Психопатологиялық синдромдар:сандырақ синдромдары,эмоциялық синдромдар,апатиялық синдром,кататониялық синдромдар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психопатологиялық синдромдар:сандырақ синдромдары,эмоциялық синдромдар,апатиялық синдром,кататониялық синдромдар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Психопатологиялық синдромдар:сандырақ синдромдары,эмоциялық синдромдар,апатиялық синдром,кататониялық синдромдар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Психопатологиялық синдромдар:сандырақ синдромдары,эмоциялық синдромдар,апатиялық синдром,кататониялық синдромдар.


Психопатологиялық синдромдар.

 

Синдром - іштей өзара байланысты, жалпы патогенетикалық негізі бар белгілердің қосындысы.

И.В. Давыдовскийдің айтуы бойынша: «әрбір аурудың дамуында белгілі стереотип, белгілі бір жол болады».

Әрбір аурудың клиникалық белгілерін және олардың ауысу заңдылықтарын білу, ауруға дұрыс диагноз қоюға көмектеседі.

Синдромды дұрыс анықтамай,дұрыс диагноз қоймай ауруға жедел көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адам өзіне де өзгеге де қауіпті болуы мүмкін, оларды дереу ауруханаға жатқызу керек. Қатты депресия кезінде ауру өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайды. Тез арада ауруханаға жатқызып, бақылау қажет.


Сандырақ синдромдары (бред)

Паронойяльды синдром - елестеушілігі жоқ жүйелі

сандырақ белгілері. Әр түрлі фактілерді жүйелі әңгіме арқылы басқаша түсіндіру. Бұл синдромда сезімнің бұзылуы, жалған және шын елестеушіліктер, психикалық автоматизмдер болмайды. Негізінде: қудалау, жаңалық ашу, қызғану түрінде кездеседі.

Параноидтық синдром (Кандинский-Клерамбо синдромы) - сандырақ бейнелі болып,сезіну процестерібұзылады. Кандинский мен Клерамбо дәлелдеген жалған елестеушілік пен психикалық автоматизмдер кездеседі. Есіту елестеушілігі жиіленеді. Сандырақ ойлардан көбіне әрекет пен қудалау сандырағы басым болады.

Психикалық автоматизмдердің үш түрі болады:

а) Ассоциативті автоматизм - еріксіз пайда болатын, күшпен енгізілген бөтен, қолдан жасалған ойлар. Ауру адамға өзінің ойлары сөйлеп тұрғандай көрінеді, дауыс ретінде естиді және осы ойларын айналадағылардың бәрі білетіндей көрінеді. (Ашық белгісі – сипмтом открытости). Дауыстап сөйлеп, жалған қуғыншылармен ой арқылы пікір таластырады.

б) Қозғалыс автоматизмі (кинетикалық автоматизм) деп ауру адамдардың қозғалысы өз еркімен емес басқа күштің әсерімен болатын жағдайларды айтамыз. Сөзі де, қимылы да шеттен, басқа бір күштердің әсерінен сияқты көрінеді.

в) Сенестопатиялық автоматизм – бұл жағдайда тек ойлар мен қозғалыстар ғана емес аурудың сезімдері де басқа күштердің әсерінен болғандай көрінеді. Олар күйдіргенді, шанышқанды немесе бір нәрселердің тері астындағы жыбырлағанын сезеді. «Дәретке отырғызбайды, тәбетімді жойды, жыныстық қозуымды тоқтатты» деп шағымданады.Бұл синдромдар шизофрения ауруында кездеседі.

Парафрендік синдромда аурулар өздерін құдаймыз,дүние жүзінің қожасымыз, «бәрі менің қолымда» деп алжасады. Көбіне шизофрения ауруында болады.

Жабысқақ синдром. Невроздарда, баяу ағымды шизофренияда кездесетін синдром жабысқақ ойлардан,үрейлерден, әрекеттерден тұрады.






Эмоциялық синдромдар.

а) Маникальды синдром депкөтеріңкі кқңіл-күй, жылдам келетін ойлар және сөйлеу мен қозғалыс белсенділігі байқалатын белгілерді айтамыз. Ауру адамдар қоршаған ортада болып жатқан жағдайларға байланыссыз, өте қуанышты сезімде болады.

б) Депрессивті синдром да үш белгіден тұрады:қайғылы көңіл күй, баяу ойлар, сөйлеу мен қозғалыс тежелуі.Аурулар себепсіз қайғырып, зарығып, өздерін- өздері жәбірлейді. Мүлде үндемей немесе қозғалмай қалулары мүмкін (депрессивті ступор).

Бұл жағдайлар маникальді – депрессивті психозда,шизофреннияда кездеседі.


Апатиялық синдром

Көбіне шизофренияда, органикалық ми ауруларында кездесетін әлсіздік, селсоқтық, дәрменсіздік белгілерінің қосындысы.


Кататониялық синдромдар.

Қозу және кататониялық ступор болып екіге бөлінеді.

Кататониялық қозу кезінде бағытталмаған, мағанасыз сөз және жалпы қозғалыс байқалады.Бір сөзді немесе сөйлемді қайталай беретін жағдайларды – вербигерация дейді.Қасындағылардың айтқаның қайталай беретін жағдай – эхолалия, істеген әрекетін қайталаса – эхопраксия дейміз.Дәрігердің. қоршаған адамдардың айтқанын керсінше жасаса- негативизм белгісі орын алады. Қиқандап, бет әлпетін өзгертіп, кенетен қаша жөнеліп, киімін шешіп тастап, түкіріп, қз нәжісін қзіне жағып, басқалардың көзінше жыныс мүшесін қоздыруы да мүмкін.

Кататониялық ступор көбіне қозудан кейін білінеді. Ауру үндемейді – ( мутизм), бұлшық еттерінің тонусы жоғары болса да, қозғалмайды. Қоршаған ортадағы жағдайларға көңіл аудармай, ыстық, суыққа, қарны ашқанға, ауырғанға, бомба жарылғанға да қарамай бір қалыпты отыра береді

Жатқан орнынан қозғалмай, бір позадан аумаса оны балауыз иімділікті ступор дейді. Сағаттап, тәуліктеп жата (отыра) береді.

Қозғалмау позасын өзгертуге жасалған әрекеттерге қарсылық жасауды – негативтік ступор деп атайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2022
967
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі