Материалдар / Психологиялық КТО
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық КТО

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарыс сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
416
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Психологиялық КТО

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту. Жаман ойдан санасын тазалау. Балалардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Психология пәніне деген қызығушылықтарын, ойлау қабілетін және зейіндерінің қасиеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Қағаз, қалам, музикалық әуен, маркер.

Жоспары:

1.Амандасу.

2.Таныстыру.

3.Зейінді зерттеп зерделе

4.Табиғат мінезі

5.Сезімді салу

6.Сұрақ-жауап сайысы

7.Құпия сурет

8.Логикалық ойын

9.Кім жылдам

10.Капитандар сайысы


Барысы: (кіріспе сөз) Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі психологиялық КТО-ға қош келіпсіздер!

1.Амандасу.

Психолог: -Қолдармыз бен иықтарымызды түйістіріп амандасамыз.

2.Екі топтың таныстыру (Аты, ұраны)

Ережелер:

1.Бір-бірімізді тыңдаймыз.

2.Жаныңыздағы адамдармен жақсы қарым –қатынаста боламыз.

3.Уақытты үнемдейміз.

4.Белсенділік көрсетеміз.

5.Маңызды нарселерді ғана айтамыз.

6.Өз ойымызды ашық айта білуге үйретеміз.


Әділ қазыларды сайлау:


3. «Зейінді зерттеп зерделе»

«Мюстенбергтің» әдістемесі

Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.

Нұсқау:

Көптеген әріптердің арасынан тұтас сөздер бар. сіздің міндетіңіз тек оқып отырып,сол сөздердің астын сызыуыңыз керек.

Жұмыс уақыты -2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.


4. «Табиғат мінезі»

Қане барлағымыз тізбектеле тұрайық. Өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық. Күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді өзімізді еркін сезінейік. Алғашқы да бәрі жақсы болып тұрды да, кенет аяқ асытынан жел соқты.

Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жаймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипалаймыз. Жел күшейді, енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. Кенет,боран басталды – енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірік уқалаймыз. Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымыбен жаңбырдыі тамшысымен жаймен ұрамыз. Бір кезде қатты жауан жауды – біз қатты жауан сияқты арқамызды саусақтын ұшыменжоғары төмен сипалаймыз. Аяқ астынан бұршақ жауды. Арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.

Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырып ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сіздің алдыңызда тұрған адам орындайды.


5. «Сезімді салу»

Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Қимыл мимика жест арқылы байланыс.

Барысы:Жүргізуші балаларға кімді бейнелеу керектігін ұсынады.

Мысалы: Ренжіген адамдар, қуанышты балағ қызыл бұрыш жеген адам, бәтеңкесі қысқан адам, балмұздағын жерге түсіріп алған бала, жұмыстан келген ана.


6.Сұрақ-жауап сайысы.

1.Қазақстанның киелі жерлерін ата?

2.Қазақстан Республикасында неше облыс бар?

3.ЭКСПО біздің мемлекетімізде қай жылы болды?

4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?


7. «Құпия сурет»

Мақсаты: Оқушылардың сезім арқылы ойын дамыту.

Барысы: Екі топқа тапсырма берілген. Оқушылар қатарға тұрады. Жүргізуші ең соңғы тұрған оқушыға сурет көрсетеді. Әрі қарай суретті көрген оқушы алдында тұрған оқушының арқасына қолымен бейнелейді. Бірінші тұрған адамға жеткенде құпия суретте не бейнеленгендігін сезу арқылы айтып береді.


8. «Логикалық ойын»

Мақсаты: Баланың қабылдауын, логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Барысы: Жүргізуші оқушыларға логикалық сұрақ қояды.

Логикалық сұрақ:

А)1.Бір адам жаңбырдың астында қалды. Үстін жабатын, басына киетін киімі, қол шатыры болған жоқ. Сөйте тұра оның бірде-бір басындағы шашы су болған жоқ. Неге?

2.Столдың үстінде үш шыбын отырды. Оның біреуін ұрып өлтірді. Столдың үстінде неше шыбын қалды.

Ә)Қиындыны жинау.


9. «Кім жылдам» (Ойын)

Мақсаты:Зейінді,шапшаң болуға үйрету.

Барысы: Екі топтан бір-бір оқушы шығып,қолдарын созып, бір-бірінің қолды ұрып үлгіруі керек.

Қолын тигізіп үлгерген оқушының тобына, бір ұпайды берілген.


10. «Капитандар сайысы»

Мақсаты: Оқушылардың өзара достық қарым-қатынастарын нығайту.

Барысы: Топ капитандары бір-біріне жақсы тілек сөздерін айтып жарасу.

Қорытынды: Әр топқа керемет сыйлық сыйлау.

Жүргізуші: - Міне, біздің ойынымыз да аяқталды, қортынды сөз кезегі әділ қазыларға беріледі. Әділ қазылар әр ойынның қорытындысын айтады, өздерінің ойларын, ескертулерін білдіреді, сыйлықтарын ұсынады және көзге түскен балаларды жеке медальдармен марапаттайды:

  • Ең көңілді;

  • Ең маңызды қатысушы;

  • Бізді таң қалдырған қатысушы;

  • Топ лидері;

  • Ең белсенді;

  • Ең сабырлы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!