Материалдар / Психологиялық ертегі "ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық ертегі "ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға психологиялық ертегі арқылы ойлау, зейін, қиял, есте сақтау, қабілет туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2018
950
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш.Абдикаримова,

«Қарлығаш» балабақшасының

Педагог-психологі.

Атасу кенті,

Жаңаарқа ауданы,

Қарағанды облысы.


Психологиялық ертегі

«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ»


Автор: Eрте, ерте , ертеде «Өмір» атты бір ғажайып әлемде әдемі, ақылды Сана-сезім деген ханшайым өмір сүріпті. Оның Қиял, Ес, Ойлау, Қабілет, Зейін, Қабылдау атты бауырлары болыпты. Осы ғажайып «Өмір» әлемінде бәрі тату-тәтті дос болып, бір-бірінен ажырамай өмір сүріп жатыпты. Олардың достықтарына айналасындағылар қызыға қарайтын. Бір-біріне деген қарым-қатынасы «шынайы достық» дәлелі болатын. Олар ойын ойнаса да, аң аулауға орманға барса да бірге жүріп бір-біріне көмектесіп, бір-бірінің қасынан табылыпты. Күндердің бір күнінде Сана ханшайым бауырларын шақырып алыпты.

Ханшайым: Ал бауырларым, сендер енді ержеттіңдер, Адамға ең керекті , ең қажетті достары боласыңдар, адам баласы дүниеге сәби болып келген соң ең бірінші өмір беріледі, сосын сана, сол сананы дамытып, өсіретін, баланы адам қатарына қосатын зейін, ес, ойлау, қабылдау, қиял, қабілет. Сендер тату-тәтті достықта бірге болсаңдар адам білімді, мықты, қабілетті, күшті болады, бәрің бірге болып адамның бойынан табылыңдар.

Бауырлар: Ия, түсіндік біз әрдайым бірге боламыз.

Автор: Бауырлар осылай өмір сүріп жатыпты. Күндердің бір күнінде аспанға қара бұлт үйіріліп, ғажайып әлемде қатты дауыл тұрыпты. Сол дауылмен бірге қара ниетті қызғаныш келіп қоныпты. Осы балалардың достығын көре алмай, қызғаныштан жарылып кете жаздап, көп ойланыпты.

Қызғаныш: Ой, мыналардың тату-тәтті өмірін-ай, не істесем екен, бұларды қалай ұрыстырып , орталарына қалай от салсам екен?

А, таптым, таптым

Қызғаныш балалардың алдынан шығады.

Бауырлар: Ассалаумағалейкум, сіз кімсіз, танымадық қой?

Қызғаныш: Мен Адам ата мын ғой балалар, өздерің кімсіңдер?

Бауырлар: Бізді қалай танымайсыз, зейін, ес, ойлау, қабылдау, қиял, қабілет атты адамның бойынан табылатын бауырлармыз ғой.

Қызғаныш: Достар, сендер қателесесіңдер адамға бұл қасиеттердің біреуі де керегі жоқ, адам қызғанышпен ғана өмір сүре алады, ал сендердің қайсысың адамзатқа қажетсіңдер?

Білмедім, білмедім.

Осылай дейді де Қызғаныш жоқ болып кетеді.

Автор: Осыдан соң балалар адамға мен қажетпін, жоқ мен қажетттірекпін деп дауласып, ренжісіп ақырында жан-жаққа кетеді.

Қызғаныш: Алақай , алақай дегеніме жеттім, тату достарды ұрыстырдым, қандай тамаша!

Автор: Қызғаныштың ойлағаны болды. «Өмір» атты ғажайып әлемде күнде күн емес, түн болды, достық жоқ, ойын да жоқ, шаттық күлкі де жоқ, мейірімділік пен жақсылық та жоқ. Осыны көрген Сана ханшайым бауырларын тағы да жинап алды.

Ханшайым: Бауырларым, сендерге не болды?

Автор: Бауырлар жағдайын түсіндіріп тағы дауласа жөнеледі:

Зейін: Сендер не десеңдер де адамзатқа мен қажетпін. Адам зейінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан мен күштірекпін.

Ес: Бәрінен де мен күштімін. Адам айналасындағы болып жатқан оқиғаларды, яғни керекті ақпаратты есте сақтау арқылы келешекке жоспар құрады. Сондықтан мен қажетпін.

Қиял: Жо-жоқ мен мықтымын. Адамзат алдағы өмірлерін қиялдап, армандап өзін әрқашан жақсылыққа жетелейді. Сондықтан да менің адам өміріндегі орным ерекше.

Ойлау: Бос мақтана беріңдер! Екеуіңнен де менің күшім мықты. Адам өзінің өмірдегі қадамдарын, іс-әрекеттерін ойлау арқылы, яғни ойлап орындайды. Ойлап істеген іс-әрекеттен қандай да бір нәтиже шығады.

Қабілет: Жоқ! Сендердікі құр бос сөз. Менің маңызым зор. Қабілетсіз адам болмайды. Өз қабілеттері арқылы біреулер танымал әнші, биші, күйші, енді біреулер белгілі спортшы, журналист болып өз нандарын тауып жүр. Сондықтан да бәріңнен мен мықтымын.

Қабылдау: Менің де маңызым зор, адам көзбен көріп, құлақпен естіп, иіскеп сезіп түйсікпен қабылдайды. Сондықтан да, мен қажетпін.

Сана ханшайым: Бұлай дауласа беруге болмас. Бұл даудың шешімін табу үшін көпті көрген Ақыл атаға барыңдар, өмірден түйгені көп, сол төрелігін айтсын.

Автор: Сөйтіп бәрі Ақыл қарияға барады»

Бауырлар: Ассалаумағалейкум, ата!

Ақыл ата: Уағалейкумассалам, төрлетіңде, сөйлеңдер.

Қиял: Бәріміз ажырамас дос едік, бірақ ортамызда дау туды, сол даудың шешімін табу үшін өзіңізге келіп отырмыз.

Қабілет: ( Қиял, қабілет, ойлау, есте сақтау) біздің ортамызда кім күшті? Қайсымыз адам өміріне қажеттірекпіз? Төрелігін өзіңіз айтыңызшы.

Ақыл қария: Сендерде бұндай ой қайдан пайда болды, бұл не дегендерің тағы?

Ес: Біз тату-тәтті дос едік. Күндердің күнінде бір қара киім киген кісі келіп бізге осындай ой тастады. Содан дауласып, қатты ренжістік.

Ақыл ата: Ееее, ол қызғаныш қой. Сақшыларым дәл казір маған оны тауып әкеліңдер.

Сақшылар: Құп болады!

Музыка ойналады, сақшылар қызғанышты іздеп тауып атаның алдына алып келеді.

Ақыл ата: Сен мені мұқият тыңда! Достардың ортасына от салғаның үшін саған адамзаттың өмірінде орын жоқ. Апарып қамаңдар зынданға.

Ақыл ата: Ал сендер адамға қажетсіңдер. Әрқайсыңның орындарын ерекше . Сендер Жақсылықтың жаршыларысындар! Сендер арқылы адамдар өмірден өз орындарын тауып, биік белестен көрініп жатады. Сондықтан дауласпай, әрі қарай дос болындар! Сендер жеке-жеке өз міндеттеріңді атқаруға тиістісіңдер.

Бауырлар: Иә, түсіндік, қателесіппіз, енді ешқашан ренжіспейміз.

Ақыл ата: Дұрыс балалар, достықтарың берік болсын! Қанекей, достық әнін шырқаңдар!

Ән «Достық»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!