Материалдар / психология
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

психология

Материал туралы қысқаша түсінік
кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған психологиялық тренингтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2023
244
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған психологиялық-педагогикалық тренингтер» пәні


Тақырыбы: Әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы негіздері.


Студент: Бақыт Жұлдызым ПиМНО ОДВ



ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.


Қазіргі заманауи қоғамда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.

Shape1

«Тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен)

о қыту

тәрбиелеу



жаттықтыру

үйрету

сияқты бірқатар мағынаны білдіреді



Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады және тренингке ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталған, сондай-ақ тренингті жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға болады.

Р есейлік психологияда тренингті оқытудың немесе әлеуметтік - психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең таралған. Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жетіктілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады.

Б.Д.Парыгиннің пайымдауынша, топтық кеңес беру тәсілі жөнінде, оларды өмірде және жалпы қоғамдағы қатынас дағдыларына белсенді түрде топтық оқыту ретінде яғни, кәсіби пайдалы дағдылардан Мен - тұжырымдамасы мен өзін-өзі бағалауға сәйкес жаңа әлеуметтік рөлге бейімделуге дейін оқыту әрекеті .

Бүгінгі күнде тренингті анықтау үшін көп жағдайда «психологиялық әсер ету» термині қолданылады. Ал, С.И. Макшановтың жұмыстарынан бұл терминнің тренингті әдіс ретінде дәл толықтай бейнелемейтінін байқауға болады, яғни бұл термин тек бір адамнан екінші адамға әсер ететін ақпараттардың алмасу үрдісін бейнелейтін түсінік ретінде ғана бола алады. Процессуалдық мінездемеге ие «әсер ету» түсінігі өзгеріс категориясының көмегімен анықталатын оның мақсаты мен нәтижесін толықтай ашпайды. Негізінен әсер етудің нәтижесін күтетін тренингтің және оны қолданушылардың негізгі мақсаты тек ғана әсер ету бола алмайды.

С.И.Макшанов ұсынып отырған «мақсатты түрде өзгерту» термині адам мен топ феноменінің психологиялық динамикасына жататын көптеген құбылыстарды бейнелеуге мүмкіндік береді. Тренингтің процессуалдық және өнімдік мінездемесін ашып, тренингтің «субъект-субъекті» мінездемесін айқындайды, оның тиімділігі тренингке сұраныс берушілер мен оған қатысушылардың және оны ұйымдастырушы мамандардың жауаптылығын сезінуімен байланысты.

Осыған байланысты тренингті адамның жеке тұрмысы мен кәсіби үйлесімділігінің мақсаты болып табылатын жеке адамның, топтың және ұйымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертудің көпқырлы әдісі деп анықтауға болады.

Қ атынастың тиімділігін арттыруды көздеген тренинг оқытулар алғашқы рет Бетеле қаласында (АҚШ) К.Левиннің оқушыларының ұйымдастыруымен өткен және олар Т-топ деген атқа ие болған. Оның негізінде адамдардың көпшілігі топтасып өмір сүреді және жұмыс атқарады, алайда олар көп жағдайда осы топтың жұмысына өзінің қандай деңгейде ықпал жасайтындығына, басқа адамдар оған қалай қарайтындығына, айналасындағылардың бойында оның мінез-құлқының қандай әсер тудыратындығына есеп бермейді деген ой жатты. К.Левин адамдардың мінез-құлқымен бойындағы бейімділіктердегі тиімді өзгерістер негізінде жеке контексте емес, жалпы топта бой алады, сондықтан да өзінің бейімділіктерін байқап, өзгерту үшін, мінез-құлқында жаңа түрлерді қалыптастыру үшін адам өзінің жекешеленуін жеңіп, өзіне басқалардың көзқарасымен қарауға үйренуі тиіс деген ұстанымда болған.

Т - топ өзара қарым-қатынас әсерінен бой алдырған қатынас пен топтық динамиканы зерттеуді мақсат ету үшін жиналған гетерогендік индивидтердің жиыны ретінде болды. К.Левин оқушыларының топаралық қатынас шеберханасындағы нәтижелі еңбектері АҚШ-тағы Ұлттық тренинг зертхананың негізін қалады.

Бұл зертханада тренингтік топтарының негізі қаланды. Нәтижесінде, оның жұмысының қорытындысы Т-топтың тәжірибесінде қолданылды.

Бұл кезең кез-келген қарым-қатынас, бірлескен әрекеттердің бастамасындағы байланыс орнату кезеңімен сәйкес келеді. Тренингтік топтың жұмысында жылылық қатынас орнатуға қажетті негізгі шарт -топ мүшелерінің эмоционалды еркіндігі, ашықтығы, бір-біріне деген достастық сезімі, өзара тіл табысу мен түсінушілік жаттықтырушыға және бір-біріне сенімділігі болып табылады.

Т ренингтік топ жұмысының осы кезеңінде орындалатын дәстүрлі іс-әрекеттермен қатар (топ мүшелерінің танысуы немесе бір-бірімен таныс болған жағдайда топпен көрісу, алдағы жұмысқа байланысты, дәріске келген адамдардың бойындағы сенімсіздік пен қорқыныш сезіміне пікірін білдіру, өзіндік пікір білдірудің түрін талдау), әртүрлі психологиялық жаттығулар пайдалануға болады. Топтың жұмысқа қабілеттілігін арттырудың мақсаты ерекше, жұмысты бастау мен оның шешіміне біршама уақыт жұмсалады. Алайда, бұл мақсат жұмыстың басқа да кезеңдерінде де маңызды: тәуліктің бірінші жартысында және шағын үзілістерден кейін, жұмысқа қабілеттілігін жұмылдыруға, назардың деңгейін арттыруға, шаршағанды төмендетуге, эмоциялы жігер беруге бағытталған және т.б. жаттығулар жасау керек болады.

Тренингтік топтың жұмысы барысында әр уақытта екі жақ, екі жоспар: мазмұндылық пен жекешілдік көрініс тауып отырады. Мазмұндылық жоспар тренингтің негізгі мазмұндылық мақсатына сәйкес болады. Жекешілдік жоспар - мазмұндық жоспардағы әрекеттер және топтың әр мүшесінің жағдайы жеке-жеке көрініс табатын жалпы топтық қалып (тренингтің кейбір түрлерінде мүшелерінің бұл жағдайы мен қарым-қатынасы топ жұмысының жалпы мазмұнына айналады).

П сихогимнастикалық жаттығулардың нәтижесінде жалпы топта және оның әрбір мүшесінің жағдайында өзгерістер байқалуы мүмкін. Сондай-ақ талқылау мен сезінуді қажет ететін деректер алуға болады, ол деректерді талқылау мазмұндылық жоспарды ілгерлетуге септігін тигізуі мүмкін [67].

Сонымен, «психогимнастика» жалпы шартты атау екендігін байқалып отыр. Бұл түсінікпен өте кең ауқымдағы жаттығулар топтамасын атайды: жазбаша және ауызша, вербалды және вербалды емес жаттығулар. Психогимнастиканың дәстүрлі бағыттағы блоктары: релаксациялық қызмет; реттеушілік қызмет; жекешелендіру қызмет.

Оларды 2-3 адамнан құралатын шағын топтарда немесе топтың барлық мүшелерін қатыстыру арқылы өткізуге болады. Қандайда бір арнайы психикалық мінездемеге, мысалы жадын немесе назарға тікелей бағытталған жаттығулар бола алады.

Мұндай жаттығулар әртүрлі деңгейдегі психикалық бейнелердің бір мәселесін, бір уайымын бірдей сезінуге жетелейді. Мысалы, топ мүшелеріне қандайда бір жағдайды вербальді түрде кезекпен бейнелеп беруді, яғни жазбаша және ауызша, одан кейін суретін салып, содан кейін қимыл-әрекетпен көрсетулерін ұсынуға болады. Нәтижесінде, сезінудің мүмкіндіктері кеңейеді, бір мәселені қабылдаудың жаңа қырлары ашылады. Сондай-ақ, тренинг барысында бір мазмұнда әр түрлі психогимнастикалық жаттығуларды пайдаланғанда, мысалы қозғалмалы сурет салуы мүмкін және т.б., жоғарыда аталған нәтижелер көрініс беруі мүмкін.

Оқытуларды жоспарлау кезінде, психогимнастикалық жаттығуларды өткізу барысында бірқатар сәттерді ескеру қажет. Олар жаттығуларды дұрыс таңдау, оларды орындау алдында топқа нұсқау беру, дер кезінде тоқтау және нәтижелерді талқылау. Осы мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып өтейік.

Н егізгі әдістерінен басқа, қосымша ретінде қолданылатын жұмыс тәсілдерінің тобы бар. Мұндай қосымша (көмекші) әдістерге көптеген мамандар негізінен психогимнастикалық ойындарды жатқызады, олар шартты түрде келесі топтарға бөлінген:

- мақсаты сәйкес эмоциялық жағдай қалыптастыру арқылы қатысушыларды ары қарай жұмысқа мотивациялау мақсатына ие бой жазушы (бой қыздырушы);

- қалыптасқан шиеліністі жағдайды ширату және шаршағандықты тарқату үшін қолданылатын ширатушы.

Аталмыш салаға қатысты отандық белгілі мамандардың бірі М.Р.Битянова келесіге назар аударады [18]: «Әлеуметтік-психологиялық тренингті өткізу барысында нақты тақырыптар және топтық динамикасы сияқты жұмыстардан басқа, тағы бір элемент - психогимнастикалық жаттығулар. Қатынас тренингінде олар көп жағдайда бағынышты рөл атқарады. Топты қалыпты қолдау үшін бір тақырыптан екіншісіне ауысу кезеңінде ширату ретінде қолданылады. Әдетте, психогимнастикалар ширату кезінде жиі қолданылады. Алайда, әлеуметтік-психологиялық тренинг оған басымдылық танытпайтындығын тағы да айтып өтеміз. Әрі психогимнастикалық жаттығуларды таңдауда жауапкершілік таныту қажет. Өйткені олардың көбінен төтенше энергияға толы немесе керісінше кейін топ дағдыларды игеруге ауысуына кедергі тудыруы мүмкін өте ауқымды топтық энергия бөлінеді».

Кейде психогимнастиканы - тек жалпы топтың және оның әр мүшесінің жеке жағдайын өзгертуді мақсат еткен жаттығуларды ғана атайды. Бұл орынды екенін мойындай отырып, біз тренингтің мазмұндылық мақсатына сәйкес келетін тәжірибе жинақтауға бағытталған жаттығуларды да «психогимнастикалық» деп атаймыз. Мысалы, топ мүшелері шаршаған кезде және оларға эмоциялық күш қажет болған сәтте дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады (бұл жұмыстың бір түрі). Сондай-ақ, топ мүшелеріне орындарынан қозғалмай, «бір» деген санақ кезінде қандайда бір қимыл-әрекет жасауды ұсынуға болады. Барлығы бірдей қимыл-әрекет жасағанға дейін, әрбір келесі санақта қимыл-әрекеттерді өзгертіп тұру тиіс. Мұндай жаттығулардың нәтижесінде, бір жағынан топтың белсенділігі артады, шаршағандығы тарқайды, көңіл-күйі көтеріледі, ал екінші жағынан – топ мүшелері ортақ шешімге қалай жеткендігі және әрқайсысы қандай жол ұстанғанын талқылау арқылы тәжірибе жинақтауға болады. Талқылаулар кезінде туындаған ойлар әріптестік қатынас, іскерлік келісімдер және т.б. тренингтерде пайдалы болмақ.

Д.Б.Эльконин рольдік ойындардың және оның формаларын игерудің тарихи пайда болуы жөніндегі болжамның алғашқы құрастырушысы болған. Ойындық мінез-құлықтың бұған дейін болған тұжырымдамаларынан өзгешелігі, оның психологиялық ойындарды зерттеуге арналған кітабының басты идеясы. Ойын өзінің жаратылысы бойынша әлеуметті деген ой болды. Бүгінде отандық көптеген авторлардың тренингтік бағдарламалары осы тұжырымдамаға сүйенеді. Нақтырақ айтсақ, М.Р. Битянова, ойын - бұл «тірі» іс-әрекет деп жазады. Мұндай контексте автор, ойын үйретпейді, яғни ойын адамды басқа әлемдер мен қарым-қатынастар ойына шомылдыра отырып, ой-өрісін кеңейтетіндігін, оларды ойында тудыру, таңдау, құрастыру тәжірибесін беретіндігін атап өтеді. Сонымен бірге, ойындық іс-әрекет және одан жинақтаған тәжірибе өмірде жүзеге асу үшін жеке жұмыс қажет етілетіндігі де айтылады. Автор ойын адам бойында ұзақ уақыт бойында «жетілетіндігіне» назар аударады. Ойынды оқытумен салыстыра отырып, автор ойын оқытпайды, ол тұлғаны тұтастай, баурап алатын бүтіндей іс-әрекет сияқты өзгертеді деген қортындыға келеді.

Сонымен бірге автор тренингте оқыту міндеті ашық қойылатындығын атап өтеді. Бұл жерде ол тренингке И.Вачков және С.Дерябо: «Тренингтің мақсаты жеке тұлғамен қандай да бір іс-әрекетті игеру болып табылады... Адам бір нәрсені жүзеге асыра алуға қабілеті болу үшін не қажет? Әлбетте ол: 1) қалай жүзеге асыру қажеттігін білуі; 2) оны жүзеге асыруды қалауы 3) оны жүзеге асыра алуы қажет»- деген анықтамамен келіседі. Адамдардың өміріндегі ойынның маңызды орны оның негізгі белгілері, ойын мен мәдениеттің өзара байланысы екендігін көрсетеді. Бұл жерде, ойын адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің ең табиғи түрі екендігін атап көрсетеді. Нақ осы ойында жеке адам еркін, екпінді және үйлесімді жетіледі. Олар сол себепті әр түрлі деңгейдегі адамдармен: балалармен, ата-аналармен, студенттермен, мамандармен, жетекшілермен және т.с.с. жаттықтырушылық іс-әрекеттің негізгі құралы ретінде ойынды пайдалануға болады деп санайды.

Ойынның негізгі қызметтерін көрсете отырып, аталмыш тәсілдің авторлары, ойын жеке адамды әлеуметтендіреді, жетілдіреді және сауықтырады. Ол мәдениетті және барша әлемді бір орнында қозғалыссыз болмауына жол бермеуге бағытталған белсенді бастапқы және тарихтың дамуының себепкері екендігіне айырықша көңіл бөледі.

Б ұған сәйкес ойындық іс-әрекетті «бастаудың» бірізділігі де қарастырылады: бірінші кезең – көңіл соқтыру; екінші кезең – нұсқаулық.

Бұған қоса, авторлар табысты ойындық іс-әрекеттің негізгі қағидаларына да ерекше көңіл аударады: оқиғалылық; варианттылық; жеке адамдық бейімделушілік; мақсатқа сәйкестілік.

Адамның өз өмірін өзі басқара алатындығын, табысты бола алатындығын түсінуге көмектесу. Қатысушыларға мінездің қандай да бір ережелерін үйрету, қатынас мәдениетін тарату немесе басқаларға қамқорлық көрсетуді үйрету өзі және өзінің мінез-құлқы үшін жауапкершілікті алу, адамды шынайы өмірді зерттеуге, талдауға үйрету, ойлау мен эмоцияны, жалған мен ақиқатты, жақсылық пен жауыздықты ажырата білуге үйрету және т.б. ұмтылыс та ойынның мақсаты болуы мүмкін.

Төменде тиімді ойындық өзара әрекеттестіктің өлшемдері келтіріледі:

  • жоғары эмоциялық;

  • қатыстылық сезімі;

  • жанарлардың түйісуі;

  • ойынның шытырмандылығы;

  • с өйлеу жылдамдығы оқу жылдамдығына сәйкес;

  • емін-еркін дене тұрысы;

  • жоғары дәрежеде жұмыла кірісу;

  • «жеңіл салмақ»;

  • «теңбе-тең» тұру;

  • нұсқаулықтың анықтылығы;

  • жоғары динамикалық;

  • ойынның кеңістікке сәйкес болуы;

  • мәтіннің бет және қол қимылдарына сәйкес болуы;

  • ойынды қисындық соңына дейін жеткізу;

  • іс-әрекетке тұрақтандыру;

  • безендіру, құрал-жабдықтар;

  • жас мөлшерінің, өткізілетін орынның, уақыттың, оқиғаның тепе-теңдігі [94].

Оқиғалы-рольдік ойынның тренингтегі маңыздылығы оның топ қатысушыларының бірінің басынан өткен шынайы оқиғаға сүйенуді, анық нұсқаулықтың жеткіліктілігі, алдын-ала белгіленген рольдердің, белгілі бір сюжеттің басым болуын білдіретіндігімен байланысты.

Әдетте тренингте, рольдер: баршаның келісімі бойынша, немесе оқиғасы көпшіліктің уайымының тақырыбына айналған қатысушының пікіріне сәйкес алдын-ала беріледі. Оқиғаны өрбіту үрдісінде келесі жағдайлар орын алуы мүмкін:

- жаттықтырушы орындаушыларға қандай да бір сұрақтар қоя отырып, араласа алады;

- бастапқы оқиғаның қайталануы мүмкін, яғни оқиғалар тренингтік шынайлықтың физикалық кеңістігінде, басқаша түрде қайта жүзеге асырылуы мүмкін.

Оқиғалы-рольдік ойындар өмірлік жағдайларға әлеуметтенуге және бейімделуге мүмкіндік туғызады. Күйзеліс жағдайын тудыратын ауыртпалықтардың алдын-алуға көмектеседі. Мұндай контексте, оқиғалық-рольдік ойындардың маңызды қызметі адам үшін ауыр оқиғаны барынша қауіпсіз психологиялық қарым-қатынаста ойнау. Барлық теріс әсерлерді жеңудің айырықша тәжірибесін игере отырып, тек қайта басынан өткізу ғана емес, сондай-ақ, ойындық қайта жасау талаптарын да, шынайы өмір талаптарында кері әсердегі оқиғаларды жеңе білуге мүмкіндік беру. Іріктеу және талдау жолымен тиімді мінез-құлықтық әдеттерді табу мүмкіндігіне негізделетіндігі түсінікті.

Өмірлік қабілеттер тренингінің өзіндік жол таба білуді айқындайтын үш моделі:

Бірінші модель - өмірлік қабілеттіліктің жеті категориясына яғни: мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және Мен - тұжырымдамасын дамытуға сүйенді.

Екінші модель - тренингтің мақсаты болып табылатын өмірлік қабілеттіліктің төрт категориясы: жеке тұлғалар арасындағы қатынас, жеке ерекшелікті дамыту, шешім қабылдау мен мәселелерді шешу айқындалды.

Үшінші модельге - эмоцоналдық өзін-өзі бақылау, жеке тұлға аралық қатынас, өзін-өзі тану, қаржылық өзін-өзі қаржылай қамсыздандыру, өзіне-өзі қолдау көрсету және тәжірибені тұжырымдамалау жатады.

70-жылдары Лейпциг және Йенск университеттерінде М.Форвергтің басқаруымен әлеуметтік-психологиялық тренинг атты әдіс жетілдірілді. Тренингтің құралы ретінде тиімді қатынастық дағдыларды қалыптастыруға жағдай тудыратын драматизация элементтері бар рөлдік ойындар қолданылды.

Бұл әдіс оқушылармен, ата-аналармен, әлеуметтік топтардың кәсіби мамандарымен жұмыс істеуде белсенді түрде қолданылып келеді. Әдісті пайдалану тәжірибесі Ю.Н. Емельянованың, В.П. Захарованың, Г.А. Ковалеваның, Л.А. Петровскаяның, Т.С. Яценконың еңбектерінде көрініс тапқан.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы мақсаты – қарым- қатынастағы тиімділікті арттыру, міндетті түрде қатынастағы мінез-құлықты, адамның перцептивті қабілеттілігін, жеке тұлғаның қатынас жүйесін шындай түсу және дамытумен анықталатын білімді меңгерумен, қабілеттілігі мен дағдыларын қалыптастырумен байланысты түрлі кескіндегі бірқатар міндеттермен нақтылана түседі, өйткені жеке тұлғалық өзгешелік адамның іс-әрекетін және оның вербалды және вербалды емес әрекеттерін әртүрлі түспен әрлендіретін фон болып келеді.

Тренинг топ жұмысының нәтижелі болуының бір талабы оқыту барысында шешімін табуы тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуы болмақ. Ықпал ету белгілеулер деңгейінде немесе қабілеттер мен дағдылар, немесе перцептивті қабілеттер және т.б. деңгейлер негізінде жүзеге асады. Бір тренингтік топтың жұмысы барысында әртүрлі міндеттерді пайдалану дұрыс емес, өйткені мұндай әрекет бір жағынан әсер етудің тиімділігін төмендетуі мүмкін, ал екінші жағынан этикалық мәселелердің орын алуын тудырады, сондықтан да тренинг барысында міндеттерді тек топтың келісімен ғана өзгертуге болады.

Тренингтік топтың жұмысы өзіне тән бірқатар қағидалармен ерекшеленеді. Оларға қысқаша анықтама беріп, тоқталып өтейік.

1 . Белсенділік ұстанымы. Тренинг топ мүшелерінің белсенділігі ерекше мәнге ие, оны кітап оқушы немесе лекция тыңдаушы тұлғаның белсенділігімен салыстыруға болмайды. Тренинг барысында әрбір тұлға арнайы талқыланған іс- әрекеттерге араласады. Ол қандайда бір іс- әрекетке араласу, жаттығуларды орындау, арнайы кесте бойынша басқалардың мінез-құлқын бақылау болуы мүмкін. Сондықтанда іс-әрекетке кез-келген уақытта араласуға болатындығын түсіндірген жағдайда, оған қатысушылардың белсенділігі арта түседі.

Әсіресе, жаттықтырушы ұсынған ойды, мінез-құлық амалдарын сезіну және жаттығу тәсілдерін меңгеру арқылы тренингің мақсатына жетуде топтың барлық мүшелерін белсенді түрде бірдей араласуына мүмкіндік беретін жағдайлар мен жаттығуларды қолдану тиімді болмақ.

Белсенділік ұстанымы, негізінен эксперименталды психология саласындағы белгілі адам естігенінің он пайызын, көргенінің елу пайызын, айтқанының жетпіс пайызын және өзі істегенінің тоқсан пайызын игереді деген идеяға сүйенеді.

2 . Зерттеулік (шығармашылық) ұстанымы. Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлар мен заңдылықтарды сезініп, анықтап, ашумен қатар, өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде болмақ. Осы ұстанымға сүйене отырып жаттықтырушы топ мүшелерінің өз бойларындағы жаңа мінез-құлықтарды сезініп, қалыптастыра түсуге, тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар ойлап табады, құрастырады және ұйымдастырады.

Бұл ұстанымды жүзеге асыру әдетте қатысушылар тарапынан қарсылық тудырады. Тренингтік топқа келетін адамдар бойында мектепте, институтта алған білім арқылы берілген арнайы өмірлік ережелер мен алдағы уақыта ұстануы тиіс құндылықтардан тәжірибе жинақтаған жандар. Сондықтанда үйреншікті емес оқыту тәсілдерімен бетпе-бет келген сәтте, адамдар наразылық білдіреді, кейде тіпті наразылығы агрессивті формада болады. Мұндай қақтығысты шешуге тренинг мүшелеріне дайындықта болуын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіретін және тренинг аяқталғаннан кейін өзінің мінез-құлқына, өмірге, өз-өзіне шығармашылық тұрғыда қарауға, тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар септігін тигізеді.


3 . Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы. Оқыту үрдісі барысында қатысушылардың мінез-құлқы импульсивтіліктен біртіндеп нысаналық деңгейге ауысады, бұл тренингті өзгеріске ұшыратады. Осы сәтте екі жақты байланыс мінез-құлықты нысаналаудың әмбебап құралы болмақ. Топта екі жақты байланыс орнатуға тиімді жағдай тудыру - жаттықтырушы жұмысының басты міндеттердің бірі болып табылады.

Қатысушылар бойында қабілеттілік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тренинг түрлерінде мінез-құлықты нысаналаудың қосымша құралдары пайдаланылады. Солардың бірі топ мүшелерінің қандай да бір жағдайда іс-әрекеттері, мінез-құлықтарының көрініс табуы бейнеленген бейне жазба болмақ, оны кейін топ мүшелері қарап шығып, талқыға салады. Бұл жерде бейне жазба негативті әсер тудыруы мүмкін күшті құрал екенін ескеру қажет, сондықтанда оны пайдаланарда өте мұқият болу керек, және кәсіби деңгейде пайдалана білу өте маңызды.

4 . Достық қарым-қатынас ұстанымы (субъект-субъект). Достық немесе субъект-субъекті қатынасында ең бастысы топ мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген қызығушылығы, сондай-ақ олардың сезімі, көңіл- күйі, мазасыздануы ескеріледі, басқа адамның жеке құндылықтары құпталынады.

Бұл ұстанымды жүзеге асыру топ мүшелерінің арасында өз қателіктерін жасырмай, мінез-құлқын аша түсу үшін түрлі тәжірибелер жасауына мүмкіндік беретін сенімділік, ашықтық, қауіпсіздік жағдайын қалыптастырады. Бұл ұстаным топ мүшелерінің өз-өзіне толық зерттеу жүргізе алатындығына орай, шығармашылық ұстанымымен тығыз байланысты.

Біз тоқталып өткен ұстанымдардың жүйелі түрде жүзеге асуы - әлеуметтік-психологиялық тренинг тобы жұмысының тиімді болуының басты талаптарының бірі. Ол бұл жұмысты психологиялық әсер етудің және оқытудың басқа әдістерінен ерекшелендіреді. Сондай-ақ, тренингтік топтарды

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!