Материалдар / "психология болашақтың мамандығы" эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"психология болашақтың мамандығы" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология - болашақтың мамандығы" эссе Халқымыз қашаннан еркіндікті аңсаған, адал, арлы халық. «Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын, дұшпан сөзі басымнан асып кетсе сен түгіл ханыңа да бас ұрмаймын» деген. Ұлт болашағы - балаларын да отбасында адалдыққа, еңбек сүйгіштікке, батырлыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеген. «Балаларға оқу-білім берілсін. Сонымен қатар сұлу мінез, әртүрлі өнермен өрілсін», - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеуде ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан халықтың салт-дәстүрі мен ұлттық тәрбиесі бүгінгі күнде де оқу-тәрбие саласында тиімді қолданылуда. Тұңғыш Президент - Елбасы Назарбаев: «Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуметі де қуатты, ынтымағы жарасты болады деп есептеймін. Өйткені ұлт тәрбиесі ұлттық рухпен тікелей байланысты екені хақ», - деген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
663
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім

беретін мектебі» КММ -нің психологі

Қуанова Фариза Нұрболатқызы


"Психология - болашақтың мамандығы" эссе

Халқымыз қашаннан еркіндікті аңсаған, адал, арлы халық. «Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын, дұшпан сөзі басымнан асып кетсе сен түгіл ханыңа да бас ұрмаймын» деген. Ұлт болашағы - балаларын да отбасында адалдыққа, еңбек сүйгіштікке, батырлыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеген. «Балаларға оқу-білім берілсін. Сонымен қатар сұлу мінез, әртүрлі өнермен өрілсін», - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеуде ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан халықтың салт-дәстүрі мен ұлттық тәрбиесі бүгінгі күнде де оқу-тәрбие саласында тиімді қолданылуда. Тұңғыш Президент - Елбасы Назарбаев: «Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуметі де қуатты, ынтымағы жарасты болады деп есептеймін. Өйткені ұлт тәрбиесі ұлттық рухпен тікелей байланысты екені хақ», - деген.

         Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып, күйзеліске ұшырайды, солай дегенмен де, өмірге деген сенімін, құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылу керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай жағдай болмасын, бар күш жігерін жинап, алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп, жүрегінде де, жан-дүниесінде де тыныштық орнайтынына, барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек. Психологтың басты мақсаты – балалар өмірге еш қорқынышсыз, зұлымдықсыз қарап, олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық, жарқын күндер күтетініне сенседіру болуы шарт.

Мен психология мамандығын таңдаған себебім, қиыншылықтарға кезігіп жүрген адамдарға бағыт бағдар беріп, өмірге деген қызығушылығын оятып, бақытты өмір сүруге жол көрсету болды. С.Торайғыровтың сөзімен айтқанда;  «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу» дегім келеді.

     Міне, осынау ХХІ ғасыр дәуірінде қым-қуыт, адамы мен заманы көптеген өзгерістерге тап болған кезеңде психолог мамандығы қажет. Психолог ең алдымен адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін маман. Оның міндеті ортаға жақсы ахуал туғызып, күйзеліске ұшыраған адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол көрсету. Ата-баба дәстүрінен бастау алған жан жарастығы мен жайсандығын әрі қарай жалғастыру, жас ұрпақ санасына қалыптастыру үшін ақын Шәкәрім сөзімен айтсақ, ар ғылымы мен ішкі жан сыры іліміне ерекше көңіл бөлінуі керек. Ұжымдастар зор табысқа жетіп, береке-бірліктерінің мықты болуына, студенттер сапалы білім алып, саналы тәрбиеде болуына университет психологтарының үлесі бар деп есептеймін. Еліміз егемендік алғаннан бері оқу, тәрбие саласында көптеген өзгерістер енгізілді. Солардың бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс тәрбие негізін қалыптастыру. Әрбір студентті жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой-өрісі бар, компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі.

Тағы бір еске ұстайтын жайт – бала тәрбиесіндегі психолог мамандығының орыны. Бүгінгі баланы еш нәрсемен қызықтыра алмайсын. Барлық ақпарат құралдарымен қаруланған олар ересек адамдардан да өте көп біледі. Және сол білгендерін өзгелермен бөлісуге құштарланады. Осы кезде оның ақылшысы теріс бағытқа сілтеп жіберсе, бұл жайт болашақта өкініші кетпес оқиғалардың бастауы болуы мүмкін. Ал жоғарыда аталып өткен тоқтаусыз тіршілікпен арпалысып жүрген ата-ананың оған уақыты да, мұршасы да келе бермесі анық. Ал психолог маман бұл тұрғыда жас өскіннің жетіліп өсуіне, оның көк тіреген дараққа айналуына септігін тигізер бағбан іспеттес.

  ... Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?»- деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін», - деп жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»,- дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әр түрлі...

Міне, жақсы психолог пен жаман психолог, жақсы мұғаліммен мен нашар мұғалім, жақсы маман мен жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймын. Ол өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен...Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ - мектепке психолог болып, қалай болса солай қарым-қатынас жасауға мүлдем болмайды. Өз мамандығыңды сүйсең сен қайткен күнде де сол жұмысты сапалы, шығармашылықпен нәтижелі орындап, білмеген сауалдарға өзің ізденіп жауап табуға, талпынасың.

Мен осы психолог мамандығын таңдағаныма ешқашан өкінбеймін, өйткені бұл мамандықты жанымнан артық сүйемін. Кейінгі уақытта бұл мамандықты көпшілік жастар «Жалақысы төмен немесе түсініксіз мамандық» деп тастауда, ал бірақ бұл пікір басқалардың пікірі. Мен оларға мүлдем қосылмаймын. Мен айналамдағы адамдарға түсіндіру жұмыстары, психологиялық кеңестер беру арқылы осы өмірден ләззат аламын, өмірге деген құштарлығым одан да аса түседі. Демек, мен өзім біреуге психологиялық көмек немесе кеңес беретін кезде оның жан күйзелісін толығымен өз денеммен, миыммен сезініп содан кейін ғана оған көмек бере аламын.

Қорыта келе, ХХІ ғасырдың психологі болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Халқымызда «Жас келсе - іске» деген керемет сөз бар. Демек, бойымыздағы жастық жігерімізді, күш-қуатымызды, жаңашылдығымызды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауымыз керек. Болашақта өз мамандығымның биік белестерін бағындырсам, елім үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді мықты психолог, бақытты жанмын деп есептеймін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!