Материалдар / Психологиялық Мінез-құлық және Конфликт түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Психологиялық Мінез-құлық және Конфликт түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның мінез-құлқы мен психологиясын тереңірек зерттеуге көмектеседі
Авторы:
07 Мамыр 2024
71
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала

90 жылдық тарихы бар Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті- еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту

саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куəгері. Университет- ұлағатты

ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға

деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы.Қазақстандағы

барлық жастар мен болашақ үздік мамандардың Қара шаңырағына айналған университеттің

нақты құрылған күні 1934 жылдың 15 қаңтары болып саналады.

Университет тарихының əрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары,

оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен

күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.Университет дамуының басты

бағыттары анықталды. Ол– əлемдік білім беру жүйесіне дəйекті түрде

жақындау, мамандарды даярлауда халықаралық стандарттарға

көшу.Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті- мемлекеттің

инновациялық даму саясатын іске асыру мақсатында əлемдік деңгейдегі

зерттеу университетіне айналу жолында құрылымдық жаңару мен жаңғыру

үстінде. Əлемдік топ– университеттер қатарында белгілі дəрежеде алға

жылжып, халықаралық деңгейде өзінің бəсекеге қабілеттілігін дəлелдеген

университеттің алдында жаңа міндеттер мен талаптар тұр.

Біз рухани жаңғыру негізінде 1-курсымыздың екінші семестрынан бастап

психология пəнін өтіп жатырмыз.Жалпы,басқа адамның мінез-құлқын қалай

түсінуге болады? Адамдардың əр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде?

Жан дегеніміз не жəне оның табиғаты қандай? Осындай жəне басқа да сұрақтар

адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам жəне

оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

Жалпы психология пəні– психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу

əдістерін, теориялық принциптерін жəне оның ғылыми негіздерінің қалыптасу

жүйесін зерттейді. Психика жоғары дəрежеде ұйымдасқан материяның нақты

формасының қызметін, əрекет тəсілін бейнелейді, адам психологиясы

жаңғырту арқылы пайда болады.Өткен сабақтарымыздың ішіндегі қызықты

тақырыптардың бірі: Мінез-құлық және конфликт модельдері тақырыбы.

Психологияда әлеуметтік процестерге қатысты әлеуметтік мінез-құлық

дегенді қарастырады. Қоршаған әлеуметтік ортаның реакциясына қатысты

туындайтын реакцияға физикалық және әлеуметтікқажеттіліктерді

қағанағаттандырумен байланысты болатын мінез-құлықтың жиынтығы

жатады. Оның объектісіне жеке адам және топтарды жатқызамыз. Біз қарым-қатынастағы

серіктесті өз айтқандарыңа

сендіру, дәлелдеу, оған симпатия тудыру үшін, әр сөзімізді, әрекетімізді,

мінез-құлық стратегиясын дайындаймыз.Осы тұрғыда конфликт қалай пайда болады? Деген сұрақ

туындауы мүмкін. Конфликт карым-қатынас барысында туындайды. Қонфликт адамдар

арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір сұрағы,

конфликтінің пайда болуын, шығу себептерін, факторларын, конфликтілік

жағдайларды, оның түрлерін, технологиясы мен механизмін, дамуы немесе

тежелуін, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты

мәселелерді психологияның бір негізгі саласы конфликт психологиясы

карастырады.

Қарым-қатынастағы қақтығыстар, яғни конфликтілер тұлғаның

эмоциялық көңіл-күйімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты

болады.Қарым- қатынас барысында адамдар өзара түсінісе алмай реніштер

басталады, кайшылыкты пікірлер пайда болады да конфликт туындай

бастайды. Қарым-қатынастағы өзара түсініспеушілік адамдардың арасында

психологиялық кедергілер жасайды.

Конфликтіні бағалау да конфликтідегі адамның жағдайына

байланысты:

а) жеңімпаз - өзін-өзі бағалаудың өсуі, оң эмоциялық көңіл-күй;

б) жеңіліске ұшыраған - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, реніш, стресс, олар

денсаулыққа әсер етуі мүмкін.

Конфликтінің түрлері:

1. Ашық және жабық конфликт

2. Мотивациялық конфликт

3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликтісі

4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт

5. Мәртебеге қатысты конфликт

6. Жеке және топтық конфликтілер

7. Таңдау конфликтісі

8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликтісі

9. Қарама-қарсы қабылдау конфликтісі

10. Қажеттілік конфликтісі

11. Әлеуметтік норма және қажеттілік бойынша конфликт

12.Тұлға мен ұйым арасындағы конфликт.

Конфликт негізгі төрт кезеңге бөлінеді :

1.Объективті конфликтілі жағдайдың пайда болуы. Мұны күшті конфликт

кезеңі деп атайды, бір бірін түсінбейді, түсінгілері келмейді және бұл

жағдайды адамдар адекватты түрде бірден қабылдамайды.

2.Объективті конфликт жағдайды түсіну немесе конфликтінің себебін түсіну

-мұнда көптеген қайшылықтарды түсіне бастайды,

3. Конфликттік әрекет немесе конфликтілі мінез-құлыққа өту, катысушы

екінші адамды төмендетуге бағытталған. Егер бір катысушы

конструктивті әрекетке көшсе, онда конфликтіден шығатын мүмкін болатын

жолдарды іздеп конфликттік жағдайды өзгертеді.

4.Конфликтінің шешімі. Ол объективті конфликт жағдайдың өзгеруі немесе

конфликтілі жағдайдың қарсыластары конфликтідегі әрекетті

трансформацияласаяғни әңгімені жағымды жаққа бұрса конфликтіден шығуы мүмкін.

Манипуляция - адамның мінез-құлқының ерекше бір түрі, әлеуметтік

өмірдің, әлеуметтік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Адамдар өз максатына

калай болсада жету үшін көптеген тәсілдер колданады соның бірі осы

манипулятивті мінез-құлық формалары.

Дженни Грехем Скотт (1991) әрбір адамда өмірлік тәжірибеге орай

қарым-қатынасқа байланысты өз жіктемесі болады деп санайды, өз еңбегінде

Роберт М. Бремсонның жіктемесін көрсетеді:

-«буы шыққан сырғанақ жер», «жұпталған сырғанақ»: осы тәсілдегі адамдар

менікінің бәрі дұрыс, менімен барлығы келісулері керек деп санайды, ең

бастысы беделді құртып аламын ба деп мазасызданады, сіз конфликтіден тез

шығып кетсеңіз соғұрлым оған жақсы көмектесесіз.



Қорытындылай келе жалпы Психология ғылымының біздің өмірімізде қаншалықты маңызды

екенін айтқым келеді.Бұл сабақты оқи отыра біз жан дүниеміздегі сезімдерімізді түсініп,адам

психологиясын тереңірек зерттей аламыз.<<Қалай басқа ортамен тез тіл табысуға болады?>>,

<<Қалай Конфликтті тиімді шешу керек?>> деген сынды сауалдарға жауап тауып,оны алдағы

өмірімізде қолдансақ болады.Мақаладағы тақырыпты оқи отыра біз адамдарды мінез құлқына

қарай бірнеше топқа бөлуге болатынын түсіндік.Конфликтің қандай түрлері болатынын,және оның

әр түрін қалай шешуді мен бұрын білген емеспін.Ал Әл Фараби атындағы ҚазҰУ оқуға түсіп,осы

ғылым түрімен танысқаннан кейін менің өмірім қатты өзгерді.Адамдармен тез тіл табысуды

үйреніп,жеке адами құндылықтарға жиі мән беретін болдым.Осылайша өзіме жаңа,жылы орта

тауып ҚазҰУ-нің ауыз толтырып айта алатындай ,мақтанышқа толы университет екеніне тағы бір

мәрте көз жеткіздім.Қазіргі күні ҚазҰУ сияқты үлгі боларлықтай университетте ,үлгі боларлықтай

азамат болып өсіп келе жатқаныма қатты қуанамын.



Тленчиева Н.С. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ə.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Жаплы жəне қолданбалы психология кафедрасы.

Қызырбек Аспандияр

Бизнес Технологиялар кафедрасы.

Көлік қызметтері (Логистика) 1 курс студенті

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!