Материалдар / "Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар" пәнінен оқу әдістемелік құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар" пәнінен оқу әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология пәні оқытушыларына көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
9843
47 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі







«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Жакашева Г.С. ______

«____»_______2018ж.










«Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар»

пәні бойынша

оқу- әдістемелік құрал


Дәрістер жиынтығы

(мамандығы 0302000 «Мейіргер ісі» 2-курс)






Келісілді

Әдіскер:

Аубакирова Ж.А.

_______________



ӘБК отырысында қарастырылды

____________________________

ӘБК төрайымы: ______________

Құрастырған оқытушы: _______

Советбекова Г.Е.








Семей қ. 2018ж.





МАЗМҰНЫ


I. Кіріспе.....................................................................................................................................................3

II. Негізгі бөлім..........................................................................................................................................4

  1. Кіріспе. Психология міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері..............................4-7

  2. Ес және зейін...............................................................................................................................7-11

  3. Түйсік, қабылдау, елес, қиял...................................................................................................11-16

  4. Ойлау және сөйлеу. Парасат...................................................................................................16-20

  5. Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы..........................................................................20-23

  6. Психологиялық сананың тұжырымдамасы. Сана-сезім.......................................................23-25

  7. Эмоционалдық үрдістер мен жағдай......................................................................................25-29

  8. Жігер. Жігерлік үрдістер.........................................................................................................29-31

  9. Күйзеліс туралы ілім. Күйзелістік жағдайлардың алдын-алу. Эмоциялық-жігер саласының бұзылысы..................................................................................................................................31-33

  10. Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілеті, талабы. Темпераменті............................34-37

  11. Әрекеті туралы түсінік. Тұлғаның мотивациялық саласы. Мінез теория..........................37- 43

  12. Тұлғаның қалыптасуы және дамуы........................................................................................43-47

  13. Коммуникативтік үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы...............................................................................47-49

  14. Мейірбикенің коммуникативтік құзіреттілігі.........................................................................49-51

  15. Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері. Көшбасылық................................................................................51-59

  16. Топтағы тұлғааралық және өзара аралық қатынастар. Жанжалдар және оларды шешу жолдары. ...................................................................................................................................59-64

  17. Еңбектің психологиялық аспектілері. Кәсіпкерлік деңгейі. Мейірбике тұлғасына психологиялық талаптар..........................................................................................................64-73

  18. Өмірді жоспарлау. Мансаптық және өзіндік өсу.................................................................73-76


III. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................................................77






















Кіріспе


Оқу- әдістемелік құрал- «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнін оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес әзірленген, типтік бағдарлама негізінде құрастырылған дәрістер жиынтығы 2 курс «Мейіргер ісі» мамандығы білім алушыларына арналған.

Оқу- әдістемелік құралдың мақсаты- білім алушылардың мүмкіншілігінше дәрістің кейбір бөліктерін өздігінен пысықтауға мүмкіндік жасау. Осындай оқу – әдістемелік құралдың бар болуы пәнді жүргізетін дәрістергеде тиімді.

Оқу- әдістемелік құралының қарастырылған сұрақтары - пәннің дамуынан бастап қазіргі жетістіктері қамтылып, психология ғылымының теориялық негіздері, психикалық құбылыстарының жіктелуі, жеке адамның акцентуациясы мен ауытқушылығы (психопатия), психологиялық жағдайларды зерттейтін әдістер, ауру адамның психологиясы, тұлға аралық қарым- қатынас психологиясы, психогигиена мен психопрофилактика туралы мәліметтер.

Ұсынылып отырған оқу- әдістемелік кешенінде 7 бөлім:


Бөлім 1. Кіріспе

Бөлім 2. Танымдық психикалық үрдістер

Бөлім 3. Сана,сана-сезім

Бөлім 4. Эмоциялық және жігерлік үрдістер

Бөлім 5. Тұлға психологиясы.Тұлға ерекшеліктері

Бөлім 6. Медицина қызметкерінің кәсіби қызметіндегі коммуникативтік үрдіс сипаттамасы

Бөлім 7. Еңбек әрекетінің психологиясы


18 тақырып қамтылған:


  • Кіріспе. Психология міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері.

  • Ес және зейін

  • Түйсік, қабылдау, елес, қиял

  • Ойлау және сөйлеу. Парасат.

  • Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы.

  • Психологиялық сананың тұжырымдамасы. Сана-сезім.

  • Эмоционалдық үрдістер мен жағдай.

  • Жігер. Жігерлік үрдістер.

  • Күйзеліс туралы ілім. Күйзелістік жағдайлардың алдын-алу. Эмоциялық-жігер саласының бұзылысы.

  • Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілеті, талабы. Темпераменті

  • Әрекеті туралы түсінік. Тұлғаның мотивациялық саласы. Мінез теория

  • Тұлғаның қалыптасуы және дамуы

  • Коммуникативтік үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы.

  • Мейірбикенің коммуникативтік құзіреттілігі

  • Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері. Көшбасылық. Теория

  • Топтағы тұлғааралық және өзара аралық қатынастар. Жанжалдар және оларды шешу жолдары. Теория

  • Еңбектің психологиялық аспектілері. Кәсіпкерлік деңгейі. Мейірбике тұлғасына психологиялық талаптар.

  • Өмірді жоспарлау. Мансаптық және өзіндік өсу.


Осы дәрістер жиынтығы жоғарыда аталған бөлімдер негізінде құрастырылған. «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша құрастырылған дәрістер жиынтығының қосатын үлесі зор, студенттердің мүмкіндігінше дәрістің кейбір бөліктерін өздігінен пысықтауға мүмкіндік береді.



Кіріспе. Психология міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері.


Жоспары:

1. Психология пәні және оның міндеттері

2. Психология ғылымының даму тарихы

3. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары

4 .Психология ғылымының зерттеу әдістері.


Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан- салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.

Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.

Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі бөлімдерін қарастырамыз:

1) психикалық процестер;

2) психикалық қасиеттер;

3) психикалық қалып.

1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес;

2) Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.

3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану) т.б. компоненттері.

Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақ та жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұланғайыр, ал тарихы қысқа деген болатын.

Психология ғылымының даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф.Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф.Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан - алысқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф.Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Ф.Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф.Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.

Психиканы зерттеу және түсіндіру психология пәнінің қалыптасуыны алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Тек ХVІІІ ғасырда психология ілімдерінің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де психикаға қатысы жоқтығын көрсетті. Р.Декарт ғылымға бір мезгілде екі ұғымды енгізді. Сана және рефлекс. Бірақ ол өз ілімінде жан мен тәнді бір-біріне қарама-қарсы қойды да, өзара тәуелсіз екі болмыс – материя және рухтың жасайтынын уағыздады. Сондықтан психология тарихында бұл ілім «дуализм»(екі тарапты) деген атаққа ие болды. Дуалистік ілімнің негізінде ХІХ ғасырда психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен тарады. Бұл бағыттың өкілдері – В.Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Бине,Джемс және т.б.

Осы кезде психологияда эксперименттік әдістің болуына қарамастан, бұл теориялардың бәріне тән ерекшелік – психикалық құбылыстардың мәнін түсіндіру ғана емес, тек қана суреттеп сипаттау болды. 1879 жылы В.Вундт Лейпцигте алғашқы экспериментальдық лабораторияны ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды.

Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-насыр әл-Фараби дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, психика денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский психиканың мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді дамытты. Психика дүниесінің сыры жайлы дәйекті материалистік пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Мұндай ой-пікірдер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жанда өледі», «Жан бар жерде қаза бар» т.б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болады.

Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы бар. XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше, оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем шығармалар туындату мүмкін емес деген.

Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді. Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп, нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, өсіп-дамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б. ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға кеңінен еніп, оның жан-жақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясы, инженерлік психология, арнайы психологияның бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология - мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – соқыр немесе нашар көретін адамдар психологиясын зерттейді, заң психологиясы, зоологиялық психология, салыстырмалы психология, педагогикалық психология, медициналық психология, әскери психологиясы, спорт психологиясы, даму психологиясы, ғарыш психологиясы, өнер психологиясы, әлеуметтік психология, басқару психологиясы. Сонымен, психология ғылымының өмірде араласпай отырған саласы жоқ деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сөзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.

Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Сондықтан ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек. Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.

1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).

2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.

3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).

4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.

Ұйымдастыру әдістері көбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады. Психологияның осы жүйесінің азды-көпті өзіндік ерекшеліктері бар.

1)Салыстырмалы әдіс. Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады. Салыстыру жолының мұндай түрі «кесінді» тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып зерттейді.

Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Мұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да көп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс деп атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын.

Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады. Байқау әдісі. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздері мен сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін - фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жаңғырту үшін магнитофон, диктофон т.б. пайдаланылады. Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар: 1) байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету; 2) байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінүшінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; мұндағы басты фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.

Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.Эксперименттің өзі лабораториялық және табиғи болып бөлінеді. Лабораториялық эксперимент XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастады. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н.Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Француз психологы А.Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І-ші дүниежүзілік конгресінде (Париж қ., 1889 ж.) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының карамағыңда оңдаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін орыс психологы Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты психологиялық институтының, (Мәскеу қ.) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар. Профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің даму жолдарын, ал профессор А.Г.Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген. Психикалық процестерді зерттеуде көптеген аспаптар қолданылады. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшандығын өлшеу үшін - хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін - эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін - тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін - аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін - эргографты пайдаланады.

Әңгіме әдісі, анкета әдісі, салыстырма – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Салыстырмалы потологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл-ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның психика дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарымен өзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сөйлеуге зақым келуін (афазия) қимыл әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің алжып, бәсеңдеп бұзылуын (амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен салыстыра талдаудың ғылыми мәні зор. Психологиялық тестілер. Тест дегеніміз - күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Аутотренинг. Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу - психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ төтенше жағдайдағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы өмір жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты болады.

Топтық тренинг. Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады.

Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бөлінеді: топтық пікір сайыс және ойындар. Топтық пікір-сайыс әдісі көбінесе белгілі бір жағдайларды, топтың өзін-өзі талдау түрінде пайдаланылады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің ойын әдістерінің ішіндегі рөлдік ойындар әдісі кең таралған.


Ес және зейін

Жоспары:

1. Ес және зейін туралы жалпы ұғым.

2. Ес және зейін формалары.

3. Естің және зейіннің түрлері.

4. Есте сақтаудың тиімді жолдары.

Назар – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) процес. Назар деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикадан есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.) Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.Осындай түрлі кезеңдере бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Зейінсіз айналадағы нәрсені қабылдау, түйсіну мүмкін емес. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардан дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, санадағы ерекше сипаты болып табылады.

Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай, ашық терезеден ұшып кірген көбелек, қарсы бөлмедегі күлкі, кіріп келген адам - мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын өктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады. Міне, 1 сыныптың оқушылары математикалық мысалдарды шығаруда еңбектеніп отыр дейік, кенеттен дәлізде еденнің қатты дүрсілдеп, біреудің жүгіріп, қарқылдап күлгені естілді. Оқушылардың зейіні тез арада жұмыстан ауытқып, көңіл қоюлары бұзылды. Балалар мұғалімнің не айтып тұрғанын тіпті естімейді де. Оның өздері оқушылардың санасына жетпейді, қозу туғызбайды да, қабылданбайды. Мұғалім сабақ үстінде дауыс және сөз екпінін өзгерте отырып оқушыларды ырықсыз зейін тудыра алады. Тітіркендіргіштің күші, жаңалығы, ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокөлік, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекті құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.

Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйсіндіретін 1 нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не полицияның ысқырығына жалт қарайды т. б.

Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас

балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады.

Қызығу - ырықсыз зейінді туғызады. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу- ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);

ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын - ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Көлік жүргізуші шофер, есеп шығарушы есепші, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағытгайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді. Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу әрекетін балалардың шама-шарқына орай қызықты етіп ұйымдастырылуға тиісті.

Зейіннің үшінші түрі - үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер, адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан, адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.

Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы. Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын, әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін бұл қағазды 5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте 6-7 затты жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және бір-біріне өте жақын жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін көлемі күрт тарылады. Баланың зейінінің көлемі едәуір тар. Сондықтан, егер оған екі жаңа әріптің немесе цифрдың таңбасымен (сабаққа келмей қалуы себепті), екі ұқсас суретпен немесе мағьнасы жағынан мазмұндары ұқсас тақпақтармен бірден танысуға тура келетін болса, қабылданылатын объектілерді «шатастыру» байқалады. Бұл орайда әрбір әріптің немесе ұқсас цифрлардың (3 пен 5, 6 мен 9, 1 мен 7) ерекшеліктері жеткілікті түрде айкын көрінуі үшін, салыстыру әдісін енгізу өте-мөте орынды болады.

Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болды. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі - ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеу қажет. Ал өмірде іс-әрекет зейінді үнемі әр нәрсеге бөлуді талап етеді. Зейінді бөле білуге дағдылану керек. Бәрімізге мәлім, жас ұстаз сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды, кейде сабақ айтып тұрып қателеседі, оқушылардың жауабындағы қателерді де 3 байқамай қалады. Кейін мұғалім бірнеше обьектіге зейінін бөле білуге дағдыланады.

Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық. Зейіннің бұл қасиеті көптеген жағдайларға, нерв процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, іс- әрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т. б. байланысты болады. Зейіннің тұрақтылығы көп уақытқа дейін құбылып, өзгеріп отырумен байланысты қасиет. Егер адамның зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – 4 сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады. Алаң болушылық - зейіннің толқуынан көрінеді. Зейінде толқу болып отырады. Бірақ зейіннің толқуы көп уақытқа созылмайды, ары кетсе 2-3 секундтқа қана созылады. Зейіннің әрлі-берлі сәл ауытқуы күрделі, қызықты істі атқару кезіндегі зейін тұрақтылығына онша кедергі бола қоймайды.

Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығы, оның саналы түрде болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады.

Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен қызығуды жандандыру қажет. Айналысқан істің нәтижелі орындалуы, зейіннің қасиеттерінің бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.

Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде адам есте тұтып және сақтай алады, ал кейін жоқ нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Сонымен ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен 4 құбылыстарды нервімізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Өмірге келген күннен бастап әрбір адамның бойына біткен көптеген қабілеттердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі – қажет кезінде алған әсерлерін есте сақтау мен қайтадан айтып бере алу мүмкіндігі болып табылады. Бұл қабілет есте сақтаудың қызметін құрайды. Есте сақтау, қабілетінен, айрылған адамның кім болып шығатынын білу үшін, есте сақтаудың орасан зор, еш нәрсемен салыстыруға болмайтын мәнін елестетсек те жеткілікті. Себебі есте сақтау қабілеті жоқ адам (мұндай жайлар кездеседі, бірақ олар аурулар деп есептелінеді) өзіне басқа адамдар арқылы берілген, кітаптарда, өнер мен мәдениет туындыларында жинақталған қоғамдық тәжірибені игере алмаған болар еді. Ол өзінің жеке тәжірибесін де жинақтай алмас еді. Ол әрбір жаңа күнді «ақ қағаздай» мөлдір жанымен қарсы алған болар еді.

Естің түрлері. Ес мынадай түрге бөлінеді.

1) Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз - адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізіне алынады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. Мысалы, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, машина жүргізу, турникке ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі болып табылады.

2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды.

3) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөздік-логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.

4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға көмектеседі. Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды еске сүйеніп- ақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған. Іс жүзінде естің әр түрі өзара 5 байланысты болып келіп, кез-келген әрекет проңесінде белгілі бір материал екі және одан да көп ес түрінің көмегімен есте сақталады.

Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік ес. Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер адамда естің басқа түрлері де болатындығын көрсетіп отыр. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, оны қалайда жадында қалдыруды мақсат етеді. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге сактай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ мерзімдік болып екіге болінеді.

Есті қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік деп бөлудің дұрыстығы күнделікті өмірден де байқалады. Бір-ақ рет сөйлесуге қажетті телефон нөмірін біз бірнеше минут қана есте сақтаймыз да ұмытып қаламыз. Қысқа мерзімдік ес ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкің. Мысалы, біз ылғи пайдалана берген телефонның нөмірі есте берік сақталып қалады. Ал ұзақ мерзімдік ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам көп рет қайта жаңғырта алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде көп жағдайда ойлау мен еріктің күші қажет болады.

Есту есі – алуан түрлі дыбыстарды, мысалы: музыкалық, сөздік жақсы есте сақтау және тура қайта жаңғырту. Ол филологтар, шет тілімен айналысатындар, акустиктер мен музыканттар үшін өте маңызды.

Естің поцестері. Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту. Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау6 механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген. Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді. Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз. Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту - әдейілеп еске түсіру. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады. Қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі - ми қыртысында бұрынғы қозулардан қалған іздердің жандануы. Қайта жаңғырту кезінде іздерді жандандыру ассоциациялар негізінде өте алады.

Тану. Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану - бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы көргенін бірден қиналмай толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Объектіні дұрыс тану үшін адамның көзі төселіп үйренген, өмір тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қателердің көбі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың өзі алғашкыда зер салып, жөнді қабылдай алмаудан болады. Мәселен, адам алғашқы рет бір жерге келгенде (бұрын көрмесе де) оған көп нәрсе таныс, өзі бұрын осында болғандай көрінеді. Мұндайда ол ертеде ұшырасқан нақты бір жағдайды қазіргі кездескен жағдайға ұқсатады. Ұмыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Егер біз бұрын есте қалған нәрселерді есімізге түсіре алмасақ, бұрынғы қабылдағандарды тани алмасақ бізде ұмытудың болғаны.



Түйсік, қабылдау, елес, қиял

Жоспары:

1. Сезіну, елес дегеніміз не?

2. Сезінудің қандай түрлері бар?

3. Қабылдау дегеніміз не?Оның түйсіктен айырмашылығы неде?

4. Қабылдаудың қандай қасиеттері бар?


Сезіну деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір- бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді.

Түйсік заттың сезім мүшесіне әсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім мүшесі - дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анатомиялық-физиологиялық аппарат. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады.

Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Жауап қайтару реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі. Ми қыртысындағы өткізгіш нервтер мен учаскелерді И.П.Павлов талдағыш (анализатор) атады. Түйсік тууы үшін талдағыштың барлық бөлшектерінің сақталуы қажет. Ми қыртысында талдағыштың нерв клеткалары бүлінсе, адамның сезім мүшесі толық сақталса да көруден немесе естуден қалады. Талдағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) мүше – бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) өткізгіш бөлім – рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар.

Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты: көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестезиялық, статикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипап сезу, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Түйсік туғызатын тітіркендіргіш пен рецептордың тікелей жанасуының болатындығы немесе болмайтындығына қарай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бөлінеді. Түйсіктің бұл түрлері жақын ортада бағдар жасауды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік түйсіктері түйісу рецепторларына жатады.

Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш топқа бөлуге болады: дененің беткі қабатында орналасуына қарай экстерорецептор (керу, есту, тактильдік т.б.) бұлшық ет, сіңірде орналасқан түйсіктер проприорецептор (кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.) және ішкі мүшелеріміздің күйін1 бейнелейтін яғни, аштықты, шөлдегенді, ыстық- суықты түйсіну интерорецепторлар (органикалық түйсіктер) болып бөлінеді.

Ағзаның сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері - экстерорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді. Бұлшық еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп айтады. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау түйсіктері мен тепе-теңдік түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелерін интрорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процес болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп атайды.

Көру түйсіктері. Көру мүшесі болып табылатын көз – анатомиялық құрылысы күрделі сезім мүшесі. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе. Көз дистанттық рецепторға жатады, өйткені ол сезім мүшелерінен біршама қашықтықта жатқан заттар мен сыртқы дүниеде болып жатқан кұбылыстар жөнінде білім береді. Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Спектрге (спектрум – латын сөзі, қазақша көріну деген мағынаны білдіреді) қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.

Заттар мен құбылыстардың түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көілдір, көк, күлгін) ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады.

Заттың түстерін дұрыс айыра алмау көздің тор қабығындағы осы аталған үш түрлі жұмыр клеткаларының жұмысына зақым келуден болады. Кейбір адамдардың көзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады. Айналадағы заттардың бәрі ол адамға қоңыр болып көрінеді. Көздің осындай кемістігін - дальтонизм дейді. Ондай адам, әсіресе, қызыл және жасыл түсті айыра алмайды. Ер адамдардың 4-5 пайызы дальтондық болса, әйелдер 0,5 пайызы ғана. Сонымен көру түйсінуі дүниені тану процесінде өте маңызды орын алады.Мұндай адамдарды кейбір мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдамайды. Мәселен, паровоз машинистері, жүргізушілер мен трамвай жүргізушілер түстерді жақсы ажырата білуі қажет. Өйткені светофорда тек қызыл және жасыл түс қана болады. Осы түстерді ажырата алмай қалушылық,2 транспорттың апатқа ұшырауына себеп болады. Сондықтан осындай жұмыстарға адам алғанда олардың түсті айыра білу қабілеттерін дәрігерлік комиссия арқылы анықтап отырады.

Есту түйсіктері. Дистанттық түйсіктерге есту түйсіктері де жатады. Есту рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары. Дыбыс толқыны деп - ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды.

Құлақ - есту рецепторы. Ол үш бөлімнен тұрады: 1) сыртқы құлақ; 2) орта құлақ; 3) ішкі құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны және оның есту жолы жатады. Құлақ қалқаны - дыбыстың бағытын белгілеп отыратын және оны жинауға себепкер мүше. Ондай міндетті қалқанның бұлшық еті орындайды. Бұл мүшенің физиологиялық күші ерекше болып келеді. Сыртқы құлақты орта құлақтан бөліп тұратын мүше - дабыл жарғағы. Ол нәзік болғанымен, өте берік. Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа толқынын бұлжытпай шайқалтады. Өзінің тербелуін дабыл жарғағы орта құлақтың сүйекшелеріне мүлтіксіз жеткізеді.

Ортаңғы құлақтың элементтері үш сүйекшеден, яғни балғашық, төс және үзеңгіден тұрады. Балғашық ауаның сарғақта шайқалуын төске жеткізіп, төс дірілдерді үзеңгіге апарады, үзеңгі сырттан келген дірілдерді ілгері жөнелтеді. Есту мүшесінің үшінші бөлігі ішкі құлақ. Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі. Оның өзі үш бөліктен босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл негізгі жарғақты бойлай корти мүшесі (дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдайтын аппарат) орналасқан. Оның құрылысы да өте күрделі. Корти мүшесінің аса маңызды бөлігі - өте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрады. Ол клеткалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталынады

Есту түйсіктерінің табиғатын Г. Гельмгольцтың резонанс теориясының негізінде түсінуге болады. Г.Гельмгольц корти мүшесіндегі ұзын нерв талшықтары музыка аспабының қылы тәрізді төменгі дыбыстарды қабылдайды да, ал қысқа нерв талшықтары керісінше, жоғарғы дыбыстарды қабылдайды деген пікір айтқан. И.П. Павлов лабораториясында иттің негізгі мембранасының ұзын талшықтарын кесіп алып тастағанда, төменгі дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы келмеген. Ал қысқа талшықтарды кесіп тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған. Мұндай тәжірибе Г. Гельмгольцтің жаңғырық теориясының дұрыстығын дәлелдейді. Есту түйсігі де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады. Есту түйсігі әсіресе тілді меңгеруге аса қажетті түйсік. Сөздің мәнін ұғу, оны дұрыс түсіну және біреуге айтып беру, дұрыс естімейінше жүзеге аспайды. Әрбір адамның ана тілі оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді. Дыбыстардың нәзік айырмашылықтарын ажырата алу - есту түйсігі жөнді жетілмеген адамға қиынға түседі.

Иіс түйсіктері. Иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың микроскоптық бөлшектерінің әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, сасық иіс, өткір иіс т.б.).

Иіс сезгіштігі дәм білумен тығыз байланысты, тағамның сапасын ажыратуға жәрдемдеседі. Иіс организм үшін қауіпті ауасы бар ортадан сақтандырады, кейбір жағдайларда заттардың химиялық құрамын анықтауға көмектеседі. Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Мәселен, олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ исінен «таниды». үйге кірген адамдарды да, білетін көшесін де, тұрған үйін де олар иісіне қарап оп-оңай айыра алады. Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады. Иіс түйсіктері адамның көңіл күйіне, жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Мәселен жұпар иісті гүл - адамның көңілін сергітсе, шылымның түтіні - басты ауыртады. Парфюмериялық заттардың сапасын арттырып отыру - адам психикасына қолайлы әсер етудің бір факторы екендігі даусыз. Гипократ пен Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) хош иісті заттарды науқастарды емдеуге пайдаланған. Мысалы: Фитопрофилактика. Фитотерапия әдістері арқылы аурудың алдын алу, 4 денсаулықты қалпына келтіру, сақтау және нығайту мақсатында өсімдіктерді пайдалану жолын Ибн Сина өзінің «Емдеу ғылымының қағидаларында» осыдан мындаған жылдар бұрын жазған еді.

Американың зерттеушілері кейбір шөптердің иісі адамның жұмыс қабілетін арттыратынын зерттеп білді. Аромотерапия. Аромопрофилактика әдісі арқылы жүргізуге болады. Эксперимент кезінде олар шағын ғана бӛлмеге бірнеше адамды компьютер экраны алдына отырғызып, экрандағы бейнеге байланысты белгілі бір тетіктерді басуға бұйырды. Жұмыс күрделі болмағанымен, бір сарынды, оның үстіне зейін қоюды керек ететін жұмыс еді. Адамдардың шаршағаны байқалған кезде әрқайсысына тыныс алатын маскі арқылы ауамен қоса әр түрлі иістер жіберді. Сонда адамның жұмыс қабілетін жиырма пайыз арттыратын ең тиімдісі жалбыздың иісі болып шықты. Пижма (шетен), камфора иісі ми қызметін жақсартатыны, ал жусанның хош иісі бұлшық еттің жиырылу күшін өсіретіні анықталған. Невроз кезінде шырша не валериан сығындысы қосылған ванна қабылданады. Ол көңіл көтереді, тәбетті жақсартады. Раушан гүлінің иісі әлсіреген, шаршап қажыған кезде адам күшін, әлін қалпына келтіреді.

Дәм түйсіктері. Дәм түйсіктері түйіспелі контактылы түйсік, ол сезім мүшесі заттың өзімен жанасқанда пайда болады. Дәм білетін мүше – тіліміздегі дәм бүршіктері. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері - тіл аймағы. Дәмдік тітіркендіргіштердің негізгі дәмдік сапалары: қышқыл, тәтті, ащы, тұзды болып төртке бөлінеді. Осы төрт түйсіктің араласуынан жәие оларға бұлшық еттік (тілдің қозғалысы) түйсіктің қосылуынан сан алуан дәмдік түйсіктер туады. Тілдін түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді - тілдің ұшы, ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.

Дәм түйсіктері иіс түйсіктері тәрізді адамның тәбетін арттырады. Дәмді, иісі жақсы тағам тәбет қоздырады. Тағамның сапасын талдай отырып, дәм түйсіктері сақтандыру қызметін де атқарады. Дәм түйсігінің құбылмалы ерекшелігі оның организмге тамақтың қажеттілігімен тығыз байланыста екендігінде. Ашыққанда дәм сезгіштік артады, тойғанда әлсірейді. Тамақ ішкен адам тек тойынып қана қоймайды. Тағам онда белгілі бір эмоциялық әсер тудырады. Дәмді тұтыну мен тәбетке тағам қабылдайтын орын жағдайы да, стол үстіп жабдықтай білу де әсер5 етеді. Мәселен, дәмді тағамдар – адамның тәбетін арттырады.

Тері түйсіктері. Тері түйсігінің рецепторы - денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (жанасқанды түйсіну), температура (суық пен жылыны түйсіну) ауырғанды білдіретін түйсіктер. Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана қызметі емес, бұл күрделі процес. Оның қызметіне қимыл-қозғалыс рецепторлары да қатысады. Қол - еңбек ету мүшесі ғана болып қоймай, дүниетану үшін де күшті рөл атқарады.

Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы: алманы қабылдауды алайық. Алма қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі бірмезгілде әсер етеді де, тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше орын алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп тұрады. Бұлардың бәрін дұрыс қабылдай алмайды. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.

2. Қабылдаудың қасиеттері мен түрлері. Қабылдаудың көріп қабылдау, естіп қабылдау, иіс сезіп, дәм сезіп, сипап сезіп қабылдау деген түрлері болады. Қабылдаудың қасиеттері: Тұтастығы: заттарды қабылдағанда біз оны белгілі бір құрамға ие тұтас зат деп түсінеміз. Мысалы: телефон арқылы сөйлескенде кейбір дыбыстарды шала естісек те, әңгіменің мағынасын түсінеміз. Егер «Қыз Жібек» операсындағы «Гәкку» ариясының бір бөлшегін құлағымыз шалса да біз «Гәкку» әнін толық қабылдайтын боламыз. Төрт аяқты столдың суретте 3 аяғы салынса да, оның 4-ші аяғын елемей, 4-аяқты стол есебінде қабылдаймыз.

Қабылдаудың мағыналылығы мен жалпылау. Адам өзі үшін белгілі маңызы бар заттарды қабылдағанда, мысалы: өзіміз түсінбейтін тілде сөйлегенсөзді мүлдем8 ұқпайтын болсақ, азын – аулақ хабарымыз бар тілді шала – шарпы қабылдаймыз. Мысалы: көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оңай болдаы. Әрбір жеке заттарды немесе құбылыстарды қабылдаумен бірге біз оларды жалпылап, ұқсас заттардың тобына енгізіп, жіктеп, топтап отырамыз. Мысалы: біз шортанды қабылдағанда, оның балық екенін еске алып, балық тобына қосып қабылдаймыз.

Қабылдаудың таңдамалылығы. Адамға әсер ететін заттар мен құбылыстардың молдығы сонша біз олардың барлығын бірдей бір мезгілде қабылдап, жауап қайтара алмаймыз.Толып жатқан объектінің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың таңдамалылығы делінеді.

Қабылдаудағы зат пен фон. Мұғалім оқушылардан үй тапсырмаларын сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады, қалғандарының жауабы жөнді еленбейді. Жаңағы жауап берген баланың жауабы, қабылдаудың заты, ал қалғандарыныкі соның фоны болады. Осы жағдайды мына сурет жақсы көрсетеді. Мәселен, мұндағы суреттің бірінде қара түстегі 2 адамның профилі байқалады, ақ түс жай көрініс деп қабылданады; ал екінші жағдайда керісінше. Осы суреттегі ақ ваза затқа айналады да; оның төңірегіндегі қара түс фон болады. Мұнда фон мен заттың орны ауыстырылып отыр. Қабылдаудың заты мен фоны жылжымалы. Қабылдау заты болған нәрсе қажет болмай қалса, фонмен құйылысып кетеді, фондағы нәрсенің бірі белгілі бір уақытта қабылдаудың затына айнала алады.

Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы).Константтылық деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы: ақ қағазға жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрі бір ақ болып қабылдана береді.

Апперцепция. Қабылдаудың мазмұны мен бағыт – бағдарының адамның тәжірибесіне, білім байлығына байланыстылығын апперцепция деп атайды. (Апперцепция – латынның апперцептио деген сөзінен алынған, қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді).

Апперцепция тұрақты, уақытша болып 2 – ге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мысалы: «түбір» деген сөзді әр адам түрліше қабылдайды. Тіл маманы «сөздің түбірі», ал ботаник «шөптің түбірі», математик «санның түбірі» деп қабылдайды.

Қабылдаудағы иллюзия. (иллюзия латын сөзі, қазақша алдану деген мағынаны білдіреді).Заттарды қабылдау кейде қате болып шығады. Қателер (иллюзиялар) әр түрлі талдағыштар қызметінде де кездесіп отырады. Көру иллюзиясы көбірек белгілі: Мысалы: ақ көйлекті әйел, қоңырқай киімдіге қарағанда толықтау болып көрінеді. Көлденең жолақты мата мүсінді толықтай, тік жолақты биіктеу етіп көрсетеді. Иллюзияны тәжірибе арқылы тексеріп көру – қабылдаудың дұрыстығының бірден – бір өлшемі. Иллюзиялар аффектілік, вербалдық, парейдолиялық болып бөлінеді.

Галлюцинация латын сөзі, қазақша қиялдану, шатасу деген мағынаны білдіреді. Галлюцинация – бұл нақты объект болмай – ақ пайда болатын қабылдау (елес, алдамшы дыбыс, дауыс, иіс). Галлюцинация кезінде аурулар шын мәнінде бірдеңелерді көрсетеді, иістерді сезеді, қиялдайды, елестетеді. Галлюцинация көру, есту, иіс, дәмдік, жалпы сезімдік болып бөлінеді. Көру галлюцинациясы формасыз – жалын, түтін, тұман түрінде болуы 9 мүмкін. Жекелеген образдар, заттың, денелердің бір бөлігі (бір көз, беттің, құлақтың жартысы) топ адамдар, аңдар тобы, насекомдар, фантастикалық заттардың тобы елестейді. Бұлар үрей, қорқыныш, қызығушылық, масаттану туғызуы мүмкін. Есту галлюцинациясында – салдыр – гүлдір шуды, атысты есту, сөзді, дауысты, музыканы т.б. есту. Тактильдік галлюцинация – денеңе жәндік, құрт өрмелеп бара жатқандай, дененің бетінде немесе тері астында белгісіз бір заттың пайда болуы сияқты сезіледі.



Ойлау және сөйлеу. Парасат.

Жоспары:

1. Ойлау және сөйлеу туралы жалпы ұғым.

2. Ойлау және сөйлеу формалары

3. Ойлаудың, сөйлеудің түрлері

4. Ақыл-ой сапалары


Ойлау туралы жалпы ұғым. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға көшу қажет.Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Адамның ойы ерекше белсенді процесс. Ойдың белсенділігі мына төмендегі жағдайлармен байланысты:

1) Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша өздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат - сұраққа жауап беру, мәселені шешу;

2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру.

3) Мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның болжамын (гипотезасын) белгілеу;

4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап көру.

Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез келген мәселелерді шешерде, тәжірибеде ашылған заң, ереже, ұғымдарды пайдаланып отырады. Ғылым, техника, өндіріс, ауыл шаруашылығының орасан зор жетістіктері бір ғана адамның ғана емес, көптеген адамдардың, тұтас ұжымдардың, тіпті бірнеше ұрпақтардың ұзақ жылдар бойғы ойлауының нәтижесі. Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бір нәрселерді түсіндіру, тану керектігінен басталады. Бұл ойлау әрекетінің бірінші кезеңі. Ол адамның түрлі материалдық, рухани қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады. Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:

1)Жаңа нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;

2)Бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.

Ғылыми-техникалық прогресс "ойлайтын" машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да "ойнайды". Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға 1 ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. Бұл - сөз енжар, әрекетсіз адамның сөзі.

Машинаның алдына тиісті міндет қойып, оған программа беретін - адам. Осы міндетті қоя білу үшін адамға мол білім қажет. Машинадан "ақыл" үйренуге болмайды, онда "ақыл" жоқ. Есептегіш машинаның құндылығы – адамның оны дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяның иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру - адамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ойлаудың түрлері. Ойлаудың үш түрі болады: Практикалық ойлау, нақтылы-бейнелі ойлау, теориялық ойлау. Практикалық ойлау - нақты заттармаен тікелей байланыса ой қызметін орындау түрі. Мәселен, машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін жүргізуші капотты көтереді, мотордың қызуын байқайды, контактілерді тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды анықтайды, свечаларды алып қарайды,

майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрі практикалық деп аталады. Оны шешу тәсілі - практикалық әрекет.

Нақтылы-бейнелі ойлау - елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрлері. Адам заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы ойлайды. Мәселен, адам мылтықтың құрылысын қандай, оны қандай бөлшектерге бөлуге болады десе, мұндайда оның ойы көрнекті, бейнелі болады. Ал мылтықты қолына ұстап, оны түрлі бөлшектерге бөліп әрекет етсе, көрнекті әрекет ойы болады. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардын әркайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы-бейнелік деп аталады.

Теориялық ойлау - абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі. Егер мәселе теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялық ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдалану талап етіледі. Мәселен, оқушыға оқыған шығармасының әдеби қаһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі, оларды «борыш», «намыс», «берілгендік», «патриотизм» т. б. Сияқты ұғымдармен берілетін қоғамда-қабылданған мораль нормаларымен салыстыруы қажет. Мұндай ой теориялық (сөздік-ұғымдық) деп аталады. Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау келесі түрлерге бөлінеді: вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз (абстракт) ойлау. Бағыт-бағдарына қарай ойлау бірнеше түрге ажыратылады: Логикалық (қисынды) ойлау - логикалық амалдар( салыстыру, жүйелеу, қорыту т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі. Синкретикалық( біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес сырттай ұқсастық белгілері бойынша өзара байланыстырылады. Шешілетін мәселе мен орындалатын іс-әрекеттердің стандартты немесе стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыратылады: алгоритмдік, дискурсив, эвристикалық, және шығармашыл ойлау.

Алгоритмдік ойлау – типтік мәселелерді шешуге қажет алдын-ала белгіленген 2 ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан ойлау түрі.

Дискурсив ойлау - өзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген ой әрекет түрі.

Шығармашыл ойлау – соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.

Эвристикалық ойлау – қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін табуға бағытталған өнімді ойлау процесі.

Танымдық процестер өздерінің өту сипаттары бойынша шұғыл сезімдік (интуитивтік) және аналитикалық (талдауға негізделген) болып бөлінеді.

Шұғыл сезімдік (интуитивтік) ойлау сипаты: өтуі шапшаң, толық түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.

Ойлаудың арнайы түрі акустикалық – психикалық сырқаттармен көрінеді( ақылдан адасу, ес ауу жағдайында). Өмірде мұндай сырқатта ойдың өтпелі формалары көптеп кездеседі, нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.

Сөйлеу туралы ұғым. Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл-қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым-қатынасқа түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады.

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сӛйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі - оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздің мәнерлілігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. Сөйлеудің екінші функциясы - жалпылау. Сөз жеке затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді және әрдайым олардың елеулі ерекшеліктерін көрсетіп береді. Сөзді жалпылау функциясы ойлаумен тығыз байланысты. Егер сигнификативтік функция сөзді барлық сана бейнелерімен байланыстыратын болса, ал жалпылау сөйлеудің ойлаумен тығыз байланысын білдіреді. Сөйлеу абстракты-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың өмір сүруінің формасы болып табылады.

Сөйлеудің үшінші функциясы - коммуникация функциясы – білімді, қатынасты, сезімді сыртқа шығару. Егер, сөйлеудің алғашкы функциясын ішкі психикалық іс-әрекет деп қарауға болса, коммуникативтік функция – басқа адамдармен қатынас жасауға бағытталып, өзгелерге естірте, дауыстай сөйлеу әрекеті.

Сөйлеудің коммуникативтік қызметін: информациялық, баурағыштық және ырықты білдіру деп үш түрге бөлуге болады. Сөйлеудің информациялық жағы білім беруде көрінеді және белгілеу, қорыу, функцияларымен тығыз байланысты болады. Информациялық жағы ойды тап басып білдіретін, сөз таба білуді қажет етеді. Сөйлеудің баурағыштық жағы сөйлеушінің тыңдаушыға деген қатынасын және сезімін жеткізуге көмектеседі. Мысалы, оңаша сырласқан шақта адамның даусы бір түрлі, ал ресми әңгімеде екінші түрлі болып шығады. Ішкі ойымен орайласа айтылып, жалынды сезімді білдіретін сөздер дәлелді болмаса да адамды сендіреді. Ырықты білдіре сөйлеу тындаушының әрекетін сөйлеушінің ниетіне бағындыруды 4 көздейді. А. С. Макаренко «Мұнда кел» деген сөзді жиырма түрлі сарынмен айтуды үйренгенше өзін шебер педагог есептемегені жайлы жазған болатын. Сөйлеудің түрлері. Психологияда сөйлеуді сыртқы және ішкі деп екі формаға бөледі. Сыртқы сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.Ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып бӛлінеді.

Диалогты сөйлеу. Диалог дегеніміз - екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Диалог сөйлесу немесе сөз жарыстыру формасында етеді. Диалогты сөйлеу сөйлесудің неғұрлым қарапайым түрі. Біріншіден, диалог - қуатталып отыратын сөйлеу. Тыңдаушы әңгіме үстінде бір нәрсені анықтамақ болып сұрақ қояды, жанындағы адамның ойын қорытуы, өз тарапынан сөз қыстыруы да мүмкін. Бұл жағдай сӛйлеушінің өз ойын түгел айтып беруіне, сөз болып отырған затқа қатынасын білдіруіне және тыңдаушыға сөзін түсіндіре алуына көмектеседі. Екіншіден, диалог сөйлеушілердің әлденеге тебірене-толқи сөйлеп, бір-бірін еліктіріп әкетуі жағдайында етеді. Сөйлеушілер қолды сермей сөйлеу, ымдау, мимика, дауысты құбылту арқылы бір-біріне әсер етеді, көбінесе талқылап отырған затты бірлесе бақылайды.

Монологты сөйлеу. Монологты сөйлеу дегеніміз - бір адамның өз ойын, білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме, лекция, сез сөйлеу формасында керінеді. Монологты сөйлеу диалогты сөйлеу негізінде дамыды. Диалогты сөйлеуде бір сөйлеуші хабарлап отырған материалдың көлемінің ұлғаюы біртіндеп жаңа сапаға жеткізеді, яғни монологты сөйлеуді туғызады. Монологты сөйлеу де қарым-қатынас жағдайында дамиды, бірақ мұнда қарым-катынас сипаты басқаша. Атап айтқанда монолог үзілмейді, сондықтан сөйлеушінің қимыл-қозғалысы, ым-мимикасы мейлінше әсер ететін болады. Тыңдаушылардың әлпетіне карап ол сөзінің оларға қаншалықты түсінікті және әсерлі екенін ғана байқайды. Сейтіп монологты сөйлеу аудиториямен тығыз қатынаста етеді деу керек. Монологты сөйлеуде диалогты сөйлеуге қарағанда сөздің мағыналық жағы анағұрлым елеулі түрде өзгеріске ұшырайды. Монологты сөйлеу - байланысты, тұжырымды болып келеді. Монолог логикалық ойға койылатын дәйектілік, дәлелділік сияқты талаптарға бағынады. Бұл ойдың байланыстылығын қамтамасыз ететін бірінші шарт болып табылады. Бірінші шартпен тығыз байланысты екінші шарт – сөйлемдерді грамматикалық жағынан мүлтіксіз жатық құру. Диалогты сөйлеуде аяқталмаған ой, екі ұшты қолданылған сөздер онша аңғарылмайды. Өзара қарым-қатынас жағдайы бұл кемшіліктерді жуып-шайып жібереді. Ал монолог ой 5 жүйесінің дұрыс құрылмауын көтермейді. Монологтың мағыналық жағы оның тыңдаушысын баурап алатын тартымдылығымен ұштасуы қажет. Тартымдылық дауыстың әсерлі болуынан туындайды. Монолог артық қимыл-қозғалыстың болмауын қалайды. Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың создері. Монолог сезге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:

1. Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді;

2. Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);

3. Монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін сәттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.

Білімнің дамуы, жалпы әлем туралы ғылыми деректерді басқаларға жеткізу қажеттігі монологтың ерекше формасы - лекцияны өмірге келтірді. Лекцияның әңгімеден айырмашылығы, мұнда құбылыстар жай ғана суреттеле баяндалып қана қоймай, сонымен бірге себеп-салдарлық байланысты іздестіру, белгілі бір ғылыми қағидаларды дәлелдеу жүзеге асырылады. Баяндама жасау және сөз сөйлеу монологты сөйлеудің формалары болып табылады. Баяндама дегеніміз – құжаттарға негізделген, белгілі бір мәселе төңірегіндегі сарапталған ауызша хабар. Мысалы, оқу жылының қорытындысы туралы мектеп директорының баяндамасы, жүргізілген ғылыми эксперименттің нәтижелері туралы баяндама.

Жазбаша сөз сөйлеу. Жазбаша сөз сөйлеу ауызша сөз сөйлеуден кейін пайда болды. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің өзінде-ақ адамда белгілі бір оқиғалар туралы деректерді ұзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған. Жазбаша сөз сөйлеудің алғашқы қадамы - болған оқиғаны сурет арқылы беру амалынан басталады. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.

Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:

1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.

2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады.

3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.

4)Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады.

Іштей сөйлеу. Осы сөздің мағынасынан-ақ көрінетіндей, іштей сөйлеу басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға арналмайды. Іштей сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Іштей сөйлеу - адамның өзімен-өзі сөйлесуі. Ол алғашқыда «ар үні» деп аталып, түсіндірілді. Іштей сөйлеуде ой ағымы болады, әлдебір шешім туып, әрекет жоспарланады. Іштей сөйлеудің негізгі белгісі - оның дауыстап айтылмауында, оны айналадағылар естімейді. Іштей сөйлеу ішкі күбірлеуден және іштей сөйлеуден тұрады.Іштей сөйлеу сыртқы сөйлеудің негізінде6 қалыптасады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру – интериоризация деп аталынады. Мұндай ауыстыру балаларда шамамен үш жаста байқалады, яғни балалар өз-өзімен сөйлесе бастайды. Бұл сөйлеу бірте-бірте азая келіп, іштей сөйлеу формасына айналады. Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады. Адам іштей ойын ойлап, сыртқа шығарады.

Сөз сөйлеу стильдері. Сөз сөйлеу стилдері: күнделікті тұрмыстық, көркемдік, іскерлік, ғылыми түрде болады. Аталған стильдер сӛздердің мағынасынан ап-айқын көрініп тұрады. Күнделікті-тұрмыстық стиль тұрмыстық қарым-қатынас тақырыбына байланысты. Ауызекі сөзде бұл стиль әңгімелесу арқылы, ал жазбаша сөзде жақын адамдардың бір-біріне жазған хаттарынан аңғарылады.

Көркемдік стиль проза мен поэзияның түрлі формалары арқылы танылады.

Іскерлік стиль еңбек үстіндеігі ресми қарым-қатынасқа байланысты болады жәнехаттама, талқылау, арыз, акт формасында жүзеге асады.

Ғылыми стиль оқып білім алу, танымдық іс-әрекетке байланысты және лекциялар мен ғылыми еңбектерде айқын байқалады. Әрбір стильге өзіндік лексика (сөз саптау) және өзіндік сөйлем құрылысы тән.

Қарым-катынас практикасы адамның өзіндік қасиетін құратын сөйлеу стилін қалыптастырады. Адамның сөйлеу мәдениеті мен сөз сөйлеуге жан- жақты төселуі оның сөйлеу стилін қарым-қатынас ситуациясына бағындыра білуінен көрінеді.



Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы.

Жоспары:

1. Танымдық психикалық үрдістерге жалпы шолу.

2. Танымдық психикалық үрдістердің бұзылу себептері қандай?

3. Тірек-қимыл аппаратының зақымдануы дегеніміз не?

4. Балалардың церебралды салдануына анықтама

Сананың бүлінуі — орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопедагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы — ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т.б.) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т.б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері — ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т.б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік — ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады.

Балаларда туа біткен және жүре келе пайда болған кемістіктердің 5-7% тірек-қимыл аппаратының зақымдануы құрайды. Бұл кемістіктер туа біткен және жүре келе пайда болуы мүмкін. Тірек - қимыл аппаратының зақымдалуы ауруларының төмендегідей клиникалық түрлері анықталған:
А) жүйке жүйесінің аурулары: балалардың церебралды салдануы, полиомиелит, хорея.
Б) тірек-қимыл аппаратының туа біткен кемістіктері: туа біткен жамбас сүйектерінің шығып кетуі; мойын омыртқаларының қисаюы; маймақтық; буын сүйектерінің деформациялары, кеуде омыртқаларының даму кемістіктері (сколиоздар), әртүрлі сүйектердің даму кемістіктері, артрогриппоз; т.б.
В) қимыл - тірек аппаратының жүре келе пайда болған аурулары: жұлын, бас ми және аяқ-қолдардың жарақаттары; полиартрит; қаңқа –сүйек аурулары (сүйектің күрт ауруы, ісіктері, остеомиелит), қаңқа –сүйектің жүйелік аурулары (хондродистрофия, рахит ауруы).
Кейінгі жылдары балалардың церебральды салдануы (БЦС) жүйке жүйесінің ең көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің алтауында аталмыш аурудың белгілері байқалады.
Балалардың церебралды салдануы - дамып жетілмеген бас миының зақымдануы. Орталық жүйке жүйесі қозғалыс тетіктерінің патологиялық дамуына немесе зақымдануына байланысты тірек-қимыл аппараттары бұзылып, ол тікелей ақыл-ойдың дамуына, қоршаған ортаны тікелей қабылдауға әсер етеді. Қимыл қозғалыс тепе-теңдігі дұрыс дамымай, қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қимылы жетілмеумен сипатталады. Қазіргі кезде біздің елімізде сал ауруымен ауыратын балалардың саны жыл санап көбейіп келуде. Бұл ауру психикалық бұзылуларының әр алуан түрлерімен білінетін мидың полиэтиологиялық ауруы. Ол өте күрделі және әртүрлі. Балалардың церебралды салдары соңғы мәліметтер бойынша, бір мың нәрестенің 2-3 де кездеседі. Медицинаның жетілуіне байланысты соңғы жылдары балалардың церебралды салдары деген диагнозды балаға 6 ай толысымен қоюға болады. Мидың зақымдануы ұрық дамуының ерте кезеңінде, оның морфологиялық және функционалдық толығуы кезінде пайда болады. Баланың церебралдық сал ауруының алғашқы клиникалық сипаттамасын 1861 жылы ағылшын хирургы Вильям Литли сипаттап, ал 1893 жылы Зигмунд Фрейд ұсынған. Оның айтуынша, сал болу себебі ми жұмысының әртүрлі жағдайдан өзгеріске шалдығуы.
ТҚА ауруында психика құрылымы психика дамуындағы өзгеше кемістіктерден тұрады. Психиканың дамуының бұзылуларының механизмі өте күрделі, ол мидың зақымдану мерзімімен, дәрежесімен, орналасуымен айқындалады. Құрсақ ішінде қалыптасқан психикалық бұзылулардың көрінісі интеллектінің тұрпайы жетілмеуімен сипатталады.
ТҚА кезінде психиканың даму кемістігі танымдық әрекетінің, эмоционалдық-жігер қабілеттерінің және жеке тұлғаның қалыптасуының бұзылуларынан тұрады.
ТҚА - дағы интеллект кемістігінің құрылымы бір қатар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
-қоршаған орта туралы мәліметтерінің бір шама аз болуы. Бұл келесі себептердің салдары болып табылады: а) ұзақ мерзім бойы қозғалмауы және кеңістікте ерсілі-қарсылы жүру қиындығымен байланысты амалсыз оңашалану, құрбыларымен және ересек адамдармен қарым-қатынастың шектелуі, б) қимыл бұзылуларымен байланысты әртүрлі заттарды практикалық әрекет барысында анықтау, қоршаған ортаны танудың қиынға түсуінен, в) сенсорлық әрекеттердің бұзылуы, т.б.
-ТҚА кезінде әр-түрлі талдағыш жүйелерінің үйлесімді қызметінің бұзылулары байқалады. Түрлі заттарды сипау, анықтау, яғни іс барысында тану қызметтері бұзылады;
-ой-өріс кемістігінің әркелкі, дисгармониялық түрде болуы, яғни бір интеллектуалдық қызметтер бұзылып, екіншісі тежелсе, үшіншісі қалыпты жағдайда сақталып қалады. Мұндай өзгешелік мидың ерте даму сатысындағы органикалық зақымдануымен байланысты. Сонда көбінесе жоғарғы интеллект қызметімен қатар басқада ең жоғарғы әрекеттерді қамтамасыз ететін мидың «жастау» функционалдық жүйелері – қыртыс қабатының жасушалары күйзеледі. Кейбір балаларда ойлаудың көрнекі түрлері ғана дамыса, басқаларында, керісінше, көрнекі-әрекеттік ойлау төмендегенімен сөйлеу, логикалық ойлау процесстері жақсырақ дамиды.
Психоорганикалық көріністердің ұлғаюы: психикалық процестердің бәсеңдігімен әлсіреуі, әрекеттің басқа түрлеріне ауысуы, зейін шоғырлануының жеткіліксіздігі, механикалық зерде көлемінің төмендеуі, т.б.
ТҚА зақымдалған балалар интеллект даму дәрежесіне байланысты әр-текті топты құрайды: біреулерінде қалыпты немесе соған жақын ой-өрісіне тән интеллект болады, басқасында психикалық дамудың артта қалуы байқалады, одан басқаларында олигофрениялар орын алады.
ТҚА зақымданушылығы бар балаларға эмоционалдық-жігерлі сферасының бұзылулары тән. Кейбіреуінде ол жоғары эмоционалдық қозуымен қатар шегіндірілген тежелуімен байқалады, басқаларында - ұяңдықпен сескенушілікпен сипатталады.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда көбінесе айқын білінетіні ол жалпы моториканың жетіспеушілігі, қимыл-қозғалысты қажет ететін қиын қимылдарды орындаулары, әр-түрлі бұлшық ет топтарының нақты жұмыс атқарулары, қимылдарды кеңістіктік-уақыттық дұрыс ұйымдастыра алмаулары.
Сонымен қатар, нақтылық жағынан бұзылыстардын болу себебеінен ұсақ қол моторикаларында да бұзылыстар бар. Қимыл координацияларын тез орындай алмайды. Қол және артикуляциялық моториканың арасында құрылымдық деңгейдің болмауы себептерінен бұнда корреляция тағайындалды.
Зерттеу мақсатына жету үшін эксперименталды жұмысты үш кезеңде жүргіздік.
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша психолого-педагогикалық әдебиеттерді қарастырдық, зерттеу жұмысымыздың мақсаты, міндеттері, мәселесі, қолданылатын әдістемелері мен әдебиеттері анықталды, мектепке даярлық тобындағы балалардың дыбысты айтуы мен таным үрдістері және моторлық аймағындығы бұзылыстарды түзету жүйелерінің психолого-педагогикалық негіздемесі орындалды.
Екінші кезеңде тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың дыбысты айтуы мен моторлы аймағын, таным үрдістерін диагностикалауда жүргізілген кезде құрылған экспериментті орындау, сонымен қатар, деректі материалдар жинау жалғастырылды, ұлттық ойындардың тірек-қимыл аппартының зақымданушылықтары бар балаларға арнап қолдануды теориялық негіздеріне байланысты жинақталған тәжірибелер зерттелді. Зерттеу мәселесінің бүгінгі жай-күйін болжап-біліп, тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді.
Үшінші кезеңде жиналған материалдарға жүйелі талдау жасалып, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сұрыпталып, тәжірибелік-эксперименттік материалдар қорытындыланып, жұмыс диссертацияны рәсімдеумен аяқталды.
Диагностикалық зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңінен кейінгі қалыптастырушы кезеңінде коррекциялық –оқу сабақтарын жүргіздік. Жалпы негізінен бұл балаларды оқытып тәрбиелеу мәселесі педагог мамандармен өте тығыз байланысты. Сондықтан педагог маманы жан-жақты, білімді, түзете - дамыту жұмыстарынан хабары болуы қажет.
Мүмкіндігінше түзету жұмыстарын баланың жастайынан бастаған дұрыс. Сондай-ақ емдеу шаралары уақытымен, байлыныстылығымен, үздіксіздігімен болса табысты нәтижеге жетуге болады. Емдеу шараларына бір емес, бірнеше мамандардың бірлескені жөн: логопед, дефектолог, психолог, тәрбиеші, емші, невропатолог. Тірек-қимыл аппаратының зақымдануы - бұл күрделі кемістік, себебі бұндай балалардың есту, көру, қабылдау қасиеттері толық қалыптаспайды.
Түзету жұмыстарының негізгі бағыттары:
-баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын дамыту;
-қабылдау, ойлау, сөйлеу қызметтерін қалыптастыру;
-жүріп-тұру дағдыларын меңгерту.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы БЦП балаларды негізінен үш тұрғыдан көмекке алынуы тиіс: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету.
Емдеу кешенін бастамас бұрын бала 2 немесе 4 ай бойы емдеу сауықтыру кешенінде дем алғаны дұрыс.
Кез –келген коррекциялық-оқу сабақтарында қолданылатын ойын әдістері төмендегі принциптерден тұрады:
-дидактикалық материалдардың өзектілігі (балаларды оқытудағы маңызды міндеттердің құрылуы, көрнекілік құралдар) балаларға тапсырмаларды ойын ретінде қабылдауға, дұрыс нәтиже алуға деген қызығушылығын арттыруға, шешімдердің ең тиімдісін табуға көмектеседі.
-ұжымшылдық сыныптағы оқушыларды бірлікке әкелуге көмектеседі, сынып бірлігі – жоғары деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге мүмкіншілік береді.
- «жарысу» принципі – бұл бастауыш сыныптарға оқушыларға тапсырмаларын тез және сапалы орындауға мүмкіншілік береді, бұл бір жағынан уақытты үнемдесе, екінші жағынан тиімді нәтиже алуға көмектеседі.
Жоғарыда көрсетілген принциптер негізінде сабақтарда жүргізілетін ойындарға бірқатар талаптар қойылады:
-ойындар балаларға таныс ойындардан құрылуы тиіс; осы мақсатта ойын барысында балаларды мұқият бақылау керек;
-Әрбір ұйымдастырылған ойында «жаңашылдық» болуы тиіс. Пайдалы деген ойынның барлығын балаларға жабыстыра беруге болмайды. Оқушылар ойыннан бас тарта алу мүмкіншілігіне ие болуы шарт, я болмаса таңдау болуы қажет;
-Ойын - сабақ емес. Кез-келген дамытушылық мақсаттағы ойындар жаңа тақырыпты қосқандағымен өз негізгі мәнін жоғалтпау керек;
-Мұғалімнің эмоционалды жағдайы сол сәттегі жағдайға сәйкес болуы шарт. Басқа әдістемелік құралдарға қарағанда ойын жүргізушіге ерекше көңіл – күйді талап етеді. Ойынды балалардан талап етіп ғана қоймай, олармен бірге ойнау керек;
-Ойын – диагностикалау құралы. Оқушы ойын сәтінде жағымды, жағымсыз тұстары да ашылады;
-Ойын ережелеріне бұзған балаларға ешуақытта тәртіптік шаралар қолданылмайды. Әңгімелесі, түсіндіру амалдарын қолдана отырып, ережені қайталап түсіндіру қажет.
Ойындарды басқару үш негізгі бағытта іске асырылады: өткізуге дайындық, жүргізу және талдау.
Тірек-қимыл аппаратында зақымданушылығы бар оқушылар ерте кешенді емдік – педагогикалық жұмыстарға зәру. Мұндай жұмыстар ең алдымен сөйлеу моторикасына, коммуникативті мінез-құлықтарына бағытталады. Коррекциялық жұмыстар аурулардың формасын және жас ерекшеліктерін ескере отырып дифференциялды түрде жүргізіледі.
Белгілі экспериментті қорытындылай отырып логопед пен тәрбиешінің және де баланың ата-аналарының, жақын адамдарының қарым-қатынастары дыбысты айту мен моторлы аймақты түзету жұмыстарында қажетті орынды атқарады. Дыбысты айту мен моторлы аймақты түзетуде жүйелі, сатылы оқыту мен біз ұсынған ойын-жаттығуларды қоладануда жағымды қорытындыларға қол жеткіздік. Аталмыш коррекциялық-оқу сабақтарын жүргізуге дейінгі және кейінгі зерттеу нәтижелері төмендегідей болды:
Ерікті мимикалық моториканының жыл басындағы мен жыл аяғындағы зерттеуден төмендегідей қорытынды жасауымызға болады, яғни, эксперимент жүргізгеннен кейін ерікті мимикалық моториканың даму деңгейі өскенін байқауға болады, зерттеудің жыл аяғындағы нәтижесі кезінде барлық балалардың даму деңгейлері жақсы жаққа өзгергенін көруге болады.



Психологиялық сананың тұжырымдамасы. Сана-сезім.

Жоспары:

1. Сананың психологиялық концепциясына жалпы шолу.

2. Өзіндік сана сезімді қалай түсінеміз?

3. Адам мен жануарлардың арасындағы айырмашылықтар?


Психика жануарларға да, адамдарға да бірдей тән әрекет болғанымен олардың психикалық әрекеттерінің арасында жалғыз сан жағынан да ғана емес, сапа жағынан да көп айырмашылықтар да бар. Адамның психикасының айрықша өзгешелігі адамда сананың болуымен байланысты. Адамның жануарлардан айырмашылығы ойлау қабілетімен және өзінің өткені туралы ойлану, оны бағалау және келешек туралы ойлау, оған жоспар жасау және бағдарлай алуынан тұрады. Бұлардың барлығы адам санасының кеңістігімен байланысты. Жануарларда сана жоқ, олардың өздерінің биологиялық мұқтаждықтарымен байланысты соқыр сезім әрекеттері және туысынан кейін тіршілік ету үшін күресінде пайда болатын санасыз дағдылану әрекеттері ғана бар.

Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан, сапа жағынан айрықша өзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе. Сана деп – еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психикалық әрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нәтижесі болып қоймай, сол тұрмыстың өзін қайта құрып өзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалында болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Сондықтан таптық қоғамда адамдардың санасы таптық сана болады. Қоғамдық эксперименттің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады.

Сананың негізгі қасиеттері. Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, "болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты" қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.

Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастары интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде көрінеді) сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. "Адамның санасы 1 объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды". Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді. Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде тұлғаның. іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Өзіндік сана-сезім - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғын қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің мүшелері мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз мүшелерінің қалыпты жайы мен қимыл қозғалысын сөзіну) өтеді. "Баланың өзін-өзі аңғаруынан кейін, есейген соң өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен салыстыруға, бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады" - деп, И.М.Сеченев дәріптеген. Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып білу - іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. Қарым- қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады. Адамның өзін-өзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады. Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тану - адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа 2 жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-құлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген тұлғаға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.

Өз басының қасиеттеріне берген өз бағасы мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу- шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.

Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым- қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге көмектеседі екен. Өзін-өзі байқау арқылы өзін-өзі тану. Тікелей өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау формасында көрінеді. Қабылдау, елестету, ойлау процестерінде адам белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс-әрекет объектісінен жеке басының жағдайына аударады және оны бағалайды. Өзін-өзі бақылау осыған негізделген Адамның өзін-өзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады. Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы өзін-өзі тану мен өзін-өзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді. Жүрек алып-ұшып, тым өрепкіген сәтте, бір нәрсемен құштарлана әуестену немесе бір нәрсені шоғырландыра көру кезінде өзін-өзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі. Мұндай жағдайда адамның өзінің көңіл-күйі туралы өзіне-өзі есеп беруі толыққанды болмайды. Сондықтан өзін-өзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады. Тұлғалар іскерлігі мен дағдылануына қарай өз психикасын әр түрлі деңгейде байқай алады.

Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тану - адамға өз басын жетілдіру үшін, сондай-ақ өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс- әрекетін жолға қойып отыру үшін қажет. Адам өз күшін біле отырып, оны еңбекте барынша тиімді пайдалануға ұмтылады. Бұл үшін ол өзінің қимылы мен әрекетін, қылығы мен мінез-құлқын бақылап және талдап отырады. Адам өзін-өзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады. Өзін-өзі бақылау жедел сипатта болады және сол сәтте өтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Демек, ол өз бойыңдағы жақсы мен жаманды аңғаруға, сол арқылы болашақ өмір жолыңды құруына көмектеседі. Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта алмаса, онда адам өз бойында белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.

Өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Өзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана қоймайды, ол өзі күш жұмсап та тәрбиеленеді.



Эмоционалдық үрдістер мен жағдай.

Жоспары:

1. Эмоция мен сезімнің жалпы сипаттамасы қандай?

2. Күрделі эмоциялардың қандай түрлерін білесіз?

3. Эмоцияның және сезімнің айырмашылығы қандай?


Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция мен сезім деп атаймыз.

Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану,мұң, үрей, қорқу, масаттану, өкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы басқалары. Мысалы: шөлдегенде ішкен 1 стакан су рахат сезімін тудырады. Егер шөлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеніз, онда наразылық сезімі тудыруы мүмкін.

Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады.

1) Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол көңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отырады. Эмоцияның реттегіштік механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу, қайғы адамның жан күйзелетін, олар тек психологиялық күйініш туғызып ғана қоймай, жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану, шаттану, бұлшық ет қимылдары, күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіпті болады. Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші көз жасы, бет, тыныс жолдары бұлшық еттің жиырылуы тәрізді «залалсыз процестер арқылы әлсірейді».

2) Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтын адам – ақымақ» деп Б. Момышұлы бекер айтпаған.

3) Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.

4) Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сөйлеуі, айқайлауы, түртуі, басын изеуі, көзін қысуы. Мимика және пантомимика, дене бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар ол: қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Мысалы: сүйсіну–сүйсінбеу, көңілдену-қожу, шаттық-уайым, осы сапалар екі полюске ажыраған, Біріне-бірі қарама-қарсы мағынада қолданылады. Екінші ерекшелігі олар актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын көтерінкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық (қозуы күшті деген сөз), ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік, жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, көнілсіздік т.б. сезімдер жатады. Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану немесе шешіну. Мысалы: студенттің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі, шешілу кезеңдері болып табылады. Мәреге тақағанда адам барлық күш жігерін жұмсайды. Осы кез өткен соң басқа бір күйге түседі.Мұны кернеуден босану(шешіну сезімі) дейді.

Эмоциямен сезімдер мәселесіне теориялық тұрғыдан шолу.

Адам өмірінде эмоциялар мен сезімдердің орны аса маңызды. Психологияда эмоцияларды өзгертуге, отбасында, өнерде, педагогтарда, клиника, шығармашылықта яғни, адамдардың барлық іс- әрекетіне қатысады деп есептейді. Эмоцияның зерттелу тарихы У.Джемстің 1884 жылы жарияланған «Эмоция деген 1 не?» атты мақаласынан басталды.В.К.Вильнюс эмоцияларды жеке процестер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырады. Эмоциялардың теориялық мәселеріне Л.С. Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоциялармен субъектінің сезімдік заттың іс-әрекетімен байланысының ішкі психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар организмді белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді деді. А.Н.Леонтьев, Б.И.Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылық- тарының пайда болуымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Я.Рейковский эмоциялар адамның әрекетін реттейді деп есептейді. Яғни эмоционалды процестердің дұрыс жүрмеуі психиканың ауытқуларының бастамасы болып табылады. О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген. Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда болатын эмоциялардың пайда болу жағдайы және қызметерін шешуді ұсынған.Сонғы жылдардың эмоцияны әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вербалды емес қарым-қатынас рөлінде зерттеді. Тұлға психологиясы эмоциялармен сезімдерді басқа мотивациялы құрылымдарын байланысына алатын жолдарын көрсетіп, аффектімен күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы білімдерімізді толықтыра түседі. Сонымен бұл мәселе психологияда кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады. Бірақ қазіргі кезде біздің қоғамызда әлеуметтік, саяси және экономикалық, нарықтық жағдайларға байланысты эмоция мен сезімдер мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде.

Сезімдер: адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық (танымдық) болып бөлінеді. Адамгершілік сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Ар намысты қорғау адамға аса жарасымды сипатталады. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдар байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның әр адам психологиясына әсер етіп, терең із қалдыратыны сонша кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетін қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатын болады. Абай ұяттың 2 түрі бар деді. 1) надандықтан туатын, ұғымына ұялмас нәрседен ұялу. Бұл надандық, ынжықтық,қайрат жігердің осалдығы, білім мен тәжірибесінің саяздығы. 2) дұрыс емес қылықтан ұялу. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну. Бұл сұлу сымбатты, өмірге үйренуі, әдемі көріністерді тамашалау, табиғаттағы, көркемөнердегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу. Эстетикалық сезім дене сұлулығын қабылдауда ғана тумайды. Моральдық сұлулықта та эстетикалық сезім тудырады. Өзінің мүддесін қоғам игілігі үшін тежеп ұстайтын жоғары моральды адамдарды көріп куә боламыз. Мұндай адамдар өзіне деген құрмет сезімін туғызады. Біз оларды «моральдық жағынан мұншама тамаша адам болады екен-ау» дейміз. «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен жеркенуге, жақсылыққа ұмытылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді» деген болатын М. Жұмабаев. Интеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысты. Оған әуестік, білуге құмарлық, іздемпаз танырқау, сенімдік, интуиция, ықтималдың жорамалдың, болжау т.б. сезімдері жатады. Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарда, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын көрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек көру т.б. Мысалы: қуаныш үстінде адам өте жомарт, мырза болса, ал ашу үстінде кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді, шапалақ ұрады, жер тепкілейді, қатты күледі. Мұндайда дауыс түрліше құбылып, ұлғайып, бәсеңдеп, қатайып, жұмсарып отырыады. Бетпен бастағы тамырлар қанға толып, адам қызарып көзіне жас пайда болады. Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет- әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның көзімен аузы ашылып, қасы көтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрып қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне көшеді. Қатты қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай болып қалады. Жүрегі қатты соғып денесін тер басып, шашы үрпиіп көтеріледі, беттің бұлшық еттері тартылып, дем алуы өзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады. Ашулану. Мұндайда адам қысылады, көзі жалт-жұлт етіп, дем алысы жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек кӛретін затына тап беруге дайын тұрады. Еркін, қатты қысып, тісін тістеп, касын керіп, қабағынан қар жауғандай болады. Ашулану барлық адамдарда бірдей болмайды. Оның күшті және әлсіз болуы мінезіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ашу қысып әсіресе оның, соңғы қуаттырақ кезеңі болғанда адам өз мінез-құлқын бақылауды жоғалтып алады. Бұны кезінде Рим ақыны Гораций айтқандай: «қызба ашу өте шығатын ақылсыздық». Ашуды бастапқыда тоқтату керек, сол себепті ашулы күйге келгенін сезінген адам өзін-өзі: өзін ақылмен алып жүру, өз сезіміне ие болу, жүгенсіз эмоцияға берілмеу деген сияқты бұйрық беруі тиіс. Біздіңше бұның басқа жолын, «Гуливердің басынан кешкендері атты кітаптың» авторы Джонатон Свифтің пікірін басшылыққа алу тиімдірек сияқты: «Ашуға берілу көбінесе басқаның кінәсі үшін өзіңді-өзің жазалаумен бірдей». Өте дәл айтылған! Табалау ыза мен қуаныштың қосынды түрі. Бұл біреуді мұқату, әшкерелеу. Ол адамға жаман сезім туғызады. Оны ызаландырып мұқатумен бірге ырза бір, кекесінмен күліп келемеждейді.

Қызғаншақтық та жағымсыз эмоциялардың бір түрі. Кейде, адамдар туралы: қызғаншақ екен, басқаның жолы болып, бақытқа ие болғанда, ол қатты күйзеледі деді. Бұндай күйзеліс жағдайында Монтеськенің ескертуі орынды: «қызғаншақ өзіне-өзі жау, өйткені ол өзі тудырған жауыздықтан сорлайды». Кім өзін-өзі қызғаншақпын деп ойлайды ғой дейсіз. Айқын түрде білінбесе де қызғаншақтық кең тараған. Мысалы: сәнге ден қойған адам менде анау, не мынау жоқ, немесе өз ойынша өзінен қабілеттсіз әрі абыройы төмен адам ана не мына қызметте отыр деген күйзеліске ұшырайды. Соншалықты ыңғайсыз сезім. Бұл тек қызғаншақтық және еліктеуге ұмтылыс екенін біліп жеке басының ерекшелігін жоғалтқанын сезіне отырып ыңғайсыз эмоциядан арылуға болады. Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, көңіл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылса да бұлқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның бүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдайда өтеді. (Мысалы: зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т.б.). Аффект кезінде адамның есі шығып кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффект адамдардың жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік жігері күшті адам, мұндай ұшқалақты лепірмелікке бармайды. Дені сау адамның аффектісінен 3 психикасы ауруға шалдыққан ауру адамның аффектісінен (патологиялық аффект) ажырату қажет. Мұндай аффектер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланыс бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушімен рөлі кемігендіктен болады.

Стресс. Бұл ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді. Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) өмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды. Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бөлген:

1) Организмнің мазасыздануы.

2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.

3) Адам сыртан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысының үнемі қадағалап реттеп отыру қажет. Стресс кезінде зейінді аудару қиынға соғып, яғни қабылдау, ес, ойлау қажеттіліктері болады. өте күшті тітіркендіргіштер (Мысалы: қарулы қылмыскердің шабуыл жасауы, ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамның пульсі қатты соғып, қанға адреналинің жұмысы төмендеп, адам дұрыс шешім қабылдай алмайды. Стресс адамның өмірі үшін қауіпті, бірақ та ол адамға қажетті. Стресс арқылы тұлғаның үлкен ситуацияларға бейімделу мүмкіндігі пайда болады.

Фрустрация. (латын сөзі - жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады.

Тілек мақсаттың жүзеге аспауының бәрі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Адам қанағаттанбау, реніш сезімін жиі бастан кешіреді. Мысалы: сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу, таңғы асты ішіп үлгермеу т.б бұлардың бәрі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Фрустрация қанағаттанбаушылық дәрежесі адамның төзімін тауысарлықтай болған жағдайда көрініс береді. Фустрацияға көбінесе эмоцияға берілген, қызба, өмір тартысында шынықпаған сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар ұшырайды.

Құмарлық. Бұл күшті қажырлы эмоция. Құмарлық туралы Вольтер былай айтқан: «Құмарлық - кеме желкен кернейтін жел, ол кейде кемені суға батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді». Құмарлықтың жағымды және жағымсыз түрі болады. Жағымды түріне білім алуға, өнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: малға, ақшаға, атаққа байлыққа және құмар ойындарға, нашақорлыққа, ішімдікке құмарлықтар жатады. Егер, адам өзін-өзі билей алатын күш-қуат тауып, жағымсыз құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлап, тіпті өлімге жеткізуі мүмкін. Құмарлықты сана-сезімен басқарудың рөлін француз философы әрі ағартушысы Ж.Ж.Руссо айрықша бағалайды. Оның пікірінше: «басқара білгенде барлық құмарлық жақсы, ал оған бағынышты болғанда барлығы да жаман.» Құмарлық туралы Флаубер былаша тұжырымдайды: «Құмарлыққа қарсы айтудың не қажеті бар? Ол ерліктің, поэзияның, музыканың, өнердің, қысқасы барлығының қайнар көзі емес пе? Ал құмарлық туралы біршама сөз, бірақ барынша әділ айтқан Анатоль Фронс болды. «Құмарлық- тыныштықтың жауы, бірақ онсыз 4 тіршілікте, не өнер, не ғылым болмаған еді. Әрине құмарлықта сана-сезімнің белгілібір бақылауында болуы тиіс. Әйтпесе, мағынасыз бір нәрсеге құмарлық сәтінде әрект ету - дауыл кезінде теңізге жүзу дегендей, төтенше ескерту дұрыс болып шыға келеді. Бұл жерде тежелмеген құмарлық жөнінде айтылып отыр.

Көңіл күй. Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын, не көңіліне кірбің кірген, ызалы, түсі суық деп ажыратылыды. Адамның көніліне айнала қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көнілі де көтеріңкі болады. Көнілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелердің ерекшеліктері де әсер етеді. Мысалы: Адамның көптен ойлап жүрген ісі оңға басса немесе бір нәрсеге қолы жетсе (диплом алу, диссертация қорғау т.б) шат-шадыман күйге түседі. Керісінше ол ылғы сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанына қояр жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтанда «көңілсізден күлкі шықпас, адам көнілден азады»-, деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік жігері, күшті рухани өміріміздің мазмұны адамдар, тіпті ауыр жағдайда көнілді жүреді. Оптимистік жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау, ерік-жігері күшті, қажырлы адамның басты қасиеті.


Жігер. Жігерлік үрдістер.

Жоспары:

1. Жігер дегеніміз не?

2. Адамның негізгі жігер сапалары қандай?

3. Күрделі жігерлік әрекеттерге нелер жатады?

4. Жігер сапаларына нелер жатады?


Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгілеген мақсатқа жету жолында ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Осылардың бәрінде де адам еркі көрініс береді.

Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді, адамда туатын күштің арқасында жеңіп өтудегі психологиялық процесс – ерік деп аталынып жүр.

Адамның жеңіп өтетін сыртқы кедергілері деп - сол істің өзінің объективтік қиындықтарын оның күрделілігін, әр қилы бөгеттерді, басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді. Ішкі кедергілер - бұлар адам өзіне жұмыс істету қиынға соғатын, жалқаулық, шаршап-шалдыққандық, алдында тұрған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа бірдеңелермен шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын кедергілер. Ішкі кедергіге құштарлық, тілек сияқты жат әдеттер жатады. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады. Ал «ерік» терминімен жеке адамның қасиетін де, қиындықтарды жеңе отырып табандылықпен және мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.

Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті өмірде, әсіресе үлкен кедергілерді жеңудегі ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді. Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті өмір қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан көмек күтіп, қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып, керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші жетпейді.

Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы өмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі органдардың жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін. Ұлы Отан соғысы кезінде өлімші болып жарақаттанған ұшқыш өліп бара жатқанын сезсе де қолынан ұшақтың штурвалын жібермеген. Ол ұшақтағы жарақаттанған жандардың өзімен бірге өлетінін түсінген. Міне сөйтіп ерік күшінің кереметтігінен ұшқыш ұшақты қондырған.

Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив-оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтел шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келкен қозғалыс арқылы сыртқы ортаны 1 өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.

Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп түрткілер болу қажет. Адам алдына мақсат қояды. Сол мақсатты жүзеге асыру үшін әр түрлі әрекеттер жасайды. Мақсатты жүзеге асыруда адамда пайда болатын бір көмескілеу түрткілер пайда болады. Оны психологияда тілек деп атайды. Адам көп нәрсені тілейді. Біреуін жақтырады, екіншісін жақтырмайды, қажеттісін орындасам, жүзеге асырсам дейді. Тілектен кейін бір түрткі қалау туындайды. Мұнда адам өзінің мүмкіншілігімен санасады. Адамда бірнеше қалау болады, бұлардың арамында күрес пайда болады. Адам керектісін алып, тоқтамға келеді, соңынан жүзеге асыруға тырысады.

Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттерін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді. Барлық тіршілік ерікке байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық жағдайлармен байланысы жоқ рухани өзінше пайда болған күш, деп адмның барлық әрекеті, мұның ішінде еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән бермейді. Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысының бірі болып есептелінетін психикалық процесс деп түсінуімі қажет.

Ерікті қозғалыстарда орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, өзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйке қозғалыс жасау-бірінші және екінші сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның психологиялық өмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді. Сөйтіп, адамның дәл мағынасындағы ерікті амалы, бірішіден, әрбір адамның өзін-өзі билей алуынан, яғни мінез-құлқын меңгере алуынан көрінсе; екіншіден, оның түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына қойған мақсатын орындап, істі мұқият тындыруынан көрінеді. И.М.Сеченов: «Ерік қимыл-қозғалысқа ғана басшылық ететін өзіндік ерекшелігі жоқ агент емес, ақы мен моральдық сезімнің белсенді жағы, соны біріншісі немесе екіншісі үшін ол көбіне қимыл-қозғалысты адамның өзін-өзі сақтау сезіміне қарсы келе отырып басқарады»-, деп жазды. Ертеден-ақ ерік табиғаты женінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас - материалистік және идеалистік көзқарастар қалыптасты. Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздін санамыздың нұсқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен есептеспей-ақ өзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін әрекет етеді. Баскаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай қылық жасайды. Бәрі оның ерікті еркіне байланысты. Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және этикалық көзқарас турғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы әрекет 2 бостандығына әкеледі. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен санаспайтын жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу, кейде оны бұзу болып табылады. Материалистік ұғым бойынша ерікті материядан-мидан бөліп алу мүмкін емес. Ерік адамның танымдық және практикалық әрекетінде көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады.

Адамның ерікті әрекетін жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:

1) алға тұтқан мақсатты орындау;

2) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді жеңуі;

3)мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т. б.

4) Қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т. б.

Осы шарттарды орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті, қажыр-қайрат бар кісі деп айтуға болады

Еріктің физиологиялық негіздері. Үлкен ми сыңарлары қыртысының төбелік бөлігінде қимыл-қрозғалыстарды басқаратын учаске бар. Ол ми қыртысының барлық учаскесінен, соның ішінде барлдық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгілі бір учаскесіне жетіп, онда осындай процесс туғызу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Қимыл – қозғалыс учаскесі үнемі талдағыштардың ми қыртысы ұштарынан келіп түсетін хабарлардың «атқылауы" астында болады. Хабар алған соң, қозғалыс клеткалары кез-келген сәтте қимыл жасау жөнінде бұйрық беруге мүмкіндік алады. И.М.Сеченов айтқандай, қандай іс-әрекет болса да оның болуының алғашқы себебі әрдайым сыртқы сезім беретін қозудан болады. Іс-әрекеттің детерменизмі осы болып табылады, соған қарағанда, адамның әрбір істеген әрекетінің өз себебі болады. Бұл жерде И.М. Сеченов алғашқы себеп туралы айтып отыр. Бірақ осыдан әрі көптеген іс-әрекетпен сезім беретін қоздырғышсыз-ақ немесе тіпті, оған қарсы, өмір тәжірибесіне сүйеніп туа береді. Айталық, сыртқы тітіркендіргіш, мысалы теледидар адамды қызықты хабарды көруге шақырады, ал адам ойында тұрған бір істі орындауға немесе сол жұмыс орындалмаса, одан туатын жағымсыз жағдайларды еске алып, жұмыс істеуге отырады.

Ерік әрекетінің физиологиялық негізі, өткен тәжірибенің нәтижесінде ми қыртысында бұрын құралған нерв байланысының екінші сигнал жүйесі толады. Ерік іс-әрекет жасау қарсаңында осы жүйелер қозғалысқа келеді, сөйтіп, шамалы күш жұмсауға мүмкіндік береді, сондықтан адам – теледидар өте қызықты нәрсе беріп жатса да, оны көрмей, өзін жұмыс істеуге мәжбүр етеді.



Күйзеліс туралы ілім. Күйзелістік жағдайлардың алдын-алу. Эмоциялық-жігер саласының бұзылысы.

Жоспары:

1. Күйзеліс дегеніміз не?

2. Күйзелістік жағдайлардың алдын-алу шаралары қандай?

3. Эмоциялық-жігер саласының бұзылысы нелер жатады?


Күйзелісті (стрессті) кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. «Стресс» термині біздің күнделікті тіл оралымымыздағы үйреншікті сөзге айналып кетті. Бұл қысқа да ауқымды сөзге күрделі жағдайларда немесе жоғары қауіпте пайда болатын өз мінез-құлқымыздағы өзгерістер мен сезімдердің және толғаныстардың тұтастай гаммасы туралы елестетуімізді жинақтаймыз.

Организміміздің күйзеліс туындаған кезеңдегі жұмысын қоршауға алынған бекініспен салыстыруға болады. Оны қорғауға барлық күш-жігер жұмсалған, алайда мұның да шегі бар. Әлде жау жеңіледі және қоршау алып тасталады, әлде бекініс құлайды, өйткені ешкім мәңгі бақи қорғана алмайды. Дәл осы жағдайда күйзеліс кеселдері пайда болады.

Бұл ең алдымен жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің дерттері (жүректің ишемиялық кеселі, инфаркттар, гипертония, демікпе). Кеселдің келесі санатын көбіне-көп дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Бұл әрқашан дұрыс болып келе бермейді. Әңгіме әр түрлі өмір салтын ұстанатын адамдар жапа шегетін қарын мен ұлтабар, гастриттер жөнінде болып отыр. Стресс ауруларының үшінші санатына эндокриндік ауытқулар мен зат алмасу үдерісінің бұзылыстары жатқызылады.

Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі – эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу машығы. Үшінші жол – қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.

Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.

Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сяиқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.

Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз.

Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған.

  «Депрессия» (жан күйзелісі) деген термин ХХ ғасырдың 20-30-жылдары пайда болыпты. Бірақ тарихқа үңілсек, жан күйзелісін емдеумен бұдан екі мың жылдар бұрын шұғылданғандар болыпты.

Ол ежелгі гректің атақты дәрігері, «медицинаның атасы» Гиппократ (б.э.д. 460-370 жж.). Шынын айтқанда, ұлы дәрігер күйзелісті емес, адамның төрт темпераментінің бірін білдіретін мелонхолияны сырқат есебінде зерттеп, емдемек болған. Яғни ол адам ағзасында қара өттің көбейіп кетуінен мелонхолия туындайтынын анықтаған. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне қарағанда, жан күйзелісі сырқаттардың таралуы жағынан бірінші орында тұр екен. Атағы ХХI ғасырдың обасы саналатын қылтамақ ауруынан асып түспесе кем емес.
Сонымен жан күйзелісі дегеніміз не десек, ол – адамның мінезінің тұйықталып, өмірге деген қызығушылығының жоғалуы, болашағына сенбеушілік, ұйқысыздық, тамаққа деген тәбеттің жоғалуы, өзін-өзі өлімге дайындаушылық. Осындай жаман көңіл күй екі апта бойы байқалса, ол сол адамның жан күйзелісіне ұшырағанын білдіреді дейді мамандар.

Жан күйзелісінің себептері

Бұл сырқат таралуы жөнінен бірінші орында тұрғанымен, оның неден пайда болатыны туралы мамандар арасында келісілген нақты жауап жоқ: шығу себебін әр теория әрқалай түсіндіреді.

Биологиялық теория: кейбір зат алмасу процесі мен ми жұмысының бұзылуы.

Генетикалық теория: тұқымқуалаушылық.

Психологиялық теория: жақын адамын мәңгіге жоғалтудан туатын ауыр қайғы, үнемі жолы болмаушылықтан, арманына қол жеткізе алмаудан туындайтын жан күйзелісі.

Әлеуметтік теория: қоршаған ортамен келіспеушілік, жұмыс пен үйдегі ұрыс-керістен туатын қақтығыс, талас-тартыс, өзара қарым-қатынастағы шиеленіс, қарама-қайшылық.

Діни теория: адам күнәсінің артуының салдары.

Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуындағы аса маңызды кезең екені белгілі. Психологияда бұл кезең «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деп сипатталынады. Өмірдің бір дәуірінен екінші дәуіріне өтумен байланысты жастардың даму процесінде күрделілік туындайды. Осы кезеңде жеткіншектердің «Мен» деген қасиетін үлкендердің түсінуі оңайға түспейді. Жеткіншек айналасынан өзімен санасуды талап ете бастайды. Ересектердің өз құқығын үнемі шектеуіне қарсы туындайтын қарсылық бірте-бірте жеткіншекті жан күйзелісіне ұшыратуы мүмкін. Мектептегі оқушылар арасында жиі болатын дағдарыстың себебі осында жатыр.

Күйзеліс көбінесе ең алдымен үлкен қала тұрғындарына тән. Көптеген психолог мамандар депрессияның қалалы жерлерде басым екендігін айтады. Үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығы қатар жүреді, оған қала тұрғындары төзіп, қымбатшылықта күнелтуге мәжбүр. Нарықтың басты құндылығы ақша болғандықтан, ақша табу үшін жанталаса өмір сүруге, сөйтіп әке-шеше, туған-туыстардан, құрбы, дос-жарандардан алыстау арқылы өз-өзінен тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып, күйзеліске ұшыратады. Оның ойында сан түрлі сұрақтар туып, пәтерақының уақыты жақындауы, жұмыстың жүрмеуі, үйдің тірлігі, ақшаның жоқтығы, банктегі несие секілді сан сұрақтар туындап, сары уайымға әкеліп күйзелтеді. Қала тұрғындарының отбасын асырау үшін бірнеше жерде жұмыс істеп, кешкі тоғыз, онға дейін жұмыста болып, дұрыс демалмауы да бұған әсер етіп, күйзеліске ұшыратады.

Зерттеулерге қарағанда, таралуы жағынан бірінші орында күйзеліс сырқаты тұрғандығын айттық. Айта кетерлік жайт, наркологиялық диспансерлер мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың басым бөлігі белгілі дәрежеде жүйке жүйесінің қызметі ауытқығандар. Демек, депрессияның қауіптілігі біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Оның үстіне, суицид деген қасірет адамзатты қынадай қыруда. Бұл қасіреттен Қазақстан дүниежүзі бойынша алдыңғы орындардың қатарында тұр.

Күйзелістен арылудың жолдары

Кішігірім күйзелісті асқындырмай, депрессияның алдын алу үшін, кез-келген адам өзінің қажыр-қайратын қалыпты ұстауы керек. Мәселен, дер кезінде тамақтану, дұрыс демалу, спортпен шұғылдану.

Екінші, адам өмірде өзіне не керек екенін бағамдап алса, құба-құп. Жоқ дегенде, күнделікті уақытын тиімді, мақсатты пайдалануға дағдылану аса қажет. Сонда ғана өзінің ісі мен өміріне көңілі толып, қажетсіз ойдан арылады. Үшінші, әркім өзі бағалайтын құндылықтарды сақтауға күш салса, жақсылыққа бір табан жақындайтыны анық.

Адамның жан күйзелісіне ұшырамауы үшін тың күш жинап, сарқылған күш-қайратты қалпына келтіруі өте маңызды. Мүмкіндігінше әрине, тамақты ұйықтарда жемеу керек. Күш-қуатты қалпына келтіру үшін тойып тамақ ішу керек деген ойдағы адамдар қатты қателеседі. Керісінше жатарда тойып тамақ ішкен адамның бүкіл энергиясы түні бойы асты қорытуға кетеді де, таңертең ұйқысы қанбай, қалжырап тұрады. Ал аш жатқан, керісінше құр аттай болып, сергіп оянады

Күні бойы компьютер үстелінің басынан шұқшиып шықпайтын немесе көлік рулінен түспейтін жастардың көбісі сарқылған күш-қуатын қайта қалпына келтіру үшін түнгі клубқа барып немесе бір бокал сырасын алып, телевизор алдына жайғасқанды жөн көреді екен. Мұндай демалыс түрінің адамды тыңайтудың орнына, керісінше шаршата түсетіні күнделікті өмірде дәлелденген.

Адам күш-қуатты бойда дұрыс ұстап тұруы үшін таңғы асты тастамағаны абзал. «Таңғы ас – Тәңірден» делінген. Американдық ғалымдар үнемі таңғы ас ішіп жүретін адамдардың жұмыс істеу қабілеті мен ел-жұртпен араласуы басқаларға қарағанда әлдеқайда артатынын әлдеқашан тәжірибе жүзінде дәлелдеген.

Адамның жан күйзелісіне ұшырамауы үшін тың күш жинап, сарқылған күш-қайратты қалпына келтіруінің жолдары көп. Өмірлік жағымды энергия алу үшін ағын суға қарайсыз ба, жоқ лапылдап жанған отқа үңілесіз бе, әлде табиғат аясында жаяу қыдырасыз ба, патша көңіліңіз біледі.

Ислам діні бойынша, анығында, жан күйзелісі кірленген жүректен туады. Жүрек жаман ойлаудан, лас істерге үйір болудан кірленеді. Жүрек ауырса, адамның барлық мүшесі ауырады, жүрек тазарса, барлық мүше қалыпқа келеді. Жүрек ауырмау үшін иманмен нұрлануы керек. Иман көбейіп не азайып отырады. Иманның азаюы тек сырты көрініске ғана емес, ішкі ағзаға да әсер етеді.

Жан күйзелісі ішке жын кіріп кетуден туа ма?

Мұндай сұраққа діндарлар адамның теріс жолға түсуі, өзіне-өзі қолсалушылығы көбіне жынның бұйрығын орындаудан болатынын айтады. Адам бойынан жынды шығара алатын емші молдалар қазіргі күнде аз емес.

Жындардың адамдарға аурулардың емін және керекті дәрілерді білдіргендері, қояншық, талма аурулармен ауырғандардың денесіне кіріп, оған зиянын тигізгені, адамдарға көздерінің тиетіндігі туралы түрлі діни кітаптарда жазылған.

Жындардың мұсылманы да, мұсылман емесі де бар делінеді. Мұсылман жындардан адамдарға ешқандай зиян келмейді. Олар тек ғибадат жасайды. Оларды Әһли сүннет ғалымдары таниды. Салих (тақуа) адамдар секілді көрініп, сөйлеседі. Ал кәпір жындар адамдарға әртүрлі жолдармен зиян тигізеді. Адамнан айрылмай әртүрлі кейіпке енеді. Мысалы микроп пішініне еніп, адамның тамырларында жүреді. Тек мұсылмандардың жүрегіне кіре алмайды. Ешкі, жылан, мысық кейпіне кіргендері көп көрілген.

Кәпір жындар жақсы адам бейнесіне кіріп жақсы және пайдалы нәрселер де істеуі мүмкін. Жындар адамдардың кәпірлерімен және пасықтарымен жолдас болатын болса, оларға жабысып, оларды күпірге және күнәға сүйрейді.

Жындар мен шайтандар түсте де көріне алады делінеді. Әдемі, сұлу бейнеге еніп, жүніп болуға себеп болады екен.

Әр адамның қасында бір кәпір жын жүреді. Періштелер адамды жындардың зиянынан қорғайды. Аяттар мен дұға оқып, Алла тағалаға сыйынғандарға да жындар еш нәрсе істей алмайды.

Жын ауа және оттан жаралғандықтан, өте нәзік (жеңіл, көзге көрінбейтін) болады, жылдам қимылдайды, жеңіл бір соққы жасалса өліп қалады. Өмірлері өте қысқа, дін ілімдері аз және тәкаппар болады. Ылғи да бір-бірлерін төмпештеп, соғысып жүреді. Жынның өлімі жер бетінен жоқ болып кетуімен іске асады. Қартайғандары жасарып, балалық шағына оралады да өліп, жер бетінен жоқ болады делінеді.

Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілеті, талабы. Темпераменті.

Жоспары:

1. Тұлға, жеке бас даралылық дегенді қалай түсінесіздер?

2. Тұлғаның қалыпты дамуы мен қалыптасуы неге байланысты?

3. Тұлғаның қабілеттері мен табиғи нышандарын қалай дамыту қажет?

4. Темпераменттің типтеріне анықтама беру.


Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды, өйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән - мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі тұлға емес, себебі онда білім, тәжірибе, іс-әрекет, көзқарас жоқ.

Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан тұлға психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай-ақ оның көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары білімі мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі бар екендігіне назар аударуымыз қажет.

Қазіргі уақытта тұлға – психологиядағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды.

Қоғамдық ғылымдарда және күнделікті тұрмыста «адам», «тұлға», «индивид» яғни, «даралық» ұғымдары қолданылады. Бұл ұғымдар бір мағынада не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Бұның екеуі де қате пікір. «Адам» бұл биологиялық тіршілік иесі, онда сана бар. «Тұлға» - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу процесі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз. Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейі (жұрттың бәріне ортақ) репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Біркелкі тең жағдайда (дайындық деңгейі, білімі, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу кісіге қарағанда істі орындауда жақсы нәтиже көрсетеді. Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі - "талант", "дана" деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды. Талантты және дана адамдар практикада және өнерде, ғылымда бұрын соңды болмаған жаңалықтар ашады. Таланттылық - даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.

Қабілет жалпы, арнаулы болып бӛлінеді. Жалпы қабілет бұл адамның ақыл-ой қабілеті. Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі. Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. 2. Қабілеттер концепциясы. Қабілеттердің тұқым қуалау теориясы. Психологияда қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі – қабілет тұқым қуалау арқылы дамып отырады деген концепция.Бұл қисын бойынша, адамның жеке дара қасиеті, соның ішінде қабілеті де атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады. Мұндай пікірді психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен өнердің (математиктер, жазушылар, суретшілер) кейбір өкілдері де қуаттайды. Мұның біріншілері өз көзкарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен дәлелдегісі келеді. Мәселен ХІХ ғасырда өмір сүрген Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген. Гальтонның көзқарасын Л. Котс ілгері қарай дамытты. Ол қоғамның айрықша жағдайлы топтарының ішінде мұндай мұра мол деген тұжырымға келген. Қабілеттілік туралы бірінші концепцияға қарама – қарсы екінші концепция қабілетті түгелімен орта мен тәрбие анықтайды дейді. Қабілеттілік тұқым қуалайды дейтін көзқарастың шындықпен сәйкес еместігін өмір шындығы көрсетіп отыр. Мұнымен бірге атақты адамдардың өмірбаяндарын объективті тұрғыдан талдау - көп жағдайда, көрнекті адамдардың ерекше дарыны жоқ отбасынан шыққандығын, сондай-ақ атақты адамдардың балалары мен немере-шөберелері дарындылық көрсетпегенін дәлелдейді. Бұған бірнеше музыкант пен ғалымдар отбасы ғана жатпайды. Көрнекті америка ғалымы У.Эшби қабілеттіліктің, данышпандықтың өзі өмірде жүре пайда болған қасиеттен, балалық шақта, одан кейінгі кезеңде қалыптасады дейді. Мың рет сәтсіздікке ұшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан адам қабілетті,ал екінші реттен соң мәселені шешпей тастайтын адам қабілетсіз дейді ол.1 Буржуазия идеологтары қабілет ортаға тәуелді болғандықтан жұмысшының балалары мәдениет және интеллектуалдық деңгейі төмен адамдар ортасында өсіп жетілгендіктен өздерінің қабілетін көрсете алмайды деген пікірді айтады. Сырт қарағанда екінші концепция да адамның дамуына шек қоймайды, адамның мүмкіншілігіне күмән туғызбайды. Бірақ бұл теориямен қазір де, бұрын да ғылыми келіспеушіліктер бар. Қабілеттегі табиғи және жүре пайда болатын қасиеттердің диалектикасы. Көптеген психологтар қолдайтын қабілет жөніндегі үшінші концепцияның өкілдері әлдеқайда дұрыс позицияда тұр. Ғалымдарының қабілет концепциясы табиғатынан барлық адамдарға адамдық даму мүмкіндіктері тән екендігін анықтайды. Осымен бірге кеңес психологтары белгілі бір қабілеттің қалыптасуына, дамуына дара табиғи нышандардың болуының да жақсы әсер ететіндігін мойындайды. Қабілеттер қолайлы әлеуметтік жағдайларда іс-әрекет үстінде қалыптасып отырады.Бұл концепция практика және арнаулы зерттеулермен дәлелденіп отыр. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Ол темпераменттердің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиатры Кречмерден, қан сауыттарының құрылымын зерттегендерден (П.Ф.Лесгафт) басқаша организмді біртұтас нәрсе деп қарап, ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды. Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады. И. П. Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғары нерв қызметінің және нерв процестерінің негізгі қасиеттері - козу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Нерв процестерінің негізгі қасиеттері: 1) күші, 2) тепе-теңдігі, 3) қозғалғыштығы. Нерв процестерінің күшіне - нерв жүйесі мен нерв клеткаларының жұмысқабілеттілігін яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштерге төзімді келсе, әлсізі мұндайға шамасы келмей, «морт сынып» жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі - бұл козу мен тежелудің өзара саймасайлығын көрсетеді. Бұл процестер кейде бір-бірімен тепе-тең болып, кейде тең келмей, біреуі екіншісінен күшті болып отырады. Нерв процестерінің қозғалғыштығы - бір процестің екінші процеспен алмасу шапшаңдығы. Бұл, мидың кездейсоқ және қолайсыз өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік береді. Осы қасиеттердің түрліше араласып, қосылуы жоғары нерв қызметінің түрлі типтерін сипаттайды. Осылардың ішінде төрт типі жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін И. П. Павлов күшті типке, біреуін - әлсіз типке жатқызады. 1.Күшті, тең емес (ұстамсыз) тип қозу процесінің күштілігі мен тежелудің әлсіздігімен сипатталады. 2.Күшті тепе-тең (қозу процесі тежелу процесімен сайма-сай болады), қозғалғыш тип. 3.Күшті тепе-тең, инертті (сырттай тыныш) тип. 4.Әлсіз тип қозу және тежелу процестерінің баяулығымен, олардың әлсіз қозғалысымен 2 (инертті) сипатталады. И.П. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. И.П.Павлов сангвиниктерді – ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуінен басым; флегматиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді – нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады. И.П.Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, өшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті. Егер, И.П.Павлов өзінің тәжірибесін жануарға жасаған болса, Б.М.Тепловпен оның шәкірттері осындай экспериментті адамдарға жасады. И.П.Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, нерв жүйесі күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар көбінесе ұйытқымалы, қимыл қозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик темпераментінің өкілдері. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері - іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Нерв қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығы. Нерв қызметінің типі адаммен бірге туады және оның түгелдей өзгеріске ұшырауы неғайбыл. Дегенмен И. П. Павлов нерв қызметі типтерінің жекеленген қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мәселен, козу процесі тежелуінен басым, күшті ұстамсыз тип машықтанып, жаттығу арқылы езінің тежелу процесі күшін біршама арттырып, оны қозу процесімен теңестіргені байқалған. Осыдан И.П. Павлов күшті қозғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу процесінің күшін арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады,- деген қорытындыға келеді. Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалып, өз сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Көтеріңкі көңілді, көзі оттай жайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді. Бір сөзбен айтқанда ұстамсыз, құйындай адам. Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді, ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Іска зауқы болмаса, жұмыстан тез суынып кетеді. тап болғанда суынып қалады. Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Оның осал жері іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді. Ол онша кек сақтамайды, қазір береумен ерегесіп қалса, біраздан кейін ашуы тез тарап кетеді. Көңіл күйі тез 3 өзгергіш, ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Нерв процестерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді. Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып-жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады. Меланхолик темпераменті - бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады. Қозу және тежелу процестерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі басым болады), кез келген күшті әсер - меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады, Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, сондықтан да ол ұсақ-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттердің осы 4 түрінің біреуі жақсы, біреуі жаман деп айтуға болмайды. Өйткені, олардың әрқайсысының да ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Егер сангвиниктің шнрақ болуы, көңілінде кек сақтамауы жағымды болса, көңіл күйінің бір қалыпты болмауы өзгеріп, құбылып тұруы, бір бастаған жұмысын аяқтап, ақырына жеткізбеуі жағымсыз жағы болып табылады. Холериктің өте жігерлі болуы жағымды болса, көңіл-күйінің ұйытқымалылығы, ұстамсыз-тұраксыздығы қолайсыз жағы болып табылады. Флегматиктің сабырлы, салмақты болуы жағымды болса, қимыл-қозғалыстарының баяулығы, шабан болып келуі жағымсыз жағы болады. Ал меланхолик адамның көңілінің тұракты болуы, қолына алған бір жұмысты аяғына дейін апаруы жағымды жағы болса, өте сылбыр болуы, көбінесе көпшіліктен бөлек жүріп, өзімен-өзі болып, өзінен-өзі жүнжіп кетуі жағымсыз жағы болып табылады. Міне, осы себептен бұл темпераменттердің мынаусы жақсы, мынаусы жаман деп айтуға болмайды. Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Бірде темпераменттері әр түрлі төрт дос театрға кешігіп барады. Мұндай жағдайда олардан қандай мінез байқалған?Холерик билет жыртушымен айтысып партердегі өз орнына барып отыруға әрекеттенеді. Ол театрдағы сағат ілгері кеткен, деп салғыласып, билет тексерушіні итермелей бастайды. Сангвиник партерге жібермейтініне көз жеткен соң жоғарғы қабатқа көтерілудің қиынға соқпайтынын сезіп, баспалдаққа қарап жүгіріп кетеді. Флегматик залға жібермейтінін көріп: "Алғашқы көрініс онша қызық болмады, буфетке бара тұрайын" деп антракт болуын күтеді. Меланхолик "Менің әркез жолым болмайды. Өмірімде бір рет театрға келген едім, ол да сәтсіз болды"-, дейді де үйіне кетіп қалады. Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан (жұмыс істеу қабілеттілігі, әлеуметтік қарым-қатынастағы тіл табыса алу мүмкіндігі), мінез- құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.



Әрекеті туралы түсінік. Тұлғаның мотивациялық саласы. Мінез.

Жоспары:

1. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.

2. Заттың іс-әрекет пен ақыл-ой әрекетінің арақатынасы қандай?

3. Іс-әрекет қалыптасуында дағдының, әдеттің қандай маңызы бар?

4. Дағды мен икемділік ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?

5. Тұлғаның қажеттілігі мен әуежділігі. Мінез бітістері.


Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақса қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады. Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте затты игеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Психологияда әрекеттің екі түрі болады, бірі дененің затпен айналысу әрекеті, сыртқы моторлық, және ақыл-ойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен әрекеті. Кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев зерттеулерінде ақыл-ой әрекеті әуелде сыртқы заттық әрекет түрінде көрініп, бірте-бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын көрсетеді. Сырқы әрекеттің ішкі амалға ауысуы интериоризация деп аталады. Мысалы, бала санауды үйренеді, әуелі таяқшаларды санайды, бір-біріне қосады, соңынан таяқшалар керек болмай қалады. Есептеу заттан, сыртқы әрекет түрінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады. Ақыл-ой әрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған іске, сыртқы әрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен өткізіп алады, көзге елестетіп көреді, сөзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттық әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Сөйтіп сыртқы іс-әрекет ішкі іс-әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады. Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан, психика іс-әрекетті реттеп отырады. Іс-әрекеттің психиканы қалыптастырушылық рөлін әр түрлі салада жұмыс істеп жүрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы көруге болады. Психологияның іс-әрекет, ерекшеліктерін (еңбек психологиясы, педагогикалық, спорттық т.б. психология) зерттейтін салалардың болуы кездейсоқ емес. Іс-әрекеттің түрі адамның бойында тұрақты бір белгілерді қалыптастырады, сол себепті мінез-құлықтың бір көрінісіне қарап, кейде тіпті сырт пішінінен-ақ адамның қай мамандық иесі екенін біле қоямыз. Мұғалімнің жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы балаларды оқытып, тәрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті көмектесетінін білуге болады. Мұндай деректер болашақ ұстазды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын белгілеуге көмектеседі. Психика әрекет пен қоғалысты реттеуші қызметін атқарады. Бұл реттеу психикалық бейнелеудің әр түрлі дәрежесінде жүзеге асады. Түйсік және қабылдау дәрежесінде күштің, бұлшық еттің қимылы мен қозғалыс сипаты көрінеді. Ақыл-ойға салып ісі еленетін міндеттер сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады, яғни екінші сигналдық дәрежесінде жүзеге асады. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады. «Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам іс-әрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат көздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Іс- әрекет арқылы табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен өтіп барып, одан әрі іс-әрекетке әсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, көңілін өсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу қызмет атқарушы орган немесе организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау қажыған адамның көңіл күйі. Тынығу іс-әрекет түрін ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды және сапасы төмендейді. 2. Іс-әрекет құрылымы: білім, дағды, икемділік және әдет. Іс-әрекет құрылымы жөніндегі проблема психология теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие. Іс-әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтерімен байланыстырылады. Адамның дүние жайлы білімі алғашында бейне, түйсік және қабылдау түрінде пайда болады. Білім тек білу үшін қажет емес. Таныс емес затпен кезіккенде біз ең алдымен онымен қалай әрекет жасау керектігін білуге тырысамыз. Сіз жаңадан шыққан тұрмыстық техниканы қолданбас бұрын ең алдымен оны қалай пайдалану жайында баяндалған нұсқаумен танысасыз. Қандай да болсын күрделі іс-әрекетті орындау үшін адамға мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қимыл және әрекет жайлы мәліметтер қажет. Бұл мәліметтер кимылдық елестер түрінде есте сақталады. Іс-әрекетке тұрақты араласа отырып, білім іс-әрекетті ақылға салудың жоғары сатысына көтереді, адамның өзі атқарып отырған іс-әрекетінің дұрыстығына сенімін арттырады. Білімсіз іс-әрекет мүмкін емес. Адамның қызметі әрдайым дағды және білгірліктен тұрады. Қызметтегі дағды мен білгірліктің алатын орны жайлы әр түрлі пікірлер бар. Іс-әрекетті қарапайым дәрежеде орындауды да, осы іс-әрекетте адамның шеберлік танытуын да «білгір» деген ұғымға жатқызамыз. Қарапайым білгірлік дегеніміз білім негізіне немесе еліктеу нәтижесінде пайда болатын әрекет. Білгір-шеберлік әбден қалыптасқан дағды мен білім негізінде пайда болады. Сәби заттармен әрекет жасауды еліктеу арқылы игереді. Ол қимыл- қозғалыс түрлерін үлкен адамдарлың әрекетін бақылау нәтижесінде жинақтайды. Осының нәтижесінде қарапайым әрекет қалыптасады. Мысалы, өзіне-өзі қызмет ету әрекеті жаттығу нәтижесінде біртіндеп дағдыға айналады. Адам жеке әрекеттерді орындау дағдысын меңгерсе, іс-әрекет мінсіз атқарылатын болады. Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Іс-әрекетті игерудің бастапкы кезеңінде бұл әрекеттер оның негізгі компоненттері болды. Мысалы, оқуға үйрету кезіндегі сөзді буынға бөлу, буындарды косу арқылы оны мағыналы сөзге айналдыру оқудың негізгі мазмұны болып табылады. Оқуға жаттығу үстінде оқушы жүгіртіп оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай сөзді буынға бөлуді, буындарды қосуды мақсат етіп қоймайды. Өйткені оның әрекеті енді жеңіл, жүгіртіп оқитын дағдыға айналды. Қандай да болсын дағдының негізіндс шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру және бекіту жатады. Әрекетті тұрақты қайталау нәтижесінде нерв жолын соған икемдеу белгілі бір нерв жүйесінде қозу процесін дәлме-дәл тұрақтандыруға жеткізеді. Қалыптасқан нерв механизмдері әрекетті орындау процесінде бірқатар өзгерістер туғызады. Біріншіден, дағдының қалыптасуы нәтижесінде әрекетті орындау мерзімі күрт қысқарады. Мысалы, жаңа үйреніп жүрген машинистка тәжірибелі машинисткаға қарағанда материалды мүлде баяу басады. Әдетте жазуды жаңа үйрене бастаған кезде адам минутына 2-3 сөз жаза алады. Ал жазуға дағдыланған соң, ол минутына жүз әріпке, дейін жаза алады. Екіншіден, артық қимылдар жойылады, қимыл кезіндегі күш жұмсау іс-әрекет мақсатына сәйкес келеді. Бірінші сынып оқушысы жазу жазған кезде қаламды тым қатты қысып ұстайды. Бұл жұмысты аатқару үшін ол бастапқы кезде едәуір дене және бұлшық ет күшін жұмсайды. Ал жазу дағдысы қалыптасқан соң артық, қимыл және күш жұмсау жойылады. Үшіншіден, жеке дербес қимылдар біртұтас әрекетке тоғысады. Балаға жазу үйреткенде мұғалім әріптің жеке бөлшектерін жазу дағдысын үйретеді. Ал жүгіртіп жазғанда, әріптерді қаламды сүйкей салып-ақ тізе береді. Жақсы жаттыққан қимыл дағдысы нәтижесінде еңбек өнімділігі артады, жұмыс сапасы жақсарады және адам тез шаршамайтын болады. Жаттыққан қимыл дағдысы іс-әрекет құрылымын қайта кұруға мүмкіндік береді. Әрекеттің орындалуын қадағалайтын сезу жүйелерінің арақатынасы өзгереді. Дағдыны жаттықтырғанға дейін заттармен қимыл жасаудың дәлдігі мен дұрыстығы көру және қимыл талдағыштарының біріккен қызметі арқылы бақыланады. Бұл жағдайда көру жетекші роль атқарады. Ал қимыл дағдысы бекіген кезде қимылды көру арқылы қадағалау қакеті азаяды. Қимылдың дәлдігін дербес бақылайтын кинестезиялық (қимылды сезу) механизмдер қалыптасады. Маман пианист пьеса орындағанда клавиатураға қарамайды. Тәжірибелі машинистка материалды «көзді жұмып отырып», яғни жазу машинкасының клавиатурасына қарамай басады. Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады. Қалыптасқан дағды оны орындаған кезде сананың қадағалауын қажет етпейді. Әрине бастапқы кезде сана қимылды бақылайды, бірақ дағды қалыптасқан сайыны сананың бақылау қажеті азая береді. Жақсы жаттыққан дағды тұсында қимылды санамен бақылау оны жүзеге асыруды қиындататыны байқалды. Мысалы, адам өзінің жүрісінің әрбір қадамын қадағалап, талдау жасауға тырысса, жүрісінен жаңыла беретін болады. Әрекетті дағдыға айналдыру сананы босатып, оны іс-әрекеттегі маңызды мақсаттарды шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Дағдының творчестволық іс-әрекет үшін маңызы аса зор болатыны осыдан. Қарапайым әрекеттер дағдысын қалыптастырмайынша, творчестволық іс-әрекетке жағдай туғызу мүмкін емес. Дағдының түрлері. Еңбектің қай түрінде болсын, сондай-ақ істің табысты орындалуы дағдылардың белгілі бір қорын игергенде ғана мүмкін болады. Мінез-құлық дағдылары, мінез-құлықтың үйреншікті формаларынан туындайды. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдармен өмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін көрсетеді (сыныпқа мұғалім кіргенде орнынан тұру керек). Сан рет қайталау нәтижесінде балада үлкен адамдарға инабатпен сәлем беру дағдысы қалыптасады. Дағды жаттығу арқылы қалыптасады. Жаттығу - дегеніміз нысаналы түрде сан рет қайталап орындалатын әрекет, ондағы мақсат осы әрекетті жетілдіре түсу. Жаттығу процесінде белгілі бір түрде іс-әрекет ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда істі, мысалы, әдемі жазу, фортепианода ойнағанда екі қолды дұрыс ұстай білу т. б. осы сияқты анағұрлым жетілген дағдылар қалыптастыруға жеткізетіндей етіп орындауға назар аударған жөн. Дағдылардың өзара әсері. Адам белгілі бір іс-әрекетті меңгергенде әдетте оның бойында бір емес бірнеше дағды қатарынан қалыптасады. Жаңа дағдылар бұрыннан қалыптасқан ескі дағдылардың үстіне келіп қосылады. Ескі дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін. Қалыптасқан дағдылардың жаңа дағдыларды игеруге жағымсыз әсері немесе қалыптасушы дағдылардың ескі дағдыларға жағымсыз әсері интерференция деп аталады. Интерференция да алмасу сияқты, дағдыларды қалыптастырудағы жалпы құбылыс болып табылады. Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы біріне-бірі өте жақын болғандықтан бұларды бірімен-бірін шатастырып алуға да болады. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мәселен, төменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған. Бұл мысал балада дағды болмағанмен, оңда осы ойынға икемділіктің барлығын көрсетеді. Икемділік түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, енді ғана әріп элементтерін салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің қарапайым түрі болып келсе, кейін жеке сөздерді, сөйлемдерді жазған кездегі икемділігі бұрынғысынша күрлелірек болып келеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік - белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады. Бірінші сынып оқушыларының жазу, оқу дағдыларын менгеру ережесінің түрліше болып келетін себебі - икемділік дәрежесінің әр түрлілігінен деуге болады. Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған кұрамдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Мәселен, адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, көңілі көншімейді. Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан peт жаттығады, есепсіз қайталайды. Егер де адам өзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған көп уақытын жіберіп жатса, мұның өзі өте ессіздік болар еді. Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдасыз болып бөлінбейді. Өйткені оның қай-қайсысы да пайдалы. Ал, әдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі. Ұнамды әдеттерге: жүйелі түрде еңбек ете білу, қызмет орнын ұқыпты ұстау, тұрмыстағы мәдениеттілік, гигиеналық әдеттер т.б. жатады. Бұл адамның өмірі үшін аса қажет нәрселер. Ұнамсыз әдеттерге: орынсыз ысқыру, қарандашты ауызға салу, тісін үнемі шұқылап отыру, столда отырып аяқты селкілдету, сөйлегенде қыстырма сөздерді қолдану, қолы қалтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сөйлеу т. б. жатады. Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жөнінде халық "Әдет - әдет емес, жөн әдет" деп өте дұрыс айтқан. 3. Іс-әрекет түрлері. Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Адам іс-әрекетінің негізгі түрі еңбек болып табылады. Еңбектің түпкі қорытындысы - іс-әрекеттен қоғамдық маңызы бар өнім алу. Ол колхозшы өсірген егін, болат құюшы ағызған болат немесе ғалым ашқан ғылыми жаңалық болуы мүмкін. Ойын қоғамдық маңызы бар өнім бермейді. Оқу тікелей еңбекке әзірлеу кезеңі бола отырып, тек мамандық игерудің кезеңінде материалдық және мәдениет байлықтарын жасауға қатысады. Еңбек әрекеті белгілі бір міндетті ұйымдасқан формада жүзеге асырады. Дәлме-дәл белгіленген мерзімде жұмысшы қатаң реттелінген іс-әрекетті орындайды. Ұйымдастыру жүйесі оқудың да қажетті компоненті болып табылады. Ойынға еркін ұйымдастыру жүйесі тән. Мысалы, балаға сағат 10-11-е дейін қуыршақ ойнап, 11-ден кейін доп ойнауды ешкім міндеттемейді. Ойынның негізгі мотиві баланың ойын процесінде қанағаттануы болып табылады. Егер баланың ойынға ықыласы таусылса, ол ойнауын тоқтатады. Оқу мен енбек адамды іс-әрекетке талпындыратын мотив ретіндегі қызығудың бар-жоқтығына қарамайды, мұнда тапсырылған істі орындау қажетін түсіну, парызды сезіну орын алады. Алуан түрлі іс-әрекет түрлері бірін-бірі толықтырып, бірге өмір сүріп, бір-бірімен жымдаса келіп отырады. Балалар бақшасында сәбилер тек қана ойнап қоймай, сонымен қатар санауды, сурет салуды үйренеді. Оқушы сабақ біткеннен кейін армансыз ойнайды. Сабақты ұйымдастыруда да ойын сәттерін пайдалануға болады. Мысалы, география сабағында қиялмен еліміз немесе дүние жүзі бойынша таңғажайып сапар шегу - ойын болып табылады. Оқушылар шет тілі сабағында ойындық рольдерді ықыласпен атқарады. Жұмысшы тек қана еңбек етіп коймай сонымен қатар оқу оқиды (кешкі мектепте, колледжде, жоғары оқу орнында немесе өз бетімен білімін көтереді). Іс-әрекет түрлері бір-бірінен бөлек өмір сүрмегенімен, адам өмірінің әр түрлі кезеңінде олардың маңызы түрліше болады. Өмірдің бір кезеңінде жетекші іс-әрекет ойын болса, екінші кезеңінде - оқу, ал үшінші кезеңде – еңбек болады. Сөйтіп, бұл арада біз іс-әрекеттердің адам өмірінің белгілі бір кезеңінде басты іс-әрекет болып табылатындары жайында әңгімелеспекпіз. Мектепке барғанға дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі, түрі - ойын. Оқушы іс-әрекетінің жетекші түрі - оқу, epeceк адамдардікі – еңбек. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенді-өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше емдейді."Бірақ бұл оның жай тілегі мен қызығуынан туған. Ойыннын қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсат мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойыңды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі - жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К.Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері - ойынды жай рахат табудың бір көзі (К.Бюлер) деп қарайды Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Мектепке бару - бала өміріндегі жауапты кезең. Оқи бастаған соң оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Онда мектепке уақытында бару, үй тапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңа міндеттер пайда болады.Сөйтіп мектепке барған алғашқы күннен бастап баланың айналасымен қарым-қатынасы міндеттілік принципімен реттеледі. Міндет шеңбері ұлғая береді. Жақсы оқу парызы - тек ата-ана алдындағы парыз ғана емес, сынып, мектеп, бүкіл отан алдындағы, өзінің ар-ожданы алдындағы парыз. Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпаратты меңгеру (білім); іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын амалдар мен операциялар (бейімділік); іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына сәйкес амалдар мен операцияларды дұрыс таңдау үшін, көрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік). Сонымен, оқу жайлы адамның әрекеттерін саналы мақсат басқарған кезде ғана айтуга болады. Саналы мотивтердің болуы - оқудың маңызды алғы шарты. Осыдан жануарларда оқудың болуы мүмкін емес екендігін анық көруге болады. Адамда да оқу оның мінез-құлқының саналы түрде реттелуі кезеңінде ғана, 6-7 жасқа таман болады. Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезендерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңіңде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезенде бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезенде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен (мәнін түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т.б құтылу қиын болады. Мектепте оқу процесінде оқу мотиві қалыптасып, өзгеріп отырады. Ол төменгі сынып оқушыларындағы қарапайым мотивтен бастап, жоғарғы сынып оқушыларында парыз сезіміне дейін көтеріледі. Алғашқы жылдары балалар үйде ата-аналары ұрыспауы үшін, жақсы баға алу үшін оқиды. Орта мектепте пәндерге саралай карау дамиды. Осыған орай ғылым мәселелерін білуге құмарлық, жеткіншектің танымдық қажетін қанағаттандырарлықтай білім алу мотиві пайда болады. Мінез-құлықтық жоғары сатылы реттеушісі болып табылатын парыз бен арды қалыптастыру, оқу мотивінің сферасына жоғары адамгершіліктік сезімдерді қосады. Орта мектепте оқу ісін ұйымдастыру оқушыдан үлкен жауапкершілікті және оқуға саналылықпен қарауды талап етеді. Сабақтардың пәндер бойынша жүргізілуі мұғалімнің оқушы үлгерімін бақылау мүмкіншілігін азайтады. Ой қызметінің сапасына талап арта түседі. Оқушыдан мұғалімнің айтқандарын, кітаптан оқығандарын-жай ғана есте сақтаудан гөрі оны ұғу, ой елегінен өткізе білу талап етіледі. Математикаға физика, химия және басқа пәндер ұғымдар жүйесін, білімдер жүйесін қалыптастырады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзінің негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық ғылымдардың пәні. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңбекке қатынасы да маңызды болады. Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады.

Тұлғаның өзіндік ерекшелігі мотивтері мен дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағыттылығынан, қажеттілігі мен қызығуынан жақсы байқалады. Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Мотивтер дегеніміз – іс-әрекет пен мінез-құлықтың саналы түрде жасалынуы. Сөйтіп мотив ретінде алуан түрлі жайлар көрініс береді. Тұлғаны қандай да болмасын іс-әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Өмір сүру үшін адамдар тамаққа, киімге, және т.б. толып жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиісті. Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар өмір сүру үшін қоғамдық өндірісті дамытады. Қажеттілік те өндірістің өсуімен бірге дамып отырады. Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініш-сүйінішіне, ойлауына және ерік-жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне карай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады. Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды топтарға бӛле отырып, материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер деп көрсетуге болады. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т.б.заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты.Адам саналы түрде өз қажеттіліктерін реттеп отырады, ол жануарлардан осы қасиетімен ерекшеленеді. Рухани және әлеуметтік қажеттіліктері дұрыс қалыптастырған адамдар материалдық қажеттіліктерін орынды қанағаттандырады. Рухани қажеттіліктер – адамның білімге, өнерге т.б. Қажеттіліктері. Оларға танымдағы және эстетикалық ләззаттағы қажеттіліктер жатады. Танымдағы қажеттіліктер жалпы (тұтас әлем жайлы) және жеке (болмыстың белгілі бір құбылыстарын тануға деген құштарлық) болып келеді. Танымдағы қажеттіліктердің негізінде ғылыми шығармашылыққа деген дербес қажеттілік пайда болады. Мұндай жағдайда таным мақсат емес, шығармашылық қажеттілікті қанағаттандырудың құралына айналады. Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам өмірінде айрыкша орын алады. Соның арқасында адам өз тұрмысын, демалысын, өзінің өмірін мәнді етуге құлшынады. Ал, қоғамдық қажеттіліктер: еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа, қоғамдық іс-әрекетке деген қажеттілік. Еңбекке деген қажеттілік адамның негізгі қажеттілігінің бірі. Адам енбек етпей отыра алмайды: егер ол уақытша бұл мүмкіншіліктен айырылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін сәтте басынан қандай күй кешсе нақ сондай күй кешетін болады. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның әлеуметтік табиғатын танытады. Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды. Қызығу дегеніміз – тұлғаның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың өзі емес. Қажеттілік міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-әрекетке адамның жеке қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мәселен, театрға деген қызығу - спектакльді құр жібермеуді әдетке айналдыру тіпті сахна ісімен өзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін. Мұндай "көрсе қызар" әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Адам өмірдің бар бақыты мен болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу адамдарды әрекетке талаптандырады, қызығып істелінген жұмыс жеңіл және жемісті болады. Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, рухани қоғамдық спорттық, танымдық т.б. болып келеді. Материалдық қызығу тұрғын үй ыңғайлылығына, тағамдық заттарға, киімге және т.б. қажеттіліктерге деген құлшыныс арқылы көрінуі мүмкін. Материалдық қызығу көбінесе нысапсыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі. Рухани қызығу адамның жоғары дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен өнерге: музыка, сурет, спорт т.б. және білімге: математикаға, физикаға, әдебиетке, психологияға т.б. деген танымдық қызығулар. Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге болінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу - бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну яғни іс-әрекет қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе ең соңында, еңбектің материалдық нәтижелеріне деген қызығулар. Қызығуды әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге бөледі. Самарқау қызығу дегеніміз - адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, опера тыңдауды сүйеді, картиналарды қараған кезде ләззат алады, бірақ объектіні терең тану, оны меңгеру және қызықтыратын салада шығармашылықпен айналысу үшін белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз - пәрменді қызығу, мұндайда адам көріп-білумен ғана шектелмейді, өзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып, әрекетке көшеді, сол қызыққын нәрсесімен айналысады.


Тұлғаның қалыптасуы және дамуы. Тұлғаның қорғаныс механизмдері

Жоспары:

1. Жеке тұлғаның дамуының жетекші факторлары.

2. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар.

3. Жеке тұлғаның өміріндегі тәрбиенің және қоршаған ортаның рөлі.

4. Тұлғаның қорғаныс механизмдері.


Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары. Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық. Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн. Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды. Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудық мүмкін 2 емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға

Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған. Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген. Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады. Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды. 2. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды. Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады. Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді. Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді. Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді. 3. Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажеттеліктері қандай да себептермен орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет қылық писхологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам қимыл әрекетінде кезігетін ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың алдын алып отырады. Мұндай писхикалық қасиеттер адамға көңіл-күй күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдем береді.
Психологияда көптен белгілі бітпеген іс-әсері деп аталатын құбылыс бар. Оның мәні - әрқандай кедергі нақты істі доғаруға себепші болады да, адам сол кедергіні жеңбегенше, әрекетін әрі жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген іс адамды әрдайым қимыл-әрекетке итермелейді, ал егер істі орныдаудың тікелей жолы табылмаса, ол сол іске тең болған баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы ойластырылған формасы деп түсінсе де болады. Қорғаныс механизмдері табысқа жетудің қалыпты шарттары мүмкін болмаған кезде немесе адам істің түбегейлі бітпейтінін сезген кезде әрекетке келеді. Психологиялық қорғаныстың түрлері: жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сәйкестендіру, жаңалау, ауыстыру, оқшаулау және т.б. Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні: адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді, қабылданбайды. Дау-дамай деп отырғанымыз жеке адамның жан-дүниелік көрсетпелеріне қайшыы келіп, оның өз болмысына, абыройына, өзіндік бағасына қатер төндіретіндей сеп-түрткілердің пайда болуынан көрінетін қайшылықтар. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа сай обьектив бағалауды шектейді, осыдан әрекет-қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.
Ығыстыру –
ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең әмбебеап әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттерінің жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлі, себебі олар жеке бастың эгоистік мүдделерін ақтау үшін қоғамда қабылданған ресми дәлелдерді орынсыз пайдалануға итермелейді. Қызығы сол, адамның тез ұмытатыны – бақалардың оған істеген жамандығы емес, ал оның өзіне өзі не төңірегіндегілерге жасаған кесапаты. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары. Өзіне жақпайтын, күйзеліске түсіретін ақпараттарды санасынан ығыстырайын деген адам сыңай көрсетіп, әлек болмайды, олар өзінен өзі естен шығып қалады.
Көшіру –
адамның өзгелер қабылдамайтын өз басындағы мінез-қылық кемшіліктерін мойындағысы келмей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге өткізе салудан болатын жаманшылық, өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті. Сәйкестендіру – адамның өзі қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы әдет-қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметік тәртіп пен игі этикалық өнегелерді игеруі осы әдіске негізделген. Мысалы, жас өспірім баланың әкесінің әрекеттерін ойланбастан қайталап, оның мақтау мадағына ұмтылуы осыдан. Жалпы мағынада, сәйкестендіру қорғанысы адамның өзінің әлсіз тараптарын 1 жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру үшін үлгі, өнеглерге ойсыз еліктеп, мақсат – мұраттарды ешқандай ниетсіз-ақ арқау етуінен туындайды.
Жаңалау –
адамның істеген келеңсіз әрекетін мойнына алса, өз қадірінің жоғалатынын түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен қылықтарын өтірік-шынды жанастырып дәлеледеуге тырысуы, мүмкіндіктері кемдігінен қолы жетпеген не жетпейтін заттардың обьектив құндылығын өзінше кеміте салып, өз көңілін арбауы. Мысалы, баланың жегісі келіп тамсанып, бірақ қаншва тырысса да, қолы жетпеген тәтті жүзімді “ой, әлі піспеген, ащы ғой” деп қолын сілтей салуы.
Ауыстыру –
адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып, кейін бітпесін білген соң , оған деген әрекетін оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттіліктің орындалмауынан болған күйзеліс бәсеңдейді, бірақ ізгі мақсат адыра қалады. Өз алдына қойған, бірақ орындалуы мүмкін емес мақсатқа бағышталған әрекет іске аспаған жағдайда адам кез-келегн мәнсіз қимылға ауыса саладаы, осыдан көңіл-күйі жеңіл деп, үлкен күйзеліске түспейді. Кейде аусытыру әрекеттерінен адамның бағыт-бағдары алғашқы нақ, мәнді істен, болымсыз, фантазиялық кейіпке де түсуі мүмкін.
Оқшаулау –
адамға соққы болатын жәйттердің сана деңгейінен шегеріліп, басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоциялар саналы, яғни әдейі оқшауландырылып, болған оқиға мен одан келетін әсерлер көңілег алынбайды, адам бұрын қандай да мәнге ие болағг оқиға немесе өз толғаныстарының шындығын іші сезіп тұрса да, оларды байқамайтындай кейіп көрестеді.
Психологиялық қорғаныс әсері адамға қай жағдайда да өзінің ішкі қалыпты көңіл-кейпін тұрақты сақтауына жәредемдеседі. Тіпті әлеуметтік шектеулерді бұзғанның өзінде де, өз қылығының зиян тарапын кеміте , оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадірін танибілсе, өзінің қандай әректте болмасын кемшілік, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады. Мұндайда адам өз әрекеттері мен мінезін өзгертеді, ал өзгерген ұнамды тұлға саапсы оның санасын жаңалап, өмірлік серігіне айналады. Егер адамның өз қадірін сақтауына тірек боларлық ниеттелген қылық пен күнделікті жүріс тұрыс арасындағы сәйкессіздік туралы ақпарат санамен қабылданбаса, қайшылық сигналдары психологиялық қорғанысты іске қосып, ниет пен ақиқат арасындағы қарсылықтардың шешімі табылмайтын болса, адамның өзін өзі жетілдіруі мүмкін емес.


Коммуникативтік үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы.

Жоспары:

1. Коммуникация дегеніміз не?

2. Коммуникативтік үрдіс, дағдылар туралы түсінік.

3. Мейірбике қызметіндегі коммуникациялық дағдылардың маңыздылығы.

4. Коммуникатор, коммуникант дегеніміз кім?


Ортақ әрекеттесудің қажетті шарты – арақатынас жасау арқылы адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін-бірі тануы және қоса әрекеттесуі. Арақатынасының негізінде жататын коммуникативтік үрдіс. Яғни ақпараттың бір адамнан басқа адамға немесе бір топқа тасымалдануы және бұл хабарды басқалардың қабылдауы.

Медициналық қызметкердің де өз міндетін атқару барысында басқа адамдармен түрлі қарым-қатынас, байлангыс жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, туыстарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен және т.б.) Медициналық қызметкер мен сырқат адамның қарым-қатынасының жоғары дәрежеде болуы маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Қарым-қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір-бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Медициналық қызметкері жұмысының нәтижелілігі мен деңгей-дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас (коммуникативтік) дағдыларына да байланысты екені анық.

Коммуникация – басқа адамдармен байланысу, қарым-қатынас орнату.

Коммуникативтік дағдылар – медициналық қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары мен туысқандарымен, әріптестерімен және т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.

Қатынасуда субектілер (адамдар) сөз, мимка және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым -қатынасқа түскен алдамдар сұхбаттаса келе, бірін- бірі түсініп, танысады. Өзара қарым- қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субъектерінде саналады. Коммуникатор – ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) – ақпаратты қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы – жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі – олардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жиастыра келе, түсінуілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, ой-мақсатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жсайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардың әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнынағ қоғам заңдары мен құқық ереежелеріне байлпанысты болады.

Қатынасу процесінде, адамға тән, көптеген психикалық құбылыстар қатысады. Олар арқылы адам, адамзат жинастырған тәжірбиені тұжырымдайды, қолданады.

Коммуникативтік білгерлік (компетенттік) – дәрігердің басқа адамдармен (науқас, оның жақындары және туыстары, әріптестері, т.б,) вербальді және вербальді емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білуі арқылы қарым- қатынас жасау қабілеті.

Қатынасу арқылы адамдар бір – бірімен коммуникативтік тұрғыдан әсер ететуі мүмкін. Адамдардың бір – бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалық комумуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері – қатынасқан адамдардың, бір – бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін – бірі түсінбеуі және мамандық, саясчи, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды)психологгиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Ежелгі заманда дәрігерлердің саны өте шамалы болғандықтан, олар қызметін өзі ғана атқарып, басқа әріптестерімен қарым – қатынас жүргізбеген. Мысалы, «земский » дәрігер жалғыз өзі белгілі аймақты мекендейтін тұрғындарға толық медициналық жәрдем көрсеткен, барлық ауруларды өзі емдеген. Яғни, бұл дәрігердің медициналық тәжірбиесі өте кең болған, олар терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стомотологиялық, т.б. дәрігерлік мамандықтар бойыншпа халыққа жәрдем беріп отырған.

Қазіргі таңда дәрігерлер қатары күрт өсті, осыған орай медициналық мамандар саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігердер жәрдем 300 – ден астам медициналық мамандық бойынша көрсетіліді. Сонымен қатар, жаңа диагностикалық және емдеу технологиларын, аппараттарды қолдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар да жұмыс атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі дәрігер жұмыс бабына қарай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлермен, науқам және оның жақын туыстарымен тікелей қарым – қатынаста болады. Мұндай жағадайда , дәрігер жұмысының нәтижелеігі, қарамағыындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты болады. Мысалы, емдеуші дәрігер ауруханада жатқан немесе емханаға қабылдауғы келген науқастарының ауруын анықтау үшін түрлі арнайы зерттеу жүргізетін әріптестерімен қатынасады. Оларға аурудың дерті жөнінде мәліметті ортаға салып ақылдасады тиімді, зерттеу тәсіл трін таңдауға, дерттің назар аударлықтай ерекшеліктерін ескетеді. Ал, жедел, адамның өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез арада анықтап, жеднл жәрдем беру үшін, дәрігер зерттеу жүргізуші әріпетестерін ескертіп, келісіп, диагностикалық шараларын кезектен тыс ұйымдастырады.

Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық ммамандықтарда (хирургия, акушерия, травматология және т.б.), төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор, жоғары болады. Мұнда дәрігердің жайлы мінез – құлқы, көңіл күйі, шыдамдылығы, қарапайымдылығы және шыншылдығы, қайырымдылығы және т.б. қасиеттері, дәрігерлік міндетті атқаруду өте қажет, ауру адамға оң әсерін береді. Керісінше, дәрігердің екі жақтылығы, шыдамсыздығы, өркөкіректілігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым – қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлермен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым – қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижеғсіне оң әсер беретіні ақиқат.

Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым – қатынас орнамаса, тағайындаоған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

Мейірбике, жұмыс міндеті бойынша, санитаркамен қоян – ьқолтық байланыста болады. Науқасты күту, бөлмеде тазалық және санитарлық режимін сақтау, ауруға туалет жүргізу және т.б. жұмыстар санитарканын міндетіне жатады. Керісінше, олардың жұмыс бабы бойынша қатынасуы үлгісіз болса, емдеудің ттиімділігі де жоққа шығуы мүмкін.

Науқас пен дәрігердің арасындағы қарым – қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір – біріне сенім тудыратын қарым – қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды.

Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда ем нәтижелігіне ауру күмәнданады, дәрігерге сенімділік білдірмейді. Мұндай жағдайда науқас басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Ал науқас сенім білдірген дәрігер қарапайым ем тағайындаса да, ол оның тиімділігіне күмәнданбайды. Сондықтан, әр дәрігер және басқа да медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туысқандарымен дұрыс, тиісті дәрежеде, олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана немесе емханада емделіп жатқан науқастар бір-бірімен пікірлесе отырып, олардың сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті бүкіл ауыл немесе қала ішіне жариялап жіберуі салдарынан мекеме, бөлімше, дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы да мүмкін.

Осы себептен жергілікті тұрғындар дәрігерлік көмекке басқа дәрігерлерге және ауруханаға баруға мәжбүр болады.

Сонымен, дәрігер өз жұмысын атқаруда бірталай адамдармен, әріптестерімен, мейірбикелермен, санитаркалармен, науқас және оның жақын туыстарымен тығыз қарым-қатынас құрады. Науқас адамның ауруын анықтауға, тиімді ем шараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды облуы медициналқы қызметкерлердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативтік дағдыларына байланысты болады.



Мейірбикенің коммуникативтік құзіреттілігі.

Жоспары:

1. Коммуникативтік құзіреттілік дегенімі не?

2. Императивті қатынас және диалогтық қатынастың айырмашылықтары.

3. Мейірбикенің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттер.

4. Аффилиация, эмпатия, эмоционалды тұрақтылық, сезімталдық, рефлексияға анықтама беріңіз.


Коммуникативтік құзіреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын , қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады, яғни бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

Медициналық қызметкер – науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог. Императивті қатынас – науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі – науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары – бұйрық, нұсқау, талап.

Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда, команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және талапты орындату. Дәрігер – науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.

Диалогтық қатынаста науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-теңдік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:

  1. Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.

  2. Науқас ықпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.

  3. Науқасты өзіне тең деп сесптеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.

  4. Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) – қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.


Дәрігер науқастың ішкі жан-дүниесін, ол ашуда немесе қобалжуда, мұңлы немесе өкініш жағдайында болғанына қарамастан дұрыс қатынас жасауға және дұрыс шешім қабылдауға тиіс. Осыған орай медициналық қызметкердің кәсіби қасиеті ретінде коммуникативтік толеранттылық - яғни сабырлық, аяушылық және т.б. айта кетуге болады. Мейірбикенің коммуникативтік толеранттылығы науқастың жеке ерекшеліктерін, оның ішінде жағымсыз қасиеттерін, оғаш қылықтарын обьективті түрде қабылдауы тиіс. Коммуникативтілік құзіреттілігінің қалыптасуының негізі ретінде қандай да бір әлеуметтік топқа, басқа да адамдармен қарым-қатынас орнатуға мұқтаждықта болу (қажетсіну). Мейірбикенің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттер.

Аффилиация (лат. affiliate -қосу,қосылу)- адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. Аффилиацияға бейімдік субъект ықтимал қауіптілігі бар стресс жағдаятына ұшырағанда байқалады. Бұл орайда басқа адамдармен қоғамдастық оның күрделі де қауіпті жағдайда өзін ұстауы мен реакцияларының сипатын тексеріп сынап алуына мүмкіндік береді. Іштей аффилиация бауыр басушылыққа немесе адалдық сезімі ретінде, ал сырттай аффилиация – өзге адамдармен байланыста болуынан көрінеді. Мейірбикенің жұмысында ұзақ уақыт бойы әртүрлі әлеуметтік топтармен іскерлік қарым-қатынаста болғандықтан аффилиация науқастарға немқұрайлы қарауға жол бермейді.

Басқа адамды түсіну және сезіну мейірбикенің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, мейірбике алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіруі қажет. Егер науқаста дәрігерді таңдау құқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда дәрігердің алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды. Эмпатия – өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Басқаның қунаыш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Дәрігердің эмоционалды қатынасы науқаспен психоолгиялық қатынас орнатуға, ол жайлы толық және нақты ақпарат алуға, оның ішкі күйі жайлы білуге және науқасқа сенім тудыруға, ем-шараның дұрыс қолданып жатқанына науқастың көзін жеткізу.

Медициналық қызметкердің тағы да бір коммуникативті құзіреттілігі ретінде эмоционалды тұрақтылық орын алады. Эмоционалдық тұрақтылық науқастармен қарым-қатынаста болғанда өз-өзін ұстауға, қақтығыстардың болмауына бірде-бір септігін тигізеді. Сенімнің пайда болуына науқас дәрігермен кездескендегі, оның алғашқы әсері, оның дауысы, сыртқы келбеті өте маңызды. Егер науқас келбетсіз, ұйқысыраған, шаршаған, басқа заттармен айналысқан дәрігерді көрсе, ол сенімін жоғалтып, өзіне қарай алмайтын адам басқаларға да көмектесе алмайды деп шешеді. Тәртібіндегі және сырт келбетіндегі теріс өзгерістерді науқастар тек жақсы білетін, сенетін медицина қызметкерлеріне кешіре алады. Медициналық қызметкер науқасқа мына жағдайларда сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы – жылдам, шешімді, адамгершілікпен бірге жүрсе. Дәрігер белгілі шешім қаыблдағанда, науқас өмірі мен денсаулығына оның шешімінің әсері мен қорытындысын бағалап, жауапкершілік сезімін күшйтуі қажет. Дәрігерге деген ерекше талаптар оның шыдамдылығын қажет етеді.

Қоршаған адамдардың дәрігерді шынайы сезіммен қабылдамауында, яғни науқастардың, дәрігерге ем-шара барысында өзіндік кері байланыс орнатуында сезімталдық септігін тигізеді. Бірақ дәрігердің науқастарға деген сезімталдылығы тым жоғары болмауы керек. Себебі дәрігердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді. Науқастың жағымсыз қатынасы дәрігердің сезімталдылығының жоғары болуы кәсіби құзіреттілігіне күмәндануға әкеліп соғады.

Рефлексия латынша бейнелеу ұғымын береді, адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталған. Қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Рефлексия үдерісі тұлағның өзіндік өсуіне, өзіндік жетілуіне көмектеседі. Позитивті рефлексия өзінің жақсы және жаман қасиеттерін көруге, жақсы қасиеттерін дамытуға, жаман қасиеттерін жоюға көмектеседі. Нәтижесінде тұлғаның өзі жайлы позитивті көзқарас қалыптасады және сақталады. Негативті рефлексия кезінде адамның өзін-өзі бағалауы төмендейді. Ондай адам әрдайым өзінің мүмкіндіктерінің төмен екені әрдайым есіңде болады.



Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері. Көшбасылық.

Жоспары:

1. Вербальды коммуникация стильдері.

2. Қарым-қатынас жасаудағы вербальды емес тәсілдерінің ерекшеліктері.

3. Көшбасылық стилдері.

4. Өз-өзінің сенімділігін арттырудағы тиімді қағидалар.


Қатынастың түрлі тәсілдерінің, амалдары мен стильдерінің үйлесуіне қатысты коммуникативистикада мәдениетаралық коммуникацияның үш негізгі түрі бөлінеді – вербальды, вербальды емес және паравербальды. Бұл еңбекте вербальды коммуникацияның түрі қарастырылады, өйткені вербальды коммуникация адамдар қатынасының әмбебап тәсілі болып табылады да, адамдар соның көмегімен  түрлі ақпараттың негізгі бөлігін жіберіп,  қабылдайды.

Вербальды коммуникация дегенде сұхбаттасушылардың ой-пікірімен, ақпаратымен, көңіл - күй әсерімен бөлісуін білдіретін тілдік қатынасты айтамыз.

Вербальды қатынас адам коммуникациясының барынша зерттелген алуан түрі болып табылады. Вербальды адам тіліне кез келген басқа белгі жүйесінің көмегімен жасалған хабарды „аударуға“ болады. Мысалы, қызыл жарық белгісі „өтуге болмайды“, „тоқта“ дегенді, спорт жарыстарында басқа қолдың алақанымен жабылған қолды жоғары көтеру „қосымша үзіліс минутын беріңіз“ дегенді білдіреді. Коммуникацияның сөйлеу қыры күрделі көп ярусты құрылымға  (фонеманың диффереренциалды нышанынан мәтін мен интермәтінге дейін) ие, сан алуан стилистикалық түрлерде (әртүрлі стильдер мен жанрлар, ауызекі сөйлеу және әдеби тіл, диалектілер мен социодиалектілер). Сөйлеу коммуникациясын қамтамасыз ететін жүйе – адам тілі. Сондықтан мәдениетаралық коммуникацияда тілді коммуникацияға қатысушылардың өзара түсінісуіне арналған қатынас құралы ретінде түсінген жөн. Қазір әлемде 3000  шамалы тіл бар, әрқайсысында сол иелерінің әлемді өзінше қабылдауының алғы шарты болатын тілдік әлем суреті  жасалған. Сондықтан түрлі тіл иелерінің коммуникациясы кезінде белгілі бір ұғымды айту үшін дәл эквиваленттің болмауынан немесе ондай ұғымның мүлдем жоқтығынан байқалатын тілдік  сәйкессіздік жағдайы туады. Мұндай жағдайларда тілдік ауыстыру болады, басқа тілден алынған ұғымдар өз мәнінде қолданылады. Демек, мәдениетаралық коммуникация үрдісі түрлі мәдениет өкілдерінің қатынасындағы вербальдық элементтердің түрліше ара қатысымен күрделенеді. Контекст өте маңызды мәдениеттер де, контекстің мәні онша емес мәдениет те бар, мәдениеттер оларда контекст пен сөздерге қандай мән берілуіне қарай айрықшаланады. Батыста шешендік өнердің көне дәстүрі вербальды қатынастардың ерекше маңыздылығын алғы шарт етеді. Бұл дәстүр қисынды, ұтымды және аналитикалық ойдың типін толық көрсетеді. Батыс халықтарының мәдениеттерінде сөз әңгіменің контекстіне қатыссыз қабылданады, сондықтан оны бөлек және социомәдени контексттен тыс қарастыруға болады. Мұнда коммуникация үрдісіне сөйлеуші мен тыңдаушы екі дербес субъект ретінде қарастырылып, қатынастары ауызша айтылған сөздерінен түсінікті болады. Азия мен Шығыс мәдениеттерінде, керісінше, социомәдени контекст үлкен мәнге ие, сөз қатынасқа қатысушылардың жеке бас қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының сипаты енген тұтас коммуникативтік контекстің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Осылайша бұл мәдениеттерде вербальды айтылымдар этикамен, психологиямен, саясатпен және әлеуметтік қатынастармен тығыз байланысты коммуникативтік үрдістің бөлігі болып есептеледі. Мысалы, жапондық кәсіпкерлер іс жағдайын жеке әңгімеде талқылауды жөн көреді. Шығыс мәдениеттерінде негізгі екпін ауызша айтылымдарды құрастыру техникасына емес, оларды айту мәнеріне, коммуниканттардың әрқайсысының қоғамдағы орнын анықтайтын қоғамдық қатынастарға сәйкестігіне түседі. Сөйтіп, араласуды, вербальды коммуникация құрамдарын меңгеру әрбір адамға қажетті, өйткені өзара іскерліктің тиімділігі ғана емес, басқа адамдармен өзара түсінісуі де соған қатысты деген қорытындыға келеміз. Вербальды коммуникация стильдері Араласу стилі коммуникацияда маңызды роль аткарады, соның көмегімен түрлі жағдайлар түсіндіріледі, коммуникация бойынша серіктермен қатынас орнайды, проблемаларды шешу тәсілі таңдалынады. Коммуникация стильдері түрлі мәдениеттерде түрленіп отырады. Т.Г.Грушевская, В.Д.Попков, А.П.Садохин вербальды коммуникацияның төрт тобын (класын) бөледі:

-         тура және тура емес;

-         астарлы, дәл және сығымдалған;

-         тұлғалық және жағдайлық;

-         инструментальды және аффективті.

Вербальды коммуникация стильдерінің арқайсысына кеңірек тоқталайық:

  1. Коммуникацияның тура және тура емес стилі.

Осы стилдердің арқасында адамның ішкі пайымын және қатынас үрдісіне пиғылын білдіру дәрежесі айқындалады, яғни адамның ашықтығының дәрежесі айқындалады.

Тура стиль адамның шынайы пейіл білдіруімен байланысты. Тура емес стиль қатынаста адамның тілегін, сұранысы мен мақсатын жасыруына мүмкіндік береді. Коммуникацияны таңдау түрлі мәдениеттерде қатынастың контекстуальдылығымен байланысты екені сөзсіз. Зерттеушілердің пікірінше, қатынастың тура, қатаң стилі төмен контекстуальды (айтылу контексі маңызды емес мәдениеттер) американдық мәдениетке тән, онда айтылмай қалу аз. Американдықтар сөйлесіп тұрған адамын тура да ашық әңгімеге тартады, оларға „Көңіліңіздегіні айтыңыз“, „Іске көшейік“, „Тура айтыңыз“ сияқты айтылымдар  тән.

         Жоғары контекстуальды (айтылым контесі үлкен роль атқарады) мәдениеттерде тура емес стиль коммуникацияның жетекші стилі болып табылады. Мұндайда тура емес, қос мағыналы коммуникация басым болады, бұл басқа адамды сыйлаудан туған. Бұл көбіне ұжымдық мәдениеттер. Мәселен, корейлер „жоқ“ немесе „сізбен келіспеймін“ деп кесіп айтпайды. Әдетте олар „негізі сізбен келісемін“ немесе „сізге жаным ашиды“ сияқты жалтарма жауаптар береді. Мұның бас тарту екенін жағдайдың контексінен түсінеміз.

2) Коммуникацияның озат, дәл және сығымды стилі.

         Бұл стильдер тілдің экпрессивті құралдарын, үзілісті, үнсіздікті қолдану дәрежесін көрсетеді. Озат немесе астарлы стиль қатынаста бай, экпрессивті тілдің қолданылуын қажет етеді. Мәселен, араб мәдениеттерінде сыйдан бас тарқанда, „жоқ“ деп қана қоймай европалықтың немесе американдықтың көзқарасы тұғысынан мүлде қисынсыз анттар мен сендіру сөздерін қоса айтады. Себебі кейінгілер қысқа айтылымды қажет ететін дәл стильді қолдануға үйренген. Дәл стиль ақпарат беру үшін қажетті және барынша қысқа (қажеттіден көп те емес, аз да емес) айтылуында. Сығымды стильге қысқалықпен қоса жалтару, үзіліс жасау мен мәнерлі үнсіздік те енеді.

         Көптеген таяу шығыс мәдениеттеріне астарлы, Батыс Европа мен АҚШ үшін дәл, көптеген азиялық мәдениеттер мен американдық үндістердің кейбір мәдениеттеріне сығымды стиль тән.

3) Коммуникацияның тұлғалық және жағдайлық стильдері.

         Коммуникацияның тұлғалық стилі қатынаста екпінді индивидтің тұлғасына, жағдайлық стилі оның рөліне түсіреді. Вербальды құралдармен тұлғалық стильде Мен-ұқсастық, ал жағдайлық стильде рольдік ұқсастық күшейтіледі. Әлеуметтік теңдікті білдіретін тіл тұлғалық стильді пайдаланып, жеке (индивидуальный) мәдениеттерге тән, жағдайлық стиль қоғамдық қатынастардың сатылығын білдіріп, ұжымдық мәдениеттерге тән деуге болады.

         Мәселен, американдықтар басқалармен араласқанда мінез-құлықтың формальды кодтарынан, атақ-даңқтан, құрмет көрсету мен салт-дәстүр нақыштарынан қашқақтайды. Ол сөйлесіп отырған адамын атымен атап, вербальды қатынас стилінде жыныстық айырмашылық жасамауға тырысады. Жапондықтар өздерінің адами қатынастарында формальдықты ең басты санайды. Олар қатынастың сыпайы және болжамсыз болуына мүмкіндік береді. Жапон тілі әңгімеге қатысушылар рольдік позицияға қоюға, дәрежелік сатыда әркімнің орнын айқындауға бейім.

4) Коммуникацияның инструментальды және аффективті стильдері.

         Бұл стильдер вербальды коммуникацияға қатысушылардың қайсысына  бағдарлануымен айрықшаланады. Қатынастың инструментальды стилі сөйлеуші мен  коммуникацияның мақсатына, ал аффективті стиль тыңдаушы мен коммуникацияның үрдісіне бағдарланған. Инструментальды стиль айқындылыққа жетісіп, әңгімелеушінің келісімін алу үшін дәл білімге сүйенеді. Инструментальды стиль адамның өзіне сенуіне, бет-бейнесін көрсетуіне, жеке қасиетін білдіруіне  және өзгеге тәуелді болмауына мүмкіндік береді. Аффективті стиль, керісінше, қатынас үрдісінің өзіне, әңгімелеушінің  сезімі мен сұранысына бейімделуге, топтық үйлесімге жетісуге бағдарланған. Бұл аффективті стиль кезінде адамның байқап сөйлеуіне, оқыс пікір айтудан сақтануына соқтырады. Сол үшін дәлсіздіктерге сүйеніп, тура, кесіп айтудан қашқақтайды. Әңгімелесуші екі жақ та осы стильді ұстанса, айтылғанды түсіндіру, оны тексеру проблемасы үнемі туындайды, бұны жанама түрде жүргізуге тура келеді. Мұндай жағдайда не айтылғаны емес, не істелгені маңызды. Сөйлеудің аффективті стилінде  қатынас контексі ерекше маңызға ие болады. Қатынастың жапондық стилі коммуникацияның аффективті стиліне үлгі бола алады. Сөйлеушіден сөздер арасындағы мәнге интуитивті сергектік таныту күтіледі.  Сөйлеушілерден бірін бірі түсіну үрдісін өзіне басты мақсат етіп қояды. Сөздердің өзі вербальды айтылымдар нақты мазмұнға шара ретінде ғана қызмет етеді, оларды ақиқатты бейнелейтін нақты фактілер ретінде ешкім қабылдамайды. Коммуникативтік стильдердің аталған варианттары барлық мәдениеттерде бар, алайда арқайсысы оны өзінше бағалап, оларға өзіндік мән береді. Әр жағдайда коммуникация стилі белгілі бір мәдениеттің негізінде жатқан құндылықтар мен нормаларды, әлемді өзіндік танымында көрсетеді.

Сөйтіп, коммуникация, тіл, қоғам, мәдениет сияқты ұғымдар түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста тілдік сәйкессіздік туу тұрғысынан мәдениетаралық коммуникациясын маңызын ашу үшін теориялық негіз жасауға ықпал етті. Тілдің қоғам коммуникациясының негізгі құралы болып табылатынын нақтыладық. Тілдің байлығы мен маңызы жеке халықтың мәдени факторлары арқылы ашылады. Мәдениетаралық коммуникациясының мәнін қолданбалы сипаттағы жеке ғылым ретінде анықтадық. Коммуникацияда қатынас стилінің маңыздылығы оның көмегімен түрлі жағдайда түсіністік орнауында, коммуникация бойынша серікке қатынастың қалыптасуында деген пікірге келдік.

Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды талап етеді. Әсіресе  әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.

Өзінің көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.  Қарым-қатынас – екі немесе оданда көп адамдардың қатынас жасауы, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.

Адамдар өздерінің немесе өзгелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бір-бірлерімен қарым-қатынас жасайды. Ол вербалды, сондай-ақ вербалды емес қарым-қатынас. Осының негізінде, қарым-қатынас адам өміріндегі маңызды аспектілердің бірі болып табылады.

Адамдар  арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады. Олар: вербалды және вербалды емес.

Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу,  дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

       Вербалды емес қарым-қатынас  - «дене тілі», «ым-ишара  тілі» деген ұғымдармен байланысты.  Бұл қарым-қатынас  құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.

А.А.Леонтьев өз еңбегінде: «қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатудың ерекше жолы» - деп қарым-қатынас процесінің адам өміріндегі ерекше маңызымен қатар оның өзіндік анықтамасын да көрсетіп өткен.

Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады.

Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт сіздің не айтқаныңызға ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Айтылған ақпарат немесе хабардың мазмұны іс-әрекетке немесе адамның вербальды емес қылықтарына сәйкес келмесе, адам интонация, мимика, жестке, көзқарасқа бағдарланып, ақпараттың жасырын мазмұнын аулауға тырысады, осының нәтижесінде әңгімелесушінің шынайылығы немесе жалғандығы адамның бірін-бірі қабылдауына әсер етеді.

Біздің вербалды емес қарым-қатынас  жайлы түсінігіміз көптеген фразеологиялық айналым арқылы аңғарылады. Мысалы, бақытты адамдар жайлы біз кейде «бақыттан жадырап кетіпті» немесе «жайнап жүр»  деп айтамыз. Ал қорыққан адам жайлы «тастай қатып қалыпты», сондай-ақ ашуланған адам жайлы «жарылып кететіндей» деп айтылып жатады.

Вербалды емес белгілерді ажырата білген жөн. Олар:

Біріншіден, сөздер арқылы тек фактілі білімді айта аламыз, ал сезімдерді жеткізу үшін сөздер аз болып жатады. Кейде біз «қалай жеткізсем екен...» деп өзіміздегі сезімнің тереңдігі мен күрделілігін сипаттау үшін сөз таба алмай жатамыз. Қалай болғанда да кейбір сезімдер сөздік сипатта берілмей, вербалды емес құралдар арқылы жеткізіледі.

Екіншіден, осы вербалды емес тілдерді (язык тела) білу арқылы өз-өзімізді ұстауға үйренеміз. Егер әңгімелесуші өзінің ашуын басқара алмаса, ол айқайлауды, бұрылады немесе одан асар жарасымсыз қылықтарды жасайды. Вербалды емес каналдар адамдардың біз жайлы не ойлайтынын түсінуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, вербалды емес сигналдар санасыз түрде көрінетінін ескеру қажет. Сондықтан, адамдардың сөздерді саралап, салмақтай отырып айтқанына қарамастан, көбіне жест, мимика, интонация, дауыс ырғағы шындықты көрсетеді. Осы вербалды емес қарым-қатынастың кез келген элементі айтылған сөзді растауға немесе күмәнмен қарауға жол ашады.

Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынады: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді.

Р.С. Немов вербалды емес қарым-қатынастың маңызы зор екендігімен келісе отырып, кеңес беру барысында клиенттің психологиялық жағдайы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді көрсетті. Олар:

·        Денесін алға иілдіру, отырған күйінде қолдарын тізесіне немесе орындыққа тіресе: адам әңгіме айтуды тоқтатып, әрекет етуге дайын;

·        Көз қарашығының үлкеюі – сол кездегі адамның жағымды сезімін білдірсе, көз қарашығының кішіреюі – жағымсыз сезімді білдіреді;

·        Егер адам тобықтарын бір-біріне біріктіріп отырса,  оның болып жатқан нәрсеге көзқарасы жағымсыз, бірақ ол өзін ұстап отыруға мәжбүр, жағымсыз ойлар мен жағымсыз сезімнің белгісі;

·        Бастың тіке қалыпта болуы адамның көріп немесе естіп отырған мәселесіне нейтральды көзқарасының белгісі. Басын бір жаққа иген болса, қызығушылық танытқаны. Егер адамның басы алға қарай иілсе, жағымсыз қатынастың белгісі;

·        Қолын басына қоюы - өзіне сенімді, өзгелердің алдында жоғары санайтын адамдардың қимылы.

·        Егер адам қобалжып, сынау немесе қорғаныс позициясын ұстанса – екі қолын көкірегінің алдына жинастырады;

·        Қолын көкірегіне жинастыруы – қорғанысты қажет ететін жағдайда тығылуға деген ұмтылыстың белгісі;

·        Егер сізбен әңгімелесуші адам екі қолын көкірегіне жинастырса, ол сіздің дегеніңізбен келіспей тұрғаны;

·        Өзінің жағымсыз сезімдерін жасыруға деген ұмтылысты иықты қарсы қолдың саусақтарымен қысқаны арқылы байқауға болады;

·        Егер қолды көкірекее жинастырғанда бас бармақ жоғары қараса, ол адам өзінің дәрежесін жоғары санағаны;

·        Қолды айқастыру, сондай-ақ, қорқыныш сезімінің туындағанын көрсетеді;

·        Егер адам тамақ астын уқаласа, ол шешім қабылдау үстінде отыр;

·        Егер адамға өзінің шешімі жайлы айтуды сұрағанда ол аузына бір зат (саусақ, көзілдірік) салса, ол сенімсіз, алаңдауда, оған ойлануға уақыт керек болғаны;

·        Егер адам желкесін алақанымен сипап, көзін шетке тартса, ол адам өтірік айтуда;

·        Екі қолын беліне қойып, бір қолымен екінші қолының білегін ұстаса, ол адам ашулы, ренжулі күде және өзін «қолға алуға» тырысуда;

·        Адам ашулы болған сайын, оның арқасындағы қолылы жоғары көтеріле түседі;

·        Адамның өтірік айтқанын немесе шынайы еместігін көрсететін белгілер: басын, бет бөліктерін қолымен ұстауы, әсіресе, аузын, мұрнын, көзін, құлағын және мойнын;

·        Саусағын аузына салуы, қолдауды қажет еткені.

·        Саусақпен немесе тырнақпен устел бетін тарсылдату шыдамсыздықтың белгісі;

·        Егер айқасқан қолдару жоғарыда болса, бұл адаммен келіск қиын болады.

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен жастың елге тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.

Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда тым жақсы басталған таныстық қапелінде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір-біріне алғашқы  танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.

Нақты мезеттегі адамдар арасында  болатын қатынастар сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Дені сау, көңілі көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.

Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдаы қайырымдылық, ақөңілділік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмншілдік, өшпенділік, тұйықтылық пен өзімшілік-қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.

Ой-өрісі кең дамыған, тәжирибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе берммейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың  мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты санлы басқару мүмкін емес.

Қарым-қатынас жасау арқылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек, адам әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп  өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей.

Жас ұлайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық ерекшеліктерін қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық  қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілкке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс башылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясы үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып  баруға болады.

Адамдар арасындағы қатынастарының қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамным тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді.

Қарым-қатынас түбегейлі адамдық сұраныс бола отырып, дербес құндылық болады, себебі адам басқа адамды әрдайым қажетсінеді. Ол үшін маңызды дүние – бұл басқа адам, онымен қарым-қатынас, ортақ істі бірлесіп орындау, ниеттестік. Тек қана қарым-қатынас процесінде және тек сол арқылы адамның мәні көрініс табады. Қарым-қатынас жеке адам құрылымының маңызды факторларының бірі болып, оның әлеуметтануының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас қоғамның және адам өмірінің барлық жағын қамтиды. Адам басқа адамдармен қарым-қатынассыз өз өмірін елестете алмайды, себебі оның өмірі бүкіл адамзаттың сақталуына тікелей байланысты.

Ежелгі антик жылнамашылары Геродот, Плутарх, Светония, Ливия, Аристотель, Платон сияқты ғалымдар көсемдерді таңғажайып қасиеттердің иелері деп суреттеген. Күрделі әлеуметтік жағдайларда саяси лидердің қалыптасуына,жетістіктеріне кеңінен Н.Макиавелли тоқталды. Саяси лидардің қандай жолдармен жетістікке жететінін,соның әшәнде саяси жүйе арқылы ма,әлде өзіндік тәжірибесіне жүгінуімен немесе белгілі бір топтың әсер етуі көмегімен келгені туралы мәселелерін теория тұрғысынан қарастырады.. Мысалы, “саяси лидерлік бір немесе бірнеше адамдардың билігі,ұлт мүшелерінің қозғалысқа оятушылар” - деген Блондельдің көзқарасы болса, екіншіден лидерлікті статус тұрғысынан әлеуметтік бағдар және әлеуметтік рөльдер қатарынан қарастырған жүйелік-құрылымдық көзқарастар болды.Лидерлікті әсер ету қабілеттілігі тұрғысынан түсіндірген пікірлермен қатар,лидерлік құбылысын кәсіпкерліктің бір түрі жіне лидерлікті халық символы ретінде қарастырған бағыттар кездеседі. Лидерлік құрылымының негіздеріне лидердің жеке қасиеті,билік ресурстары құралдары,саяси жағдай жатады. Егер саяси лидердің билік бағдары мен рөлі тұрақты болса,ол радикалды өзгерістерге сирек ұрынады. Лидердің әлеуметтік жағдайға тәелділігін ,оны белгілі жағдайдың функциясы днп түсіндірген Стодильдің жағдацлық концепциясы лидердің қоғамға қатысты функциясын анықтайды.Саяси лидерлік мәселесін саяси билік, мемлекеттілік туралы түсінікпен, билеу формасының меншіктің 2 бөлінуімен анықталатындығын,меншік пен билікке ұмтылу олигархияны дүниеге әкеледі,саяси үстемдігін құрады деген Мэдисон, Токвиль, Харрингтон, Адамс, Гамильтон идеялары талқыланды. Саяси лидердің ұйымдастырушылық және басқару рөліне,бұқаралық әлеуметтік қозғалыстар арқылы түсіндіруге тырысқан орыс ғалымы К.И.Михайловскийдің пікірлері ескерілді.Тарихи үрдіс түсінігімен,саяси билік табиғатына саяси үрдістегі стихиялық пен саналықты үйлестіру мәселесі тұрғысынан қарастырған Маркс пен Лениннің анықтамалары қарастырылды. Лидерлік табысқа жету жолындағы билікке ұмтылыс,деп Шопенгауэрмен келісе отырып, қоғамды “лидерге” және “әлсіздерге” тағдыры өзгелердің қолындағы жандарға бөлуге негізделген деген Ницшенің көзқарасы пайымдалды. Саяси лидерлікті түсіндіруде саяси-философиялық бағыттағы жазбалар,сонық ішінде “лидер құбылысы ерік жігер көрінісі”-деп дұрыс шешім табуға ұмтылатын,дұрыс шешім қабылдай алатын тек шын саяси лидер деген Ясперс көзқарасы қарастырылды. Саяси лидерлік құбылысының психологиялық негіздеріне назар аударған Острогорский, Михельс, Брайс, М.Вебер еңбектері болды.Саяси қайраткерлерді қолдаудағы олигархияның ықпалы мен оның рөліне тоқталған еңбектерде де саяси лидерліктің технологиялық негізі көрсетілді. Билікке ұмтылу. Бұрынан бері ойшылдар мен зерттеушілерді қызықтыратыны, бұл адамдардың билікке ұмтылуы. Бұл мәселенің бір бөлігін ағылшын философы Дж.Гоббс (Т.Гоббс) қарастырған. Ал А.Адлердің (1870-1937) ойынша, адамның өмірі екі негізгі қажеттіліктердің күресімен анықталады. Бұл билікке және аса басымдылыққа жету қажеттіліктері мен әлеуметтік топқа деген тиістілігі, үйреншіктік қажеттіліктері. А.Адлер концепциясының орталығы «компенсация» түсінігі болып табылады. Мысалы, кішкентай бала өзін ересектермен салыстыра отырып, өзінің кемістігін ойлап отырып қайғырады («кемістік комплексі» термині осыдан шыққан. Кемістік комплексін жөндеуге деген ұмтылыс адамның даму процесін күшейтеді. А.Адлер: «Адам немен туылатыны маңызды емес, керісінше өзін қалай басқара алатыны маңызды», - деп атап кеткен. Белгілі бір жеріндегі зақымданған кемістік жетістікке жету стимулын тудыруы мүмкін. «Кемістік комплексін» жеңу процесін А.Адлер жоғары компенсация деп атаған, яғни дефектіні компенсациялайтын белсенділік қана емес, сонымен бірге функциялауды сапалы жаңа жетістікке көтеретін белсенділік болып келеді. А.Адлер өзінің теориясына мысал ретінде балалық шақта тілі мүкіс болған Демосфенді келтіреді. Ол ұзақ жаттығулар арқылы өзінің кемістігін ғана жеңбей, сонымен бірге ежелдегі ең ұлы шешендердің бірі болып табылады. Кемістіктері жоқ қарапайым адамның А.Адлердің көзқарасы бойынша, аса басымдылық пен әлеуметтік үйреншіктікке ұмтылудың арасындағы гармониялар бұл жетістік қабілеті. Осы арқылы, адам қоғамға пайдалы салаларда ғана біріншілікке жетуге тырысады деп есептейді. Сөйтіп, А.Адлер «Өмір сүру стилі» терминін енгізді Адамдардың өмірін қарастыра отырып, олардың үлкен жетістіктерге өздерінің индивидуалды қасиеттердің сапалылығын қандай екендігіне қарамай жететіндігі белгілі. Мысалы, Бальзак – жұмысын тез, асығыс орындайтын, ал Толстой-өте баяу жұмыс істейтін. Мұндай парадоксты «Іс әрекеттің индивидуалды стилін» түсіну арқылы білуге болады (Е.А. Климов). Е.А.Климов бойынша іс-әрекеттің индивидуалды стилі мынандай белгілермен байқалады: іс-әрекет тәсілдері мен құралдарының тұрақты жүйесі; бұл тәсілдердің индивидуалды қасиеттермен сәйкестілігі; шындықтың объективті талаптарына бейімделу үшін, әдіс-тәсілдердің өңделген жүйесінің тиімділігі. Іс-әрекеттің индивидуалды стилі, іс-әрекеттің тиімділігі бұл, индивидуалды қасиеттерде болған кедергілерді компенсациялайды Америкада саяси ғылымның негізін қалаған Г.Лассуэл (1930) жеке тұлғаның «Ядролық типтерін» бөлген және олардың бірін «Билікті іздеуші» ретінде қарастырды. Бұл типтегі өкілдер үшін билікке жету мотиві жүргізуші ролді ойнайды, ал биліктің өзі санасыз түрде сезетін кемістікті жеңу тәсілі болып келеді. Бірақ, бұл кезде жеке мәселелері қоғамда проекциялайды, индивидтің әрекеттері қоғамның қызығушылықтарымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, Г.Лассуэл жеке тұлғаның кеш билікке жету мотивін дамытуға көмектесетін, тәрбиелеудің қосымша шарттарын бейнелеген. Г.Лассуэлдің сызбасы «билікті іздеушілер» тұлғасының тек санасыз компоненттерін бейнелеуге ғана емес, сонымен бірге олардың саналы жүріс-тұрыстарын суреттеуге жарамды. Мысалы, өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтсіздікке ұшыраған адамдар, көбінесе саяси ортаға кіру арқылы, саналы түрде психологиялық компенсацияны іздейді. А.С.Пушкиннің трагедиясындағы Борис Годунов: «Мен жоғары билікке жетемін»-дейді. Көптеген адамдарға жетістікке жетуге, айналасындағыларға қарағанда бір нәрсені жақсы істеу, лидерлік позицияны алу тән. Жетістікке жету қажеттілігін алғаш Г.Мюррей, кейін Д.МакКлелланд(1965ж) зерттеген. Жетістікке жету қажеттілігі жеке тұлғаның тұрақты сипаттамасы болып келеді, яғни ситуацияның нақты мазмұнына тәуелсіз, кең аумағында көрінеді. Сөйтіп, МакКлелландтың зерттеуінің қорытындысы бойынша, саяси билікте орын алатын адамдардың 83%-і өздерінің жетістікке жету мотивациясының жоғары айқындығын көрсеткен, жалдамалы жұмысшылардың 21%-інде ғана бұл мотив байқалған. Зерттеулердің көрсеткіші бойынша жетістікке ұмытылу мотивациясымен сәтсіздіктен қашу мотивациясы- бір шкаланың екі түрлі шкаласы емес, керісінше тәуелсіз факторлар болып келеді. Кестнер мен Д.МакКлелландтың (1990ж) мәліметтері бойынша, жетістіктерге жету мотивациясы басым зерттеушілер мүмкіндіктеріне қарай күрделі деңгейі бойынша, орташа деңгейдегі тапсырмаларды таңдайды. Өйткені, мұндай түрдегі тапсырмаларды ұту не жеңіліске жету мүмкіндіктері тең деңгейде болған соң, жетістікке жету қажеттілігін максималды түрде тиімді қанағаттандыра алуы мүмкін. Ал сәтсіздіктерден қашу мотивациясы айқын зерттелушілер үлкен дайындықпен қарапайым тапсырмаларды немесе өте күрделі тапсырмаларды шешуді таңдайды. Мұндай жағдайда сәтсіздік сыртқы факторлардан көрінеді. Сонымен бірге әр саясаткердің бойында кездесетін талаптану деңгейін де атап кеткен жөн. К.Левин мектебінде-кез-келген адамның өзінің алдына күрделілігіне қарай қандай міндет қоятыны туралы мәселелер қарастырылған болатын. Бір адамдар максималды жоғары қорытындыларға жету үшін ұмтылып, көптеген қауіп-қатерлерге барады, ал басқа адамдар қолдағы барына қанағат етеді. Берілген феномен «талаптану деңгейі» деп аталады. Бұл жерде іс-әрекеттің объективті сәттілігі емес, керісінше жорамалданған және шынайы қорытындының субъективті сәйкес келуінің маңызы зор. Әлеуметтік-саяси жүйеде саясаткер- жүргізуші және ұйымдастырушы болып келеді. Сонымен, ол тиімді іс-әрекет ету үшін шешімдерді қабылдау арқылы, белгілі бір рольдерді ойнайды. Рольдер бір-бірімен тығыз өзара байланыста болып, бір роль екіншісіне қарағанда маңыздырақ болады. Сөйтіп, әлеуметтік рольдердің статустар иерархиясы құрылады. Әлеуметтік статус-бұл өзінің іс-әрекет ету жүйесіндегі ролінің орны, топтың бағалауы. Жоғары статустың әлеуметтік ролімен төменгі статустың әлеуметтік рольдері деп екіге бөлуге болады. Әлеуметтің статустың жоғарылығы-талаптарды, құқықтар мен жеңілдіктерді бөлуінен және берілген рольге байланысты санкциялардың интенсивтілігінен(күштілігінен) көрінеді. Жоғары не төменгі статус берілген қоғамдағы құндылықтар жүйесіне байланысты болады. Сонымен қоғамда әлеуметтік статус пен бірге жеке тұлғалық статуста қатар жүреді. Біріншісіне субъектінің белгілі бір топқа кіруі тән, ал екіншісі- бұл топтың ішінде жеткен орны болып келеді. Әлеуметтік пен жеке тұлғалық статус сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, ұрының жеке тұлғалық статусы қылмыстық ортада жоғары болуы мүмкін, ал әлеуметтік статусы өзі қылмыскер болған соң- төмен болып келеді. Ал саясаткердің жеке тұлғалық статусы саяси ортада- жоғары болуы мүмкін, әлеуметтік статусы да қоғамда- жоғары болуы мүмкін. Ең жоғары статусқа лидер ғана ие бола алады. Неге лидердің ролін басқа адам емес, тек сол адам ған өзіне ойнай алады? Бұған байланысты бірнеше теориялар бар. «Ұлы жеке тұлғаның» теориясы бойынша, барлық тиімді лидерлерде жалпы жан-жақты белгілері болады. Бірнеше лидердің ролінің өзі бірыңғай болмайды. Р.Бейлс бойынша лидерді мақсатты және әлеуметтік деп бөлген жоқ. Мақсатты лидер саяси мәселелерді шешуге, өнімді мақсатқа жетуге бағытталған. Әлеуметтік лидер-адамдардың арасындағы қарым қатынасына аса мән беріп (топтың ұйымшылдылығына) конфликтілерді шешуге, эмоционалды қолдау көрсетуге, топ мүшелеріне комфорт туғызуға тырысады. Лидерліктің функционалды теориясы бойынша, лидер болу үшін адамның бойында берілген ситуацияға қажет қасиеттің басым болуы керек, бірақ нақты ситуацияда лидердің ролін жақсы орындаған адам, басқа ситуацияларда лидерлік позиция алуға мүмкіндігі болады. Сөйтіп, жан-жақты лидерлік қасиеттер де болады. Сол арқылы лидерлік харизма қалыптасады. Харизма (грек тілінен charisma-сыйлық дегенді білдіреді)- бұл алдына бас идіретіндей қасиеттердің болуы. Харизматикалық лидерге- үнемі болатын жеңістер тән және жеңілістің өзі жетістік ретінде талқыланады. Мысалы, харизматикалақ лидер ретінде (Наполеон Бонапарттың әскери-саяси тактикасын жүзеге асырған) жатқызуға болады. Е.Кричевскийдің құндылықтар алмасу теориясы бойынша, топтың құндылықтарын толық іске асыра алатын адамдар ғана лидер бола алады. Берілген концепция бойынша, үкімет саясаткер болып білетін экономист емес, керісінше «қарапайым», «халықтан шыққан» адам-саяси істермен жұмыс істей алады. Саяси қайраткерлердің типологиясы: Лидер тұлғасының психологиялық негізін білу үшін лидердің әртүрлі белгілер типологиясы бойынша, құрылым тенденциясын қарастыруға болады. Мысалы, саяси қайраткерлерді өздерінің доминантты бағдарлану белгілері бойынша бөлуге болады. Американдық зерттеуші Дж.Стосинджер саяси қайраткерлерді «кресшілер» және «прагматиктер» деп бөлуге ұсынды. «Кресшілерге» кез келген практикалық мәселені таңдағанда басым болатын белгілі бір идеяға, көбінесе догмаға берілуі. Бұған мысал ретінде қайта құрылу кезеңінің басында болған социализмнің жолын қуған адамдарды айтуға болады. Бұрынғы партия жұмыскерлерінің көбісі барлық реформалық идеялар социализм принциптеріне сәйкес келе ме?- деген қағида бойынша қарастырды. Бірақ бұл идеялардың жүзеге асырылуы қоғамға қандай пайда келтіретіні оларды қызықтырған жоқ. «Кресшілерге» қарағанда «прагматиктер» - әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін саяси идеяларды қайта қарастыруға және ымыраға, келісімге келуге дайындық практикалық мақсатқа, сәйкестікке бағдарланады. Саясаткердің тұлғасын қарастырған кезде, адамның жеке тұлғалық белгілерін де қарастырған жөн. Әсіресе саяси тұлғаның ақыл ой деңгейі, ерік жігерінің күші үлкен орын алады. Сонымен бірге «тұлғаның когнитивті күрделілігі» дегеніміз тұлғаның әлеуметтік шындықты көруі мен бейнелеуінің өлшем саны. Шынайы өмірді қабылдауы мен бағалауы да жүйелілік деңгейі. Саясаткердің тағы бір қасиеті, бұл белгісіз ситуацияны қабылдау мен шешу қабілеті. Бұл белгісіз ситуацияда кез-келген бір ережелер, нұсқаулар не белгілі бір шешім қабылдаудағы тәжірибелер болмайды. Саясаткердің өзі шығармашылық, интеллектуалды ізденістеріне қарай шешім қабылдауға тырысуы қажет. З.Фрейд сипаттаған «нарциссизм» түсінгін де қарастырып кеткен жөн. «Нарциссизм» бұл жеке тұлғаның психо-эмоционалды ортасын сипаттайтын ұғым. Ситуацияны рационалды бағалауының негізінде және өзінің өзін-өзі бағалауымен, жеке талаптарының деңгейімен, қарым-қатынасымен байланысқан жеке эмоцияларының әсерінен шешім қабылдау осы қасиетке байланысты. Саясаткер саяси шешімдерді топта қабылдаған соң, онда топтық іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары мен топтың ішіндегі қарым-қатынасты ескеру керек. Саяси шешімдерді қабылдау барысында практикалық мақсаттардың арасында кейбір қарама-қайшылықтар пайда болады. Мұндай қарама-қайшылықтар шешім қабылдау процесінде қосымша қолайсыз қиындықтарды туғызуы мүмкін. Саяси шешім қабылдаудың бірнеше стратегияларын бөлуге болады. Біріншісі, бұл рационалды-идеалды шешім қабылдау дегеніміз ситуация диагнозының дәлдігін табу, міндеттерді шешу, әртүрлі жан-жақты информациямен қамтамасыз ету т.б. Ал «Мысал мен қателер» стратегиясы мақсаттардың, ситуацияны бағалауындағы дәл еместігімен толық емес информацияның алмасуымен ерекшеленеді. Бұл стратегияның негізінде көбінесе қате шешімдер қабылданады. Саяси практикада, бұл екі стратегиялардың арасында екінші стратегияға жақынырақ орташа көрсткіш қолданылады. Жалпы мұндай шешім қабылау қоғамның саяси мәдениетінің деңгейі мен оны басқаратын лидерлерге байланысты. Саяси шешімдерді қабылдау мәселесі өте маңызды болып келеді, өйткені процестерді басқару қабілетінен қоғам өмірінің мазмұны мен өмір сүру сапасына байланысты.

Көпшілікке қадірлі, ұжымда жетекшілік міндетті өзіне алатын адамдар да болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады. 1-ші лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушылар сыныпта музыкалық кеш өткізеді делік. Ол көптеген шығармаларды біледі, әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл арада өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетеді.Ол осы шараны өткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді. Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шараларды өткізуде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ далада түнейтін болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы маршрутты әзірлейді, топты қажетті құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де бітеді. 3-ші типі оқушы өзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл мүшелерінің «психологиялық үйлесімділігі» болады.



Топтағы тұлғааралық және өзара аралық қатынастар. Жанжалдар және оларды шешу жолдары.

Жоспары:

1. Топ пен ұжымның айырмашылықтары қандай?

2. Қарым-қатынас құрылымы және оның қызметі.

3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы. «Психологиялық үйлесімділік» дегенді қалай түсінесіз?

4. Субординация, қақтығыс дегеніміз не? Қақтығыстың себептері.


Топ және ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмай А.С.Макаренконың айтуынша ұжым бұл – бұл мақсат мүдделері, көзқарастары ортақ белгілі бір салт дәстүрі бар, өзін-өзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері де болады. Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Ұжым байланысына қарай контактілі және негізгі ұжым болып бӛлінеді. Контактілі ұжым – ол ұжымдық белгілірі бар бастапқы топ. Негізгі ұжым контактілі ұжымдардың бірігуі. Мысалы, студенттер тобы контактілі ұжым, ал факультетті негізгі ұжым деп қарауға болады. Тұлға ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады. Топтардың өзі шартты және нақты болып 2-ге бөлінеді. Шартты топ шынында болмайтын жалған топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Мысалы, спорт тақырыбына жазатын журналистер әлемнін таңдаулы футболшыларынан команда құрады. Олар әр елдің ең таңдаулы футболшыларын бір тізімге тіркейді. Бұл ойыншылардың ешқашан басы қосылмайды және олар ешқашан бір командада жарысқа түспейді. Бірақ құрама команда құрылды және ол шартты түрде бар деп есептелінеді. Яғни, шартты топта адамдар қатынаста болмауы мүмкін. Бірақ та бұл адамдар нақты топ ішінде өзара қарым-қатынасқа түседі. Ал, нақты топ дегеніміз біршама тұрақты, жалпы мақсат арқылы өзара байланысқан, өздері белгілі бір кеңістікте, азды-көпті мерзім ішінде аралас-құралас жүретін адамдардың нақты ұйымы. Бұл топтағы адамдардың 1-ден мақсаты бір, 2-ден мүшелері бір-бірін жете білуі керек. 3-ден мақсатқа жету жолында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактілі, оқшауланған, референт т.б. болып бөлінеді. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш-жігері соған жетуге жұмылдырған ортақ мақсаты болады. Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Қіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30-40 адамнан аспайды. Жанұя, өндірістік бригада, мектеп сыныбы, студенттер тобы, т.б. контактілі, реалды топқа жатса, концерт залындағы, футбол алаңындағы, автобус салонындағы отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Студенттер тобы, сынып оқушылары ресми топ болса, жанұя мүшелері, ағайын-туыс, дос-жарандар ресми емес топқа жатады. Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушы өз сыныбының мүшесі, футбол командасында және т.б. үйірме тобына мүше болуы мүше болуы мүмкін. Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Нақты топ - адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ өмір сүруі, мүшелерінің саны аз не көп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде өмір сүріп қызмет істейді.Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Формалды (ресми) және формасыз (бейресми) топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады. Мысалы, жоғары оқу орынындағы студенттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер штаты - мұның бәрі ресми топқа жатады. Формалды топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әp түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді.Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық жағдайлар, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін.1 Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа теріс әсерін тигізеді. Формасыз (бейресми) топтар ұнату, көзқарас бірдейлігі сенім жақындығы т.б. арқылы қалыптасады. Мұндай топқа ресми құжаттардың, тиісті нұсқаулардың күші жүрмейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, бірге қыдыру, отау тігу, дос-жарандық қатынастағы адамдардың тобы. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу, сыйлау қасиеттері жоғалатын болса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды. Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көзқарас, талаптары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам өзі нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін топқа кіреді. Сонда адам бұл нормаларды қолдап-қана коймай, оны қорғайды да, қажет болса насихаттайды да. Кейде былай да болуы мүмкін адам бір топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтын көзқарасын, нормасын қастерлеп, қадір тұтады. Басқаша айтқанда, тұлға үшін басқа топ үлгі эталон болып есептеледі. Мысалы, жеткіншек жоғары сынып оқушыларының немесе ересектердің тобына мүше болуға тырысады. Егер бұған онын қолы жетпесе, онда ересектер тобында орын алған мінез-құлық нормаларына еліктеп, соларға ұқсауға тырысады. 2. Қарым-қатынас психологиясы. Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым – қатынас дегеніміз - тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сөйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс, дене құрылысы, түс, иіс мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірнің болуы мүмкін емес. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін канағаттандырмау - біртіндеп оның мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Аристотель қарым-қатынасты қоғамдық өмірдің қажетті және жалпы көрінісі ретінде қарастырды. Ол алғаш рет қарым қатынас процесінің жалпы үлгісін (схемасын) жасаушы. Өзінің "Риторика" деген еңбегінде ұлы ойшыл: "...кез-келген қарым-қатынасқа кем дегенде үш элемент қажет. Олар: бет, сөйлеу, құлақ" - деп көрсетті. Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас – біркелкі, бұзылмайтын процесс. Коммуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі. Интеракция – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы. Перцепция – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты күрделі, өзгермелі, өзара байланысты жүйе ретінде қарастыра отырып оның бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады. 1.Ресми қарым-қатынас - қызметтік негізде қалыптасады, заңмен тұрақтанады, жарғымен, ережелермен реттеледі. 2. Ресми емес қарым-қатынас - жалпы қабылданған зандар мен талаптарды белгілі тұрақтанған ережеге бағынуды талап етпейтін адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Бұл ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т. б. себептер негізінде пайда болады. 3.Тігінен қарым-қатынас - бұл тұлғааралық байланыс, басшы мен оған бағынушылар арасындағы, көшбасшы мен басқа 2 ұжым мүшелері арасындағы байланысты көрсетеді, жалпы ұжымда ресми мәртебеге ие тұлға мен қалғандары арасындағы қатынас түрі. 4.Көлденеңінен қарым-қатынас - бұл бірдей мәртебеге ие ұжым мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасы. Ұжым ішінде тігінен және көлденеңінен қарым-қатынас түрлерін бір-бірімен салыстыруға, қарама-қарсы қоюға болмайды. 5.Іскерлік тұлғааралық қарым-қатынас - бірлескен іс-әрекет, қызмет барысында адамдар арасында болатын қарым-қатынас түрі. 6.Жеке қарым-қатынас - орындалатын іске тәуелді емес адамдар арасындағы қарым-қатынас. Іскерлік және жеке қарым-қатынас түрлері бір-бірін толықтырады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. 7. Рационалды тұлғааралық қарым-қатынас - адамдардың бір-бірі туралы білігі, басқа адамдардың оны объективті бағалауы жатады. 8. Эмоционалды қарым-қатынас - адамның адам даралығын қабылдауы. Бұндай қарым-қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде іске асырылады. Аталған қарым-қатынас түрлері ұжымды дамытуда, ондағы дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруда маңызды. 3.Топтағы адамдардың қарым-қатынасы. Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістерді пайдаланады. Мұны таңдау әдісі деп атайды. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено болды. Бұл обьективтік әдіс, бұны адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде қолдануға болады. Әлеуметтік психологияда социометрия яғни таңдау (шағын топтағы әлеуметтік қатынасты өлшеу) әдісін қолданылады. Бұл әдіс арқылы адамдардың іскерлік жағын, қарым-қатынасын білуге болады. Таңдау әдісін топ, ұжым мүшелері бірін-бірі жете білген жағдайда ғана қолдануға болады. Бұны жүргізгенде сұрақтарға жауап беру ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп аталады. Критерий күшті және осал болып екіге бөлінеді. Күшті критерий терең де тұрақты қатынасты, ал осалы - тұрақсыз және ат үсті қатынасты көрсетіп береді. Мысалы, «Бірге қызмет істейтін адамдардың қайсысымен бір еңбек бригадасында болуды қалар едіңіз?» деген критерийді күшті критерийге жатқызуға болады, Ал, «Қалаға саяхатқа кімді шақырар едіңіз?» деген осал критерий болады, өйткені ол ұзаққа созылмайтын, уақытша қатынасты қамтиды. Сыналушыға негативті жауап (теріс таңдау) беруді қажет ететін сұрақ та қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен емтиханға кіммен бірге дайындалғың келмейді?», «Сен туған күніңе кімді шақырмас едің?» т.б. Топтағы, ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеулерде бір адамдар басқаларға қарағанда көбірек белгілі, беделді болатынын көрсетеді. Біреулер қарым-қатынас жасауға шын ниетімен көбірек тартылады, ал екіншілері топтың өзге мүшелерімен сирек араласады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, сынып ұжымында төрт-бес оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен. «Басқаның жүрегіне жол таба білетін адам» адам қашан да көпшілікке жақын, белгілі болатыны аян. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады. Екінші бір адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенін аямай, олармен риясыз бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, сырт бейнесі факторларын да ескермеуге болмайды. Мысалы, оқушы өзінің қара күшке ие, мықты құрбысын құрметтейді. Топта, ұжымда әркімнің ӛзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы болады, көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден онымен мүдделес, әңгімелері жарасқан, ортақ істері бар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке өзара қатынаста болмайды. Олар дұрыс қатынас орнату үшін өзіне серік таба алмайды. Алайда мұндай адам топқа, ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол да іске қызу араласып өзіне жүктелген міндетті жақсы атқарады. Мысалы, оқушы өзімен бір үйде тұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа мектепте оқитын баламен достасады. Топта жұрт жек көретін, маңайына жуытқысы келмейтін адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда ӛзгелер оған жоламай, іргесін аулақ салуға тырысады. Психологтар топта кейбір жекелеген оқушылардың өзгелермен араласпай оқшау жүруі, 1-ден оқшау қалған оқушының сабаққа селқостығы, мұндай оқушылар сабақты нашар оқиды және сабақ үлгерімін жақсарту үшін ешбір талаптанбайды. Мұндай балалар сынып оқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне ешқандай қуанбайды да ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2- ден кейбір оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан болады. Ол оқушылармен өзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді. Кейде оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады. Көпшілікке қадірлі, ұжымда жетекшілік міндетті өзіне алатын адамдар да болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады. 1-ші лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушылар сыныпта музыкалық кеш өткізеді делік. Ол көптеген шығармаларды біледі, әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл арада өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетеді.Ол осы шараны өткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді. Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шараларды өткізуде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ далада түнейтін болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы маршрутты әзірлейді, топты қажетті құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де бітеді. 3-ші типі оқушы өзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл мүшелерінің «психологиялық үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» - топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның өзі ортақ істің табысты болуын және әр бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді. Егер екі және одан да көп адам арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе өзгелеріне ұнайтын болады деген сөз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас тәсілін жатырқамай дұрыс қабылдайды. «Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын екінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс қалу нәтижесінде де пайда болады. Психологиялық үйлесімсіздікке кейде адамдардың тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы, менмендігі себеп болады. Шағын топтың ұзақ уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттың әбден сарқылуынан да «үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анық білетіндігі соншалық, арасындағы өзара қатынаста еш қызық қалмайды. Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" (кейде мұны "әлеуметтік-психологиялық ахуал"деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, мүшелерінің өзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңіл күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Өзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады. Әлеуметтік кауымға біріккен адамдардың көңіл күйлерінің бірдей болып келуі ұжымдық көңіл күй болып табылады. Мұндай көңіл күйі көптеген адамдарды қамтуы мүмкін. Мысалы, ең алғаш ғарышқа адам ұшқанда барлық халқымыз қуанды. Мереке адамның көңіл-күйін туғызады. Сұрапыл апат, жер сілкіну, су тасқыны, соғыс адамдарды қайғыға батырады. Сөйтіп ұжымдық көңіл-күй мазмұнына қарай жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Өте жағымсыз ұжымдық көңіл күй үрей болып саналады. Кейде бұл жағдай кӛптеген адамдардың шырқын кетіреді, өмірдің, жұмыстың қалыптасқан ырғағына нұқсан келтіріп, қалыптасқан қатынасты бұзады. Ұжымның бір мүшесінің қайғысы басқалардың да жүрегін ауыртады. Жолдастың қазасы бүкіл ұжымды қайғыға батырады. Топта және ұжымда қоғамдық пікір орнайды. Қоғамдық пікір - әлеуметтік өмір фактілері, Ұжымдық қызмет және жеке адамдардың іс-әрекеті жөніндегі 4 бірыңғай баға. Қоғамдық пікірдің кейде ауқымы кең болады: елге, континентке, бүкіл әлемге тарайды. Халықаралық өмірдің соғыс пен бейбітшілік, экономика, дін, спорт мәселесі сиякты проблемалары туралы көптеген миллион адамдарда белгілі бір қоғамдық пікір туады. Алайда қоғамдық пікір кәсіпорын ұжымы, аудан, қала, село халқы сияқты шағын топты ғана қамтуы да мүмкін. Мұндай жағдайда қоғамдық пікір мазмұны топтың, жеке адамдардың ісі көлемінде болуы мүмкін. Қоғамдық пікір ұжымның, топтың, адамдардың өміріне, олардың бір-бірімен өзара қатынасына әсер етеді. Мысалы, мектепте қайсібір оқушы туралы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар арасында қоғамдық пікір болады. Оны бір топ оқушы, мұғалім қалыптастырып, солар қолдап, дамытуы мүмкін. Шағын топ көлеміндегі қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады. Егер мұндай пікірде адамның ісі мен мінез-құлқы жайлы пікірлер дұрыс көрсетілген болса, ол сол адамның өзіне де, топ, ұжымға да жақсы әсер етеді. Ал егер пікір жалған сөзге, өсекке негізделген болса, жаңағы адамның жүрегіне нақақтан-нақақ жара салады, ұжымдағы, топтағы өзара қатынасты да нашарлатады. Жарыс. Бұл, адамдардың, ұжымдардың, топтардың өзара қатынасы, мұндай қатынастың барысында жарысушы жақтар бірі-бірінің көрсеткішінен асып түсуге ұмтылып, бірінен-бірі озып кетіп жатады. Жарыс өзінің сипаты жағынан әлеуметтік болады, өйткені оның мазмұны қоғамның мүддесі мен талабына орайлас келеді. Жарыстың негізі неғұрлым мазмұнды болса, соғұрлым ол құнды болады: оқудың сапасын, шығарылатын өнімнің саны мен сапасын арттырады, спорттық нәтижелерді алға бастырады т. б. Оның бәсекеден айырмашылығы, жарыстың антогонистік пиғылы болмайды. Ол қарсыласынан басым түсуі үшін қандай да болсын арам қылыққа, қулық- сұмдыққа баруды қаламайды. Жарыс дегеніміз - адамдардың өзара байланыс жасау формасы. Сондықтан да ол ұжымның, топтың өз ішінде адамдардың бір-бірімен қатынасын ұштай түседі, оған бағыт-бағдар береді. Еліктеу. Әлденені өзіне пір тұтып, саналы не санасыз түрдe соған ұқсамақ болуды еліктеу дейді. Қоғамдық өмірде ол маңызды орын алады. Мысалы, оқушы кинофильмде өзіне ұнаған бір кейіпкеріне еліктеп, соның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, мимикасын өз бойына сіңіруге тырысады. Киім, шаш қою, үйдегі мебель, қарым-қатынас мәнері - бұлардың бәрі де еліктеу объектісі бола алады. Еліктеу көпшілікке тән әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қалай дегенмен де топтағы, ұжымдағы адамдардын өзара қатынасынан да орын алады. Ол сол бірлестікті құрайтын адамдардың ұқсас мінез-құлқының, іс- әрекетінің қалыптасуына жағдай жасайды. Бет алды еліктеу де, сондай-ақ ұшқалақтық жасап еліктеу де болады. Бұл әсіресе жас балалар тобында жиі кездеседі. Бет алды еліктеу екі адамның сөйлесуінен де көрінеді. Сөйлеу мәнерлері, сөз саптауы өзіне жат ортаға тап болған адам, біраз уақыттан кейін еріксіз түрде солардың әуенімен сөйлеп кететін болады. Сөйтіп, еліктеу, басқа да әлеуметтік-психологиялық құбылыстармен бірге топтағы, ұжымдағы адамдардын, өзара қатынасының мазмұны айналады.

"Медицина қызметкері –пациент” өзара әрекетінде жатқан қарым-қатынастың жалпы ережелері мен терең психологиялық механизмдерін ажырата білген жөн. 
Коммуникативтік қарым-қатынас – бұл ақпарат алмасу (мысал, хәл, өзін сезінуі туралы);

интербелсенді қарым-қатынас – тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ әрекеттермен де алмасу (мысалы, мейірбикенің манипуляцияны орындауындағы немесе пациенттің өтінішін орындағандағы);

перцептивтік қарым-қатынас – адамдардың бір-бірін қабылдауы, сенімге қол жету. Қарым-қатынастың бұл түрі біртіндеп қалыптасады және оңтайланады. 

Оған қоса қарым-қатынастың басқа да жіктелуі бар. Төменде келтірілгендер зиянды өзара әрекетке көбірек келгенімен медицинада жиі ұшырасады. 
А. "Бетперделердің контакты” – шынайы эмоцияларды жасырумен бірге және азырақ қызығушылықпен бірге болатын сыпайлық, әдептілік (адамды кәсіби алдын ала тексеруде кең тараған). Б. Қарапайым қарым-қатынас – пациентті шулайтын немесе бөгет болатын адам ретінде бағалау. В. Формалды-рөлдік қарым-қатынас – пациенттің тұлғасын танып білу оның әлеуметтік рөліне қызығушылықпен алмастырылады. Г. Іскерлік қарым-қатынас - серіктестік стилінің орнына авторитарлық стилін орнату.Д. Диагностикалық және емдік өзара әрекет жоқ рухани тұлғааралық өзара әрекет.Е. Пайда көру немесе марапат алу мақсатындағы манипулятивтік қарым-қатынас. Манипулятивтік қарым-қатынаста пациенттегі аурудың ауырлығы жалған түрде артуы мүмкін; әр түрлі тәсілдермен (дәріханамен контакт жасау арқылы) қымбат, сынақтан өтпеген дәрі-дәрмектердің ұсынылуы ықтимал; бағасы қымбат және қажеті жоқ процедуралар. Соңғы кезде өкінішке орай бұл кең тараған.

 Медициналық қызметкер үшін пациенттің туыстарымен жұмысты дұрыс ұйымдастыру ептілігі зор мән иеленеді. Ең бастысы – науқастың өзіне туыстарынан берілетін байбайламды, аласұруды жою. Медициналық ұжымда өзара қарым-қатынас болады. Өзар қатынас – бұл бір тұлғаны басқасына өзара позициясы, тұлғалық қауымдастық бойынша позициясы. Өзарақатынаста әрқашан "кері байланыс” орын алады. Өзарқатынас қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Іскерлік (қызметтік) өзара қатынас қызметтік, кәсіптік міндеттерді орындау кезінде құрылады, ресми құжатпен, нұсқаулықпен, жарғымен, бұйрықпен реттеледі (дәрігер-мейірбике-кіші медқызметкер). Ресми құжатпен олардың әрқасысының міндеттері айқындалады.

 Сол немесе басқа қызметті иеленген тұлға белгілі бір жұмысты орындауы, сондай-ақ қызметтік міндеттерден туындайтын іскерлік контакттарды ұстануы тиіс. Іскерлік тәуелділіктің бірнеше түрі болады.

1) іскерлік теңбе-тең қатынас. Бұл жағдайда ұжымның екі немесе бірнеше мүшесі, бірдей құқық пен міндет иеленіп, бірдей қызметтерді атқарады (екі мейірбике, екі дәрігер және с.с.);

2) іскерлік бағыныштылық қатынас. Медицинада: субординация принципі - өзара түсіністікке, өзара құрметтеуге, өзара көмекке, өзара жәрдемге, психологиялық түсіністікке негізделген қызмет бойынша төменнің жоғарырақ тұлғаға қызметтік бағыныштылығы (мейірбике-дәрігер, кіші медицина қызметкері -мейірбике). Бұл медициналық ұжымдағы жұмыстың өзегі болып табылады.

Емдеу мекемесінде даулар, жанжалдар кездесіп тұрады. Олардың (барлық даулар сияқты) объективті және субъективті болуы мүмкін. Объективті даулардың емдеу мекемесіндегі реалды (анық) қанағаттанарлықсыз жағдайларға байланысты болып келіп, көп не аз жеңілдікпен жойылуы ықтимал. Эмоционалды кернеуді алып тастаумен сабақтас субъективті даулар қиынырақ шешіледі. Олардың шешімін кейінге қалдырып, үшінші тұлғаны мәмілеге тартқан немесе жанжалдасушы тұсты проблеманың түкке тұрғысыздығына иландыру қажет. Бойларында тұлғалық сәйкессіздік дамитын науқастарды палатаға дұрыс орналастырмаған кезде даулардың болуы мүмкін. Сондай-ақ жанжал науқастардың немесе олардың туыстарының "дауға жақын тұлғалар” деп аталатын-истериялық қасиеттері, асоциалды агрессивті мінез-құлқы бар адамдармен қатынаста орын алады. Даулар топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қатынаста туындауы мүмкін шешімі қиын жағдай.

 Әдетте бұған мынадай себептер жетелейді:

1. топ мүшелерінің қызығушылықтары, құмарлықтары, мақсаттары, түрткілері, рөлдері арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы;

2. әр түрлі адамдар арасында қарсы күрестің орын алуы (басшы мен формалды емес көшбасшылар, формалды емес микротоптар арасында);

3. топ мүшелері арасындағы өзараәрекеттің және қарым-қатынастың фондық сипаттамалары ретінде теріс эмоциялар мен сезімдердің пайда болуы және тұрақты басымдығы. Даулы жағдайда: серіктесті сынап бағалауға; оған жаман ниеттерді жабыстыруға; өзіңнің басымдық белгілеріңді көрсетуге; дауға жауапкершілікке тек серіктесті кінәлауға; оның қызығушылықтарын елемеуге; бәрін тек өз позицияңнан көруге; ызаландыруға, айқайлауға, шабуыл жасауға; серіктестің "жаралы” тұстарын тырнауға болмайды. Дауды шешу үшін ең алдымен оның себебі мен зардаптарын зерделеу, өзіңе өзіңді басқарып, реттеп және кемшіліктерді жоя алатыныңды сендіру қажет.



Еңбектің психологиялық аспектілері. Кәсіпкерлік деңгейі. Мейірбике тұлғасына психологиялық талаптар.

Жоспары:

1. Мейірбике тұлғасына психологиялық талаптар.

2. Дәрігер парызы, дәрігер жауапкершілігі және дәрігерлік құпия;

3. Медициналық этиканы бұзу, кәсіби тозу синдромы;

4. Медицина қызметкерлері мен тұрғындарды тәрбиелеудің деонтологиялық және әлеуметтік-құқықтық аспектілері.


«Біз қазір үшеу боп тұрмыз — мен, сен және сенің ауруың. Егер екеуміз біріксек, ауруды жеңеміз, ал сен ауру жағына шықсаң, мен жеңілемін».

Ғұлама дәрігердің аузынан шыққан осы тәмсіл кейін талай ізбасарының аузымен айтылып, мыңдаған науқастың көкірегіне сенім ұялатты.

«Жақсы сөз — жарым ырыс». Дәрігер, ең алдымен, ауру адамды ықыласпен тыңдай білуі, жылы сөзімен үміттендіре білуі тиіс. Яғни жоғарыда айтылғандай, науқасты «өз жағына» тарта білуі керек.

Бізде қазір әлгі ғұлама сынды емен-жарқын әңгіме айтып, алдына келген кісінің еркін билеп алатын дәрігер бар ма? Жоқ деп айта алмайсыз, бар! Бірақ өте сирек. Керісінше қазір дәрігерден көрген «қорлығын» айтып, зар еңірейтіндер өте көп. Өкінішке қарай (!), олардың сөздерін толық жоққа шығара алмайсыз. Диагнозды дұрыс қоя алмай, дертіне дерт қосып беретіні өз алдына, науқастың жігерін құм етіп, өмірден түңілдіріп жіберетін де дәрігерлер бар. Немесе таныстарының (өзінің де үлесі болғасын, әрине — ред.) дәрілерін ретті-ретсіз тықпалайтын ақ халаттыларды да көріп жүрміз. Тіпті үстелінде тұрған медициналық карточкаңды қарауға ерініп, үйіңнен «іздетіп» қоятын, науқаспен жүре сөйлесетін, жұмыста «настроениесі болмай отыратын», кейде тіпті, қаумалап тұрған жұртқа қарамай, жұмыстан ертерек зытып тұратын дәрігерлерге де бой үйренді. Солай болуға тиіс сияқты…

Сондықтан да ақтөбелік белгілі дәрігерлер Ізбасқан Аймағамбетовтің, өкінішке қарай, бүгінде көп айтыла бермейтін деантология туралы мақаласын біз өте ықыласпен қабылдап, жариялап отырмыз. Бұл мақала жұртшылық арасында әжептәуір пікірталас тудырады деп сенеміз.

Республикамызда тұрғындарға медициналық көмектің сапасы мен мәдениетін көтеру, оның мамандандырылған түрлерін дамыту және кең ауқымдағы профилактикалық шараларды жүзеге асыру көп ретте медициналық деонтология — медицинадағы қажеттілік ілімі туралы таным принциптерін сақтаумен анықталады.

Деонтология (парызтану) бұл медицина қызметкерлеріне жоғары гуманистік, моральдық-этикалық талаптар, кәсіби деңгейін ұдайы жетілдіру, патриотизмге тәрбиелеу мен қалыптастырудың, халыққа, өз ісі пен парызына берілгендік негізі болып табылады. Сырқатты емдеу барысында дәрігердің деонтологиялық әдістерді оңтайлы қолдануы емделушінің бойында дертінің емге көнетіндігі туралы сенім мен үмітті нығайтады, сондай-ақ медицина қызметкерінің жоғары кәсіби дайындығының дәлелі болып есептеледі. Денсаулық сақтау қызметкерлері алдында Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында, ҚР Конституциясында, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтауды дамыту туралы Кодексте», мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру жолымен әрбір қазақстандықтың ұлт саулығын қалыптастыруға қатысу принципіне негізделген, «Саламатты Қазақстан» деп аталатын республиканың денсаулық сақтау саласын дамытудың 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері тұр.

Бірақ, өкінішке қарай, ЖОО-ларда студенттердің деонтологиялық ғылымды игеруіне жеткілікті көңіл бөлінбейді, соның салдарынан жоғары оқу орындарының түлектері деонтология туралы қарапайым ұғымның өзін түйсіне бермейді. Деонтологиялық тәрбие мен кәсіби білім беру бір-бірімен іштей байланысты. Моральдық-этикалық нормалар, ережелер мен талаптар дәрігердің сырқатпен, оның отбасымен және туыстарымен, жұмыста қызметкерлермен, әріптестерімен және жұртшылықпен өзара қарым-қатынасының күрделі ілімін игермейінше жүзеге аспайды. Дәрігердің сергектігі, мейірімділігі, қамқорлығы мен көңіл бөлуі, жоғары азаматтық парыз сезімі, тіпті ерлігі болмаса, емдеу барысында сырқатпен түсінісіп сыр ашу, емдеу тактикасының, диагностиканың, сырқаттың ерекшеліктері мен нәзік механизмдерін ұғыну мүмкін бе? Дәрігерді тәрбиелеу оның кәсіби біліктілігін жетілдіру сияқты диплом алумен біте салмайды, қайта дәрігермен өмір бойы жанаса жүретін тұрақты процесс болуға тиіс. Медициналық деонтология ұдайы дамып келеді, оның маңызы мен мәні халық, қоғам үшін өте жоғары. Дәрігер әлеуметтік және психологиялық тұрғыда жеке тұлға ретінде шектеулі аядағы емдеу қызметімен шектеліп қала алмайды, ол тұрғындардың жалпы мәдениетін көтеру мен тәрбиелеудің күрделі проблемаларын шешуге қатысуға тиіс. Деонтологияның медициналық-психологиялық аспектілерінің мәні де өсе түсуде, өйткені ғылыми-техникалық прогрестің табиғи және әлеуметтік салдары адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда көңіл-күй ауанының шиеленісуінің өсуіне, әр түрлі даулы жағдайларға, бейімделудің қиындықтарына әкеледі. Сөйтіп, одан да күрделі деонтологиялық проблемалар туындайды.

Медицина қызметкерлері сырқатпен, сонымен бірге дені сау адаммен қарым-қатынаста деонтология мен этика прициптерін қатаң сақтауға тәрбиеленуі тиіс. Профилактикалық медицинада өзіндік ерекшеліктер болады, өйткені дәрігерге сырқатпен емес, кәдімгі дені сау адаммен жолығысуға тура келеді, сондықтан да «дәрігер – сырқат» деонтологиялық схемасы өзгереді және дәрігерге өзінің дені сау адамдармен — олардың отбасылармен, жұмысшы ұжымдарымен және бір атап өтерлігі дәрігерге келуге, тексеруден өтуге өзінің уақытын жоғалтуды қаламайтын сау жандармен байланысты өзінің қарым-қатынасын қалыптастыру қажет.

Адам — табиғаттың тәжі

Медициналық деонтология дамудың ұзақ та күрделі жолынан өтті. Оның тарихы жарқын, талайлы оқиғалар мен деректерге де толы. Деонтологияның бастауы ежелгі кезеңнен басталады. Өзінің жақынына көмек көрсеткен алғашқы адам оны бақытсыздықтан құтқаруға ұмтылу сезімімен, аяныш сезімімен, жарасын жеңілдетсем деген ниетпен, басқаша айтқанда, адамгершілікпен жасаған. Медицинаның және оның басты өкілі — дәрігердің ерекшелігі адамгершілік, адам баласын аяушылық болып келгенін дәлелдеп жатудың қажеті бола қояр ма екен?! Алғаш рет Гиппократ өзінің атақты «антында» дәрігер ұстанымының моральдық-этикалық және адамгершілік нормаларын белгіледі. Гиппократтың ұлылығы бәрінен бұрын адамгершілікті алға шығаруында, ол адамды табиғаттың тәжі деп санады. Деонтология ұғымын ХІХ ғасырдың басында ағылшын философы Иеремия Бентам дәрігердің кәсіби ұстанымы туралы шарт ретінде дағдыға енгізді.

Деонтология — өз өмірін ең игілікті іске — адам денсаулығына қамқорлық жасауға өзін арнаған дәрігердің моральдық, этикалық және зиялылық бейнесі, дәрігер мен сырқаттың, оның туыстарының арасындағы өзара байланыстың қандай болуы керектігі туралы ғылым. Негізінде деонтология этикамен берік байланысқан. Бұл түсінікті де, өйткені парыз, әділеттілік, ар-ұят пен иман, жақсылық пен жамандық туралы ұғым, ақырында бақыт пен өмірдің мәнінің өзі этикалық категориялар. Белгілі бір деонтологиялық нормалар мен ережелер әрине, басқа да мамандықтарға тән. Алайда, сөздің тура мағынасында алғанда, адам өмірі мен өлімін «қолында ұстап тұратын» және қоғам мен отбасындағы қатынастармен, жеке адами, рухани, адамгершілік ұғымдарымен тікелей байланысты медицина, дәрігерлік секілді адам қызметінің түрін табу қиын. Дәрігердің сырқатпен қарым-қатынасы олардың алғашқы кездесуінен, кейде тіпті одан да ертерек, емделушінің медициналық құжаттарымен алдын-ала танысудан басталады, осы сәттен деонтологиялық талаптар күшіне енеді. Адам — әлемдегі барлық құндылықтардың ішіндегі ең жоғарғысы — медициналық деонтологияның маңызды принципі, гуманизмнің принципі осындай. Дәрігерге сырқатқа адами қатынас, риясыздық, әділдік, білімдарлық, қарапайымдылық, еңбек сүйгіштік, мәдениеттілік, көпшілдік, қоғамдық өмірге қатысу, Отанға сүйіспеншілік пен өз білімін ұдайы жетілдіру қасиеттері тән болуға тиіс. Тарих адамзаттың прогрессивті ыңғайдағы бөлігі үшін, аталған принциптердің кемшіндігіне қатысты барлық2 қиындықтарға қарамастан, гуманистік ағымдар ылғи да қолдау мен түсіністік тауып келе жатқандығын растайды.

Дәрігер сырқат адамға емдеудің қандай да бір әдісін, тіпті қауіпті, тәуекелді жолын немесе жаңа операцияны ұсынғанда, осы әдісті өзіне немесе жақын адамдарына да қолдана алатындай адамгершілік ережесін ылғи да есте сақтауы қажет.

Өмір бір орында тұрмайды, ол медицинаға, дәрігерлерге барған сайын жаңа талаптар қоя береді. Медицина ғылымының жетістіктері мен соңғы он жылдықтар практикасы адам өмірі үшін күресте дәрігерлердің мүмкіндіктерін көтерді, бүгінде осыдан жиырма жыл бұрынғы үмітсіз деп саналатын көптеген сырқаттарды, оның ішінде клиникалық өлім жағдайында тұрғандарды да құтқаруға жол ашылды. Адам өмірі үшін күресте қазіргі уақытта дәрігерлердің мүмкіндік аймағы бұрынғы жасанды демалдыру мен жүректі уқалаудан жасанды қан айналымы, гипербориялық оксидинация органдарын алмастыруға дейін жетті.

Медицинаның қандай да жетістіктерін қолдану күрделі материалдық шығындармен байланысты болады, оның үстіне ауыр сырқаттардың барлығын бірдей заманауи әдістердің көмегімен құтқарудың сәті түсе бермейді. Бірақ адам өмірі қасиетті болғандықтан, дәрігерлер ол үшін соңғы минутқа дейін күресуге тиісті. «Үмітсіз» сырқат деп аталатындардың дәрігерлік табандылық, төзімділік, емдеушінің нағыз ерлігі нәтижесінде толыққанды өмірге қайта оралған жағдайлары да аз емес. Адамды сүю парызы дәрігерден әрбір сырқат үшін, тіпті оның әр сағат өмірі үшін шексіз берілгендікпен күресуді талап етеді. Дәрігер халықтың өзі арқылы дерттен құтқарушы бар екендігін көруі тиістігін, сондай-ақ әр адам қандай ауыр жағдайға ұшырағанда да медицина мүмкін болғанның бәрін жасайтындығын білуі тиіс.

Дертті емес, сырқат адамды емдеу — медицинаның негізгі принциптерінің бірі. Деонтология мен этика принциптерін сақтамай ақиқат ем жүргізу мүмкін емес. Дәрігер «психологиялық кері байланыс» принципі бойынша өз әрекеттері мен ұстанымын бақылауы тиіс және сырқат адамның сәл ғана қас-қабағы қимылынан ахуалды жедел бағамдап, емдеу тактикасын дұрыс қалыптауға міндетті. Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде сыртқы ортамен адамның өзара әрекетінің кең ауқымдылығы адам және оның денсаулығы байланысының да тереңдігін көрсетті. Қазір денсаулық өлшемдерінің деңгейіндегі ғылыми-техникалық прогресс салдарларын кешенді бағалауды тек медицина ғана жүргізеді, сырқаттардың алдын алуды қамти отырып, тұтас аймақтарды, халықты сауықтыру жоспарларын жасайды, яғни басты орынға адамды шығарады. Адамзат қызметі мен білімнің барлық салаларына деонтологияның ықпал етуінің заңды түрдегі өрістеуі жүріп жатыр, бүгінгі деонтологияның басты нысанасы — сырқаттар ғана емес, дені сау жұртшылық. Осыған ыңғайлас ойды біз Гиппократтан табамыз, ол медицинаның бүкіл даналығы — ақшаға жеке көре қараушылық, ар-намыстылық, қарапайымдылық, сыпайылық, киім киюдегі ынсаптылық, құрмет көрсету, шешімділік, тазалық, ой молшылығы, өмір үшін қажет пен пайдалы атаулының барлығын білуі, ырымшылдық пен қорқынышты теріске шығару — дәрігердің қаруы болуы тиіс дегенді жазады. Гуманизм мен көзқарас ауқымының кеңдігі дәрігерлік қызметте көп ғасырлық тексеруден өтті. Дәрігер өз әрекеті мен өзін ұстауын «психологиялық кері байланыс» принципі бойынша бақылап, сырқат адамның кішкене де болса ниет білдіруін жедел түрде бағалап, дұрыс түзетулер енгізуі дұрыс. Медициналық техниканы дәрігерлік ойлауға, оның тәжірибесі мен сырқатқа психологиялық ұстанымына, оның рухани қалпына, жеке басының ерекшеліктеріне қарсы қоюға болмайды. Дәрігер қызметінің барлық тұстары, сөзсіз, әрбір сырқат адамның қайталанбайтын, жеке даралығымен байланысты, мұның өзі әр ретте де олармен өзара қарым-қатынасты жаңаша құруға итермелейді. Басқа ешқандай мамандықтарға тән емес қоғамдық қайраткер және азамат болып3 табылатын дәрігер-маманды қалыптастырудың ерекше күрделілігінің өзі осында, ол дәрігерден ауқымды білімділікті, жоғары жеке бас мәдениетін талап етеді. Бүгінгі күні өсіп келе жатқан бозбала мен бойжеткен өзінің ғұмырын медицинаға бағыштай отырып, мынаны айқын сезінуі тиіс: оның бойында осы мамандыққа икемділік бар ма, олардың әрқайсысы дәрігер болып қызмет атқара ала ма? Жас талап бұл қадамға бармас бұрын өзіне «сырттан көз салып», өзіне-өзі мынадай сауал қойып, оған толық айқындылықпен жауап беруі тиіс: мейлінше қысталаң жағдайда жақын адамға көмек көрсетуге ұмтылыс секілді қасиеттер менде бар ма, әрқашан да пайдалы болуға дайынмын ба, қоғамдық мүддені жеке бас мүддесінен жоғары қоя аламын ба? Егер бұл қасиеттер ішкі қажеттілікке айналса, онда дәрігер мамандығына бейімділік бар деп ойлауға болар. Егер жоғарыда баяндалған қасиеттер болмаса, поэзия мен сахналық өмірге үйрену мүмкін еместігі секілді медицинаға да, яғни дәрігерлікке келу қиын болары анық. Әрбір адамның, оның ішінде сырқат жанның ұғымында дәрігер жалпы адамға тән барлық жақсы қасиеттерді алып жүруші болып табылатындығы ақиқат нәрсе, сондықтан да одан сол құбылыстардың көрініс табуын күтуі де заңдылық. Дәрігер парызы, оның міндеті зардап шегуші адамның, сырқаттың мүддесін өзінікінен де жоғары қоюға жетелейді. Сырқат адам дәрігерге келгеннен кейін оған сенеді, ешкімге, ең жақынына да ашпайтын сырын ақтарылып, бөліседі. Бұны ылғи да есте ұстап, түсініп, бағалау қажет. Өзге адамның күйзелістеріне дендеп еніп, оған жанашырлық таныту үшін дәрігер үлкен рухани күшке ие болуы тиіс. Дәрігерге сырқатпен салқынқанды, ресми сауалнама жүргізумен бірге, шыдамдылықпен және қиындығына ортақтаса, достық рәуіште әңгімелескені жөн. Белгілі орыс дәрігер-ғалымы С. М. Боткин дәрігер адал дос ретінде сырқатты мұқият тыңдап, оның барлық қасіретін біліп, оларды жоюға көмектесуі, рухын көтеріп, оның тәнін сауықтыруы керек деп санады. Дәрігер бұнымен ауруды «еркелетпейді», тек қана өзінің қасиетті парызын орындайтындығын білуі керек. Дәрігерге пациенттер көбінесе сырқаттанудың негізгі себебі болып табылатын отбасылық, қызметтік және кәсіби тіршіліктегі өз қиындықтарын шешуге көмек сұрап келеді. Әрине, дәрігерге моральдық жауапкершілікті мойынға алу қиын, дегенмен ол кейде жағдайды біліктілікпен талдауға, өте сақтықпен кеңес беруге міндетті де.

Дәрігер сырқат адам үшін бедел иесі және әлеуметтік өмір мәселелерінде ғана емес, саясатта да ақпарат көзі болуы тиіс. Қазіргі заманғы жағдайда қоғамдық өмірдегі дәрігердің жеке тұлғалық рөлі сөзсіз өсе түсуде. Осыған байланысты адамның дәрігерлік қызметке жарамдылығы көрсеткіштері, кәсіби іріктеу үлкен мәнге ие. Медициналық білім басқаларына қарағанда мейлінше кең ауқымды, сондай-ақ дәрігер де орта медицина қызметкері секілді қай уақытта да неғұрлым ауқымды немесе бір саланы ғана таңдай алады. Дәрігердің жұмысында ұсақ-түйек деген болмайды. Дәрігердің сырт бейнесін емделушілер тиісті түрде қабылдайды. Үстіндегі халаттың кірлеуі мен тұла-бойдағы кез-келген күтімсіздік, сөз жоқ дәрігерге бедел әкелмейді. Бұл ең алдымен этикалық нормаларға қайшы келеді, сырқаттың дәрігерге деген сеніміне кіреуке түсіреді. Өмір дәрігерге бүкіл ғұмырында және практикалық қызметінде елеулі талаптар қояды, сондай-ақ оның еңбегін ерліке пара-пар етеді. Шынында да, дәрігер мамандығы — ерлікке тең. Ол жанқиярлықты, жан тазалығы мен діл ұлылығын талап етеді. Бұған кез келген адам қабілетті бола бермейді. Кез келген дәрігердің моральдық тұрғыдан таза бола бермейтінін де байқап қаламыз. Дәрігердің сырқаттың көз алдында бедел иесі болуы керектігіне дау жоқ. Дәрігер беделі терең кәсіби білім, сырқат адамның жеке басы ерекшеліктерін ұғына білу, оның жан азабы мен күйзелістеріне ене білу, емделушімен сыпайы тіл қатысу, неғұрлым тезірек және мүмкіндігінше толық сауығып шығуына қол жеткізу секілді жағдайлардан қалыптасады. Дәрігердің міндеттерінің бірі — өз қадір-қасиеті мен ар-ожданын биік ұстау, бұл оған деген сенім мен құрмет ахуалын орнатады. Рас, ол сырқатқа көмек көрсете отырып, кейде жекелеген емделушілер мен олардың туыстары тарапынан негізсіз талаптарды, ренішті сөздер мен бопсалауды да тыңдауына тура келеді. Кез келген дерлік басқа мамандық иелері мұндайда ондай сөз иесіне дөрекі жауап қайтарып, оған айқайлауына, тіпті бөлмеден қуып шығуына болады, ал дәрігердің қандай жағдайда да өзінің көңіл-күйі мен сезіміне ерік беріп, қызбалыққа салынуының жөні жоқ. Ол өзін-өзі ұстаудың, қадір-қасиет пен кәсіби парыздың үлгісі болуы тиіс, сырқат адамға қамқорлықпен, құрметпен қарауға міндетті, сондай-ақ өзіне сондай құрмет жасалуын күтуге де құқылы.

Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылар мен дәрігерлер қауымдастығы тұрғындарды медицина мен дәрігерге құрмет жасау рухында тәрбиелеуі тиіс, сондай-ақ медицина қызметкерін зәбірлегені үшін азаматтарды жауапкершілікке тарту мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Сонымен бірге дәрігердің өз қызметтестерімен жұмыс барысындағы секілді ресми қатынасты сырқаттарға және4 олардың туысқандарына қолдануы бедел әкеле қоймайды. Қадір-қасиетті биік ұстау, қажет жерінде қаталдық, сонымен бірге зейінділік пен мейірбандылық — бұл дәрігер беделін көтеруге жол ашатын қасиеттер.

Дәрігер үшін сырқат ең жақын, туыс адамы болуы тиіс, ал емделуші үшін дәрігер — өз өмірін қолына ұстатып, оған сенетін, сүйенетін адамы. Егер адам өз тағдырын дәрігерге тапсырса, оған сенетін болса, адам ретінде құрметтеуі, оның өз ісіне берілгендігін, осы шаруаның білгірі ретіндегі түйсінуін ерекше ілтипатпен білдіреді, мұндай жағдай сырқаттың өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жанашыр туыстарына да қатысты болмақшы. Дәрігердің емделушінің туыстарымен өзара байланысы әдетте пациенттің емге орналасуының алғашқы сәтінен және емханаға алғашқы келуінен қалыптасады. Бұл ретте тума-туыстарды аурудың диагнозы да, дерттің алдағы өрістеу деңгейі де мазасыздандырады. Олардың дәрігердің аузынан өздерін толғандырған барлық мәселеге қатысты жауапты шыдамсыздықпен және күйзеліспен күтетіні де табиғи жағдай. Сондықтан да мұндай әңгімелесу дәрігерден әдептілікті, сыпайылықты, қысқасы үлкен өнерді талап етеді. Дәрігер ешқандай алдауға бармай, болжамды диагноз, тексеру мен емдеудің жоспары туралы ақиқатты айтуы тиіс. Емделушінің жақындарына қажеттінің бәрі жүзеге асырылатындығын, сырқаттың көмексіз және қараусыз қалмайтындығын ұғындыруы қажет. Егер дәрігер сырқат болжамын үмітсіз деп есептейтін болса, бұл туралы туысқандарына сақтықпен айтуы, жанға ауыр тиетін хабарламаға оларды бірте-бірте даярлағаны жөн. Өте қауіпті жағдайдың өзінде кейде әрбір дерттің өз өрістеуі болатындығын және емдеу әсерімен алғашқы болжамдардың өзгеретіндігін айтқан дұрыс болмақ. Мұндай жағдайда сауалдарға иә немесе жоқ деген жауаппен шектелуге болмайтын да кездер кездеседі, ондайда үшінші түрді іздестіресіз. Тікелей ашықтық ылғи да орайласа бермейді, кейде туыстарға күрт мінез танытуға да тура келеді. Енді бірде диагноздың орнына оларға сырқаттың ерекшеліктері, оны емдеудің мүмкін жолдары туралы онсыз да жанұшырып жүрген адамдардың көңіліне кіреуке түсірмеу үшін әрбір сөзді салмақтап хабарлаған дұрыс болмақ. Сырқаттың туыстары олардың көзқарасы тұрғысынан қажетті қосымша тексерулер жүргізуге мәжбүрлейді, жаңа дәрі-дәрмектерді қолдануды талап етеді. Мұндай жағдайда қалыптасқан ширыққан ахуалды басу, көңілдегі түйіткілдер тетігін табу үшін түсінік бере білу, шыдамдылық, икемділік қажет болады. Туысқандардың кеңесшілер шақыру туралы табанды талабы ескерусіз қалмауы тиіс. Мұның өзі жақын адамның өмірін құтқару үшін барлығын, тіпті мүмкін еместі де жасау ұмтылысымен туындайтыны белгілі. Кеңес алуға қажеттілік болмағанның өзінде де табиғи адами әрекетке тыйым салуға болмайды. Басқа маманға көрсету пациентті де, оның туысқандарын да тыныштандырады, неғұрлым қолайлы психологиялық ахуалды құруға жағдай жасайды, ретсіз дау-дамай мен шағымды болдырмайды. Сырқат адам мен оның туыстарына жанама болса да басқа дәрігерлердің дұрыс емес әрекеттері туралы, мысалы, бұл пациентті бұрын емдеуші жөніндегі ыңғайсыз пікірлер айырықша теріс әсер етеді. Бұл сөз жоқ, дәрігердің өзінің ғана емес, сондай-ақ медицинаның да беделін түсіреді.

Тұтасынан алғанда келтірілген ұсыныстар қатып қалған қағида емес, өйткені дәрігер медицинадағы танымы әр түрлі адамдармен, мінез-құлық, тәрбие деңгейі өзара ұқсай бермейтін жандармен жүздесіп отырады. Олардың өздерінің жақын адамдарының дертіне қатысты көзқарастары да әр түрлі. Өкінішке қарай, жастай алған тәрбиенің кемдігі, өз пікірін жоғары ұстанушылық салдарынан дәрігерге сенімсіздікпен, теріс мінезбен қарайтындар да табылады. Жұртшылықтың парызы — медицина қызметкерлерін мұндай өрескел әрекеттерден қорғау болып табылады. Дегенмен, айта кететін бір ақиқат — дәрігер беделі оның өзіне және айналасындағы әріптестерінің ұстаным-қалыптарына байланысты.

Дәрігер өзімен-өзі қызмет етпейді, ол — медициналық мекеме ұжымының мүшесі. Ол ұжымдағы дұрыс өзара қарым-қатынастар қай тұрғыдан алып қарағанда да маңызды. Оның қалыпты болуы мекеменің емдік және ғылыми беделін, сондай-ақ сырқаттардың көз алдында дәрігер айбынын асырады. Әрбір дәрігер өзінің күнделікті қызметінде емделушілер алдында, тіпті түптеп алғанда қоғам алдында өзінің жеке және ұжымдық жауапкершіліктерін сезініп отыруы тиіс. Жеке жауапкершілік дәрігердің теориялық білімін тереңдету мен практикалық дағдыларын жетілдіру, өзінің қадағалауларын сыни тұрғыда талдау, қателіктерді зерттеу, аға буыннан үйрену және әдебиеттерді оқу негізінде кәсіби біліктілігін ұдайы көтеруге тұрақты ұмтылыстан бастауы алғаны жөн. Дәрігердің адал, тәртіпті және риясыз адам болуы қажеттігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Дәрігер сырқатты мемлекеттік қаржы есебінен (еңбекақысын ала отырып) емдеп, операция жасағанда, мемлекеттік медицина мекемесі қабырғасында ақы алатын болса, мұндай қылықты «жасырын практика» разрядына, яғни қылмысқа жатқызу қажет. Дәрігерлер қауымдастығы және мемлекет мұндай түрдегі құбылыстармен күрес жүргізіп, дәрігерлерді риясыз медициналық көмек рухында тәрбиелеуі қажет. Адалдық дәрігерлердің ісімен ұдайы сабақтаса жүріп, оның барлық ұмтылыстары мен ізгі ойларының негізіне айналуы тиіс, кәсіби риясыздық көрінісін қалыптастыру — дәрігердің жанкештілігі.

Маңызды деонтологиялық принциптердің бірі — шыншылдық. Шындықты талап ету дәрігерлік құпияны сақтауға қарсы келмеуі тиіс, сондай-ақ сырқат адамның тағдыры туралы өз ойларын, кейде барынша қайғылы болса да, оның туыстарынан жасырмауды қажетсінеді. Шыншылдық кез келген адам — сырқат немесе оның туысқандары мен әріптестер тұрғысынан да, тұжырымдар мен әрекеттердің асығыстығын, қате пікірді теріске шығарады. Дәрігерді тәрбиелеу процесінде тағы бір маңызды мақсат көзделуі тиіс, ол — негізінде сырқаттың ахуалын кәсіби сауатты бағалау, білімділікпен астасатын ақылға сай және саналы оптимизмге тәрбиелеу. Мақтаншылыққа бейім, дәлелсіз сенімділік, негізсіз шешімділік, өз тәжірибесі мен білімін асыра бағалау белең алған дәрігерлерді емдеу мекемесінің әкімшілігі мен аға буын өкілдері назардан тыс қалдырмауы тиіс. Мұндай қылықтарды батыл тойтарып отырмаса, оның соңы адам өмірімен бағаланатын өрескел, тіпті кей жағдайда қайғылы қателіктерге соқтырары анық.

П.А. Герцен дәрігердің темпераменттен басқа, әрекет ету үшін ғана емес, сонымен бірге өзінің шешімдері мен әрекеттерін дер кезінде тоқтата білу үшін де білім мен салқынқандылықтың мол қорына ие болуы қажеттігін айтты. Бұған мынаны қосуға болады: өз темпераментіне ие бола білуі, былайша айтқанда өз мінезін жүгендей білуі маңызды. Ятрогениямен күрес, яғни сырқатты дәрігердің ойланбай айтылған, ауызынан сәтсіз шыққан сөздермен жанын жаралауды болдырмау ерекше мәнге ие. Ятрогенді сырқаттар қатарына дәрігердің кінәсінен туындайтын жаны жаралануларды немесе дәрігермен қарым-қатынас яки медициналық әдебиеттерді оқу әсерінен күдікшіл адамдарда бой көтеретін келеңсіз жайларды жатқызуға болады. Дәрігердің дер кезінде айтқан сенімді ырғақтағы ақылға сыйымды, беделді де жылы сөзі сырқатқа қорқынышты жеңуге көмектеседі, оның сауығып кетуіне деген сенімін нығайтады. Дәрігердің қолайсыз пайдаланған сөздері сырқаттың жанын аяусыз жаралайды, тіпті ауыр, кейде қайғылы жағдайларға да соқтырады. Дәрігердің жай ғана жұбату сөзі сиқырлы сауықтыру күшін бере алады, керісінше иландыру күшін білмейтін немесе білгісі білмейтін дәрігердің сырқатқа қатал да суық үкімі шын мағынасында өлім әкеледі. Егер дәрігермен әңгімелескеннен кейін сырқат адам жанына жеңілдік сезінбейтін болса — ол дәрігер емес. Бұл тұжырымның мағынасы үзілді-кесілді болып көріне алмас, дегенмен медицинаның көп ғасырлық тәжірибесі қалай болғанда да сөз құдіретін растайды. Дәрігердің аузынан дұрыс шыққан сөз ешқандай боямасыз айтқанда ұлы өнерге жатады, дәрігер бұған өмір бойы үйренуге міндетті. Кейде дәрігерлер ятрогенияның (емқателіктің) сырқаттың өзі үшін ғана емес, сонымен бірге оның отбасы мүшелері үшін де қауіпті екенін ұмытып кетіп жатады, сырқатқа көңіл-күй ауанымен салғырт қарым-қатынас қайғылы жағдайларға соқтыруы мүмкін. Тәжірибелі дәрігерлердің өздеріне жақын туыстарын емдемейтіні және оларға операция жасамайтыны бекерден-бекер емес. Медициналық ұжымдарда қазіргі уақытта сырқаттың психикасын қорғау проблемасына іс жүзінде көңіл бөлінбейді. Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырудың ұзақ жылғы практикасында біздер медициналық ұжым мүшелерінің деонтологияның қарапайым қағидаларын өрескел бұзғандығының сан мәрте деректерімен бетпе-бет келуге мәжбүр болдық.

Бірнеше мысалдар келтірейік:

1) Жеткілікті жұмыс өтілі бар дәрігерге сырқат өзіне қатысты емге қанағаттанбайтындығын білдірген кезде, ол оған былай деп ашық мәлімдейді: «сені ешкім де емдей алмайды, өйткені асқазанның қатерлі ісігімен ауырасың, тіпті бір айдан кейін өмірмен қоштасасың» .

2) Екінші бір дәрігер асқазанның ойық жарасынан зардап шегушіге былай дейді: «сен қорсылдаған үй жануары секілді алдыңа келгеннің бәрін опырып жей бересің, әйелің де солай, сондықтан сені ешкім де емдей алмайды».

3) Тағы бір жағдайда дәрігер сырқаттың алдында өз әріптесі туралы былай дейді: «бұл дәріні саған қандай ақымақ жазып берген?».

Біз қызмет істеп жүргенде дәрігердің көрсеткен қызметі үшін бопсалаушылық жасағаны туралы емделушілерден шағым түскен кездері болды. Өкінішке қарай, бүгінгі күні де әдбен толып-піскен, өзін жоғары ұстайтын, қай жерде де өз даңқын асырып көрсетуге ұмтылатын дәрігерлер кездеседі. Олар кез келген мүмкіндікті пайдаланып, өзінің «бай» тәжірибесі мен білімін алға тартып, сөз арасында сыналатып бірқатар әріптестеріне жағымсыз пікір айтып, олардың қателіктері мен сауатсыздығын сырттарынан беттеріне басып отырады.

Егер оқырмандар мен медицина қызметкерлері тарапынан қызығушылық туындап жатса, алдағы уақытта медициналық деонтологияның мынадай маңызды буындары туралы әңгімелеп беруге болады:

1) Дәрігер парызы, дәрігер жауапкершілігі және дәрігерлік құпия;

2) Медицина ғылымындағы деонтология;

3) Медициналық этиканы бұзу;

4) Медицина қызметкерлері мен тұрғындарды тәрбиелеудің деонтологиялық және әлеуметтік-құқықтық аспектілері.

«Эмоциялық тұрғыдан күйіп кету» термині («күйіп кету») 1974 жылы америкалық психиатр Х. Дж. Фрейденберг енгізген (ағылшын burnout сөзінен –жанудың доғарылуы). Күйіп кету – тозу, мотивация мен жауапкершілікті жоғалту. «Эмоциялық тұрғыдан күйіп кету» термині Төмендегіні сипаттау үшін қолданылады:

  • Клиенттермен қарқынды және тығыз араласуда болатын

  • Эмоциялық тұрғыдан қызу атмосферада

  • Кәсіби көмек көрсетудегі

  • Дені сау адаманың психологиялық күйін

«Күйіп кету» (жанып біту) — Ұзақ жұмыс стрессінің салдарларына және кәсіби күйзелістің белгілі бір түріне байланысты симптомдар кешенін білдіретін психологиялық термин.

«Күйіп кету — жанашырлық үшін төленетін ақы» К. Маслач. ЭКК көмектесуші кәсіптегі, яғни адам-адам кәсібіндегі адамдарға тән. Кәсіби күйіп кету синдромы Бұл дене және эмоциялық тозу синдромы, Ол өзін-өзі жағымсыз бағалауды, Жұмысқа деген теріс көзқарасты және клиенттерге деген түсіністік пен жанашырлықты жоюды қамтиды. К. Маслач

Эмоциялардың толық немесе ішінара сөнуі нысанындағы психологиялық қорғану механизмі,

Сонымен қатар, соматикалық деңгейде де көрініс алады.

Тірлігің ешқашан таусылмайды, ал өмірің бітіп қалады.

  • Жеке жұмыс Мен жұмыста шаршаймын, себебі…

  • Кейде менің демалысқа уақытым қалмайды, себебі…

  • Жұмыстағы ең мазасыз күн болып мен үшін …табылады

  • клиенттер/пациенттер … кезде маған ауыр тиеді

  • Кейде бастығымның … ұнаймайды

Жұппен Мынаны талқылаңыз

  • Дәл өз басыңызды алғанда қандай себептер эмоциялық тұрғыдан күйіп кетуге әкелетінін талқылаңыз Адамдар неге күйіп кетеді? Шағын топтардағы жұмыс

ЭКК симптомдары

1) Дене – тән деңгейінде не болып жатады

2) Психологиялық – адамның ішкі дүниесінде, оның тұлғасына не болып жатады

3) Мінез-құлықтық – бұл адамның әрекеттерінен, жұмысында қалай орын алады.

4) Интеллектуалдық – ЭКК дамуына, оқуына, біліктілігін арттыруына қандай ықпал тигізеді

5) Әлеуметтік – айналасындағы адамдармен, әріптестерімен, әлеуметпен қарым-қатынасына қалай әсер етеді

ЭКК симптомдары Күйіп кету синдромына тән симптомдардың бес негізгі тобын ажыратады:  

  • ДЕНЕ

  • ЭМОЦИЯЛЫҚ

  • МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ

  • ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ

  • ӘЛЕУМЕТТІК

  • Дене симптомдары Шаршау, дене қажуы, жүдеу

  • Салмағының азаюы немесе көбейюі

  • Жеткіліксіз ұйқы, ұйқының қашуы

  • Жалпы денсаулық күйінің нашарлауы (соның ішінде сезінуі бойынша)

  • Тыныс алуының қиындауы, алқыну

  • Жүрек айнуы, бас айналуы, тершеңдік, діріл

  • Гипертензия (қысымның жоғарылауы)

  • Жүрек аурулары

  • Эмоциялық симптомдары Эмоциялардың жетіспеушілігі, эмоциялардың болмауы

  • Жұмыстағы және жеке өміріндегі пессимизм, цинизм және мейірімсіздік

  • Енжарлық пен шаршаңқылық

  • Фрустрация және пәрменсіздік сезімі, үмітсіздік

  • Ашуланшақтық, агрессия

  • Алаңдау, орынсыз мазасыздықтың күшеюі, зейін қоюға қабілетсіздігі

  • Торығу, кінәлілік сезімі

  • Еңіреп жылау. Истерикалар. Жан азабы

  • Мұраттарының немесе үміттерінің, кәсіби перспективаларының жойылуы

  • Өзінің немесе өзгелердің деперсонализациясының күшеюі. (Адамдар манекендер секілді келбетсіз болып кетеді)

  • Жалғыздық сезімі басым бола бастайды

  • Мінез-құлықтық симптомдары Жұмыс уақыты аптасына 45  сағаттан асады

  • Жұмыс уақыты кезінде шаршаңқылық сезімі пайда болып, үзіліс жасап демалғысы келеді

  • Тамаққа деген енжарлық; дастарханы жұпыны, ешқандай талғампаздық байқалмайды.

  • Дене жұмысының аздаған ғана мөлшері

  • Шылымды, ішімдікті, дәрілерді қолдануын ақтаушылық

  • Бақытсыз жағдайлар (мысалы, жарақаттар, құлау, апаттар және т.б.)

  • Импульсивтік эмоциялық мінез-құлық. Интеллектуалдық күй Жаңа теорияларға жұмыстағы жаңа идеяларға деген қызығушылықтың азаюы

  • Проблемаларды шешудегі баламалы жолдарға деген қызығушылықтың азаюы (мысалы, жұмыста)

  • Зерігудің, жабырқаудың, апатияның ұлғаюы немесе батылдығының, талғамының және өмірге деген қызығушылығының жойылуы

  • Шығармашылық тәсілдерге қарағанда, стандарттық шаблондарды, ескішілдікті қалауының өсуі

  • Цинизм немесе жаңашылдыққа деген немқұрайлылығы

  • Дамытушы тәжірибелерге аз қатысуы немесе мүлдем қатыспауы (тренингтерге, білім беруге)

  • Жұмысты формалды түрде орындау

  • Әлеуметтік симптомдары Әлеуметтік белсенділікке уақыты жоқ

  • Белсенділігінің төмендеуі және бос уақытын ұйымдастыруға, хоббиге деген қызығушылығының азаюы

  • Әлеуметтік байланыстары жұмысымен ғана шектеледі

  • Үйдегі де, жұмыстағы да басқа адамдармен қарым-қатынасының жұтаңдануы

  • Оқшаулану, басқаларды түсінбеу сезімі және басқалардың да оны түсінбеу сезімі

  • Отбасы, достары, әріптестері тарапынан қолдаудың жетіспеушілігі сезімі

  • Осы кезде ЭКК туралы бірыңғай ұйғарым жасалған

  • ЭКК үш негізгі компонентті қамтиды:

  • 1. эмоциялық жүдеу

  • 2. деперсонализация

  • 3. жұмыс өнімділігінің төмендеуі

1. Эмоциялық жүдеу эмоциялық болдыру және жұтаңдану, эмоциялық ресурстарының таусылу сезімі арқылы көрініс алады

2. Деперсонализация Дәл клиенттерге деген енжарлық немесе жағымсыз көзқарастың пайда болуына байланысты. Олармен байланыс формалды, немқұрайлы бола бастайды.

3. Өнімділіктің төмендеуі

өз құзыреттілігін бағалауы төмендеуі (өзін кәсіпқой ретінде жағымсыз қабылдау), өз-өзіне көңілі толмауы, өз-өзін тұлға ретінде жағымсыз қабылдау ретінде көрініс алады

ЭКК себептері ЭКК-де маңызды рөл атқаратын негізгі факторлар бар

  • Тұлғалық

  • Жағдайлық/ұйымдастырушылық

  • Тұлғалық фактор: Жасы

  • Сенімдерінің тым жоғары болуы/ өз-өзіне деген сыншылдық

  • Толығымен кірісіп кету, жанкештілік

  • Ауыр жұмысқа дайын болуы

  • Өзінің дербестігін дәлелдеу қажеттілігі

  • Авторитарлық

  • 2-тұлғалық фактор : Мақсатқа жетудегі мықты ұстанымы

  • «Жоқ» деп айта алмауы

  • Жауапкершілікті үлестірудегі қиындықтар

  • Өзін құрбан етуге бейімділік

  • Өзін-өзі төмен бағалау

  • Интроверттенуі

  • Ұйымдастырушылық фактор Жұмыс жағдайлары – қызметі мен жұмыс көлемінің уақытша параметрлері.

  • Жұмыс ерекшеліктері – байланыс тереңдігінің дәрежесі, эмоциялық салмақтың күшеуі.

  • Рөлі мен функционалдық қызметінің анықсыздығы, жауапкершіліктің тең бөлінбеуі

  • 2-ұйымдастырушылық фактор : Ұжымдағы қарым-қатынас (командалық жұмыстың болмауы)

  • Жұмыстың бірсарындылығы;

  • Жұмысты жүзеге асыруға жеткілікті дайындықтың болмауы

  • Нәтижесін өлшеуге келмейтін жұмыс

  • «Ынтасыз», өздеріне көмек беруге үнемі қарсылық көрсететін клиенттермен жұмыс істеу;

  • ЭККС-на әкеліп соқтыратын факторлар: Көмекші кәсіптегі жұмыс ерекшеліктері қалай болғанда да эмоциялық тұрғыдан күйіп кету синдромының пайда болуына себептеседі.

  • Қызметінің мазмұны: осал топтармен жұмыс қайшы сипатымен ерекшеленеді, себебі ол, бір жағынан клиентті жағымды жаққа өзгерту құлшынысына, ал екінші жағынан оның мінез-құлқына бақылау жүргізуге және тұйық және қатаң құрылымдалған нашақорлық мәдениетімен үнемі байланыста болуына қатысты.

  • Клиенттердің ерекшеліктері: осал топтармен жүргізілетін ынталандыру жұмыстары жеке тұлғалық тәсіл шеңберінде жүргізілуі тиіс, ол баға берусіз, олардың өткені, қазіргісі мен болашағына деген көзқарасты қабылдайтын қатынасты, сонымен қатар, олардың дамуына және өзіні-өзі іске асыра білуіне мүдделілікті білдіреді. Екінші жағынан, әрбір маманның дерлік клиенттерге деген баға берусіз көзқарасқа байланысты өз психологиялық бөгеті бар, ол әдетте не еленбей қояды, не жасырын болып қалады да, кәсіптік қызметте өзінің лайықты көрінісін алмайды. (емделуіне сенеді, емделмейтініне сенеді)

  • Қызмет пен жұмыс көлемінің уақытша өлшемдері: қызметтегі салмақтың өсуі, жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеу күйіп кетуге себептеседі. Мұны зерттеулер де дәлелдеп отыр, соларға сай жұмыс күнінің созылымдығы мен күйіп кетудің арасында нақты өзара байланыс бар.

  • Әріптестерімен қарым-қатынасының сипаты: жарғы белгілеген рөлдік қарым-қатынастар субъектінің ашылуына мүмкіндік бермейді, эмоциялық тұрғыдан ашық, сенімге тартатын араласуды білдірмейді, бұл адамның табиғатына қайшы келеді. Сонымен қатар, кәсіби дербестіктің, тәуелсіздік дәрежесінің де, маңызды, әлеуметтік мәні бар шешімдерді қабылдау қажеттілігінің де мәні зор. Әдебиетте сипатталған зерттеулерде (В.Бойко, В.Е.Орел) кері байланыс секілді фактордың маңыздылығы аталып өткен. Кері байланыстың болмауы «АККУМУЛЯТОР» эмоциялық жүдеу деңгейнің өсуіне және деперсонализацияға әкеле отырып және кәсіби тиімділікті төмендете отырып, күйіп кетудің түгел үш факторымен де арақатынаста болады.



Өмірді жоспарлау. Мансаптық және өзіндік өсу.

Жоспары:

1. Еңбек ұжымындағы басқару этикасы.

2. Дж.Ягер бойынша іскерлік этикеттің алты қағидасы.

3. Кәсіпкерліктің мақсатына қарай неше түрі бар?


Өндірісті басқару үрдісі тек техника, технология, экономикамен ғана емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі адамдардың моральдік-эстетикалық қарым-қатынас саласымен де байланысты болады. Басқару этикасы – басқару жүйесі қызметкерінің басқару үрдісінде адамдармен қарым-қатынасындағы өзін ұстай білу ережелерінің жиынтығы. Этика нормаларының қатыстық сипаты бар, яғни адамдардың қалыпты қылықтарының жағымды, жағымсыз жақтарын білу. Этика адам мінез-құлқын қоғамдық бақылау нысаны болып саналады. Ілтипат, қарапайымдылық, шынайылық, еңбек адамына неғұрлым зор құрмет – бұл басқару этикасының негізгі теориялық сипаттамасы. Оларды басқарма қызметкерінің мінез-құлық мәдениетінен көруге болады, олар, ең алдымен, - сыпайылық, қарапайымдылық, дәлдік, жауапкершілік, жоғары кәсібишілік, табандылық, өнімділік өзара іс-әрекетте өзін қалай ұстаса, бағынысындағылармен ресми емес жағдайда өзін солай ұстауы керек.
Іскерлік қарым-қатынастың қалыптасуы өте күрделі. Оны нақты бір адам – директор, жұмысшы, шебер, жабдықтау жөніндегі маман және т.с.с. – орындайтын жұмыстың белгілі бір функционалдық міндеттерінен тікелей көруге болады. Бұл міндеттердің табысты орындалуы адамдардың жеке ерекшеліктеріне, олардың қызметінің ұйымдастырылу деңгейіне және еңбек ұжымындағы моральдік-психологиялық климатқа байланысты болып келеді. Бұл факторлардың барлығы бір-бірімен байланысты ғана емес, олардың бір-біріне әсері де бар.
Еңбек ұжымында іскерлік қарым-қатынастар құратын принциптерді қарастырайық: - өз пікірін айту және бастамашылық; - бірлік; - ақпараттану;- бағынысындағыларды бағалаудағы әділдік; - еңбек пайдалылығын мойындау; - құрмет. Іскерлік қарым-қатынастар басқару қызметін атқару үрдісіндегі адамдардың өзара қарым-қатынастарына тікелей қатысты мінез-құлық нормаларына көңіл аударады. Олар қызметтік этика деп аталатын осы нормаларды сақтау маңыздылығын атап өтеді.  Басқару қызметкері үшін түрлі жеке және жалпы өндірістік міндеттерді шешуге жеке тұлғаны жұмылдыруда эстетикалық факторларды қолдану маңызды әрі өзекті болып табылады. 
Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпорын әкімшілігі станоктар мен жабдықтардың сыртқы қалпы, жұмыс киімі, цехтардың қабырғаларының түсіне, қызметкерлер мен басшылар жұмыс істейтін кабинеттердің жайлылығына, интерьеріне, демалыс бөлмесіне, сондай-ақ үй-жай мен ұйымға қарасты аймақты көріктендіріп, жасылдандыруға көп көңіл аударады. Еңбек өнімділігі, басқару әрекеттерінің нәтижелілігі осыған байланысты және эстетика саласына жатса да, бұлардың барлығының маңызы зор. Менеджердің киімі мен сыртқы келбеті – басқару эстетикасының маңызды факторларының бірі. А.П. Чехов адам бойында барлығы да – келбеті, киім киісі, жаны және ойы да сұлу болу керек деген. Қарапайым, әдемі, орынды және заманға сай киіне білу – адам мәдениетінің бір түрі. Басқарма қызметкерінің сыртқы келбетінің қарапайымдылығын және жақсы киім талғамын оның жалпы әрі кәсіби мәдениетінің басты компоненттерінің бірі деп санауға болады. Атап айтқанда, басшының сыртқы келбеті мен киім киісі айналасындағылардың оған деген қарым-қатынасын тудырады. Тек қана киімінің ғана емес, барлық сыртқы келбетінің (шаш қоюы, жүріс-тұрысы) ұқыптылығы оның ерекше сипаты болуы керек.
Этикеттің бірнеше түрі болады: - сарайлық – монархтар сарайында бекітілген тәртіп пен қызмет көрсету түрлері; - дипломатиялық – түрлі кездесулер, сөйлесулер кезінде қызметкерлер мен ресми тұлғалардың өздерін ұстау ережесі; - әскери – әскерде тәртіп құратын жалпы ережелер мен нормалар жиынтығы; - жалпы азаматтық (кеңестік) – азаматтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде сақтайтын ережелер, дәстүрлер және шарттылықтар; - іскерлік – іскерлік, қызметтік қарым-қатынас кезінде ережелер жиынтығы. Ол іскер адамның кәсіби мінез-құлық моралінің ең маңызды жағы болып саналады. Этикет талаптары, соның ішінде іскерлік этикет талаптары, тұрақты емес, олар уақытпен бірге өзгеріп отырады. Саналы ой ғана іскерлік этикет тәртіпті ұйымдастырып, сақтауға, уақытты үнемдеуге және басқа да саналы мақсаттарға жеткізетінін айтып өтеді. Бостандық: іскерлік этикет ережелері мен нормалары болып, орындалып жатса да, олар бизнесте серіктестік таңдау еркіндігіне, тараптар арасындағы келісімнің орындалу әдісін таңдау еркіндігіне кедергі болмауы керек. Еркіндік, бостандық дегеніміз - ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерге, түрлі пікірлер мен көзқарастарға сабырлықпен қарау. Әдептілік : іскерлік этикет мейірімділікке бағытталған және адал, әділ болуы керек.  Жайлылық: іскерлік этикет нормалары мен ережелері бизнестегі серіктестер үшін ыңғайлылық, жайлықты қамтамасыз етеді; олар іскер адамдарды ыңғайсыз жағдайда қалдырмауы керек, іскерлік қарым-қатынастардың дамуына кедергі болмауы қажет. Барлығы да – қызметтік кабинеттің жабдықталуы, киімдері, сөйлесулер жүргізу ережелері ыңғайлы болуы керек, яғни барлық қатысушылар да бірдей деңгейде жайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі. Мақсаттылық: іскерлік этикеттің әрбір алғышарттары мақсаттарға қызмет етеді.Себебі іскерлік қарым-қатынастар (ашылу рәсімі, сөйлесулер, іскерлік әңгімелесулер және т.б.) түрлерінің нақты мақсаттары болады. Үнемділігі:ұйымның хаттамалық бөлімінде «қол жетімді құн жетекшілік етуі керек, себебі іскерлік қатынастар этикасы ұйым үшін қымбатқа түспеуі керек.
Консерватизм: сенімділік, тұрақтылық, төзімділік – іскерлік әлеміндегі тартымды сипаттар. Киім киісіндегі, мінезіндегі консерватизм, дәстүрлерді ұстанушылық тиянақтылық және ұзақ мерзімділікті білдіреді. Өзін еркін ұстау: этикет нормалары шынайы, онда қобалжу, алаңдаушылық болмайды, оңай қолданылады. Оларды сақтау үшін ешкімге қысым көрсетілмей, психологиялық мәжбүрлеу болмауы керек. Жан-жақты болу: этикет нормалары іскерлік қатынастардың әр тараптарына бағытталады. Тиімділік: іскерлік қарым-қатынастар стандарттары келісшарттардың орындалу мерзімінің қысқаруына, ұйымдағы дау-жанжалдардың азаюына ықпал етеді. Дж. Ягердің іскерлік этикеттегі алты қағидасы
Этикет мінез-құлықтың сыртқы формаларын қалыптастыруды болжаса да, ішкі мәдениетсіз, этикалық нормаларды сақтаусыз іскерлік қатынастар құру мүмкін емес. Дж. Ягер өзінің «Іскерлік этикет» кітабында этикетпен байланысты әрбір проблема - мақтанқұмарлықтан бастап, сыйлықтар беруге дейінгі әрекет этикалық нормалардан шықпау шарт. Іскерлік этикетте мәдени мінез-құлықтар мен адамдарға құрметпен қарау ережелері сақталып отырады.
Дж. Ягер өзінің кітабында іскерлік этикеттің алты қағидасын жазған: 1) барлығы да уақытында орындалуы керек.Кешіккендік тек жұмысқа ғана кедергі келтірмейді, сонымен бірге адамға деген сенімді жоғалтады. «Уақытында» принципі есептерге және сізге берілген барлық тапсырмаларға да қатысты; 2) көп сөйлемеңіз. Бұл принциптің мәні – сіз ұйымның немесе нақты келісімнің құпияларын өз жеке басыңыздың құпиясы сияқты сақтауға міндеттісіз. Қызметтестеріңіз бен басшыларыңыздан естігендеріңізді немесе бағынысыңыздағылардың жеке өмірі туралы ешкімге тіс жармаңыз; 3) сыпайы, мейірімді, ашық жүзді болыңыз. Клиенттеріңіз, тапсырыс берушілеріңіз, сатып алушыларыңыз, қызметтестеріңіз немесе қол астындағыларыңыз сізге қалай тиссе де, сіз сыпайы, сабырлы болуыңыз керек; 4) өзіңізді ғана ойламаңыз, басқаларды да ойлаңыз. Тек клиенттер мен сатып алушыларға ғана емес, қызметтестеріңізге қол астындағыларыңызға да көңіл бөліңіз. Қол астындағыларыңыздың сын сөздері мен кеңестеріне құлақ салыңыз. Сіздің жасаған жұмысыңызға біреу күмән келтірсе, бірден ашу шақырмаңыз, басқалардың сыны мен тәжірибелерін бағалайтыныңызды көрсетіңіз. Өзіңізге деген сенімді болсаңыз да, сыпайы, қарапайым болыңыз; 5) орынды киіну керек; 6) жақсы тілмен айтып, жазыңыз. Іскерлік этикет мінез-құлық нормалары мен ережелерін ұзақ уақыт бойы іріктеу нәтижесі болып табылады, ол іскерлік қарым-қатынастардың табысты болуын қамтамасыз етеді. Іскерлік этикет ережелері, өзін ұстай білу мәдениеті әлемдегі барлық бизнесмендердің экономикалық және қаржылық мүдделерінің жақындасуына ықпал етеді.
Кәсіпкерлік істің сан алуан түрлерін істің түріне қарай, меншік формасына қарай, иелік етуіне қарай, ұймдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық түрлеріне қарай, жалдама еңбекті пайдалануына қарай, т.б. әр түрлі нышандары бойынша классификациялауға болады. Солардың кейбіреуін алып қарастырайық.

Кәсіпкердің істі түріне немесе мақсатына қарай өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік (консультативтік) деп бөлуге болады. Аталған кәсіпкерлік істің түрлері жеке түрде немесе бәрі бірге қызмет ете алады.

Меншік формасына қарай кәсіпорын мен оның мүлкі жеке меншік, мемлекеттік, жергілікті, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің (ұйымның) меншігі болуы мүмкін. Мемлекет бұл жерде жоғарыда аталған меншік формаларына ешқандай шектеуді немесе артықшылықты, басымдықты қоя алмайды.

Меншік иелерінің санына қарай кәсіпкерлік іс жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік істе меншік иесі жеке тұлға болып табылады. Ұжымдық меншік жағдайында мүлік бірнеше субъектілерінің иелігінде болады және ол үлестік меншік немесе жалпы меншік болып бөлінеді. Мүлікке иелік ету, пайдалану, басқару меншік иелерінің келісімі негізінде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік істің түрлерін өз кезегінде ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады. Ұйымдастыру-құқықтық кәсіптік іс түрлерінің қатарына шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, кооперативтер жатады.

Шаруашылық серіктестіктер (толық) – арнайы кәсіпкерлік іспен айналасуға арнайыы құрылған тұлғалардың бірлестігі. Серіктестіктер кәсіпорындарды ұйымдастыруға екі немесе одан да көп әріптестер шешім қабылдағанда құрылады. Серіктестіктердің артықшылығы қосымша капиталды тартудың мүмкіндігінің болуы. Сонымен қатар бірнеше меншік иелерінің болуы әріптестердің әрқайсысының білімі мен біліктілігі кәсіпорын ішінде мамандануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік істің бұл түрінің кемшілігі – қатысушылар салым көлеміне қарамастан толық материалдық жауапкершілікте болады.

Командиттік серіктестіктерде қатысушылардың бір бөлігі толық жауапкершілікте, ал екінші бөлігі шектеулі жауапкершілікте болады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер екеуден кем емесе азаматтардың немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік істі жүзеге асыруға керекті салымдарын біріктіруі арқылы құрылады. Жауапкершілігі шектеулі қатысушылар өз салымының шегінде ғана жауап береді. Ал капиталды басқарушылар өз мүлкіне толық жауапкершілікте болады.

Акционерлік қоғамдар – кеңінен таралған форма. Ұйымдасудың басқа түрінен айырмашылығы акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар – акцияны сату арқылы керекті капиталды тарта алады. Бұл жерде қатысушы акционерлердің жауапкершілігі сатып алған акциялардың жауапкершілігі сатып алған акциялардың шегінде ғана болады.

Акционерлік қоғам. Өзінің жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғамды бір адамның құруы немесе бір адамнан тұруы мүмкін. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып та кездеседі. Ашық АҚ қатысушылары басқа акционерлердің келісімінсіз өз акцияларын басқа біреулерге сата алады. Бұндай АҚ өздерінің шығарып жатқан акцияларын еркін сата алады, сонымен бірге көпшіліктің назарына жыл сайын жылдық есеп беруде, бухгалтерлік баланста пайда мен шығын есептерін жариялап отыруға міндетті.

Жабық АҚ шығарылатын акциялар тек құрылтайшылар арасында немесе алдын ала белгіленген тұлғалар арасында бөлінеді. Бұндай қоғамның шығарылатын акциялары көпшілікке жарияланбайды.

Жабық акционерлік қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлерінің акцияларын сатып алудағы мүмкіндіктері жоғары. АҚ-ның құрылтайшы құжаты – қатысушылар бекіткен жарғы болып табылады. Оның ішінде жалпы мәліметпен бірге қоғамның шығаратын акцияларының категориялық жағдайы, оның номиналдық бағасы және саны көрсетілуі керек, қоғамның жарғылық капиталының мөлшері акционерлердің құқығы, басқарушы органдардың құрамы мен міндеті және олардың шешім қабылдау тәртібі болуы тиіс.

Кооператив - өндірістік және басқа да іспен бірлесіп айналысу үшін тұлғалардың тобы бірігіп құрған кәсіпорын. Кооперативте оның мүшелері еңбек етуі немесе басқа іспен айналысуы шарт. Сонымен қатар олар мүліктік, үлестік жарналарын біріктіруі шарт.

Кәсіпкерлік істің негізгі ұйымдастыру-экономикалық формаларына концерндерді, ассоциацияларды, косорциумдарды, синдикаттарды, картельдерді, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.

Концерн – кәсіпорынға қатысу жүйесі арқылы бақылау жасайтын көп салалы АҚ, кәсіпорындардың неғұрлым дамыған бірлестігі. Концерн өзінің бөлімшесі болып табылатын әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциациялар – экономикалық тұрғыда дербес кәсіпорындардың, ұйымдардың ерікті бірлестігі., қауымдастығы.

Ассоциация құрамына әдетте анықталған жерлерде орналасқан біртекті мамандандырылған кәсіпорындар кіреді. Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа мақсаттарды бірлеспі шешу.

Консорциум – ірі қаржылық операцияларды бірлесіп өткізу мақсатымен құрылған кәсіпкерлердің бірлестігі, шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалардың уақытша одағы. (Мысалы, ірі өндірістік жобаға елеулі инвистициялауды жүзеге асыру). Кәсіпкерлердің бір бірлестігі құралдарды ірі жобаға салым жасауға мүмкіндік береді, бұл жерде ірі салым кезінде пайда болатын қауіп деңгейі елеулі төмендейді, өйткені жауапкершілік көптеген қатынасушыларға бөлінеді. Ғылыми-техникалық революция  жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қарастырады.

Синдикат – бір саладағы кәсіпкерлерді өнімнің өткізілуіне артық бәсекелестікті жою мақсатымен біріктіру.

Картель – бір саладағы кәсіпорындар арасындағы өнімнің қызмет бағасы, өткізу нарыған бөлу жалпы өндіріс көлеміндегі үлес туралы келісім, кәсіпорындардың баға, өткізу нарыға, өндіріс пен өткізім көлемі т.б. туралы келісім.

Кәсіпкерлік істің жаңа ұйымдастыру-экономикалық формасы ретінде қаржылық-өнеркәсіптік топтар қызмет етеді. Олар өнеркәсіптік, банкілік, сақтандыру және сауда капиталдардың, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың ақыл-ой потенциалының бірлестігі болып табылады.







Қолданылған әдебиеттер:


  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.: 2001

  2. Жұмасова Қ., «Психология»

  3. Аймауытов Ж. Психология. Алматы, 1995

  4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.:1980

  5. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, «Қазақ университеті», 1992ж.

  6. Алдамұратов Ә. Жалпы психология, Алматы, «Білім» 1996ж.

  7. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ., Психологиялық орысша- қазақша сөздік, Алматы,1976ж.

  8. Годфруа Ж. «Что такое психология?» В 2-х т. М.:1992

  9. Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. М.:2004

  10. Елеусізова С. Қарым қатынас психологиясы, Алматы,1995ж.

  11. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О., «Жантануға кіріспе», Алматы,2000ж.

  12. Жарықбаев Қ., Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары, Алматы, 2000ж.

  13. Жарықбаев Қ., Қазақ психологиясының тарихы, Алматы 1996ж.

  14. Лекции по психологии индивидуальности. М.: 1996ж.

  15. Мұқанов М., Ақыл ой өрісі, Алматы 1980

  16. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. 2т. Шымкент 2007

  17. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. 3т. Шымкент 2009

  18. Рогов Е.И. Настольная книга пактического психолога. М.:1996

  19. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. Ростов-на-Дону, 2002.Колесников В.Н.

  20. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002 Колесников В.Н.

  21. Тәжібаев Т. Жалпы психология- 2000, Шадриков В.Д.. Способности человека. М.Воронеж, 1997

  22. Фрейд З. Основные психологические теории в психоанализе. Спб 1998

  23. Юнг К. Современный психоанализ. М.:1997

  24. Юнг К.Проблема души нашего времени М.:1994

  25. Фресс П., Пиаже Ж. Эксперментальная психология М.:1972


40


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!