Материалдар / "Қабылдауда - алданба" - көркем еңбек мұғалімдеріне арналған тренинг ашық сабақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қабылдауда - алданба" - көркем еңбек мұғалімдеріне арналған тренинг ашық сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі көркем еңбек, сурет, өнер пәндерінің мұғалімдеріне және психологтарға көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2021
891
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды қаласында өткен «Дарынды балаларға - талантты ұстаз!» атты облыстық жарыста Ү-дәрежелі дипломмен марапатталдым.

Таныстыру. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы.


«Қабылдауда – алданба» тренингі


Тренингтің мақсаты: Оқушыларға қабылдаудың түрлерін түсіндіре отырып, қабылдауда алданбауға дағлындыру.

Көрнекіліктер: Слайд, түрлі иллюзиялар көрсетілген слайдтар, «Батыр – баян» киносынан үзінді видеоролик, үш асық (қызыл, ақ, жасыл) қоржында, күн ойыншығы.

Тренинг барысы:

  • Сәлеметсіздер ме!!

  • Бүгінгі «Қабылдауда – алданба» - атты тренингімізге қош келдіңіздер.


Танысу жаттығуы:

Әр оқушы өз жүрегіне қолын қойып, менің атым Айбол – адамгершілмін немесе Мадина – мейірімдімін деп өз атын айтып өзінің бойындағы жақсы қасиетін айтуы керек.


Негізгі бөлім.

  1. «Қабылдау туралы ілім» баяндама оқылады.

  2. «Үш асық» ойыны.

1-ші асық «жасыл асық»

Батыр Баян киносынан үзінді.

Интерактивті тақтада.

Көріп қабылдау. Талқылау.

  • Көз-алдарыңызда қалай болды? Қалай қабылдадыңыздар?

  • Бұл яғни көзді ашып, көру арқылы қабылдау.


2-ші асық «ақ асық»

Ең даладағы тыныс – тіршілікті қабылдау.

Мен үшке дейін санаймын, көздеріңізді жұмып қабылдауға кірісіңіздер. Бір, екі, үш...

Қатырынан тізіле шөгіп, күйіс қайырып жатқан түйелер бусанып зорға дем алады. Тершіген денелерінен сыздықтап көгілдір бу шығады. Бұталардың арасында тұсаулы аттар әр шөптің басын бір шалып, қарғып аттап жүр. Батар күннің қызыл –арай сәулесіне де, ағаштардың жапырақтары да, ұшып – қонып жүрген қаздар, қоңыздар мен шыбын шіркейлер де, осылардың бәрі де, жалт-жұлт етіп, жүз құбылады.

Ыстық аптабы қайтып, мүлкіген табиғатта серги бастады. Мың-мыңдаған түрлі-түрлі шыбын шіркейлердің ызынынан ауа ығы-жығы болып, тал арасында сайраған шымшықтардың даусы естіледі.

Маңайдағы егінне қиқу салған қаз бен үйрек бытпылдаған бөдене дауысы шығады.

Ш. Уалиханов «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» /Таңдамалы. Алматы/ «Жазушы» 1980 ж. 209 бет.

Көз-алдарыңызда қалай болды? Қалай қабылдадыңыздар?

  • Бұл яғни көзді жұмып, есту, ішкі түсіну арқылы қабылдау.


3-ші асық «қызыл асық»

Өлең оқу. С. Сейфуллиннің «Тау ішінде» өлеңі.

Мен келем тау ішінде түнделетіп,

Аймақты күіреңтіп, өлеңдетіп

Астымда ақ боз атым сылаң қағып,

Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп,

Ақ боз ат менің тұлпарым,

Шалқыған көңіл сұңқарым,

Көкірек керіп жұттым мен

Ауаның жазғы жұпарын!!!

Бұл өлең қалай қабылданды? Қалай қабылдадыңыз? – яғни бұл сөз арқылы, тыңдау арқылы. Оқу процесі кезіндегі вербальді қабылдау.


  1. Ал енді «Иллюзиялар» - атты слайд көрсетіледі. Бұл слайдтарда өмірде кездесетін қабылдауда алданбау керектігі жайлы психологиялық мәліметтер беріледі.

Қаншалықты қабылдап, алданбайтындығымызды анықтайық. Ортаға үш оқушы шығуын сұраймын. Ол үш оқушы кезектесіп тақтада не бейнеленгенін кезектесіп дұрыстап қабылдап айтуы керек.

Талқылау жүргізіледі.


4. «Келесі кездескенше» жаттығуы ойнатылады.

Менің қолымда ғажайып күн. Ол бүгінгі күнге шуақ шашып, бізге жылылық, қуаныш, бақыт әкеледі. Нұрын төгеді. Сіздер осы күнді

бір-біріңізге беріп, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді бөлісіп, тілектеріңізді топ қатысушыларына арнайсыз. Біздің бүгінгі тренингіміз аяқталуға жақын, бірақ біздер келесі тренингте кездесеміз деген үмітпен қоштасамыз!!!

Келесі кездескенше күн жақсы!!!

Талдау. Бүгінгі тренинг сабақ сізге не берді?

Жаңа нені білдіңіз? Болашақта нені қолданар едіңіз?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!