Материалдар / Қабдеш Жұмаділов. Тақырыбы: Ұзынсары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қабдеш Жұмаділов. Тақырыбы: Ұзынсары.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
1522
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Унгарбаева Аяужан Косниязовна Тәжірибелік рефлексия Рефлексиялық есеп

01-01-2017 06-05-2017

САБАҚ. Қабдеш Жұмәділов. Ұзынсары.

Мектеп: Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп

Күні: 19.04.2017

Мұғалімнің есімі:Унгарбаева Аяужан

СЫНЫП: 2 «В»

Қатысқандар саны:

14

Қатыспағандар саны: жоқ


Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтін мазмұнын меңгерту, «Ұзынсары» сөзінің мағынасын ашу.


Оқушылардың басым бөлігі:

Жазушы туралы мәлімет біле отырып, «Ұзынсары» сөзінің не екенін біледі.

Кейбір

Тақырып мазмұнын түсінеді, әңгімелейді, «Ұзынсары» Наурыздың ұзақ сары күні екенін біледі.

Күтілетін нәтиже

1.Мәтін мазмұнын толық түсінеді.

2.»Ұзынсары» сөзінің мағынасын ашады, не екенін түсінеді.

3.Ұзынсарының өмірдегі маңыздылығын ұғынады.

Пәнаралық байланыс

дүниетану

Алдыңғы тақырып

Наурыз

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгендеу

1.4. Өткен тақырып бойынша дайындаған слайдтар





АКТ

Ортасы

«Жүректен-жүрекке» Тренингте балалар шеңберге тұрды.Бір-біріне жылы лебіздерін тіледі.

«Миға шабуыл»

1.Бейнекөріністен не көрдіңдер?

2.Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

3.Көктемде гүлдейтін қандай гүлдерді білесіңдер?

Топқа бөлу.

Неге бүгінгі сабақта көктем мезгіліне байланысты бейнекөрініс көріп, көктем келісімен гүлдейтін гүлдердің атауымен топқа бөлініп жатқанын оқушылардан сұрайды.

Қ. Жұмаділов өмірі, шығармашылығымен таныстыру.

1.Сұрақ- жауап:

«Ұзынсары» сөзінестігендеріңбар ма?

«Ұзынсары» дегендекөзалдыңа не елестейді?

2. Оқулықпенжұмыс

3. Мәтінбойыншажұмыс

«Ой қозғау»

1. Мәтін не туралы ?

2.Ұзынсарыны бала қалай елестетті?

3. Ол ұзынсарыны неге асыға күтті?

4.Сарыбай шал келгенде апасы неге шұжықты аспады?

5. Мәтінде сендер бұрын естімеген қандай сөздер кездесті?

«Мағынаны таны»

Тошала – қыста ет сақтайтын жеке үй.

Атағаш – ат байлау үшін орнатылған түбірік.

Бейнекөрініс тамашалау.

«Таңшолпан» бағдарламасы «Ұзынсары» жайында айтылған қызықты оқиға.

«Ойлаудың алты қалпағы» әдісін пайдалана отырып, оқушылар «Ұзынсарының не екенін айтып береді.

«Күн шұғыласы» ойыны

Ұзынсары деп неге аталған?

Қашан келеді?

Сұрағы қандай?

Ой қорыту. Жеке жұмыс. Тауып оқу.

Мәтіннен баланың тошала үйге кіріп шұжыққа қызыға қараған жерін суреттейтін жолдарды тауып оқы

Баланың қуанған кезін бейнелейтін жерді тауып, дауыс ырғағына келтіріп оқы.

Баланың апасынан «Ұзынсарының» не екенін білген жерін тауып оқы.




А3, маркер, А4,







Аяқталуы

РАФТ әдісі

Мен – … Көктем ……. келемін. Мен ……….. көрсетемін. Мен …. сақтап қояды. Жұрт мені …….. деп ойлайды.

Мен …… күнімін. Сондықтан ……………..атайды.

Жыл сайын …….. күтіңдер.


Ұзынсары мәтінінің мазмұны. Ұлттық тағам түрлерін біліп келу.

Стикер, маркер



Қосымша ақпарат










Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар «Ұзынсары» сөзінің мән-мағынасын аша білді. Уақытқа сай тапсырмаларды орындай білді.

Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: Топқа бөлініп, жұмыс жасау


2: Күн шұғыласы ойыны арқылы бала сұрақ-жауапты меңгерді


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: Ойлаудың 6 қалпағы»


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


































«Ұзынсары» тақырыбына құрылған сабағымды жоспарлауда оқушылардың оқу ептілігін дамытуды көздедім.

Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын меңгерту, «Ұзынсары» сөзінің мағынасын ашу. Сабақтан күтілетін нәтиже:

1.Мәтін мазмұнын толық түсінеді.

2.»Ұзынсары» сөзінің мағынасын ашады, не екенін түсінеді.

3.Ұзынсарының өмірдегі маңыздылығын ұғынады.

Сыныптың ана тілі пәніне деген белсенділігін,қызығушылығын арттыру ,ояту тұрғысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Жүректен-жүрекке» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренингте балалар шеңберге тұрды.Бір-біріне жылы лебіздерін тіледі.

Бұл орайда сыныптағы қарым-қатынас зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері –зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог-мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерулегі бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар,жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік қырлырының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуын көздей отырып, мен балаларды пазлы әдісімен топтастырдым.Яғни балаларға 4-5 бөлшектен бейнелі сурет құрастыру керек. Бірінші топта көктем бейнесі, екінші топта үй жануарлары, үшінші топта жыл құстары,төртінші топта бүршік атқан ағаштар суреттері. Оқушыларым топтастыруға аса қызығушылықпен қатысты. Кейбір оқушылардың көшбасшылық қасиеттері көрініс тауып жатты, себебі өздеріне берілген суретті құрастырып, өзге топтарға көмектесуге үлгеріп жатты.Сынып оқушылары 4 топқа бөлінгеннен кейін, оларға өткен сабақты қайталау мақсатында құралған суреттерді көктем мезгілімен байланыстыру тапсырмасы берілді.

I-топ көктем мезгілінде қар ериді,күн жылынады,адамдар жеңіл киіне бастайды;т.с.с

II-топ көктемде үй жануарлары өріске кетеді;Үй жануарлары төлдейді

III- топ көктемде жыл құстары жылы жаққа ұшып келеді;Олар ұя салады;

IV-топ көктемде ағаштар бүршік атады; Жер бетіне шөп шығады; Оқушылар өз ойларын айтқаннан кейін,барлық топта өзойларын ашық жеткізді,жарайсыңдар деген сияқты қолпаштаулар айттым.

Рефлексивті оқытуға балалардың үйренгендері жайында сыни тұрғыдан ойлауы жатады. Бұл олар көрсеткен сыни тұрғыдан ойлау тәртіптері мен дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді. Мен жоғарыда айтылған зерттеуге сүйене отырып, үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Ойлаудың алты қалпағы» әдісін алдым. Берілген үй тапсырмасында «Наурыз» мәтінінен түсінгенін айту.Мәтінде оқушылар оқиды,түсінгенін айтады, жаттығу жұмысында сөйлемдерді көшіріп жазады, байланысын табады. Оқушылар қалпақтың түсіне қарай үштікте жұмыстанды да бір оқушы өз ойларын дәлелдеуге шықты. Сөйтіп ортаға 6 оқушы шықты, өздеріне берілген тапсырманы жақсы орындады,және қызығушылық танытты.Ақ қалпақта оқушы жай ғана Ұзынсары дегеніміз не екенін айтса, келесі қызыл қалпақты оқушы оның пайдасының зор екенін керемет көңілді күймен жеткізді. Міне ғажап, мен бұл әдісте оқушыны басқа қырынан көре бастағандай болдым.Кей оқушы өзінің түстеріне сәйкес ойлар айтпаса да, олар осы сұрақ төңірегінде ойланып, ортаға менің ойым қате емес пе деген күдіктен ада болғаны анық.Яғни оқушылар өз ойларын маған немесе мұғалімге емес , керісінше құрбыларына айтқаны ұнап отырды.Оқушы күні кеше мектеп табалдырығын аттаса да, оқушылардың бойында бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру сияқты қасиеттер дамып келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!