Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Психологиялық сағат: "Буллинг және оған қарсы тұру"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Глуховка орта мектебі» КММ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ
«Буллинг және оған қарсы тұру»
Педагог-психолог: Жумадилова А.М.
2021-2022 оқу жылы
Барлық балалар үшін зорлық-зомбылықтан және әлімжеттілік қарым-қатынастан қорғанумен қатар өмір сүруге, дамуға, тәрбиелеуге және білім алуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету кез келген мемлекет үшін әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Балаларға қатысты ешқандай зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды және кез келген зорлық-зомбылық ескерілуі қажет. Алайда бүкіл әлемде балалар отбасында, жергілікті қоғамдастықта және білім беру ұйымдарында – басқа оқушылар тарапынан да, мұғалімдер тарапынан да зорлық-зомбылыққа тап болады. Ең басты қауіп төндіретін мәселе – жүйелі түрдегі зорлық-зомбылық - айдап салу мен буллинг.
Буллинг (bulling) - өзін жеке дара, басқа адам тарапынан немесе топ ішінде қорғай алмайтын жағдайдағы психологиялық немесе физикалық қысым, зорлық-зомбылық, прессинг, менсінбеу, қорқыту. Қазіргі уақытта буллинг - бүкіл әлем мектептерінде таралған құбылыстардың бірі. БҰҰ-ның балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы 2006 жылы жарияланған Дүниежүзілік баяндамасы балаларға қарсы бағытталған зорлық-зомбылық ауқымын ғана емес, оның теріс салдарын да кешенді талдаудың алғашқы халықаралық тәжірибесіне айналды.[1]
Мектептегі зорлық-зомбылық қазіргі білім беру жүйесінің маңызды мәселесі болып табылады. Өкінішке орай, айдап салу немесе қорқытуды кез-келген мектепте кездестіруге болады. Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде буллинг білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Буллинг салдары – тікелей де және жанама
түрде – оқушылардың зияткерлік және жеке тұлғалық дамуына теріс әсер етеді.
Өкінішке орай, көптеген оқушылар мен олардың ата-аналары буллингтің баланың дене және менталдық денсаулығы үшін зияны туралы жеткілікті біле бермейді. Соңғы уақытта біздің елімізде балалар ортасында буллингті ерте анықтау және алдын-алу мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Осылайша, буллингтің алдын алу мәселесі қазіргі кезде өзекті болып табылады.
І тарау. Оқушылар арасындағы буллинг жағдайы. Қазақстандағы буллинг статистикасы.
ЮНИСЕФ мәліметтеріне сәйкес, әлемдегі 150 миллион бала мектепте немесе оның айналасында құрдастары тарапынан зорлықзомбылыққа ұшырайды екен. Қазақстан үшін мектептердегі зорлық-зомбылық мәселесі де өзекті. 2011 жылы Қазақстанда жүргізілген «мектептердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бағалау» зерттеуінің деректеріне сәйкес, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылық пен кемсітушілікпен 5-10 сынып
оқушыларының 66,2%-ы олардың 63,6% -ы куәгер ретінде, 44,7% - ы зардап шеккен адам ретінде, ал 24,2% - ы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасағанын мойындады. Көбінесе оқушылар (қатысушылардың 40,0% -ы) мазаққа ұшырап, оларды күлкі нысаны ретінде қабылдаған және заттарын бүлдірген. Оқушылар итеру, тепкі, аяқтан шалу, соққы сияқты қауіпқатерге екі есе аз (21,4%) ұшыраған немесе оларға шабуыл жасалған. Ақша бопсалау жағдайлары туралы оқушылардың 9,8%-ы хабарлады. Сауалнамаға қатысқандардың 8,5%-ы өз атына жыныстық сипаттағы сөздер мен қысым көрсету туралы айтылғанын, ал 7,4%-ы басқаларына қатысты осындай әрекеттердің куәгерлері болғанын айтады. Әрбір алтыншы оқушы (15,5%) гендерлік белгісі, ұлттық және діни ұстанымы, нәсіліне қарай, киім немесе тұратын жеріне байланысты, сондай-ақ мүгедектігі бойынша кемсітушілік көзқарас әрекеттерге душар болса, әрбір үшінші оқушы (36,1%) осындай жағдайдың куәгері болған.
2018 жылы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының (ҚР
ДМ ҰОЗО) «денсаулыққа қатысты мектеп жасындағы балалардың
тәртібі"» «Health behaviour in school-aged children» (HBSC) зерттеу тобы
Жасөспірімдер арасындағы денсаулық пен әл-ауқат көрсеткіштерін зерттеу
үшін қазақстандық оқушылар арасында сауалнама жүргізді. [2] Оқушыларға сауалнама жүргізу барысында олар буллинг/кибербуллингке қалай жиі қатысқанын немесе соңғы екі ай бойы мектепте оның құрбаны болуы туралы сұрақтар қойылды. ҰОЗО зерттеу тобы ғалымдарының пікірінше, буллинг құрбандарының да, буллердің де психикалық жағынан денсаулықтарында ақаулары бар екендігі анықталған. Белгілі болғандай, 11-15 жастағы жасөспірімдердің 17%-ы мектепте айына бір рет буллинг/айдап салудың құрбаны болған. Буллингтің құрбандары ауылдықтарымен салыстырғанда қала оқушылары арасында
жиі болады.
II тарау. Мектеп ортасындағы буллинг: себептері мен салдары
Білім беру ұйымдарындағы зорлық - зомбылықтың сипаты мен табиғаты әртүрлі, бір мезеттік қорлау түрінде, немесе жүйелі түрде кемсіту және айдап салу (буллинг) түрінде де көрінеді. Зорлық - зомбылық физикалық және ауызша болуы мүмкін, зорлық - зомбылық әрекеттері мен жыныстық сипаттағы сөз айтуларда білдірілуі, айқын немесе айқын көрінбейтін гендерлік сипатқа бағытталған, материалдық пайдаға ұмтылу (бопсалау және заттар мен ақшаны тартып алу) сипатта көрінеді және барлық тартылған тараптарға әрқашан психологиялық жарақат келтіреді. Мектептегі айдап салу (буллинг) – белгілі бір балаға бағытталған қайталанатын агрессия, оның құрамында мәжбүрлеу мен қорқыту белгілері бар, кейде мұғалімдер тарапынан нақты немесе жасырын түрде қолдаулар болуы мүмкін фактор.
Мектептегі айдап салу әртүрлі нысандарда пайда болуы мүмкін: физикалық және психологиялық агрессия, айқын қудалау және нашар қарым-қатынастың жасырын көрінісі.
Буллингтің жасырын түрлеріне елемеу, бойкот (толық қарсылық білдіру) жасау, қарым-қатынастан шығару, әртүрлі манипуляциялар, теріс пікірлер мен өсектерді әдейі тарату және т.б. - баланың өзін қорғансыз сезінетіні, балалардың тобынан шығарылғандығы, жалпы қабылданбаған теріс ортаны құру жатады.
Буллинг - бұл тартылған тараптар арасындағы билік тепе-теңдігін көздейтін физикалық және вербалды сипаттағы зорлық-зомбылық . Жүйелі зорлық-зомбылық - айдап салу немесе буллинг ерекше қауіпті. Оқушыға қысым бір адам (оқушы немесе мұғалім), сондай-ақ бір
топ тұлғалар да көрсетуі мүмкін. Ұялы байланыс пен интернеттің таралуымен және жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі белсенділігінің артуымен қазіргі заманғы коммуникациялық технологияларды - кибербуллингті қолдана отырып, қорқытудың жаңа түрі пайда болды.
Буллинг түрлері
Түрлері Сипаттамасы
Вербалы буллинг . Сөзбен қорлау, қорқыту және дәлелсіз ауыр сөздер көмегімен қорлау.
Физикалық буллинг. Физикалық агрессивті үрей тудыру көмегімен физикалық қорқыту немесе буллинг сипаттамасы бірнеше рет қайталанатын соққылар, тепкі, аяқтан шалу, бұғаттау, итеру және қажетсіз немесе өрескел түрде жанасу.
Әлеуметтік-психологиялық буллинг. Психологиялық зорлық-зомбылық дегеніміз адамның
қадір-қасиетін кемсітуге, елемеуге, бас тартуға, бақылауға немесе әлеуметтік оқшаулауға бағытталған әдейі вербалдық және мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы. Психологиялық зорлық-зомбылық адамның өзін-өзі бағалауы мен өзін-өзі құрметтеуге нұқсан келтіретін,келемеждеу (лақап аттар беру) оны қоғамдастық тарапынан қабылдамайтынына сендіретін, оның жеке басын құнсыздандыратын, қарым-қатынастан бас тарту, топқа, ойынға, спорттық сабаққа немесе басқа да іс-шараға әдейі қатыстырмау, сондай-ақ қорлау, дөрекі және кемсітетін сөздер арқылы көрінуі мүмкін.Экономикалық Бопсалау - физикалық күшпен жазалау, қандай да бір мәліметтерді жария ету, ақшаны, заттарды мәжбүрлеумен талап ету. Мұндай әрекеттер жәбірленушіге тек материалдық ғана емес, сонымен қатар физикалық және моральдық зиян келтіреді.Кибербуллинг Кибер қорқыту біреуді әлеуметтік желілерде,электрондық пошта немесе хабарламалар арқылы қорлайтын сөздерді, жалған сөздерді және өсек-өтірік сөздерді пайдалана отырып айыптау болып табылады. Секс, нәсілшіл және басқа да ұқсас хабарламалар тікелей балаға бағытталмаған болса да, ол қауіпті атмосферанытуғызады.
Кибербуллингтің зорлық-зомбылықтың басқа түрлерінен айырмашылығы, бұл ренжітушіге өзін аноним ретінде сақтауға және сол арқылы өз әрекеттері үшін жауапкершіліктен қашуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, кейбір балалар бір мезгілде бірнеше зорлықзомбылықтың құрбандары болып табылады. Мысалы, бала зорлық-зомбылықты үй жағдайында және мектепте де қосымша көруі мүмкін. Мектептегі буллингтің пайда болу себептері мен факторлары. Зерттеулер көрсеткендей, жасөспірімдік жаста агрессияның пайда болуының негізгі себептері ата-ана сүйіспеншілігі мен қамқорлығының болмауы, жыныстық жетілу және психологиялық өсу, тұқым қуалаушылық және өзіне назар аударту ниеті болып табылады.Отбасындағы зорлық-зомбылықты бастан кешірген балаларда ашулануға (47,9%) және физикалық агрессияға (39,5%) өз отбасыларындағы зорлық-зомбылық мәселелері туралы хабарламаған балалармен салыстырғандағы бейімділік (тиісінше 24,8% және 27,5%) жоғары. Бұл отбасында ата-аналардың зорлық-зомбылықты, төбелесті, ұрыс-керісін көріп өскен немесе психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар үнемі ашу-ыза мен физикалық агрессияға бейім болады.Кейбір балалардың басқаларға қатысты қатыгездігін түсіндіретін негізгі факторлар:
білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты ішкі агрессивтілік. Бұл жасөспірімдердің жеке басындағы дағдарыс кезінде шиеленіседі, бірақ мектеп оқушыларының шамамен 60% - ы дәл осы жас тобына жатады;
мектеп оқушыларының өмір сүруінің алдыңғы тәжірибесі, оның ішінде өзінің агрессивтілігінің көрінісі және жақын ортадағы ұқсас көріністерді байқауы – отбасында, құрдастарының референттік (маңызды) тобында, бұрын барған білім беру ұйымдарында болуы;
коммуникативтік дағдыларды дамытудың жеткіліксіз деңгейі, оның ішінде мысалдар мен күш қолданбайтын өзара қарым-қатынастар тәжірибесінің және өз құқықтары туралы білімінің болмауы; мектеп ортасының ерекшеліктері (авторитарлы-директивті басқару
стилі, билік пен бағыну қағидаттарына негізделген сынып ішіндегі қатынастар жүйесі).
Буллингтің ең танымал зерттеушісі Дэн Олвеус буллингті топтағы өзара әрекеттесудің стереотипі, қатысушылардың билігі немесе күштердің теңсіздігі жағдайында жүйелі бағытталған агрессивті мінез-құлық ретінде анықтайды. Сонымен қатар, ол буллингтің үш негізгі критерийін анықтайды:
ниеттілік;
жүйелілік;
билік немесе күш теңсіздігі.
Қызғаныш, кек, дұшпандық сезімі, «әділеттілікті» қалпына келтіру, билік үшін күрес, көшбасшыға бағыну, қарсыласты бейтараптандыру, өзінөзі растау және т.б. балаларды қорлауға итермелеу кейбір оқушылардың өздерінің біреуді азаптауға құмарлық қажеттіліктерін қанағаттандыруы мүмкін.
Буллингтің пайда болу себептерінің келесі топтары:
Педагогикалық. Білім беруде, коммуникативтік, тәртіптік және мектептегі жалпы бейімделмеу ретінде.
Сынып микроклиматы. Академиялық үлгерімнің төмендігі немесе жұмыссыздықтың жоғары деңгейі.
Мұғалім позициясы: мұғалімдер тарапынан оқушылардың жеке басын мазақ ету мен кемсітуге жол беретін жағдай негізінде де балалар қорлау мен айдап салуға көбірек ұшырайды.
Психологиялық Қауіпті мінез-құлық: Буллер деп аталатын агрессордың және құрбанның тұлғасы, басқаларды қорлауға немесе жарақаттауға ұмтылуы өзінің толық емес сезімінен
туындайды. Бала басқаларға билік жүргізе алатындығын сезінеді.
Жыныстық жетілу: қандағы гормональды өзгерістер кезінде тестостерон мен адреналин артады. Бұл агрессияның артуына әкеледі, біреуді азаптауға құмарлық пайда болады.
Әлеуметтік Қоғамда агрессивті мінез-құлықты насихаттау және көтермелеу басым: теледидарда, интернетте, компьютерлік ойындарда
Отбасылық Ата-ана махаббаты мен назардың жетіспеушілігі, атааналар тарапынан физикалық және вербалды агрессия болады. Үйде оны ұрып немесе ұрысатын ата - анасына
бала қарсы тұра алмайды. Бірақ мектепте шамадан тыс бақылаудың әсерінен құрдастарының арасында ол күш көрсетеді. Сондай-ақ күрделі отбасылық жағдай, тиісті
тәрбиенің жоқтығы бала мен ата-ананың арасындағы байланыстың төмен болуына алып келеді.
Буллингке қатысушылар
Буллинг туралы айтқанда, әдетте олар балалар арасындағы оқшауланған қақтығыстарды емес, мектеп ішіндегі қалыптасқан қатынастар деп ойлайды. Бұл қарым - қатынаста әрқашан жәбірленуші болады (қорланған бала); бұл балаға белсенді агрессияны көрсететін
балалар тобы бар (әдетте мұндай топта жиналатын көшбасшы балалар болады); қорлауға тікелей қатыспайтын куәгерлер мен жанашырлар бар, бірақ оның орнына келмеу үшін балалар жәбірленушіні қолдаудан қорқады.
Буллинг қатысушыларының психологиялық бейнесі
АГРЕССОР /БУЛЛЕР
Өзін-өзі бағалауы төмен жасөспірім, ол басқаларды кемсіту есебінен көтерілуге тырысады;
Қандай жолмен болса да көзге түсуге ұмтылады;
Агрессивті, қатыгез, үстемдік пен манипуляцияға бейім;
Отбасында және балалар мен ата-ана аралық қатынастарындағы қиындықтары бар. Агрессорлар жайсыз отбасылардың балалары да, материалдық жағдайы жоғары отбасылардың балалары да болуы мүмкін. Агрессорлар кімге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді таңдайды. Олар зорлық-зомбылықты қашан және қайда жасауды мұқият ойластырады. Олар өз әрекетін қалаған уақытында тоқтатуы мүмкін.
ҚҰРБАН Көп жағдайда өзіне сенімсіз, гиперэмоционалдық, ренжігіш, тұйық, шешімін таба алмайтын, үрейлі балалар құрбандар болады. Олар өзін - өзі ақтауға бейім және жиі шабуылдарды лайықты деп санайды. Мұғалімдердің «жақсы көретін» немесе керісінше (аластатылған) қоғамдық топтардан тыс қалған балалар, кез-келген физикалық және психологиялық ерекшеліктері бар, интеллект деңгейі төмен және оқудағы қиындықтары бар балалар да қауіп-қатерге ұшырайды. Психологтер барлық зардап шеккендерге тән ерекшеліктерді көрсетеді – ол зардап шеккендерге айдап салуға агрессивті түрде
мүлдем қарсы тұру мүмкіндігінің болмауы.
БАҚЫЛАУШЫЛАР. Қысым жағдайына тартылған жасөспірімдер мен балалар. Олар соққыға қалуға немесе жаңа құрбанға айналуына қарамастан зардап шегушіні қорғауға немесе кикілжіңге араласпай пассивті көзқарас ұстанады, сондай-ақ бақылаушы белсенді түрде агрессорға қолдау көрсетіп соған да қосылуы мүмкін.
ҚОРҒАУШЫ. Құрбанның жағында тұрған және оны агрессиядан қорғауға тырысатын жасөспірім.Балалар арасында айдап салуға деген теріс көзқарас кең таралғанына қарамастан, кіші және кіші жасөспірім балалардың аз ғана бөлігі шамамен 35-40%-ы шабуылдаушы немесе қудалаушыларға қолдаушы, шамамен 25-30%-ы сырттан келген куәгерлерге қатысты құрдастарымен қарым -қатынасын көрсетеді және қорғаушы ретінде қызмет етеді. Жоғарыда айтылғандай, кез-келген бала немесе жасөспірім айдап салудың құрбаны болуы мүмкін. Зорлық-зомбылықтың көптеген жағдайларын анықтау қиын. Әдетте, зорлық-зомбылықтың бастамашысы (құқық бұзушылар) ересектер тарапынан бақылау мен бақылаудың болмауы жағдайында әрекет етеді. Сондықтан ересектер көбінесе құқық бұзушының әрекетін емес, жәбірленушінің қорғаныс реакциясын байқайды (бұл тәртіпті бұзуға жатады).Көбінесе буллинг құрбандары келесі себептерге байланысты өздері
туралы айтпайды:
ұят пен кінә сезімі;
өз атына тағылған айыптаудан қорқу;
құқық бұзушының кек алуынан қорқу;
жалғыздықтан қорқу;
қажетті ұйымдарға жүгінуге деген сенімсіздік (теріс тәжірибе);
салдардан қорқу («егер Мен бұл туралы айтсам не болар екен»),
мүмкін болатын қорқыныш (оқушы оны жасырын түрде жасауға
мәжбүр болған кезде);
отбасын қорғау (ұрысты үйден шығармау);
серіктеске/құқық бұзушыға деген төзімділік;
өз эмоцияларынан және агрессиядан қорқу;
жағдайдың ауырлығын азайту (бәрі артта қалды, маңызды ештеңе
болған жоқ), жағдайдың ауырлығын жоққа шығару.
Буллингтің салдары
Булингті ерте кезеңде анықтаған маңызды:
а) мектептегі айдап салу (қорқыту) көбінесе жасырын болып табылады;
б) буллинг барлық қатысушылар үшін, тек «құрбан болған» балалар үшін ғана емес, агрессорлар, куәгерлер, мұғалімдер және мектептегі жалпы ахуал үшін де ауыр зардаптар әкеледі;
в) булингті қарапайым шаралармен, мысалы, тәртіпті қатайту немесе қорлаудың құрбаны болған балаларға көмек көрсету арқылы шешілмейді.
Зорлық-зомбылық оқушылардың сабаққа қатысуына, оқуға қабілеттілігі мен оқу қызығушылығына және соңында олардың академиялық үлгеріміне теріс әсер ететіні анықталды. Зорлық-зомбылық оқушылардың білім беру ұйымымен байланысын әлсіретеді, қорқыныш пен қауіпсіздіктің жоқтығын сезінуді тудырады, ол өз тарапынан тәрбиенің міндеттеріне, қауіпсіз және мейірімді ортада білім алу құқығына қайшы келеді. Зорлық-зомбылыққа байланысты балалар білім беру ұйымын уақытынан бұрын тастап, сол арқылы өзі білім алу құқығын толық көлемде іске асыру мүмкіндігінен айырылады.
Буллинг (қысым) құрбаны болған бала екендігін көрсететін белгілер:
Баланың жүріс-тұрысында буллинг немесе қысымға ұшырағандығын сипаттайтын белгілер болуы мүмкін. Үлкендер осы белгілерді білуі тиіс және оған назар аударуы қажет:
бала мектепке жағымсыз көзқарас танытады, себебі мектепке бармауға кез келген мүмкіндік табады;
бала мектепке баруға қорқады немесе мектептен кетіп қалады.
өзін мектепке апарып немесе алып кетуін талап етеді;
сыныптастары мен мектеп туралы ештеңе айтпайды;
мектептен жабырқаулы оралады;
себептен себепсіз жылайды;
ұйқы мен тәбеті бұзылады;
себепсіз жарақат пен көгерулер пайда болады;
тұрақты стресс салдарынан бір іске зейін қоя алмайды;
қоғамдық көлікпен жүргісі келмейді;
тұрақты күн тәртібін өзгертеді;
сабақ босатады;
мазасыздық немесе сенімсіздік көрсетеді, оқшауланады;
өз-өзін бағалауы тұрақты түрде төмендейді;
кекештенеді;
өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасайды немесе қорқытады, үйден қашады;
түнде жылайды немесе түнгі қорқынышты сезінеді;
таңертең өзін нашар/ауру сезінеді;
мектеп тапсырмаларын нашар орындайды;
үйге құртылған киіммен немесе жыртылған кітаптармен келеді;
оның басқа заттары құртылған немесе «себепсіз жоғалған» болады;
ақша сұрайды немесе ақша ұрлай бастайды (ақша бопсалаушыға беру үшін);
ақша «жоғалтады»;
себепсіз жарақаттар мен көгерулер пайда болады;
үйге аш келеді (тамаққа берілген ақшасы жоғалады немесе ұрланады);
агрессивті болады, өрескел ерсі қылықты көрсетеді;
басқа балаларға және туған аға-әпкелерін келемеждейді;
бір нәрсенені қате айтудан қорқады;
жоғарыда айтылғандарға қандайда бір сылтау айтады;
интернет немесе ұялы телефонды қолданудан қорқады;
онлайн-ақпарат алған кезде мазасызданады.
Буллингті анықтау бойынша психологтің диагностикалық жұмысы
Уақытында жүргізілген психодиагностика балалар мен жасөспірімдердің алдын ала қауіп - қатерін анықтауға көмектеседі. Психологке келесі диагностика жүргізу ұсынылады:
-
Тұлғааралық қатынастардың құрылымын зерттеу (Морено социометриясы) - іскерлік және эмоциялық критерий бойынша оң және теріс таңдау бағаланады
-
«Климат» әдістемесі (Б.Д. Парыгина әдістемесінің модификацияланған нұсқасы)
-
«Мектеп өміріне қанағаттану» А.А.Андреева әдісі ұжымның психологиялық ахуалын бағалау
-
Люшердің түстік тестісі
-
Спилбергер-Ханиннің, САН тұлғалық және ахуалдық алаңдаушылығын бағалау, өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейін анықтау, тұлғалық ерекшеліктерді анықтау (Кеттелла 14PF көпфакторлы жеке сауалнамасы),
-
Леонгард-Шмишек сипатындағы акцентуацияларды анықтау,
-
«Қобалжу тесті» баланың психоэмоционалдық жағдайын, оның жеке ерекшеліктерін, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдістемелер.
-
«Жанжал жағдайларындағы мінезқұлық стратегиясын бағалау» К. Томастың сауалнамасы,
-
«қарым-қатынаста басым қорғауды диагностикалау» әдістемесі
-
В.В.Бойко, «Жаңбыр астындағы адам» проективтік әдістемесі.
-
Бастауыш сынып оқушылары үшін «Адам ағашы» (Д. Лампен, Л.П.Пономаренконың бейімделуі).
Мектепте қорлыққа ұшыраған баланың ата-аналарына арналған жадынама
-
Ата-аналардың міндеті қысымға түскен баланы қорғау және қолдау ғана емес, сонымен қатар оны қоршаған адамдармен дұрыс, салауатты қарым-қатынас жасауға үйрету. Күнделікті өмірде зұлымдық, қатыгездік және агрессиямен қақтығыс болдырмау өте қиын. Балаңызға «жоқ», «болмайды» деген сөзді айтып үйрену керек. Арандатушылық және манипуляцияларға берілмей, кейде өз проблемаларын өзі ғана шешуге ұмтылмай туыстарының да көмегін сұрау керектігін түсіндіру және балаға кез келген қиын жағдайда оған туыстарының көмектесетіндігіне сенімін арттыру.
-
Сенімді қарым-қатынас – бұл айдап салуды жеңуге көмектесетін негізгі құрал.
-
Бірінші ең маңызды элемент – баланы өзін кінәлі сезінуден арылту!
-
Ол жарақатқа ұшырағанына кінәлі емес екенін түсіндіру. Бала ешкімнен кем емес, ол жай ғана қиын жағдайға тап болды, оған ата-аналар мен педагогтер шығу жолын табуға көмектеседі.
-
Сіз баланың жағында екеніңізді түсіндіруіңіз керек. Қолдаңыз және тыныштандырыңыз: «жақсы, сен маған бәрін айтып бердің! Мен саған сенемін. Болған оқиғаға сен кінәлі емессің. Мен саған көмектесемін» деген жылы сөздерді пайдалану қажет.
-
Онымен қалыптасқан жағдай туралы сенімді сөйлесіңіз. Оған әрі қарайғы әрекеттер мен жүріс-тұрыс жолын түсіндіріңіз.
-
Балаға өзіне деген сенімділік пен құрдастарының шаб