Материалдар / Психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-психолог
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2020
831
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Алтын күз»

Сабақтың мақсаты: Күз ғажайыптары туралы қосымша мәлімет беру, балалардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, Балаларды табиғатты аялап қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

  1. Күз туралы біраз мәлімет айту.

  2. Логикалық тапсырмалар беру.

Көрнекілік құралдары: күз, қолшатыр суреті.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың құрылымы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарын қалай?

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

  • Сергіту сәті «Мейірімді жүрек» ойыны. Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б.

  • Жарайсыңдар, балалар! Ойынға барлықтарын жақсы қатыстыңдар. Бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіндер. Ал енді, балалар орындарымызға жайғасып отырайық.

  • Сәлеметсіз бе!





Сергіту сәтін орындайды.

Негізгі кезең.

  • Балалар күз мезгілі туралы не білесіңдер? Кім жауап береді?

  • Күз– жылдың 4 мезгілінің бірі. Қыркүйек, қазан, қараша Күз айлары болып есептеледі. Күзде күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы сарғайып, түседі. Күн қысқара береді. Егін, жеміс жидектер піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы жаққа ұшып кетеді.

  • Ал, енді, ойын ойнайық. Ойын «Көкөністерді ажырат»

Ойын шарты: мен сендерге қазір көкөністер мен жемістерді көрсетемін, ал сендер қандай көкөніс (жеміс) екенін табуларын керек.

  • Жақсы, жарайсыңдар.

  • Енді келесі тапсырма: «Жұмбақты шеш».

  1. Көзге ілінбейді,
    Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

  2. Аяқсыз жетіп барады,
    Қолсыз есік қағады. (Жел)

  3. Сырылдатады шәйнегн,
    Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
    Тереземіздің әйнегін
    Жуады,
    Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

  4. Жапырақты бояды,
    Атырапты бояды.
    Бояп-бояп барлығын
    Сап-сары ғып қояды.   (Күз)

Ойын:     «Не жоғалды?

Тақтаға бірнеше жемістер суреті ілінеді.

Балалар тақтаға қарайықшы не көріп тұрсыңдар?   (жемістер)

Ойын шарты: барлық балалар шығады, жемістерді көреді, содан соң теріс қаратып, жемістердің біреуін алып қоямын. Балалар жоғалған жемісті табады.

Балалар сендер көптеген жемістерді біледі екенсіңдер, тамаша!

Ал енді осы жемістердің дәмін білесіңдерме?

Ендеше соны байқап көрейік.

«Жемістің дәмін сезу»

3-4 баланы шығарып, бір жеміс беремін, олар сол жемісті қалай жейтіндерін мимикамен көрсетеді. (ойынды жалғастыруға болады)


Балалар күзде тек жемістер ғана піспейді екен, көкөністер де піседі.(тақтаға көкөністер ілінеді)

Көкөністер аттарын атаймыз.    (Пияз ,сәбіз, қырыққабат, картоп т.с.с)

  • Жақсы, жарайсыңдар!

  • Балалардың жауаптары






  • Ойын шарты бойынша ойнайды.





Жұмбақтар шешеді.















  • Жемістер

  • Балалар ойын ойнайды.





  • Мимикамен көрсетеді.




  • Балалардың жауабы

Тәжірибені қолдану

Сергіту сәті: Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.

  • Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексия

- Балалар, күз мезгілі қандай болады екен?

- қандай жеміс-жидектер білесіңдер?

- біз бүгін сабақта не істедік?

- сендерге сабақ ұнады ма?

- жақсы. Сабаққа белсенді қатыстыңдар. Жарайсыңдар рахмет. Сау болыңдар!

  • Балалар жауабы

  • Сау болыңыз.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!