстырып отырады Альфа грек алфавитінің бірінші әріпі. Соған сай альфа ұрпақ жаңа әлем құрып, экология мен ұлттық құндылықтарға дейін толықтай өзгертуі мүмкін Альфа ұрпақтың ерекшеліктері: Олардың миллениал (1980 мен 1996 жылы туылғандар) мен зумер (1997 мен 2010жж туғандар) ұрпақтардан айырмашылығы: Интернеттегі өмір. Альфа ұрпақ өмір мен интернетті түбегейлі біріктіреді деп айтылған. Дәл осы өзггеріс уақытта психолог маманының ауадай қажет. Баланың физиологиялық пен психологиялық жасына сай дамуын қадағалап, түртіп отыратын психолог. Осы мақаланы оқып, түйіндесем, альфа-балалар - ойын нақты, қысылмай ашық жеткізе алатын, тез шешім шығара білетін, шығармашылыққа бейім, қалыптасқан тұлға. Олар білімді жақсы көреді, табанды және мақсаттары айқын.

Алайда оныңы теріс критерийлері:

- Эмоциялық кедейлік

- есте сақтау, жаттау қабілеті де жоғалады

Және де Альфа-баланы тәрбиелеу кезінде ұстануға тиіс негізгі ережелер мынадай:

Баламен бірге болу керек. Күнделікті кез-келген жағдайда баламен ынтымақта болыңыз. Яғни айтқанды бірден ұқпадың деп дүрсе қоя берудің қажеті жоқ. Ақылмен түсіндіру не себепті, неге осылай жасау керектігін.

Өтірік айтпаңыз. Альфа ұрпақ алдай салғанға көнбейді.

Көп әңгімелесу. Өсіп келе жатқан жаңа буын өкілімен тең дәрежеде, яғни ересектер секілді сөйлесу керек. Олардың ойдан шығарған қияли әңгімесін, сөзшеңдігін қабылдап, тыңдай білген жөн. Баламен жиі сөйлескен сайын ол әлемді және өзін жақсы тани бастайды және өмірден не қалайтындарын ерте түсінеді. Не себепті осы мақаланы қозғадым деген сұраққа қазіргі мектеп психологы жаңаша көзқарас пен ескі тәжірибені ұшатаса отырып, жұмыс жасау керектігін аңғардым. Сол себептен қазіргі баланың психологиясын зерттей отырып, қоғамда болған түрлі өзгерістер әсер ететінін түйіп отыру керек. Мамандығымды жақсы көремін. Және де оны таңдағаныма еш өкінбеймін. Ғұламалар айтқандай Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!