Материалдар / Психология Әлеуметтік интеллект
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Психология Әлеуметтік интеллект

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология пәнінен мақала
Авторы:
28 Сәуір 2024
61
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Әлеуметтік интеллект

Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 85 жылдан аса білім әлемінде желкен керіп келеді.Бүгінде Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық универмитеттің дамуы Қазақстанның Бірінші Президенті алға койған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге өз үлесін қосу және әлемнің үздік 200 университетінің санатына енуімен байланысты. Университеттер адам капиталын калыптастырудың субъектісі ретінде жаңғырту үдерістерінің және елдің, инновациялык дамуының драйвері болуы тиіс.

Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу жолында білім ордасы халықаралык рейтингтерде қарқынды түрде алға жылжуда.Соңғы бес жылда КазҰУ халықаралыө QS рейтингінде 400 позицияга кетеріліп, бүгінде 207 орынға ие болып отыр. ТМД елдері арасынан бұл топқаМ.В. Ломоносов атындагы ММУ жэне Әл-Фараби атындагы КазҰУ ғана енді.

Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуда және білімділікке ұмтылдыруда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұстаздарының жастарға ғылым, білім беру және тәрбиелеудегі орны ерекше. Бұл кафедра әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді. Біз қазір осындай беделді ҚазҰУда оқып жатырмыз ,осы барыста сабаққа деген қызығушылығымыз ашыла басдтаы.Енді сіздерге осы барыста өзіме қызықты болған әлеуметтік интелект тақырыбын қарастырып кетейік. Осы кафедрада жүргізілетін «Әлеуметтік интеллект» курсы – педагогика, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау пәндерімен тығыз байланысты іргелі пән болып табылады. «Әлеуметтік интеллект» курсының мәні тұлғалармен қарым қатынастағы кадрларды даярлаудағы жетекші рөлімен анықталады.Әлеуметтік интеллект мәселесі шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан-жақты зерттелді.Олардың басым бөлігінде әлеуметтік интеллектіге адамның өзінің және өзгелердің мінез-құлқын бара бар түсіну және бағалау қабілеті деген анықтама беріледі. Бұл қабілет тиімді тұлғааралық байланыстарды орнату және табысты бейімделу мәселелерін шешеді.

Өзіндік жауапкершілікті сезінуі жағдайға қарамастан әрекетке даяр болуы, әрекетке қатысын ұғына білуі, өзін немесе қоршаған ортаны өзгертуге даяр болу әлеуметтік интеллект біліктіліктері болып табылады. Бұл жауапкершілік конструктивті іс-әрекеттің, субъект белсенділігінің, оның үнемі дамуының алғы шарты болып есептелінеді, ал кез келген қорғаныс әрекеттерін (қашу, мәселені жоққа шығару, агрессия) қолдануға тырысу жауапкершіліктен құтылуға тырысу болып табылады.

Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез-құлқын дұрыс түсіну қабілеті.Бұл қабілет тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет.Интеллектік жүйенің құрылымдық өзгеруі өмірлік факторлардыңықпалымен болады, оның себебі тұтастай жүйе ретіндегі интеллектінің сапалы өзгерісі.Бұл факторлардың арасынан адамның онтогенетикалық дамуындаоқыту мен еңбек іс-әрекеті шешуші рөлге жатады.

Интеллект жүйесінің күрделілігі төмендегі байланыстарды көрсетеді:

логикалық ойлау және мағыналы ес;

логикалық ойлау мен бейнелі ес;

вербалды және вербалды емес ойлау;

практикалық ойлау, есте сақтау

көлемі және зейін;

ойлаудағы тұжырымдау деңгейі және ақпарат көлемі.

Әлеуметтік интеллектінің алғашқы моделінің бірі -Ф.Е. Вернон(1933ж.) моделі. Оның құрамына келесі қабілеттер жатады:

1. Адамдармен жалпы тіл табыса білу;

2. Өзге адамдар ортасында өзін еркін және жеңіл ұстауға мүмкіндік беретін әлеуметтік әдістер жиынтығы;

3. Әлеуметтік тақырыптар мен мәселелерді білу;

4. Әлеуметтік топ мүшелерінен қабылданған стимулдарға сезімталдық және бейтаныс адамдардың көңіл-күйі мен тұлғалық ерекшеліктерін түсіну.

Американдық психологтар пайымдауынша, жалпы интеллект 20%ғана табыстылықты қамтамасыз ете алады.Қалған 80% – әлеуметтік қабілеттерге байланысты. Әлеуметтік интеллект дәрежесі көшбасшылық қабілетімен тығыз байланысты. Дәстүрлі түрде көшбасшылық қасиеттерге ие тұлға нәтижелерге қол жеткізудің нақты жоспарын құра білетін және оны іс жүзінде іске асырабілетін стратег ретінде қарастырылады. Алайда көшбасшы рөлі мұнымен аяқтала қоймайды.Оның алдында әрқашан тұратын басты міндеттердің бірі өз идеясымен қол астындағы адамдарды еліктіре білу, бүкіл ұйым немесе компания ішінде қажетті эмоциялық күйді тудыра білу болып табылады. Өзінің ішкі дүниесі мен компанияның корпоративті рухын басқара алатын кез келген басшы бизнесте толағай табыстарға жете алары сөзсіз Нарықтық қарым-қатынас талабы бойынша, пайданың 10% - идеяны жасап шығарған адамға берілсе, қалған 90% - сол идеяны сатқан адамға беріледі. Сондықтан, қарым-қатынастағы біліктілік әлеуметтік өмірде зор табыстың негізгі шарты болып табылады.

Психология қоғамда маңызды рөл атқарады, ол бізге адамның мінез-құлқын, ойлау қабілетін, эмоциясын түсінуге көмектеседі, бұл өз кезегінде тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуға, ұйымдастырушылық басқаруға, білімге, денсаулыққа ықпал етеді. Ол сондай-ақ психикалық денсаулық, қылмыстық мінез-құлық, адами даму сияқты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін негіз болып табылады.Еліміздің рухани жаңғыру жағдайына да психологияның орны бөлек.

Тленчиева Н.С.

Педогогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Клиникалык психология мамандығының 1 курс

магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Ермұрат Әлия

Көлік қызметтері 1 курс студенті

Әл - Фараби атындағы Казақ ұлттык

университеті

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!