Материалдар / ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ- ҚОҒАМ МӘСЕЛЕСІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ- ҚОҒАМ МӘСЕЛЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Психологиялық денсаулық тақырыбы жайлы терең талқыланған және бұл тақырып бүгінде өзекті мәселе болуда.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық денсаулық- қоғам мәселесі


Әл-Фараби атындағы-ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының бірі және университет өз дамуын әрі қарай жалғастырып ғана қоймай сонымен қатар жоғары сапалы білім мен ғылыми зерттеулерге ұмтылып, студенттер мен оқытушылардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасауда.Университетте жалпы 16 факультет бар және онда  25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда.Университетте заманауи оқу материалдары мен зертханалары бар, бұл білікті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұнда білімді жеткізіп қана қоймай, студенттерді өзін-өзі дамытуын жүзеге асыратын бірнеше ұйымдар мен іс-шаралар бар. Қазақ ұлттық университетінің тағы бір артықшылығы ол - оның халықаралық деңгейде танылуы. Бүкіл әлемдегі университеттермен және ғылыми орталықтармен белсенді ынтымақтастықтың арқасында студенттер халықаралық ғылыми жобалар мен алмасуларға қатыса алады және бұл олардың ой-өрісін кеңейтуге әсер етеді.

Бұл университетте білім алу біз үшін болашақ кәсіби қызметімізде табысқа жетуге және еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуымызға көмектесетініне сенімдіміз.

Университет қабырғасында мамандық бойынша білім алу барысында бізге бекітілген пәндер ішінде «Психология» пәні оқытылады.Пәнді оқи жүріп біз психологияның көптеген қырларымен қызықты тақырыптарын өттік және талқыладық.Сол тақырыптар арасында бізге ең қатты ұнағаны ол- «Психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелері» атты тақырыбы. Осы тақырыптан қысқаша өз түсінігімізді айта кететін болсақ: жалпы соңғы жылдары біздің елімізде де, шетелде де - «Психологиялық денсаулық» тақырыбы өзекті мәселе болып отыр. Себебі әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталуда. Соның ішінде психикалық аурулардың, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы байқалады. Психологиялық денсаулық - бұл психологиядағы негізгі ұғымдардың бірі, ол адам психикасының жағдайын сипаттайды және бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күйі болып табылады. «Психологиялық денсаулық» терминін ең алғаш И.В.Дубровина енгізген болатын.

Психологиялық денсаулықтың 3 түрлі құрылымы бар, олар: аксиологиялық; инструменталдық; қажеттілік-мотивациялық.

Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай алуы).

Инструменталдық – рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан

дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және өзгелердің эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы).

Қажеттілік-мотивациялық – өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу).

Қазіргі таңда психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы мен сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды. Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттер көзінде көптеген мысалдар келтірілген. Мысалы: Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл - ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді. Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер денсаулықтың психологиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: “психикалық денсаулық” (Б.С.Братусь), “психологиялық денсаулық” (И.В.Дубровина), “тұлғалық денсаулық” (Л.М.Митина), “рухани денсаулық” (Ю.А.Кореляков), “жанның саулығы” (О.И.Даниленко), және т.б.Психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелері бойынша ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Кейбір зерттеушілердің айтуы бойынша психикалық денсаулық- биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара әрекеттесуіне байланысты деп тұжырымдайды. Осылайша, психологиялық денсаулықты зерттеу психологияның әртүрлі салаларындағы мамандардың кешенді көзқарасы мен өзара әрекеттесуін талап ететін өзекті және көп қырлы мәселе болып табылады.Психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелерін шешу психикалық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ адамның өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Қорытындылай келе стресс, мазасыздық және депрессия жиі кездесетін осынау әлемде психология пәні мен психологиялық денсаулықты сақтау маңызды болып табылатынын түсіндік.Өзіңізді, эмоцияларыңызды және мінез-құлқыңызбен оларды тиімді басқару тәсілдерін түсіну үшін әр адамға психология ғылымы ең қажетті ғылым саласы болып табылады. Психология -өзімізді және айналамыздағы адамдарды түсінуге, жақсы қарым-қатынас жасауға, жанжалдарды шешуге және психологиялық әл-ауқатымызға ықпал етуге көмектеседі.

Тленчиева Н.С

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Ешмухамбетова Аяла

Менеджмент 1 курс студенті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!