Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Психологияда құм терапиясы қолдану маңызы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Құм терапиясын қолданудың маңызы
Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі-бейнелік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды ,көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Құм терапиясының маңыздылығы:
Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.Іште туындаған қиын жағдайларды ,шығармашылық потенциалдарын босатады.
Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептері де бар.Құммен сурет салу өнері-жай, қолжетімді ,аса қымбат емес қызықты іс.
Терапия-емдеу деген ұғымды білдіреді , ал құм терапиясы-бұл құммен емдеу, ол жерде ешқандай дәрі де қажет емес.
«Біздің ойлап жүргенімізді қолымыздың көмегі арқылы шешуге болады»
Карл Густав Юнг
« Құм терапиясы» қағидасы аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен “әлектенуінің ” қажеттілігі , оның құрлысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жахандағы Өмірді көреді.
Құм-миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған Құм-өте ұсақ ақ түсті,сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады.Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенін сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б жасай бастайды.
Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драммалау ,ойын процесіне кіреді.
Бәрімізге таныс зат бұл жай ғана-құм. Бірақ шын мәнінде бұл
таңғажайып керемет материал.Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ бұл құмнан жасалған фигураларда шашылып ,тіл алмай қоюы да мүмкін.Балалар сағат сайын үйлер, фигуралар жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруіде мүмкін.Ғаламторда құм жайлы көптеген мағлұматтар
бар. Соның ішінде менің тапқаным құммен ойын туралы 1929 жылы Англияның педиатры Маргарет Ловенфельд жазған екен. Арнайы құм салынған ыдыста балалар өздеріне ұнаған фигуралармен суды пайдалана отырып, әр түрлі композициялар жасаған. Балалар өздерінің жасағандарын «менің әлемім» деген екен және Ловенфельд өзінің техникасын «Әлемнің құрылуы» деп атаған екен.Қазіргі заманның құм суретшілері құмнан портрет , пейзаждар,мультфилмдер жасайды. Құммен сурет салу техникасы қазір өте танымал. Құм өнері барлық әлемге кең таралған. Құммен ойын- балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Құммен ойнау кеңестік әдіс ретінде 1939 жылы ағылшын педиатры Маргарет Ловенфельд сипаттама берген .
«Құм терапиясы» концепциясының құрылуымен негізінде юнгиан мектебінің өкілдері айналысты, мысалы швейцар аналитигі Дора Кальф.Құмдағы ойындар-баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі . Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын ойындарды оқыту мен дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып , әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып , біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді , қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз .
Оған қажетті материалдар мен жабдықтар:
Бала құм терапиясында тек қана қиял, көрнекі-бейнелік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік
ойлауды , шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын, ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында, фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.
Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі .Кейбір адамдар бұл әдісті Психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін әдісі екенін көрсетеді. Қоғамда балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған ,олар агрессивті , бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік , шыдамдылық танытпауы басым. Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылықтарының төмендеуі , байланыстырып сөйлеуін және
сөздік қорларының аздығын болдырады , коммуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады.
Осындай ауытқулардың бірнеше себептері бар. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер : өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардың денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын отбасылардың көбеюі. Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен қарым-қатынасын компьютер мен теледидар алмастырады .Мұғалімдерге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Біз өзіміздің тобымызда балалардың сөздік қорларын дамуына және жалпы өзін-өзі ұстау жұмыстарына назарымызды аударамыз . Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдері бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді . Біз топта құмды қолданамыз . Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді . Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді» түрлі кең сарайларды жасап, түрлі тоқаштар , торттар жасайды . Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады .Балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі туады да , ол тілдік және коммуникативті дамуына жағымды әсерін тигізеді . Қорыта айтқанда құмзар ойыны баланы тәрбиелеуде , дамытуда маңызды рөл атқарады. Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзғарастарын қалыптастыруға маңызды рөл атқарады.
Құм терапиясының әдістерінің маңыздылығы:
Құм терапиясында стандартты өлшемде (50*70*80см) ағаш тақтай, құм , су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады , ол аспан мен суды моделдеуге мүмкіндік береді . Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз пішіндер қолданылады .
Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.
«Қиялдау- ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.) К.Г.Юнгпен ұсынылған белсенді қиялдау техникасы құм терапиясының теориялық негізі ретінде қарастырыла алады.
Бұл әдістің авторы швейцар аналитигі Дора Кальф- «дербес және қорғалған кеңістікті болдыруды» деген негізгі жұмысына салынған басты принципі деп санайды , бұл онда бала немесе ересек адам өз дүниесіндегі тәжірибесі мен қобалжуларын , жиі мазалайтын және елестейтін түсініксіз
бейнелерді көрсетеді. Құммен сурет салу – өткен ғасырдың
70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер.
Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз . Алғашында құммен сурет салу мультфильмдер, анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылған еді. Сурет салудың мұндай техникасында құмнан өзге жарма, кофе , тұз басқа да ұсақ заттар қолданылады. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік , себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай , құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі . Бұл өнерді арнайы студиялардан үйренуге болады. Құммен сурет салу- өте қызықты , сонымен қатар пайдалы өнер.
Сурет салудың басқа да түрлері секілді , аталмыш өнер адамның қиялын , кеңістікті қабылдауын , есте сақтау қабілетін дамытып , әсіресе балалардың дұрыс жетілуіне , саусақтарының епті болуына әсерін тигізеді . Құм терапиясы – ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады . Сонымен қатар ,адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор .
Жалпы әйнек бетіне сурет салуда саусақпен өріліп , құмның көмегімен бейнеленген бұл туындылар қазіргі кезде мол сұранысқа ие . Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп , шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық , психикалық процестерді дамытады ол түйсік ( форманы, түсті , тұтас түйсік) есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті , тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ маторикасы дамиды.
Құм терапиясын қолданудың әдіс-тәсілдері:
Әңгімелесу, Түрлі-түсті құммен сурет салу , Танымдық ойындар, Коммуникативтік ойындар , Пікірталастар.
Құм терапиясының негізгі принциптері:
Шығармашылық белсенділікті таныта отырып , бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде
сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау. Абстракталы нышандар, әріптердің сандық тиімді және осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың жеке қызығушылығымен іс-әрекетіне оң мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік
береді . Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнап шынайы бірге тұру . Қазір құммен сурет салу өнері өте көп. Бұл тек қана қызықты іс емес , ол балаларға өз әлемін ашуға көмектеседі . Құммен сурет салу көркем эстетиканы дамытуға көмектеседі . Ол ұсақ қол маторикасын , пластиканы , координацияны , танымдық процестерді жақсы дамытады . Бала үшін құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік .
Су, құм, жауарлардың мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі , және сезімдерін білдіруге ықпал етеді . Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға , өзін ретке келтіруге көмектеседі . Құм терапиясы сеанстарытолық еркіндікті және қорғаншылықты береді.