400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психология-медицина әлемінде (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкәрім, Абай шығармашылығындағы психологияның негізі - жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық ұлттық психологияның жекелеген мәселелері сияқты құбылыстардан көрініс тапқан. Нақтырақ айтсақ, психология ғылымы адамның жан дүниесінің сырына терең үңіле отырып, оның барлық дерлік тіршілігінің қожасы екендігін көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚЖМК студенті Қайрат Перизат

Пән оқытушысы: Махуова Г.Е.


Психология – медицина әлемінде

(Эссе)



Тән - сезіп, құлақ - естіп,көзбен көрмек

Мұрын - иіс,тіл - дәмінен хабар бермек

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы, жаман әр істі сол тексермек

Шәкәрім Құдайбердіұлы


Бүгінгі таңда Шәкәрім, Абай шығармашылығындағы психологияның негізі - жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық ұлттық психологияның жекелеген мәселелері сияқты құбылыстардан көрініс тапқан. Нақтырақ айтсақ, психология ғылымы адамның жан дүниесінің сырына терең үңіле отырып, оның барлық дерлік тіршілігінің қожасы екендігін көрсетеді. Демек, адам тек өзін-өзі бақылап тексеріп қана қоймай, тіршілік бейнесін ақыл ойы мен парасатына сүйене отырып өз ырқына көндіре алады. Осы айтылғанның барлығы психология ғылымының адамтану жайындағы пәндердің арасындағы жетекші ғылым екенін көрсетеді.

Жоғарыда келтірген өлен шумақтарымызда Шәкәрім Құдайбердіұлы адамдарға сыртқы дүниенің қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұғып, , танып-біліп, оның өлшеусіз байлығын мұратына, қажетіңе жаратып қызмет ететінін бұл үшін жаратқан адамға ми берді, білу, ұғыну, тану бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды. Ми қызметі адамның сезім мүшелерінің әрекеті арқылы іске асады, яғыни біз көзімізбен көргенімізді, құлағымызбен естігенімізді, дәм мен иіс сезгенімізді барлығы миымызға ақпарат болып қалып қалатынын және де саналы түрде қайсының жақсы қайсының жаман екенін осы миымыз шешіп реттеп отыратынын өлең жолдарында жақсы жеткізіп отыр.

Медицинада «Ми» барлық ағзаны басқарушы болып табылады. Демек ми мен ағза бір - бірімен тығыз байланыста болғандықтан біздің ойымызға да біздің саулығымызға да әсер ететінін біз саналы түрде түсіне бастаймыз. Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде психалогия мамандары кең таралып, көбейіп «Ойыңды өзгертіп – өміріңді өзгерт» - деген ұғымдар қалыптаса бастады. Осы тұжырымдаманы қолдап салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар да көбейе бастады, демек дені сау адамның ғана санасы да саулығы да екі жақтап екі қанаттай адамды алға жетелейтінін түсінеміз. Бізің дана аталарымыз «Дені саудың – жаны сау» - деп бір ауыз сөзбен түсіндірген.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді көп естіп жатамыз ал сол жолдың бастауы осы сананың тазалығынан басталады деп ойлаймын одан кейін әрине гигиеналық тазалық, салауатты өмір салтын ұстану осылай тізбектеліп кете береді. Яғыни психалогия мен медецианың тығыз байланысты екендігін түсінуге болады.

Соңғы жылдары психологтарының зерттеулері бойынша қазіргі кезде жие таралып жүрген аса қауыпты ауырулардың барлығы осы адамның рухани әлсіреуінен пайда болып, имунитет сол себептен әлсіреп ауыру күшіне еніп адам ауырумен күресе алмай ол бүкіл денеге тарап кетіп жатыр екен. Яғыни әрбір ауырудың өзіне тән психосоматикасы болатыны дәлелденген.

Психосоматика – бұл психологиялық факторлардың тән ауруларының пайда болуы мен ағымына әсерін зерттеумен айналысатын медициналық психологияның тарауы. Сонымен, психосоматикалық емдеудің күшіне сену-сенбеуді, немесе дәрілік құралдарға сенуді әркімнің өзі шешсін. Алайда, кім де кім өз денсаулығын сақтағысы келсе, күн сайын денсаулығына көңіл бөліп отыруы керектігін мойындау қажет. Таза ауада жүрмесеңіз, өңіңіздің боздығына шағымданғаныңыз біртүрлі көрінері анық. Өзіңізді емдеуді дәрігердің иығына артып қойғаныңыз да дұрыс болмас. Кейде біздің ауырғымыз келеді. Бізге біреудің қамқор болғанын қалаймыз. Бірге уайымдасса. Бірге аяса. Бізді қалай жақсы көретінін айтса. Сауығуға деген шынайы, ішкі қалауыңыз болмаса, тіпті күзгі көңілсіздіктен немесе тұмаудан да жеңіл құтыла алмайсыз.Психосоматика өзін-өзі сүюге, сыртқы дүниені қабылдауға, өзіңнің бұрынғы қателеріңді кешіруге, өз табиғатыңды қабылдауға үйретеді. Мұндай сенімге кірген адамның психикалық денсаулығы тұрақты, көңіл-күйі жақсы, көкжиектері де кең болады. Бұл дегеніңіз аз дүние емес. Тіпті ауруды емдеу құқығын қалдырса да, онымен тікелей айналысатын дәрігерлерге қалдыру керек.

Қортындылай келе айтарым әрбір ауырудың басталуы стресстан бастау алатынына көзіміз жетіп отыр демек медецина саласына осы психалогия ғылымы аса қажет, әсіресе дәрігерлерді, мейіргерлерді дайындағанда олар науқасты зерттеп, тану үшін және науқасқа дұрыс мәміле жасау үшін осы саланы жақсы меңгерген маман болғаны дұрыс деп есептеймін.

Өзім мейіргер мамандығын таңдамас бұрын осы психалогия саласына аса мән беріп оқып зерттейтінмін кейін сол оқығандарым мамандығыммен ұштасып адамның жанын да тәнін де емдей алу осы мейіргерлер мен дәрігерлердің мойынындағы міндеті екеніне көзім жетіп, Гиппократ антын қабылдап, осы салада еңбек ететінімді, бағытымның дұрыстығына және сауапті іс жасар маман иесі болуды алдыма мақсат етіп таңдап отырмын.

Психология ғылымы кез келген салада керек деп есептеймін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.11.2022
1035
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі