400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

“Психология - болашақтың мамандығы”.

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология мамандығының маңыздылығы, сұранысқа иелігі жайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Тақырыбы: «Психология – болашақтың мамандығы».



«Маған жаны сау адамды көрсетіңдерші, мен сендерге оны емдеп берейін» -деп, атақты психолог Карл Густав Юнг айтпақшы, адам тәнінің емшісі - ақ халатты абзал жандар болса, жанының емшісі – психолог мамандар болып табылады.

Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Осыдан 10 жыл бұрын менде өмірімдегі маңызды шешімді қабылададым. Алдымдағы сан түрлі мамандықтар ішінен өзіме лайықты, ұнайтын – «Психология мамандығын» таңдадым, бірақ ол уақыттарда «психология мамандығы» айтарлықтай сұранысқа ие емес еді. Жалпы бұл мамандықтың маңыздылығын, атқаратын қызметін көп адамдар түсіне де бермеді. Алайда қазіргі таңда әлемдегі ең танымал 5 мамандықтың ішіне енді.

Психология мамандығының беделі, маңыздылығы күннен күнге артуда. Психолог мамандар адам өмірінің алуан түрлі, бір-біріне ұқсамайтын салаларында қызмет етуде. Мысалы: білім, бизнес, медицина, саясат т.б салалар.

Психолог маманы болу дегеніміз тек қана адам жанын түсіну, тыңдау ғана емес, оларды дұрыс жолға салу, көмек көрсету, бағыт беру. Белгілі ақын Шөмішбай Сариев айтқандай «Өмір деген тұрмайды тек қарадан, өмір деген тұрады ақ-қарадан. Осы өлең шумақтарының мағынасын балаға түсіндіре алатын адамдардың бірегейі- психологтар. Психолог адам жанын жылы сөздерімен, қолдауымен емдейді.

Мағжан Жұмабаев айтпақшы : «Балалық шақта кісі жағымды әсер алмаса, өмір бойы шат көңілді болмайды». Осы сөздермен мен толықтай келісемін. Сондықтан балабақша жасындағы, мектеп жасындағы балаларды қолдау, бағыт бағдар беру, мейірім төгу өте маңызды. Психолог маманында болу керек ең басты қасиеттердің бірі- мейірімділік. Мейірімділік – әлемді құтқарады. Осы қасиет арқылы біз балалардың, ата-аналардың жүрегіне жол таба аламыз.

Психолог адамның сырласы, адам жанының емшісі. Әр баланы жеке тұлға деп қарап, олардың ойын әрқашанда тыңдап, тең жағдайда сырласа білу біздің міндетіміз. Баланың жанына терең үңіліп, ашылмаған ерекше қасиеттерін тани білу, жүрегіне жол таба білу – психологтардың, жалпы педагог мамандардың борышы.

Білікті психолог, ол кім? Психолог- ақыл мен мінез-құлықты зерттейтін маман. Психолог- өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып, өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін жан. Білікті психолог болу үшін ең алдымен білім мен қабілет керек. Білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал сол қабілет арқылы білікті маман болуға жол ашылады.

«Ақшаңды жоғалтсаң- ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң- көп нәрсеңді жоғалтасың, ал өзіңді жоғалтсаң- бәрін жоғалтасың демекші, әр адам, өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай, оз ойын, пікірін қалыптастырып, өз сөзіне берік тұлға болса екен.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.11.2024
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі