Материалдар / .Қ. Бекхожин. "Ақсақ Темір мен ақын" 7 класс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

.Қ. Бекхожин. "Ақсақ Темір мен ақын" 7 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ барлық мұғалімдерге арналған. Қалижан Бекхожинді өткенде пайдалануға болады. Сабақ 4 топқа бөліну арқылы жүргізілген. Топтық тапсырмалар оқушылық деңгей, эвристикалық деңгей, ізденімділік деңгей, шығармашылық деңгей тапсырмалары арқылы өрбиді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
774
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: Оңғарбаева Г.Ж.

Сыныбы:

7 «б» сынып

Күні: 16 наурыз, 2017 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Қалижан Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қ.Бекқожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының идеясын ашу. Кейіпкерлеріне талдау жасау. Хафизбен бірге өмір сүрген шығыс шайырлары туралы толығырақ мәлімет алу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық дүниесін, ой жүйесін арттыру, әуезді оқу шеберліктерін, іздемпаздықтың қабілетін шыңдау.

Танымдық: Баллада арқылы халқымыздың баға жетпес қазынасы - сөз өнерін бағалай білуге, өнерді сүюге, адамгершілік қасиетін биік ұстауға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың тақырыпты толықтай меңгеруі;

  • Сабаққа белсене қатысуы;

  • Өз ойларын еркін жеткізе білуі.

Технология, әдіс, стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті




Ресурстар




Уақыты




І.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

-Мақал-мәтелдер бойынша топқа бөлу:

«Науаи» тобы-сөз туралы; «Хафиз» тобы-шешен; «Фердоуси» - ақын; «Низами» - патша.

  • Амандасады

  • Сабаққа зейін аударады, жоқ оқушыларды айтады

  • 4 топқа бөлінеді.

Қағаз қиындылары


3 минут

II. Үй тапсырмасын сұрау. «Автор орындығы»

1.Сіз халқыңызды қай жерге жинадыңыз?

2. Сіздің ендігі мақсатыңыз қай жерді жаулап алу?

3. Бұқара мен Самарқанды садаға етіп жүрген Хафизге қандай жаза қолдандыңыз?

4. Сіз үшін Хафиз қандай адам?

5. Хафиз сізді қалай бағалады және онымен өзіңіз келісесіз бе?

1.Жейхун жағасына

2. Мысырды

3. Мен сөз құдіретіне тоқтадым.

4. Хафиз ақындықты меңгерген, шаршы топ алдында өз сөзін, пікірін тайсалмай айта алатын адам.

5. «Сенің құның жиырма бес-ақ теңге» деген болатын. Хафиздің бұл сөзімен мен келіспеймін.






Плакат

3 минут

Композициялық құрылысы

1) Балладаның басталуы: Ақсақ Темір ордасындағы салтанат;

2) Балладаның дамуы: Әміршінің алдына Хафиз ақынның әкелінуі;

3) Балладаның байланысы: Ақсақ Темір мен Хафиз ақынның әңгімесі;

4) Балладаның шиеленісуі: Хафиздің Ақсақ Темірге берген бағасы;

5) Балладаның шарықтау шегі: Әміршіні ақын тілінің өткірлігі райынан қайтаруы

6) Балладаның шешімі: Ақсақ Темірдің Хафизге рахымшылық жасауы.


Әр топ композициялық құрылысы бойынша балладаның мазмұнын айтады.

Оқулық

7 минут

І. Оқушылық деңгей. Әңгімедегі диалогтарды тауып оқу

1-топ: Ақсақ Темір мен шабарманы арасындағы әңгіме;

2-топ: Хафиздің Темірді «жиырма бес теңге» деп бағалағандағы сөздері;

3-топ: Ақсақ Темірдің ақынға қоятын соңғы сұрағы мен ақынның жауабы;

4-топ: Хафиздің шығыс шайырлары туралы сөзі мен Темірдің жауабы.

Әр топ өздеріне берілген диалогтарды рөлге бөліп оқиды.

Оқулық

5 минут

ІІІ. Ізденімділік деңгей.

1-топ: Науаи жайында бірер сөз;

2-топ: Хафиз жайында бірер сөз;

3-топ: Фердоуси жайында бірер сөз;

4-топ: Низами жайында бірер сөз.

Әр топ берілген кейіпкерлерге мәліметтер айтады.

Слайд, дәптер

5 минут

ІІ. Алгоритмдік деңгей. Шығармамен жұмыс

1-топ: Берілген өлең жолдарына сәйкес мақал-мәтелдер тауып жазу;

2-топ: Өлеңнен көремдегіш құралдарды табу;

3-топ: «Еркін жазу» әдісі бойынша өз пікірлерін жазу;

4-топ: Венн диаграммасы (Ақсақ Темір мен Хафиз).


1-топ:

1.Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді. 2. Өнер алды – қызыл тіл. Бал тамған тілден у тамар. 3. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Қаһарлы сөз қамал бұзады

4. Аталы сөзге ақымақ қана тоқтамайды.


2-топ:

Теңеу: теңіздей тебіренді, қыштай үйіп, құздай биік, жолбарыстай ақсаңдаған.

Аллитерация: Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін,

Темірдің жыр еткендей жойқындығын.

Ассонанс: Алмастай түкірігім тасқа тамған,

Атымды естіген жау естен танған.

Эпитет: мыс кернейлер, бал шараптан, көк орайға, сары қымызын, ақсақ барыс, самал таңын.


3-топ:

«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады». Сөз – қасиетті, қадірлі. Бір ауыз сөзбен-ақ шешім шығарып, өзін шаршы топ алдында дәлелдеп жүрген би-шешендеріміз бар. Олар Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би, т.б. Бұл билеріміз бұқара халықтың мәселелерін әділдігімен, шешен сөзімен шешіп отырған. Қазақ халқы сөз құдіретіне жете білген әрі тоқтай білген халық


4-топ:

Ақсақ Темір: билеуші, қолбасшы, батыр, қатігез;
● Ортақ қасиеттері: орта ғасырларда өмір сүрген, тарихта есімдері қалған, қайсар, өжет мінезді, сөз құдіретін түсінеді
● Хафиз ақын: ақын, парсы, дастандар мен өлеңдердің авторы, ақкөңіл.

Слайд, дәптер, плакат, венн диаграммасы

7 минут

IV. Шығармашылық деңгей.

Әрбір топ «Темірді тізе бүктірген күш» тақырыбына ойларын жазады.

Ақсақ Темір жауыз, өзінен басқаны адам деп есептемейтін болған. Алайда «Жаман адамның да бір жақсылығы болады» демекші, Ақсақ Темір ақынның уытты сөзіне тоқтады. Ақынның айтқан сөздерін ой елегінен өткізіп дұрыс шешім қабылдады.

Слайд, дәптер

5 минут

Сабақты бекіту. «Жетіқарақшы» ойыны

1.Шығармадағы ең басты кейіпкер кім?

2.Хафиз ақынға қандай баға берді?

3.Ақсақ Темір бойындағы қандай қасиеттерден үлгі-өнеге алар едіңдер?

4.Балладаның түйіні не?

5.Шығармада тағы қандай ақындардың есімі аталады?

6.Хафиз түрік қызы үшін қай елдерді садаға еттім дейді?

7.Балладада аты аталатын Ақсақ Темірмен қатарласа өмір сүрген түрік қолбасшысы кім?

  1. Ақсақ Темір;

  2. «Жиырма бес теңге»;

  3. Қолбасшылық, сөз құдіретін түсіну;

  4. Сөз құдіреті;

  5. Фердоуси, Низами;

  6. Бұқара мен Самарқан;

  7. Баязет.

Жетіқарақшы жұлдыздары, плакат.

5 минут

Үйге тапсырма

  • Шығарманы оқып, мазмұнын айту;

  • Ұнаған диалогты жаттап келу.



3 минут

Бағалау

Сабақ басында әрбір топтың басшысына бағалау парағы беріледі. Топ басшылары топ құрамындағы оқушыларды әр тапсырма сайын бағалап отырады.



2 минут



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!