Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Психологиялық тренинг
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:
Тренинг:
Мақсаты: Ұжымда эмоциналды көңіл-күйлерін көтеру арқылы педагогикалық –психологиялық қолдау көрсету, өзіне деген сенімділіктерін арттыру.
Алтын ереже:
-
Ойымызды ашық айтамыз;
-
Бір-бірімізді тыңдаймыз;
-
Бір-бірлеп сөйлейміз;
-
Белсенді қатысу;
-
Бір-бірімізге сый көрсету.
Семинар эпиграфы:
«.....Білімдіден не пайда, білгенін көпкеа йтпаса
Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса»
Психолог сөзі: Құрметті ұжымдастар! Бұл тренингтен сіздер өздеріңізге көп ақпараттармен қатар өз жұмыстарыңызға шабыт алады деп ойлаймын.
Қазіргі заман талабына сай латын әліпбиіне көшуді қолға алып жатқандықтан және мұғалім жан-жақты өзін дамытып отырғанда ғана үлкен жетістікке жететінін ескере отырып, бүгінгі тренингте бір-бірімізбен жапон әліпбиімен танысамыз.
1.Танысу: Жапон әліпбиі бойынша танысу
А – ка З – з П – но Ц – ми Б – зу
И – ки Р – ши Ч – кэ В – ру К – мэ
С – ари Ш,Щ – хи Г - жи Л – та Т – чи
Ь,Ъ,Ы – зук Д – тэ М – рин У – до
Э – мэй Е – ку Н – то Ф – лу Ю – фу
Ж – су О – мо Х – ри Я – на
Мысалы: Перизат-Нокушикизкачи.
Әр қатысушы осылай өз аттарын жапон тілінде жазып танысады.
2. Жаттығу «Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз де, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз де оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.
Психолог сөзі: Байқап қарасаңыздар, әрқайсысыңыздың қар қиыршығыңыз әртүрлі болып шықты. Бұл дегеніміз айтылған тапсырма бірдей болғанымен, әр адамның қабылдауы әртүрлі. Сондықтан да қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде әр мұғалімнің ойы, пікірі көзқарасы әртүрлі. Сіздер өздеріңіз алған білімге толық қанағаттанып, әрқайсысыңыз өз алған білімдеріңізбен жұмыс жасап, өздеріңізге толық сенген адам ғана жеңіске жететінін ұмытпаңыздар.
Кім жылдам?» жаттығуы
Мақсаты: Ой жылдамдығын дамыту.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог қолында доп.
Нұсқау: «Қазір біз бір - бірімізге доп лақтырамыз. Доп лақтырған адам мына үш сөздің «ауа», «жер» немесе «су» біреуін айтады, ал допты алған адам «ауа» деген сөзді естіген соң допты алса - құстардың аттарын, «жер» дегенде - аңдардың,«су» дегенде - балықтардың аттарын атайды. Ойын тез ойналу керек». Жұмыс барысында тренер қатысушыларды өз қарқындарын арттыруға қозғау саналады.
Талдау: Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма? Сөз ойлап табу жеңіл болды ма? Не қиындық туғызды?
Мінез қыры
Ал әркім өз мінезінің қожасы. Ендеше сіз өз мінезіңіз жайында білгіңіз келе ме? Мінезіңіз бір қырын былайда байқауға болады екеуін ғана таңдайсыз Банан Алма Алмұрт Жүзім Малина Ананас Гранат Помидор Кулбника Апельсин Киви Шие Қауын Мандарин Персик Абрикос Қарақат Қарбыз Енді мұқият қандай мінезде екеніңізді қараңыз: 1.Банан — ауыр мінезді 10.Алма – ашық мінезді 2.Алмұрт – қатты адам 11.Жүзім – аңқау 3.Малина — сабырлы 12.Ананас — күшті 4.Гранат — төзімді 13.Помидор — ұялшақ 5.Кулбника — қыдырымпаз 14.Апельсин — шатақ 6.Киви — жүргіз 15.Шие — қайратты 7.Қауын — ақымақ 16.Мандарин — сабырсыз 8.Персик – көп сөйлейтін 17.Абрикос — мисыз 9.Қарақат — өкпешіл 18.Қарбыз – долы
. «Мен кіммін, қандаймын». 2 мин
-
Мақсаты: өзінің менін анықтау, ішкі сезімін сыртқа шығару.
-
10 сөз жазуғаболады. 3 минут беріледі.
-
Мен Аселмін.
-
Мен әдемі, сұлуқызбын.
-
Мен сабырлын.
-
Мен ақылдымын.
-
Мен ........т.с.с
«Мен саған сенемін» жаттығуы
Нұсқау: Қатысушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады, мысалы «мен саған сенемін.....», өйткені, сен сабырлысың адамсың. Осы кезде әуен ойнап тұрады.
Қорытынды: Өмірде адамды түсінуден қиын нәрсе болмаса керек. Әркім өзінікін дұрыс деуден бір танбайды. Біреуге «Сенікі дұрыс емес, қателесесің » десең, онымен арадағы жігің ажырай түседі. Дәл солай басқалардың да саған «Дұрыс емес, қателесесің » деуін ұнатпайсың.
Бір тақырып төңірегінде таласып қалған екі шәкіртін ұстазы жеке- жеке тыңдаған екен. Біріншісі өз пікірін айтып болғанда: «Сенікі дұрыс », - депті. Екінші шәкірт бұған келіспеген кейіппен өз пікірінен танбайды. Ұстаз оған да: «Сенікі дұрыс», - дейді. Ұстаздың бұл жауабына аң- таң қалған басқа бір шәкірт: « Ұстазым, қалай ғана екеуінікі бірдей дұрыс бола алады?», Сонда ұстаз былай депті: «Сенікі де дұрыс». Сондықтан әркімді обьективті түрде түсінген дұрыс, сонда басқалар да сені түсінетін болады. Ендеше адамдарды түсінуден артық қандай жетістік бар.
«Сарқырама» жаттығуы (музыка)
Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.
«Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2 – 3 рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз... Сіздің маңдайыңыз, аузыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз... Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы , сергек сезінуіңізге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады... Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр.Сіз өзіңіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқанын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда.»
Талдау: Сендердің көңіл-күйлерің қалай
Кері байланыс: «Бір сөзбен әдісі»
Мұғалімдерге 12 сөз жазылған парақша таратылады. Сол парақшаға тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің жүрегіне жақын болған сөзді таңдайды.
Төзімсіздік. Ашу. Қуаныш. Немқұрайлылық. Қанағаттану. Шабыт. Зерігу. Алаңдау. Тыныштық. Сенімділік.
Қорытынды. Психолог сөзі: Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?»- деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін», - деп жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»,- дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен деп айта келе мұғалімдерге ұстаздық жолында шаршамай, талмай балаға деген риясыз көңілмен жұмыс жасауларынызға шығармашылық табыс тілеймін.