Автор: Омарова Макпал
Сериккалиевна
Шығыс Қазақстан облысы, Семей
қаласы, ЖШС «BABY
CARE»
балабақшасы,
педагог-психолог
Өткізілген күні:
12.11.2021ж
Өту ұзақтығы: 40
мин
Тақырыбы: «Тәрбиеші және
ата-ана»
Мақсаты: Педагогтардың коммуникативті
дағдыларын көтеру және қарым-қатынас барысында қиындықтарды оңай
шешу жолдары.
Конфликтілі жағдайларды алдын
алу барысында тәрбиешілердің ата-аналарымен қарым-қатынасын
жақсарту. Ұжымның психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық
қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс
қарым-қатынас орната білу.
Психологиялық тренинг
құрылымы:
-
Психолог
сөзі
-
«Кездесуге
қуаныштымыз»
3 . Диагностикалық
бөлім
Диагностика барысындағы
қорытынды барысында тәрбиешілер жұмыс барысындағы өзінің позициясын
бақылайды. Өзінің жаңа мінездерін өзгерістерін
көреді.
4. Сауалнама
тарату.
4. Тәжірибелік
бөлім
Жаттығу, тапсырмаларды орындау
барысында қарым-қатынастағы тиімді байланыстың тәсілдеріне
бейімделеді. Өзін-өзі таныды, өзінің тұлғалық ерекшеліктерін
байқайды.
-
Шағын
дәріс «Белсенді тыңдау
техникасы»
-
Релаксация
-
Рефлексия.
Кездесу
барысы:
1. Психолог
сөзі – Сәлеметсіздер ме, құрметті
әріптестер, бүгін сіздердің шығармашылық қабілетіңізді бағалауға
және позитивті жағымды атомосфера қалыптастыру негізінде, ата-ана
және балалармен эффективті құрым-қатынас орнату мақсатында
«Тәрбиеші және ата-ана» тақырыбында психологиялық тренинг жылдық
жоспарға сәйкес ұйымдастырылып отыр.
-
«Кездесуге қуаныштымыз
» жаттығуы
.
Мақсаты: Қатысушылардың
тұлғалық мінезін ашу, ұйымшылдыққа өзін-өзі жоғары бағалауға
бағытталған.
Құрметті әріптестер бүгін біз
бір-бірімзді тануы үшін жақсы уақыт. Ол үшін бір-бірімізбен
амандасайық. Оны келесідей жүргіземіз. Щеңберге жиналып бәріміз, әр
біреуіңіз ортаға бір қадам жасап барлығымен амандасып,есіміңізді
айтып және өзінің есіміне 1жақсы қасиетіңізді атау
қажет.
Қорытынды: Адамдар бір-бірімен
кездескенде қарым-қатынас барысында ең маңызды 3 момент бар- ол
амандық, тұлғаның есімі, және эмоция көрсету -күлу. Әр қайсымызға
жұмыс барсында ол ата-анамен, балалармен және әріптестермен тілдесу
барысында осы 3 қасиетпен қарулану өте
тиімді.
Диагностикалық
этап
«Сіз қандай қызметкерсіз?»
диагностикалық тест.
Суретте жылқының силуэты
бейнеленген. Сіздің міндетіңіз осы суретті аяқтау, оның келбетін
бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фон жасауға болады.Бұл бетте
–жылқы сіз өзіңіз, Жылқының қалай бейнеленгені сіздің қандай
жұмысшы екеніңізді білдіреді.
3. Сауланама «Қарым-қатынас
үшін маңызды өзін-өзі бағалау
қасиеттері»
Сауалнама - «Қарым-қатынас
барысында өзін-өзі бағалау қасиеттері»
Нұсқаулық: Басқа адамдармен
қарым-қатынас барысында төмендегі қасиеттердің
0-100 %
пайыздық деңгейде қаншалықты
пайдалансыз.
Қарым-қатынас барысында
маңызды қасиеттер тізімі таратылады-
олар;
-Ашықтық
-Жауапкершілік
-Мейірімділік
-Адамадарға зейін
кою
-Конфликттерді
шеше алу
-Әдептілік
-Сыпайылық
-Ынтымаққа
дайындық
4.Тәжірибелік
бөлім
«Қолдар танысады, қолдар
ұрысады, қолдар достасады».
Екі топқа бөлініп қол
созылатында қашықтықта бір-біріңізге қарама-қарсы отырып көзімізді
жұмамыз. Мен сіздерге тапсырма беремін ,ал сіздер –орындайсыздар.
Көзді жұмамыз, бір-бірімізге қол созып іздеп тауып танысамыз,
амандасамыз.Бір-біріңізді көбірек тануға тырысыңыз. Қолды
түсіреміз. Енді қайта қолды котеріп ,қайта қолдарымызды тауып алып
,енді олар бір-бірімен ұрысып жатыр,ренжісіп жатыр ,олар ызалы
бір-біріне. Жақсы қолымызды түсіреміз. Енді қолдарымыз бір-бірін
тағы іздей бастады, тауып, олар бір-бірімен достасып жатыр,олар
достасып ,бір-бірінен кешірім сұрап ,олар дос болып қалады. Ал енді
ойын қалай өткенін айтайық.Ұнады ма
сіздерге?
Қорытынды: Әр бір адам күнделікті
үйреншікті заттарды, іс-әрекеттерді орындайды. Бірақ егер көзімізді
жұмсақ әлем өзгере бастайды.
5. Кіші-дәріс- «Белсенді
тыңдау техникасы» дегенміз не?
Қарым-қатынас – бұл іс-әрекет,
түрлі әрекеттер сияқты анализға бағытталған: -мен не сезіп тұрмын ?
басқалар не сезіп тұр?
-бұл әңгіме қай бағытта өрбіп
жатыр (ынтымақтастық па немесе бәсекелестік па?) Бұл анализ
жандүниемізде өзіңмен өзің тілдесу барысында бүктеліп өтіп жатады-.
Әр қайсымыз дұрыс реакция білдіре алмағандықтан әр біреуіміз
конфликтоген молекулаларын өзімде ұстап жүреміз. Мені түсіне ма
әлде түсінбей ма? Біздің қарым-қатынасымыздағы ресурстарымыз ол
–тұрақты рефлексия –мен қандай сезім тудырып тұрмын , мен немнеге
сеніп тұрмын т.б. осы тұста менің берер
кеңесім әр бір тәрбиешілер мен
педагогтар «белсенді тыңдау» техникасын көп қолдану
қажет.Белсенді немесе эмпатикалық тыңдау - бұл
американдық психотерапевт, гуманистік психологияның құрушысы Карл
Роджерс психотерапияға әкелетін әдіс.
Психологияны белсенді тыңдау әдістері
әңгімелесуді үйлесімді түрде қалыптастыруға, клиенттің мәселелерін
анықтауға және тиісті жеке терапияны таңдауға көмектеседі.
Балалармен жұмыс жасау барысында - бұл ең жақсы әдіс, себебі
кішкентай бала әлі де өздерінің сезімдерін анықтап, білмегендіктен
осы техника арқылы баланы өзін тануға
көмектеседі.
Белсенді тыңдау түрлері ерлер мен әйелдерге
шартты түрде бөлінеді. Әр түрдің ерекшеліктері:
Ерлердің белсенді
тыңдауы - ойлануды білдіреді және іскери топтарда,
бизнестегі келіссөздерде қолданылады. Әңгімелесушіден алынған
ақпарат әртүрлі жағынан мұқият талданып, ерлердің нәтижеге
бағытталғаны сияқты, көптеген анықталған сұрақтар қойылады. Мұнда
орынды және ақылға қонымды сын.
Әйелдердің белсенді
тыңдауы . Табиғи эмоционалдылық пен сезімнің көп
болуына байланысты - әйелдер ашық, әрі
үлкен эмпатияға
ие : Белсенді тыңдау техникасы
нәтижесінде: Сұхбаттасушы сізге үлкен сеніммен жауапкершілікпен
қарайды. Сіз сұхбаттасушы туралы ақпарат аласыз, сіз оның сезімі
мен өзін көбірек түсіне бастайсыз.
6. Релаксация «Алтын
жұлдыз»
Мақсаты:
Жағымды эмоцияларды
бекіту.
Нұсқаулық: Ыңғайлы отырып,
кздеріңізді жұмыңыз, Енді 3 рет терең демалыңыз.Ссіздің басынызда
алтын түсті жұлдыз ілініп тұр . Ол сіздің жұлдызыңыз. ,ол сізге
арналған, бұл жұлдыз бақыт жұлдызы, сізді бақытты етуге
бағытталған.
Енді елестетіңіз , сіз осы
жұлдыздың жарығымен бастан аяқ жарқырап отырсыз. Енді осы жарық
жұлдыздың нұры сіздің жүрегіңізде сіздің маңдайыңызда жарқырап
тұрғанын сипап сезіп көрініз. осы жұлдыздың нұры мен жылуымен
қасындағы әріптестермен балалармен бөлісіп жүргеніңізді
елестетіңіз. Қазір осы залдағы әріптестеріңізбен сол жылулықпен
бөлісіңіз. Енді өзіңізді, жандүеңізді тыңдаңыз. Осы барлығымыз
беріп жатқан жылулықты сіз сезіп отырсызба? Міне
осы сезімдерді есіңізде сақтап
алыңыз. Адамадардың өмірінде түрлі сынақтар,өзгерістер ,шаршау
мезеттері болады сол кезде осы жап-жарық нұрлы алтын жұлдызды
есіңізге түсіріп оны шақырыңыз сол сәттерді еске түсіріп өзіңізбен
өзіңіз болып отырып тынығыңыз. Ал енді жұлдызбен ойша қоштасып
қайта балабақшаға тренинг сәтіне ораламыз. Көздеріңізді ашып залға
қайта оралайық.
7. Рефлексия : Бүгінгі
тренинг ұнадыма? Қосымша ақпарат пен білім сіздерге пайдалы болды
ма?
«Жүректен шыққан жылы сөз
жүрекке жол табады»
Щеңбер бойына тұрып жүректі
үлестіріп бір-бірімізге пікір
айтамыз.