Материалдар / психологиялық тренинг

психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2019
1574
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамыз.
— Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы: «Менің балам қандай?»
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.

II. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

III. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.
«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя) бірдей ықпал жасай ма?
— егер «жанұя» десеңіздер- жымиыңыздар.
— егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алдыға созамыз.
3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
— егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,
— егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз.
— егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз.

IV. «Менің балам қандай?» ойыны
Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.

V. «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.

VI. Аңыз «Мінсіз емес»
Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
Не үшін ұяласың?
Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!
Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.

4

 Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.



 «Жанұя бақыты» жаттығуы.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Жаттығуымыздың шарты бойынша «Жанұя бақыты» үлгісін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
— сыйластық
-мейірімділік
-өзара түсінушілік
— татулық
— сүйіспеншілік
— денсаулық
— салауатты өмір салты
Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын қорғайды.
ІІІ. “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…







Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

  • Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  2. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  3. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

  4. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  5. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

  6. Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?



Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден көруіңізге болады.
Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.



Сөйлемді аяқтау.
І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).
ІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
ІІІ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).



Топқа бөлу (түрлі – түсті кәмпиттер бойынша топқа бөлу) 1мин
I тапсырма
Ой қозғау:
Ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын қорғап шығады.
1 - топ
Бала жақсы білімді болу үшін ата - аналардың міндеті қандай болу керек? Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?
2 - топ
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
3 - топ
Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс - әрекетіңіз?

IІ тапсырма
1. Педагогикалық ойын.
1 – топ



йын «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

Ата-аналар ортаға шеңбер құрып тұрады .Доп арқылы ата-анаға қойылған сқраққа ойланбастан жауап береді.

1.Балаңыздың ең жақын досы кім?

2.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

3. Балаңыздың туған күні қашан?

4.Балаңыздың аяқ киімінің өлшемі қандай?

5.Балаңыздың парталас көршісі кім?

6.Балаңызды қандай сөзбен еркелетесіз?

7.Балаңызға ренжіген кезде ең алғаш аузыңызға оралатын сөз?

8.Балаңыздың сүйікті пәні.?

9.Балаңыз кімді үлгі тұтады?

10.балаңыздың ең жақын досының ата-анасының аты кім?

11.Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?

12.Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

13.Балаңыздың сынып жетекшісі кім?

14.Балаңыз спорттың қай түрін ұнатады





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ