Материалдар / Психологиялық тренинг: «Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық тренинг: «Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: - психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру; - педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу; - қарым-қатынас біліктілігін арттыру; - топтық, ұжымдық қабілеттерін айқындау; - тренингтік топтың жұмыс жүргізуіне қолайлы жағдай жасау; - тілектестік атмосферасын қалыптастыру; - қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, өзара тиімді әрекеттестікке кедергі келтіретін ішкі барьерлерді, ширығуларды жою; - жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; - жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау; - қатысушыларды тренингтік топтардың негізгі жұмыс принциптерімен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2022
2508
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ

Өткізетін педагог-психолог: А.Д.Алтаева

Өткізілу мерзімі: 28.01.2022ж

Психологиялық тренингтің тақырыбы:

«Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы»

Мақсаты:

  • психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру;

  • педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу;

  • қарым-қатынас біліктілігін арттыру;

  • топтық, ұжымдық қабілеттерін айқындау;

  • тренингтік топтың жұмыс жүргізуіне қолайлы жағдай жасау;

  • тілектестік атмосферасын қалыптастыру;

  • қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, өзара тиімді әрекеттестікке кедергі келтіретін ішкі барьерлерді, ширығуларды жою;

  • жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу;

  • жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;

  • қатысушыларды тренингтік топтардың негізгі жұмыс принциптерімен таныстыру.

Тренингке қатысушылар: Психологиялық-педагогикалық түзету кабиентінің мамандары (педагог-психологтар, педагог-логопедтер, педагог-дефектологтар, музыка мұғалімі, ЕДШ мұғалімі

Жұмыс түрі: Топтық

Қажетті құрал-жабдықтар: АКТ, түрлі түсті қарындаштар, А4 форматты парақтар, қалам

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын

Тренинг құрылымы

  • Тренинг барысы

  • Миға шабуыл

  • Талқылау

  • Рефлексия

Тренингтің барысы

Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті педагог қауым, жас мамандар! Мен сіздерді осы тренингте кездестіруіме өте қуаныштымын! Сіздермен кездесіп, осы тренингте демалуға, бір-бірімізді тануға, ойнауға, бір-бірімізге деген қуанышымызды білдіруге мүмкіндік туып отыр. Ол үшін мына принциптерді ұстануымыз қажет. Мамандардың назары экранға бағытталады:

1. Белсенділік принципі: Әр жаттығуға мүмкіндігінше белсенді қатысу

2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип: Жаттығу барысында ішкі зерттеу жүргізе отырып, шығармашылық қабілетті ояту

3. Қарым-қатынастық принципі: Қатысушылармен контакт орнату

5. Шындық принципі: Әр жаттығуға шынайы қатысу, өз ойын шынайы айта білу

6. Қазір, осы жерде принципі.

«Қазір менің көңіл-күйім неге ұқсайды?»жаттығуы

Барысы: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Доп шеңбер бойымен беріледі. Қатысушылар қазіргі сәттегі өз көңіл-күйлерінің неге ұқсайтыны жайлы әңгімелеп береді. Оны затпен, түспен, жеміс-жидекпен, белгілі бір оқиғамен, табиғат құбылысымен байланыстыруға болады.

«Суретті аяқта» жаттығуы

Барысы: Мұғалімдер үстел бойымен отырады, әрқайсысына ақ парақтан беріледі. Ақ қағазға сурет салып бастағанда психолог бір рет шапалақ ұрғанда қасында отырған әріптесіне береді. Осылайша барлық мұғалімнің суреті біткенше сағат тілімен жалғасады. Барлық сурет өз авторларына келген кезде суретінің ойдағыдай аяқталғаны немесе аяқталмағаны туралы айтылады.

«Чемодан» жаттығуы

Барысы: Қатысушылар ортаға шығады. Әр қатысушының арқасына ақ парақ жапсырылады, барлығының қолында қаламсап болады. Бір-біріне келіп, әр қайсысы сол маманның бір жақсы қасиетін жазады.

«Тілек айту» жаттығуы

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бөлінеді, бірінші топ күліп тілек айтады, екінші топ жылап, үшінші топ ұрысып тілек айтады. Жаттығу соңында талқылау жүреді.



«Арқаға сурет салу» жаттығуы

Мақсаты: Өз ойын ұжымға жеткізе алу, ұжымның ауызбіршілікте бола алу жағдайы

Барысы: Ойын «бұзылған телефон» жаттығуы негізінде ойнатылады. Қатысушылар бір-бірінің артына тұрып қатар құрайды. Қатардағы тұрған ең соңғы қатысушыға психолог үй мен күннің суретін салуды ұсынады. Ең соңғы тұрған қатысушы қолмен алдында тұрған қатысушының арқасына үй мен күннің суретін салады. Осы тәртіппен, әр қатысушы алдындағы тұрған қатысушыға өз арқасына салынған суретті дәлме-дәл , яғни сезіну арқылы салып береді. Осылай басында тұрған қатысушы арқасына қандай сурет салынғандығы туралы айтады. Ойынды бастаған қатысушы ең бастапқыда салынған суреттің турасын айтады.

«Арал» жаттығуы

Мақсаты: Топтың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған.

Психолог:

- Сіздер, сонау алыс жақтан аралға демалуға келдіңіздер. Бірақ бұл арал көлемі жағынан өте кішкентай. Екі газетті «арал» ретінде пайдаланамыз.

- Сіздер осы аралға қалай болса да сыю керексіздер. Аяқтарыңыз еденге тимеуі тиіс.

- Енді біздің мұхиттың суы көбейіп, аралымыздың көлемі кішірейіп жатыр, -деп бір газетті алып тастаймыз.

Балалар, «аралдың» қалған бөлігіне сыйып тұруға тырысады.

«Комплименттер каруселі» жаттығуы

Барысы: Бала кезімізде біз бәріміз карусельде айналғанбыз, қазір біз сол балалық шақты еске ала отырып, ерекше карусельге отырамыз. А және Б тобына бөлініңіздер, А тобы ішкі шеңберді, Б тобы сыртқы шеңберді құрайды. Ішкі шеңбер мен сыртқы шеңбер бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Енді сыртқы шеңбер сағат тіліне қарама-қарсы, ал ішкі шеңбер сағат тілімен айналады. Бір-біріне кездескен адамдар қарама-қарсы тұрған адамға комплимент айтады.



"Айдаһар" жаттығуы

Барысы: Ойыншылар бір қатарға бір-бірінің иығынан ұстап тұрады. Бірінші ойыншы айдаһардың "басы", ал соңындағылары "құйрығы". Басы құйрыққа дейін жетіп, оны ұстауы керек. Ойынның шарты бойынша айдаһардың денесі бөлініп кетпеуі қажет. "Бас" "құйрықты" ұстаған сәтте, ол құйрыққа айналады. Бүкіл ойыншы екі рольде ойнап болмайынша ойын жалғаса береді.

Миға шабуыл

Барысы: Мақал-мәтелдер суреттер түрінде беріледі. Қатысушылар сурет арқылы қандай мақал-мәтел екенін айтады. Дұрыс жауабы көрсетіледі.



Талқылау

Сұрақтар:

  • Қай жаттығу сіздердің көңіліңізден шықты?

  • Сіздердің көңіл-күйлеріңізде не өзгерді?

  • Жаттығуларды орындау қиын болды ма әлде жеңіл болды ма?

  • Осы тренинг туралы пікіріңіз?

  • Ұжымның ең басты қағидасы не деп ойлайсыздар?

Осы сұрақтармен тренинг талқыланады. Әр қатысушы өз ойын айтады. Қатысуышлардың пікірлері ортаға салынады.

Рефлексия

«Бармақ» әдісі

Тренинг бас бармақ жоғары көрсетілсе ұнады, төмен көрсетілсе ұнамады деген әдіспен бағаланады.

Апталығымыздың соңғы күні тренингпен аяқталды. Принциптерге сүйене отырып, белсенді қатысқандарыңызға бәріңізге де үлкен рахмет!



Мамандармен өткізілген психологиялық тренингтен үзінді

«Комплименттер каруселі» жаттығуы барысында мамандар бір-біріне ықылыстарын білдіру сәті

Picture 1





«Арқаға сурет салу» тактильді жаттығуы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!