400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Психологиялық тренинг: "Тіл алғыштық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға өзара түсіністік, өзара сыйластық, өзара көмектің мағыналарын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларға өзара түсіністік, өзара сыйластық, өзара көмектің мағыналарын түсіндіру.



Міндеттері:

1. Балаларға тіл алғыштық, елгезектік туралы түсінік беріп, мағыналы ашу.

2. Өзара жағымды қарым-қатынастарды дамытып, осы қасиетті күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Шаттық шеңбері.

Балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталау:

Айтқан тілді аламын

Жұмсағанға барамын.

Мен елгезек баламын

Үлкен тілін аламын.

Әңгімелесу:

- Балалар, бүгін біз тіл алғыштық, елгезектік туралы әңгімелесеміз.

а) Тіл алғыш болу деген не?

б) Елгезек деп қандай балаларды атайды?

в) Не үшін тіл алғыш болу керек?

- Тіл алғыш болу деген - әрқашан дұрыс жолмен жүру, әрдайым ата-ананың, тәрбиешілердің, үлкен адамдардың айтқанын тыңдап, оларды ренжітпеу керек. Енді мен сендерге, елгезектік туралы «Мақұлжан» деген әңгіме оқып берейін, сендер әңгімені мұқият тыңдап отырыңдар.

Мақұлжан.



- Төлеу, бұзауға су берші! – дейді апасы.

- Мақұл, апа.

- Қозы мен лақтың алдына шөп салшы.

- Мақұл.

- Тамақ пісіріп жатырмын, дүкеннен нан әкеле қойшы.

- Мақұл.

Осылай апасы Төлеуді бірінен соң біріне жұмсап отырады. Төлеу бәрін орындайды.

- Міне, менің балам айтқанымның бәрін орындайды. Ойнап та үлгереді, маған да көмектеседі – деп, мақтайды апасы үйге келген кісілерге. Бір күні, көрші үйден үлкен кісі келеді.

- Төлеужан, сенің атыңды Мақұлжан қою керек еді. Сен үлкен жігіт бол! Тіл алғыш болғаның өзіңе жақсы «Алғыспен ел көгерер» -деп, Төлеудің бетінен сүйді.



Балаларға сұрақ қою:

- Төлеужанды не үшін Мақұлжан деп атады?

- «Алғыспен ел көгерер» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Алғыспен ел көгерер» деген мақалдың балаларға мағынасын ашып, түсіндіру.

- Үлкендердің айтқан тілін алу, сыйластықтың белгісі. Сендердің көрсеткен көмектеріңе үлкен кісілер алғыс айтады, батасын береді, рахметін айтады.



Ойын: «Орныңды тап».



Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің қасындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау). Екінші белгі бойынша шеңберге, басында қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңберге тұрады. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.



Қорытынды. - Біз бүгін үлкендерге, құрбы-құрдастарымызға, өзімізден кішілерге көмек қажет болған кезде сергектік, сезімталдық керек екенін түсіндік. Өзімізге тапсырылған жұмысты екі етпей орындаудың, тіл алғыштықтың жақсы қасиет екенін білдік. Тіл алғыш, елгезек баланы әрқашанда барлығы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі