Материалдар / Психологтың педагогикалық ұжыммен жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологтың педагогикалық ұжыммен жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтың мұғалімдермен жұмыс жүргізуі, қарым қатнынасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2021
822
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологтың педагогикалық ұжыммен жұмысы......

.Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктемелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына, абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.

Психологтың кәсіби этикасы- психологтың өз іс-әрекетінде коллегаларымен, ғылыми қоғамдастықпен, сондай-ақ психологиялық көмек сұрап келген адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы адамгершілік талаптарды жүзеге асыру.

         Психолог-маман сыныптағы ұжыммен ғана емес, ересектермен немесе педагогикалық ұжымның әр мүшесімен мәдени қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-талқылауға, саралауға тікелей ұйытқы болып, тұлғалық мүмкіндіктерін ашады.

         Мектеп ұжымының еңбегі нәтижелі болуы басшысына тікелей байланысты екендігін мойындаудың өзіндік сыры бар. Ол біз білім мекемесін басқарудың маңыздылығын ескергеніміз өте орынды. Оның себебі де анық: соңғы 10-15 жылдың ішінде біздің қоғамда адамның ой-санасы рухани құлдырауға ұшырап, көптеген адамгершілік қасиеттерден айырылып  бара жатқанымызды мойындауымызға тура келеді. Ал, осы  руханилықтың қайта дамуына бірден-бір ықпал етуші ол психологиялық көмек деп айтсақ қателеспейміз.

         Білім мекемесі адамгершілік қарым-қатынас мектебі. Осыған орай, атақты ғалым, зерттеуші Ә.Мейоның «...жақсы меңгеруші тек өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру техникасы туралы ғана емес, жұмыстың психологиялық жағдайларын да, ... ойластыруы керек. Бұл еңбек тиімділігін арттырудағы елеулі фактор», - деп айтып кеткен ойымен санаса келе, оның мекемені басқарудағы ұсыныстарының психолог пен мұғалім арасындағы қарым-қатынасын жақсартуға міндеттелгендігін көре аламыз. Атап айтатын болсақ, олар төмендегідей ұсыныстар:

1.     Психологиялық ықпал ету;

2.     Психологиялық заңдылықтарды ескере отырып, ұжымдық еңбекке сену. Өзара ұнатуына қарай топтау;

3.     Жұмысшыларға шығармашылық іске қабілетті адам ретінде ықпал ету;

4.     Өндірісті жақсартуға ынталандыру;

5.     Шығармашылық белсенділікке жол ашу;

6.     Өз мамандығына деген мақтаныш сезімін ояту, бір мақсатқа жұмылдыруға ынталандыру;

7.     Адамдарға қамқор болу.

 Ұжымның нәтижелі еңбек етуі осы ұжымды басқарушы адамға тікелей байланысты екенін анықтап берген осы ұсыныстарға сүйене келе, білім мекемесін басқарудың тағы бір психологиялық арнасы анықталғанын байқауға болады, яғни, психолог ең алдымен педагогикалық  ұжыммен жұмысын келесідей бөліктерге бөліп қарастырсақ және мұғалім қандай болуы тиіс деген сауалға тоқталып өтсек!

1.              Білім мекемесінде психолог мұғалімнің өзін-өзі жақсы тануына, өзіне бекем болуына, сенімді екендігіне көз жеткізуі шарт. Оны анықтау үшін мына сауалнаманы қолдануға болады:

-         Сіз өзіңізге сенімдісіз бе?

-         Өз мамандығыңызға қанағаттанасыз ба?

-         Өзіңізге мұқиятсыз ба?

-         Адамдардың қарым-қатынастық стиліңіз қандай?

-         Өзіңіздің мектебіңізге деген көзқарасыңыз қандай?

-         Өзіңіздің қасыңыздағы әріптестеріңіз туралы пікіріңіз қандай?

2.              Осы ұжымды жан-жақты зерттеп, тануы шарт. Ол үшін:

-         ұжым мүшелерінің ауызбіршылыгын зерттеу;

-         ұжымға өз пайымдауынша мінездеме бере алу;

-         ұжымның қарым-қатынасын зерттеу;

-         ұжымның сол уақытта басқа мәселелерін ұмытып, өздерін еркін сезінуін қамтамасыз ету.

3.              Зерттеу барысында жинақталған  ақпараттарды сараптап, саралай келе, ұжымның белгілі бір портретін қалыптастыру арқылы, осы ұжымға тән дәстүрлі қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтай келе, ұжымның психологиялық (эмоциональды) ахуалына үнемі көңіл бөліп отыруының маңызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!