Материалдар / Психологиялық ойындар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Психологиялық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық ойындар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
537
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық ойындар
Суреттерді аяқтайық жаттығуы
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .
Түрлі –түсті доптар жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал .
Менің көңіл-күйім жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
Мен басқаның көзімен
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды .
Атомдар мен молекулалар
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .

Афирмациялар
Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді , Мен жетістіктің адамымын , Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда
Таңғажайып дорба ойыны
Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды .
Мен қандай адаммын ?
Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі .
Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі .
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады .
Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі

Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады . Мен саған сенемін ... өйткені сен жақсы адамсың .
Сиқырлы сөздер ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек . Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . Айнаш , өтінемін дәптерді берші Ізеттілік туралы ертегі тыңдау №302007 МП
Ең жақсы ойыны
Қатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі .Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты
Кездесу ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады .
Ассосация Жанұя
Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап береді .
Сиқырлы жұмыртқа ойыны
Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады .
Әрқашан күн сөнбесін ! жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады .
Өкпені еріту жаттығуы
Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз .
Тазару жаттығуы
Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым , кештім .


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!