Материалдар / Психологиялық тренинг "Дау-жанжалды болдырмау жолдарын қарастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг "Дау-жанжалды болдырмау жолдарын қарастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтардың оқушымен, ата-анамен және өзара қарым-қатынастарын жақсарту, педагогикалық ұжым ішінде дау-жанжалды болдырмау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2020
1874
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі»

«Дау-жанжалды шешу және оны болдырмау жолдарын қарастыру»

семинар тренингтері

Мақсаты: Педагогтардың оқушымен, ата-анамен және өзара қарым-қатынастарын жақсарту, педагогикалық ұжым ішінде дау-жанжалды болдырмау.

Қатысу керек мұғалім саны: 30-35

Уақыты: 40 минут


1.Сәлемдесу тренингі

Әр мұғалім өзінің аты-жөнін, өмірлік ұстанымын айтады. Мысалы: Менің аты-жөнім Салтанат Мергенбайқызы менің өмірлік ұстанымым: Алға қойған мақсатыма қол жеткізу


2.«Мен жұмыста және үйде» жаттығуы

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағымінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздыңұқсастықтары мен айырмашылықтарытуралықорытындыжасаңыз.

  2. Қайбағананытолтырғаноңайғасоқты? Қайбағанакөптеуболды?

  3. Не себептіайырмашылықтарболады?

  4. Бұлбағанадағыжағдайларсәйкескелукерек па? Неге?


3.Шағын ақпарат.

Шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:
1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы; 
2. Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі; 
3. Мұғалімнің сынып ұжымын басқарып, оған жетекшілік ете алуы;

4. Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.


Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер:
а) шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы;
ә) оқушыларға сенім білдіру; 
б) шәкірттердің бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай,жеке өзіне оңаша айтуы;
в)шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету;

г) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету;
ғ) шәкірттердің жан дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп,үнемі сезімталдық көрсетуі;
д) әрбір істе үнемі әділетті болуы; 
е) шәкірттердің табысы мен ықылас-ынтасын тез аңғарғыштығы;
ж) әркімге лайықты орынды талап қоюы.


Екінші топтағы сапаларға:
а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы; 
ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы; б)сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі; 
в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы;
г) өз пәніне деген оқушылардың ықылас-ынтасын арттыра білуі;

ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз еру.


Үшінші топтағы сапалар:

а)қоғамдық ұйымдар мен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі; 
ә) оқушылардың белсенділігі мен дербестігін бағалап,балалардың бастамасын үнемі қолдауы; 
б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы; 
в) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;
г) балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі;
ғ) ұлдар мен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы; 
д) әрбір нәрсені істей білетін шебер ұстаз шәкірттеріне де көп нәрсе алатындығы.


Төртінші топтағы сапалар: 
а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр сөйлейтіндігі; 
ә) мінез-құлқының қарапайымдылығы;
б) өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.
Осындай топтастырып көрсетілген сапалар шәкірттердің ұстаздары жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен қарым-қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.


Бірінші топтағы ерекшеліктер:
а)шәкірттерге немқұрайлы қарап, дара ерекшеліктермен санаспай, оларды балаға санайды; 
ә)ақыл-есі жетілмеген деп санап,оқушыларға көбінесе ақыл айтады; 
б)оқушыларға сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді; 
в)оқушылардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен ескертулер жасайды; 
г)шәкірттерге дауыс көтере зекіп сөйлеп, олардың айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды; ғ)оқушылардың қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, атүсті жауап береді; д)шәкірттерінің көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды;
е)кейбір оқушыларды ғана бөлектей көрсетіп, алалап, әділетсіздік білдіреді;
ж)оқушылар бойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай, олардың қабілеті мен күш-жігерін жете бағаламайды; 
з)оқушылардың мінез-құлқынан үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.


Екінші топқа жататын кемшіліктер: 
а)оқу материалдарын оқулық шеңберінде ғана түсіндірумен шектеледі: ә)оқушылардың бағдарламадан тыс қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді;
б)сабақты нақты түсіндіре алмайды; 
в)сабақты қызықсыз әрі жалаң өткізеді;
г)оқу материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, оны түрлендіре отырып түсіндіруге жете мән бермейді; 
ғ)оқушыларға бір талабын орындатпай жатып екіншісін қойып, сабақтың берекесін алады.


Үшінші топқа жататын кемшіліктер: 
а)мектептегі және сыныптағы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуіне жеткілікті көңіл аудармайды, олармен қоян-қолтық араласып кетпейді;
ә)балалардың әлі жетерлік қоғамдық жұмыстарды өзі істеп,оқушыларға сенімсіздік білдіреді; 
б)оқушылардан тек өзінің ғана айтқанын орындауды талап етеді;

в)сынып ұжымына берген уәдесін дер кезінде орындамайды;

г)балалардың көкейтесті мәселелеріне мән бермейді, олардың жеке басының істеріне араласпайды, өйткені мұндай істер оқушылардың өз жұмыстары деп санайды; 
ғ)ұлдар мен қыздар арасындағы жолдастық, достық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасу мерзімі ерте деген пікірде болады;

д)қоғамдық жұмыстарды орындаудың жолын жете түсіне берме


Төртінші топқа жатын кемшіліктер:
а)ашуланшақ, күйгелек; 
ә)тұйық, оқушылармен қарым-қатынасы салқын;
б)жүріс-тұрысының бәрі асығыс, үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады.

4.Жағдаяттардан шығу

1. Астарлы әңгіме «Үш зәбір»

Шәкірттерін нақыл сөздерімен, астарлы әңгімелерімен бағыттап, тәлім-тәрбие беріп отыратын бір данагөй болған: Адамдар үш сөзбен зәбір көрсетеді. Олар сені ақымақ, құл не дарынсыз деуі мүмкін. Егер сендер де осындай жағдайға душар болсаңдар, қарапайым бір ақиқатты естеріңнен шығармаңдар: тек ақымақ қана басқаны ақымақ дейді, тек құл ғана өзгеден құлды іздейді, тек дарынсыз адам өзінің түсінбегенін басқаның есалаңдығымен ақтауға тырысады. Сол себепті ешқашан ешкімге ренжімеңдер, әрі өздерің де ақымақ дарынсыз құл ретінде атанып кетпеулерің үшін ешкімге зәбір көрсетпеңдер.

  • Егер сіз де данагөй болсаңыз, айналаңыздағыларға қандай өмірлік кеңестерді берер едіңіз?


2. Жаттығу «Біз-олар»

Мақсаты: тұлғаішілік дау-дамайларды ұғыну шекараларын кеңейту. Студенттерді тұлғаішілік дау-дамайды бейтараптандыруға үйрету.

Нұсқау: Өміріңіздегі сізді бәрінен де қатты ашуландыратын адамды тауып, оның бойындағы өзгерткіңіз келген сіздің ұнатпайтын үш қасиетін сипаттаңыз. Енді өзіңізге үңіліп, өз-өзіңізден: «Мен өзімді дәл солай ұстағанда не нәрседе оған ұқсаймын?» деп сұраңыз. Көзіңізді жұмып, ойлануыңызға мұрша беріңіз. Кейін өзіңізден өзгерістерге дайынмын ба деп сұраңыз. Сіз өзіңіздің үйреншікті ойларыңыздан, сенімдеріңіз бен әдеттеріңізден  арылғанда ғана, ондай адамдар сізге деген қатынасын өзгертеді немесе мүлде өміріңізден кетеді.

3.Сіздің бір әріптесіңіз денсаулығына жағдайына байланысты орнына ауысым түрінде сабақ бердіңіз. Сабақ беру кезінде оқушылардан сабақ сұрадыңыз. Бірақ оқушылар сабақ айтқысы келмейтіндігін ашық жеткізді. Себебін сұраған кезде оның жауабы былай болды: «Бәрібір сіздің қойған бағаңызды өзіміздің мұғаліміміз журналға түсірмейді». Осындай жағдайда сіздің әрекетіңіз?


5.Тыныштық сәті.

Теңіз астына саяхат

Мұғалімдерге жай әуен қосылады, мәтін оқылады. Тыныштық сәтінен алған әсерлерін артерапия әдісі бойынша суретке салу ұсынылады.


6. Қорытынды 
Жұмысқа байланысты кеңестер: 
1.Көмекшілерді іздеңіз. Барлығын өзіңіз атқармаңыз! 
Мектеп жұмысының көп деңгейлі, жан-жақты екендігіне ешкім шүбә келтірмесі мәлім. Мектепте біздің көмекшілеріміз кімдер бола алады? Біріншіден, бұл біздің әріптестеріміз, оқушылар. Бір жағынан әріптестеріңізбен өз жұмысыңызды бөліскеніңіз, жалғыз емес топ болып жұмыс жасаған ұтымдырақ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». 
2.Жұмысты қиындатпай, ақылмен жұмыс істеңіз! Жұмыста жинақы болыңыз. Кез келген істің соңын біліп тұруға тырысыңыз. өз еңбегіңізді, өз уақытыңызды есептеңіз! Сіздің еңбегіңіз-сіздің күшіңіз, сіздің алтын уақытыңыз! 


Жеке басқа және жеке өмірге арналған кеңестер: 
1.Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз! Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру керек! Иә, бұл түсінікті, қазіргі біздің уақытымызда орындалуы қиын кеңестердің бірі. Біздің жылдамдық темпіміз бен өміріміздің стилі біздің денсаулығымызды бұзады, жүйке жүйемізді әлсіретеді, өмірімізді қысқартады, үнемі жүгіріп, асығып тұру адамды шаршатады да. Біз қайда асығамыз? Бәрібір барлығын бірдей үлгеру мүмкін емес. өз әрекеттерімізді талдап, артығын алып тастап, бір аптаға жоспарлап, қол дәптеріңізге жазып дағдыланыңыз! 
2. Әр күніңізді келесі рецептімен дайындаңыз: 
-12 порция ақылдылық 
-11 порция шыдамдылық 
-10 порция батылдық 
-9 порция жұмысқа қабілеттік 
-8 порция оптимизм 
-7 порция өз ісіне берілушілік 
-6 порция ойлануды 
-5 порция мейірімділік 
-4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды 
-3 порция әзіл 
-2 порция такт 
-1 порция әр балаңызға, оқушыңызға үміт артыңыз! 
Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. «Астарыңыз» дәмді болсын, қымбатты әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын! 

7.Кері байланыс.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!