Материалдар / Психологиядағы тұлға мәселесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиядағы тұлға мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлға дамуы мен қалыптасуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
14322
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Психологиядағы тұлға мәселесі.


Жоспары: 1.Тұлға туралы жалпы ұғым

2.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.



1. Психологиялық ғылымда «тұлға» категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ «тұлға» ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі,оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: « Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде оның барлық жеке қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы дамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынас субъектісінде көреді.»

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен бекітілген,сондықтан «тұлға» ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды айтамыз.Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. «Тұлға» ұғымының мазмұнына, көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.

Сонымен, тұлға дегеніміз –ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі меноны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Ғылыми әдебиетте «тұлға» ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.


Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. «Индивид» ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Сонымен, «тұлға» ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мәскеулік және санкт-петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, мәскеулік мектеп өкілдері «субъект» деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін «индивид» ұғымына біріктіреді.Бірақ, бұған қарамастан, «тұлға»ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.

Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.

Қабілеттер дегеніміз – бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент- адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз- әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар –адамдардың наным-сенімдері.

Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады.Психикалық құбылыстардың құрылымында психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға лайықты.

Алайда осы құбылыстарды тұлға құрылымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдер –жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. Осы айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелер: адам ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен әлеуметтіліктің қатынасы.


2. Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде . Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), даму процесін түзету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі.

Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механиздерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсіндірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «мен» деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.

Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.

Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық вариантарын елестетуге мүмкіндік береді.(1-кестеде көрсетілген).

Психологтарға үйреншікті ой бойынша, тұлғаәлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылуы әлеуметтену деп аталады.






1-кесте

Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)



Даму кезеңі

Дамудың қалыпты желісі

Дамудың аномалды желісі.

1.Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін)

Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат үйір болу, ата-ана мен балалардың араласудағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрайлық,махаббаттанайыру.Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау

2.Кейінгі нәрестелік шақ (1жастан3жасқа дейін )

Дербестік, өзіне-өзі сену.Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.

Өз-өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу.Бала өзінің бейімделмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әрекеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінді, мысалы, жүргенде.Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған,кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруғатырысады.

3.Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)

Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рөлдерге қосылу.

Пассивтілік және адмдарға мән бермеу. Инициативаның блмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рөлдерге қосылу белгісінің жоқтығы.

4.Орта балалық шақ (5-11 жас аралығы)

Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу.Танымдық және коммуникативтік білім мен әдеттердің дамуы.Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.

Өзін-өзі кемсіту.Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары.Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. «Дауыл алдындағы» немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі.

Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая

кететіндей сезіну.

5.Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы)

Өз болашағын анықтау. Уақытша перспективаның-болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену . Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну.

Рөлдердің шатасуы.Уақытша перспективалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін-өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін-өзі түсінуге тырысу. Еңбек белсенділігін жоғалту. Жыныстық айырмашылықты көрсететін рөлдердің ауысуы, лидер болуға ұмтылмау. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы

6.Ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы)

Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану.

Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау. Мойындамау, оқшалану, әлем қауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің алғашқы белгілері.

7.Орта ересек шақ (40-45және 60жас аралығы)

Шығармашылық. Өзімен-өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір. Отбасылық қатынастармен қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу.

Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімсіздігі.Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау.

8. Кеш ересек (60 жастан жоғары)

Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына көну қабілеті.Өлім қорқынышты емес екендігін ұғыну.

Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау.Өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді тілеу,бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың көптігін сезіну. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқу.


Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті: бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін.Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі.

Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте және әр түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметенуінің маңызды институттарының бірі- жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға енгіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін-өзі ұстау тәрбиесін алады.

Әлеуметтенудің реттелетін, мақсатқа бағытталған сипатымен қоса, реттелмейтін, стихиалық сипаты бар екендігін айта кеткен жөн.әлеуметтенуді бір уақыттағы мақсатқа бағытталған және реттелмейтін процесс ретінде түсіндіру үшін А.А.Реан келесідей мысал келтіреді.мекепте өтілетін сабақ кезінде оқушы сабақтың материалын, әлеуметтік ережелерді меңгеріп қана қоймай, ұстаз үшін «кездейсоқ» болып көрінетін нәрселермен өзінің әлеуметтік тәжірбиесін байытады.Бұл тәжірибе позитивті де, негативті де болуы мүмкін.

Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау.

Психологияда әлеуметтенуді біріншілік және екіншілік деп ажыратады. Екіншілік әлеуметтену еңбекті бөлісумен және оған сай біліинің таралуымен байланысты.Адам еңбек етудегі өзінің рөлін түсіне бастайды. Б.Г.Ананьевтің концепциясы бойынша әлеуметтену екі бағыты бар процесс ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде және әрекет субъектісі ретінде қалыптасуын білдіреді. Мұндай әлеуметтенудің соңғы мақсаты-индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты тұлғаның даму процесін түсіну керек.

Әлеуметенумен бір уақытта өтетін процесс- инкультурация. Егер әлеуметену дегеніміз-әлеуметік тәжірибені меңгеру болса, инкультурация дегеніміз- индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетті, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдеріндегіадам әрекетінің рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл прцестер бір-бірінен қалып қоюы мүмкін. Адам мәдениетті табыспен игерсе, оның әлеуметтік тәжірибесі жеткілікті деп айту дұрыс емес және керісінше.

Тұлға дамуының теориясының негізгі мәселелерінің бірі- тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуализация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы деп саналады.Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр.Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орын алады.

Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуының қозғаушы күші-түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды орын алатыны- өзін-өзі дамыту қажеттілігі.Бірақ ол қол жетпес идеяға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немесе белгілі әлеуметтік статус алу маңыздырақ.

Келесі мәселе- тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі.көптеген тұлға теориясының негізіндегі тұжырым- тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылыу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оның қадамдарының заңдылықтарына сипат береді.

Алайда бірқатар зерттеулердің көрсеткеніндей, адамның жүріс-тұрысы өзгермелі. Сондықтан еріксіз туындайтын сұрақ: адамның жүріс-тұрысы, тұлға болуы қаншалықты тұрақты және неде?

И.С.Конның ойы бойынша, Бұл теориялық сұрақта әрқайсысы бөлек қарастырылатын жеке сұрақтардың тұтас сериясы бар. Мысалы, біз ненің тұрақтылығы жайлы әңгіме қозғап отырмыз, жүріс-тұрыстың ба, өзін-өзі ұстаудың ба, әлде психикалық процестердің, тұлғаның қасиеттері мен қырларының ба? Бұл жағдайда бағаланатын қасиеттердің тұрақтылығы мен өзгергіштігінің индикаторы не? Ол қасиеттер тұрақты және өзгермелі екендігін көрсететін уақыт көлемі қандай? Осы уақытқа дейін жүргізіліп келе жатқан зерттеулер бірыңғай жауап бере алмағандығын айта кеткен жөн болар, олардың нәтижелері де әр түрлі. Мысалы, үнемі тұрақты болуы тиісті деп саналатын тұлғаның қырлары тұрақты емес болып шыққан. Кейде тіпті бір адамның бойындағы қасиеттердің көріністері жағдайға байланысты елеулі түрде ауысады екен.

Ал лонгитюдті зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың белгілі дәрежесі бар деп көрсетеді, мұндай тұрақтылықтың өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес. 35 жыл жүргізілген осындай зерттеулердің бірінде 100 адам белгілі тұлғалық сипаттамаларының жиыны бойынша бағаланған. Олар алғашқы орта мектеп жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35-45 жас шамасында тексерілген.

Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың тұлғалық сипаттамаларының 58%-ы сақталғаны анықталған. 30 жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі тұлғалық сипаттамалардың 31%-ы сақталғанын көрсетеді.





































Тақырыбы: Тұлғаны теориялық және эксперименттік тұрғыдан зерттеу.


Жоспары: 1.Тұлға теориялары.

2.Тұлғаны эксперименттік зерттеудің әдістемесі.



1. Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың өзіндік тарихы бар. Тұлға психологиясы дамуның 3 кезеңі келесідей: философиялық-әдеби, клиникалық және тәжірибелік.

Зерттеулердің бірінші кезеңі көне ойшылдардың жұмысынан басталып,

ХІХ ғ.басына дейін жалғасқан.Бұл кезеңдегі тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне адамның өнегелік және әлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар жатады. Тұлға туралы алғашқы анықтамалар айтарлықтай ауқымды. Ол анықтамаларға адамның бойындағы бар нәрсе, оның жеке басынікі деп саналатынның бәрә жатқызылған: биологиясы, психологиясы, мүлігі, мінез-құлқы,мәдениеті т.б. Тұлға туралы осындай түсінік кейінгі уақытқа дейін сақталыпты.Нақты мазмұнға толы, тұлғадан бөлек көптеген басқа да түсініктер мен ғылыми категориялары бар психология үшін мұндай анықтама өте кең болып табылады.

ХІХ ғ. бірінші он жылдығында тұлға психологиясының мәселелерімен философтармен қатар дәрігер-психиатрлар да айналыса бастады. Олар ең бірінші рет клиника жағдайында науқасқа тұлға ретінде жүйелі түрде байқаулар жүргізіп, оның жүріс-тұрысын,өзін-өзі ұстауын жақсырық түсіну үшін өмір тарихын зерттей бастаған.Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеумен байланысты кәсіби қорытындылар ғана жасалып қоймай, адамзат тұлғасының табиғаты жөнінде жалпы ғылыми қорытындылар да келтірілген. Философиялық-әдеби кезеңмен салыстырғанда клиникалық кезеңде тұлға – ерекше құбылыс деп түсінік мағынасы таратылған. Психиатрлардың аса мән бергені - әдетте, науқас адамнан табылатын тұлғаның ерекшеліктері. Дәрәгерлер тапқан ерекшеліктер барлық дені сау адамдарға тән болғанымен, науқастарда олардың көріністері гипертрофияланатын (асыра білінетіні) анықталды. Мысалы, күйгелектік пен ригидтілік, тежелу мен қозғыштық.

Қалыпты, потологиялық және акцентуацияланған (норманың шекті варианты) тұлғаны сипаттауға мүмкіндік беретін терминдерді дәрігерлер тұлғаға анықтама беру үшін қолданған. Алайда мұндай көзқарас психология үшін жеткіліксіз деп танылды. Өйткені, қалыпты тұлғаны тұтас сипаттау үшін ол анықтамалардың мазмұны тар, ондай анықтамаларға шектен тыс көрініс бергенімен кез келген жағдайда «қалыпты» деп саналатын тұлға қасиеттері (мысалы, түрлі қабілеттердің болуы, адамгершілік қасиеттер) енгізілмеген.

ХХ ғ.басына дейін тұлға философиялық-әдеби және клиникалық тұрғыдан ған зерттелсе, кейін бұл іске таным процесиері мен адамның күйін зерттеумен айналысқан психологтар кірісті. Ғасыр басында психологияда тәжірибелік зерттеулер қарқынды дамып, гипотезаларды нақты тексеру және айқындалған фактілерді алу мақсатымен психологтар ұзақ жылдар бойв қалыпты тұлғаны сенімді және валидті тестер арқылы зерттеу тәсілдерін жетілдіруді өз алдарына мақсат етіп қойған.

Келесі кезектегі әңгіме, неғұрлым, әйгілі тұлға концепциялары мен теориялары, олардың жіктелуі жөнінде болады.

Ғылыми жұмыстар мен оқу құралдарында тұлға концепциялары мен теорияларының әр қалай жіктелуі келтіріледі. Р.С.Немовтың есебі бойынша 48 тұлға теориясы бар, олардың әрқайсысы 5 параметр бойынша бағалануы мүмкін.

Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша, барлық тұлға теорияларын психодинамикалық, социодинамикалық және интеракйионистік деп бөлуге болады.

Психодинамикалық теориялар психологиялық немесе ішкі сипаттамаларына орай тұлғаны сипаттайды, адамның жүріс-тұрысын түсіндіреді. Ал социодинамикалық теориялар бойынша тәрбие детерминацмясындағы басты рөл сыртқы жағдайларға беріледі. Интеракционистік теориялар сыртқы және ішкі факторлардың өзара әрекеттесу принципіне негізделген. Мұндай өзара әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.

Теорияларды типтерге бөлудің келесі негізі- тұлға туралы мәлететтер алу жолы. Осы тұрғыдан барлық теорияларды эксперименталды және эксперименталды емес деп бөлуге болады. Эксперименталды теорияларға тәжірибе барысында жинақталған мәліметтерді сараптау және жалпылау арқылы құрастырылған теориялар жатқызылады.Эксперименталды емес теориялардың авторлары эксперимент жасамай-ақ өмірден алған байқауларға сүйеніп, теориялық түрде талдап қорытады.

Тұлға құрылымдық және динамикалық құылым деген көзқарастағы авторлар тұлға теорияларын басқаша жіктейді. Құрылымдық теория үшін басты мәселе-тұлға құрылымын және оны сипаттауға көмектесетін ұғымдар жүйесін анықтау.Негізгі тақырыбы-тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер,оның динамикасы болып табылатын теориялар динамикалық деп аталады. Сонымен қатар бірқатар теориялар жас кезеңдік және педагогикалық психология шеңберінде пайда болған.Олар тұлға дамуындағы шектелген жас кезеңін қарастырады, мысалы, туылғаннан орта мектепті бітіргенге дейінгі, яғни нәресте болудан ерте бозбалалық шаққа дейінгі. Кейбір, басқа теориялардың авторлары тұлға дамуын бүкіл өмір бойында бақылайды.

Тұлға теорияларын жіктеу кезінде көңіл бөлінетін нәрселер:ішкі қасиеттері, тұлғаның қырлары мен қасиеттері немесе олардың сыртқы көріністері,мысалы, мінез-құлқымен жасаған іс-әрекеттері.

Тұлға теорияларының жіктелуін қарастырға тек Р.С.Немов қана емес. Б.В.Зейгарник теорияларды пайда болуы мен дамуы жағдайларына тәуелді мазмұнды- мағыналық және тарихи аспектілерде қарастырған. Ол келесі теория топтарын бөліп көрсетеді: фрейдизм мен неофрейдизмнің тұлға теориялары, гуманистік тұлға теориялары,экзестенциалды психологияның тұлға теориясы, француз әлеуметтік мектебінің тұлға теориялары және т.б. Осылардың кейбіреулерін жалпы түрде қарастырайық.

Қазіргі кезде тұлға зерттеуде жеті негізгі тұлға теориялары дамыды. Әрбір бағыт өзінің теориясымен және өзінің әдісімен, құрылымымен ерекгеленеді.

Тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Қазіргі кезде психологияның ерекшелігі психиканы зерттеуші бағыттың көптігі, тұлға теориясының кеңдігі мен мәселенің күрделілігі психологияның алдында тұрған теориялық міндеттерге және ғылымның дамуының ішкі қажеттіліктеріне байланысты.

Тұлға-психологиялық сипаттамасы, бірқалыпты жоғарғы даму жүйесі, индивидуалды қажеттіліктермен қамтамасыз ететін, уақытша және белгілі бір жағдайларда адамның тұрақты жүріс-тұрысы.

Тұлға теориясы- бұл болжамдардың жиынтығы немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы.

Тұлға теориясын тек түсіндіруге тырысып қана қоймай, ол адамның жүріс-тұрысын сипаттайды.(А.Хьелл, Д.Зиглер).




Тұлға теориясының психодинамикалық бағыты.

Психоанализдің негізін салушы австрия психиатры- З.Фрейд. Қазаіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең тараған теориялардың бірі- фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайла болған. Теория құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктірілген бірқатар теориялар пайда болған. Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриердегі (Париж) атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және Нансидегі Й.Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп, невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-жылдың басында Й.Бернгейммен біріге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап, түстерді жору интерпретациясын, еркін туындайтын ассоциацияларды, ескертулерді, есептен шығаруды зерттеуге көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд психоанализ тәсілі деп атап, оны психотерапияның жаңа техникасына баламалаған.

Мінез-құлық мәселесін қарастыра отырып, Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын екі қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Қоршаған орта осы қажеттіліктерді қанағатандыруға қарсылығын білдіріп, бөлек тегеніне қарамастан, ол екеуі сананың «цензурасынан» өтіп, символдар түрінде көрініс береді. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид («Ол») , эго («Мен») және супер – эго («Жоғарғы-мен»). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған Инстинктердің алаңы болып табылады. Эго, бір жағынан, бейсаналы инстинктерге жалғасса , екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер- эго дегеніміз-қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол «цензор» ролін атқарады. Сонымен, ид пен супер-эго тлаптары үйлеспейтіндіктен эго үнемі қақатығыста, ол қорғаныс механизміне (ығыстыру,сублимация) жүгінуіне тура келеді. Ығыстыру санасыз түрде жасалады. Бейсаналық саласына көшетін мотивтер , күйзелулер «цензор» үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді.

Фрейдтің ойынша түрлі іс-әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің (сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б) бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффектіні тудыруы тиіс. супер-эго осындай эффектілерді әлеуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды ете алмаса , онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт өршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары арқылы өзін байқатады.


Тұлға дамуындағы психоаналитикалық бағыт.

Швеция психологы, психиатры Юнк психоаналитикалық бағыттың көрнекті өкілі. Психоанализдің аналитикалық психолдогия деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Ююнк өзінің кәсібі әрекетінің басынан бастап-ақ психикалықтың бейсаналы жемістері, олардың субъекті үшін мәні туралы сұрақтармен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциялар арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процесстерді тікелей бақылау мүмкін емес, ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды. Архетиптер, Юнг бойынша , саналы жанның негізі-эмоциялардың нұсқауларының жүйесі. Архетиптерде негізгі мифологиялық мотивтер бар. Адам психологиясындағы ұжымдық бейсаналы сфераға, сондай-ақ тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді.Адам психологиясының ең терең қабатында жеке индивид болып қалмайды.олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат психологиясымен бірігеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық, одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады.Архетиптер қандай да бір образ болып көрінеді. Архетипке тән: «персона», «анимус».

«Персона» (маска)-ол белгілі бір әлеуметтік рөлде және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ конформдылық архетип болып табылады.

«Анимус»(рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивд үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның өзінің ер адам мен әйел адамның ретіндегі түсінігі. Әйел адам да маскулеттік мазмұнға ие. Юнг бойынша, әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі, ал әйел адамда ер адам ретіндегі ораз бар. Бұл образ бейсаналы болған,бұл реалды өмірде өзі таңдаған ер адамға жобаланады.

  1. Саналы бөлім

  2. Индивидуалды саналы бөлім

  3. Ұжымдық бейсаналы бөлім.

Фрейд шәкірттерінің бірі К.Юнг ұстазымен келісімге келе алмай, бөлек бағытпен кеткен болатын. Оның себебі: Фрейдтің пансексуализм идеясында. Екеуінің арасындағы күрес материалдық емес идеалистік позицияларда жүргізілген. Юнг өз жүйесін «аналитикалық психология» депатаған.

Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді: сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы рөл атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден тұрады: ұлттық, нәсілдік және жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың анықтамасы бойынша, ұжымдық бейсаналық- біздің көне ата-тегіміздің ақыл-парасаты, олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары.

Юнг бойынша, ұжымдық бейсаналықтан басқа және бейсаналықта бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.

Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері – сезімдер, ойлар және естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған.(мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу-билік кешені болады).

Юнг мұнымен қоса «Мен» ұғымын енгізген. Ол адамның бір тұтастыққа және ауызбірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-теңдік орнайды. «Мен» әр түрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді адамдарды белгілі типтерге ажыратуға болады.

Тұлға типтерін жіктеу негізіне Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып бөлінеді. Бұлардан басқа қосымша типтер: интуитивті, ойшыл, эмоционалды. Тұлға типін анықтайтын түрлі арақатынастағы функциялардың көбісі туа біткен. Сондықтан, Юнг бойынша тұлға типтері дегеніміз-бұл қоғам өмірінің жағдайларымен байланысы жоқ туа біткен типтер.

Өз заманында Фрейдпен келіспей бөлек жолмен кеткен шәкіртінің бірі- А.Адлер, жеке бас психологиясының негізін қалаушы. Ол Фрейдтің биологиялық теориясына қарсы шыққан. Адлер адамның бойындағы табиғи инстинктерді емес, қоғамдық сезімді бағалап, оны «қоғамдық сезім» деп атайды. Ол сезім туа біткенімен оны әлеуметтік дамыту керек. Фрейдтің адамды туғаннан агрессивті, оның дамуы биологиялық қажеттіліктермен детерминденеді дегенімен Адлер тіпті келіспейді.

Сонымен қатар Адлер Фрейд айтып кеткен тұлғаны 3 инстанцияға бөлу идеясына да қарсы шығады. Адлердің түсінігі бойынша тұлға құрылымы біртұтас, ал тұлға дамуындағы детерминанттылығы - адамның басымдылыққа ұмтылуы. Алайда адамның бәрі оған ұмтылмайды. Дене мүшелері дамуында ақаулар болуы себебіне енмесе кейде кішкентай кезінде қолайсыз әлеуметтік жағдайда сәтсіздігінен адам өзінің кемтарлығын сезіне басиайды. Осы тәріздес сезімдерді жою мақсатымен сан алуан копенсация түрлеріне жүгінеді.


Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт.

Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт екіге бағытталған. Біріншісі: «клиникалық», американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық», өкілі: Маслоу. Осы екі бағыииың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтықтар біріктіреді.

Гуманистік бағыт бойынша, адам өзінің табиғатында жақсыға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты тұрақты дамуға, шығармашылыққа, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.

Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі- ол индивидтің тұтастығы.

  1. Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру керек. Уникалды- ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз.

  2. Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциалы бар.

  3. Творчестволық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты, барлық адамға тән.

Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін -өзі өзектендіретін адамды зерттеу керек дейді. Маслоу болжамы бойынша орташа адам өз қажеттіліктерін мынадай ретте қанағаттандырады.

Иерархия- бір-біріне бағынышты белгісі бойынша бір ретке орналастыру. Қажеттіліктерді осы барлық дәрежеде меңгерген адам, толық өзін-өзі жетілдірген болып саналады. Иерархиядағы қажеттіліктердің кезектесуі адам мотивациясы ұйымдасқанының негізгі принципі болып табылады. Дәл осындай иерархия кейбір адамда сақталуы мүмкін.

  1. Физиологиялық қажеттілік: тамаққа, ауаға, физиологиялық белсенділікке, сенсорлық стимуляцияға деген қажеттіліктер.

  2. Қорғанысқа деген қажеттілік: қорғанысқа, тұрақтылыққа, белгілі бір дәрежеде тәртіп пен реттілікке, белгілі бір жүйенің , заңның болуына деген қажеттіліктер.

  3. Қарым-қатынас қажеттілігі: белгілі бір әлеуметтік топқа жату, қарым-қатынас, достық, махаббат деген қажеттілік . Достыққа, махаббатқа деген қажеттілік екі топқа бөлінеді.

  4. Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі: өзін-өзі сыйлау, басқалардың өзін сыйлауын қажетсіну. Бұған кіретін: жетістік, сенімділік, біліктілік, тәуелсіздік, еркіндік, түсініктер, өзін-өзі сыйлаудың қалыптары.

  5. Өзін-өзі өзектендіру деңгейіндегі қажеттіліктер: метақажеттіліктер деп аталады. Метақажеттілікті сипаттайтын негізгі түсініктер: тұрақтылық, тұрақты даму, бейсаналы жетілу, қарапайымдылық, эстетикалық сезімдердің болуы.

Маслоу өзін-өзі өзектендіруші тұлғаға тән мынадай сипаттарды көрсетеді:

Реалдылықты неғұрлым эффективті қабылдау. Адамның өзін-өзі басқаларды жалпы табиғаты солай, сол күйінде қабылдауы. Тәуелсіздік белгілі бір дәрежеде іс-әрекетті пікірлердің тәуелсіз болуы.


Тұлға теориясындағы іс-әрекет теориясы


Бұл теория отандық психологияда үлкен рөлге ие болды. Осы теорияға үлесін қосқан ғалымдар ішінен мыналарды атауға болады: А.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, К.А.Абулханов-Славская , А.В.Брушлинский.

Осы теорияға сәйкес адамның ең басты дамуы – оның іс-әрекетпен байланыстылығы. Іс-әрекет бұл адамның қоршаған ортамен , қоғаммен қарым-қатынасы, осының әсерінен адамның тұлғасы қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы болашақта адамға басты әсер ететін күш болып қалады. Іс-әрекет және мінез-құлық теориясының басты ерекшелігі : бұл жерде басты рөлде рефлекс атқарылмайды. Ал интерериозация механизмі басты рөл атқарады. Іс-әрекеттің басты принципі субъектілік және заттылық болып табылады.

Іс- әрекет теориясын қалаушылар пікірінше, жеке тұлға бүкіл өз өміріндегі өмір сүретін ортасына және сол қоғамдағы әлеуметтік рөліне байланысты қалыптасады. Адамның тұлға болып қалыптасуына оның балалық және жастық шағындағы өмірі өз әсерін тигізеді. Осы теорияны қалаушылар тұлғаның позитивті өзгеруін оның әлеуметтік өсуіне байланысты деп түсіндіреді. Осы көзқарасты жақтаушылардың ойы бойынша, адамға сана туылған кезде берілмейді. Ол тұлғаның өсіп жетілуінде дамуымен қалыптасады. Тұлғаның саналы жетілуі қоғамның қажеттіліктері мен іс-әрекеттің қоғамдық қарым-қатынастары нақты шарттарға тәуелді болады. Іс-әрекет жағдайында кең тараған түрі – бұл 4 компонентті тұлға моделі. Бұл моделде басты орында қабілеттілік, мінез ұстамдылық және өзін - өзі бақылау негізге алынады.

Бағыттылық – бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалауларынан және тұғаның ең басты жүріс тұрыс тенденциясынан тұрады.

Қабілеттілік-тұлғаның индивидуалды психологиялық қасиеті. Қабілеттілік бұл әрбір басты істің сәтті аяқтауына әкеліп соғады.

Мінез тұлғаның басқа адамға көзқарасы, жауапкершілігі және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мінез- бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.

Өзін-өзі бақылау-тұлғаның өзінің іс-әрекетін тексеріп бақылауы. Бұл тармақ басқа да тұлға қасиеттеріне бастау болып отырады. Мұның барлық тармақтары бір-бірімен өте тығыз байлынысты.


Тұлғаның когнитивті теориясы

Когнитивті теория гуманистікке жақын , бірақ та кейбір маңызды айырмышылықтарды ажыратуға болады. Когнитивті теорияның негізін салушы американдық психолог Дж.Келли. Оның ойынша , адам өмірде қазір не болғанын және келешекте не болатынын білгісі келеді.

Когнитивті жеке теория адамның интеектуалды процесіне мінез – құлқына ерекше көңіл аударады.

Басты түсінік – «конструкт» (ағыл.Consturkt-құру , салу). Бұл түсінік- өзін қосқанда барлығына белгілі танып білу процесі. Конструктының арқасында адамда тек әлемді ғана мойындайды. Сонымен бірге қарым-қатынас орнатылады. Осы қарым-қатынастағы конструктылар тұлға конструкты болып табылады. Конструкт- бұл өзгеше жіктелінетін үлгі біздің басқа адамдарды және өзімізді қабылдау.

Келлидің ойынша, біздің әрқайсымыз болжам орнатып, оны тексеруіміз , бір сөзбен айтқанда мәселені шеше алуымыз қажет. Тұлға шек қойылған еркіне ие болады. Конструктивті жүйе адамда құрылған өмірдің аз уақытында өзіне танымал шектер қойған.


Мінез-құлық теориясы

Мінез-құлық теориясы екі бағыт-рефлекторлы және әлеуметтік американдық бағыттан құралады. Рефлекторлы бағыттың өкілдері атақты бихеовиористі Дж.Уотсон және Б.Скинер. Әлеуметтік бағыт өкілдері америкалық А.Бандура және Дж.Роттер.

Скинер теориясының қалыптасуына прагмативті көзқарас және өзінің отбасындағы тәрбие әсер еткен. Скинер бойынша, қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты- мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып, оны қадағалай алу.Мінез-құлықты қадағалау үшін тәуелсіз айнымалыны тәуелді айнымалыға ауыстыру керек. Мінез-құлықты болжау, түсіндіру үшін тұлғаның тұрақты және модификациялы аспектілерін білуге негізделеді.

Скинер мінез-құлықтың кейбір түрлері негіздер арқылы анықталатынын және тәжірибе оған еш әсер ете алмайтынын мойындады. Ол мінез-құлыққа қатысты тұқым қуалаушылық пен орта арасындағы процестерді қарастырды. Генетикалық тұрғыда негізгі және тәжірибе арқылы өзгермейтін мінез-құлық респонденті және орта арқылы детерминанты мінез-құлық апиранты ретінде сипатталады. Демек , респонденті мінез-құлықтың қандай да бір стимулға жауап беру негізінде қалыптасады.

Мінез-құлық респондентін Павловтың теориясына сүйене отырып қалыптастырады. Яғни шартты стимул шарттсыз реакцияға, ал шартсыз стимул шартты реакцияға алып келеді.

Оперантты мінез-құлық сыртқы орта арқылы детерминацияланады және оны өзгертуге бағытталады.

Тұлға теориясындағы диспозиционалдық бағыт.


Диспозиционалдық (ағыл. Disposition – орналастырылған ) теориясының үш негізгі бағыт бар: «жұмсақ», «өткір» және «аралық» немесе «формалды -динамика».

«Өткір» бағыты бойынша адамның биологиялық құрылымының белгілі бір түрткісі яғни жүйке жүйесі және ми бір жағынан , сонымен қатар тұлға қасиеттері көрінісінің басқаша болуы. Тұлғалық құрылым мен өткір биологиялық құрылымның өзі жалпы генетикалық факторға тәуелді. Жалпы дене конститутциясы мен мінез типтерінің арасындағы байланысты неміс зерттеушісі Э.Кречмер нақтылады.

«Жұмсақ» бағыты диспозиционалдық теорияның тұлғаның басты, адамның ағзасының биологиялық құрылымымен байланысты болады.

Олпорт адамның әртүрлі жағдайында өзін-өзі ұстауына қатысты олардың құрылымдық ерекшеліктерін проприум деп белгіледі. Проприум ұғымы гуманистік психологиядағы «мен» деген ұғыммен жақын келеді. Оған жоғарғы мақсаттар , адамның моралдық көріністері жатады. Олпорт негізгі рөлде қоғам ойнайды деп көрсетеді. Дегенмен адамның қасиеттері проприум ерекшеліктерінің түзілуіне әсер етеді. Олпорт дамыған проприумы бар адамды «кемелденген тұлға»деп атады.

Формалды – динамикалық бағыты негізінен отандық психологтар Б.М.Теплов ,В.Д. Небылицин еңбектерінде көрсетілген. Бұл бағыттың негізгі ерекшеліктері: әр тұлғада екі деңгей, сонымен қатар екі түрлі тұлғалық қасиеттердің аспектісі – формалды- динамикалық және мазмұнды деп саналады. Адамның мазмұнды қасиеттері проприум түсінігіне жақын. Бұл қасиеттер тәрбиенің , білімнің, іс-әрекеттің ғана емес сонымен қатар адамның ішкі дүние байлығының , мінез-құлық көріністерінің жемісі болып табылады. Диспозиционалдықтардың ойынша, тұлға өмір бойы дамиды. Бұл теория адамның ұстамдылығының құрылымының өзгеруіне қарамастан, өздеғрінің ішкі қасиетіне ие болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!