Материалдар / Қабылиса жырау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қабылиса жырау

Материал туралы қысқаша түсінік
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы шығармаларының тақырыптық сипаты, астарлы ұғым мен өзара ой үндестігінің негізгі нысанын білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2020
768
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысының Балқаш ауданы «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 9- сынып оқушы



Маратқызы Маралдың «Қабылиса жырау» атты ғылыми жұмысына

Пікір

Ғылыми жобаны зерттеу барысында 9- сынып оқушысы Маратқызы Марал Қабылиса жырауды зерттеуді мақсат еткен. Зерттеу  жұмысының  тақырыбының  өзі  тың,   аз  зертелген тақырып.

Оқушының осы жырауды зерттеу барысында тарихын қайта қарау керек деген пікірінің өзі зерттеушінің Жетісу ақын - жыраулары пір тұтқан атақты Қабан жырауды ерекше атағанжөн. Қабан жырау өз заманының әрі ақыны, әрі батыры, әрі жырауы, әрі сәуегей абызы болған тұлға. Жырау туралы деректер әлі де аз болғанымен, көнекөз қариялардың айтқан аңыз, дәйектері ізімен, Сүйінбай, Бақтыбай, Кенен, Әбікен т.б. ақындардың жыр-толғауларындағы деректі жолдар арқылы Қабан жырау туралы біршама мәліметтер жинақталған.

Болашақта жұмыс жалғасын табады, мақсатына жетеді деп ойлаймын.

Зерттеу  барысында тарауларды  толықтыра  түсу  қажет, қосымша деректік  құжаттамаларды   қосу  қажет.

Оқушының  алғашқы жылдары  жазып отырғандығын ескерсек, жоғарыда аталған  кемшіліктердің болашақта түзелеттіндігіне   сенім  білдіруге  болады.





Тарих  ғылымының кандидаты доцент      Е. Е Нұрадинұлы.













Алматы облысы, Балқаш ауданы, «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Абстракт

Маратқызы Марал өте зерек, ізденімпаз. Жаңалықтарға әуес, озық ойлы оқушы. Әдеби - көркем шығармаларды оқығанды жақсы көреді. Көп ізденеді. Бала кезінен байқалған қасиетін дамыта отырып, Маралға 8- сыныпта оқып жүргенде « Қабылиса жырау » деген тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізуге ұсыныс жасадым. Содан бері осы тақырыпта ізденіп, тәжірибе жасай бастады. ХVІІІ ғасырда Қаблиса жырау шығармаларының тақырыптық сипаты, астарлы ұғым мен өзара ой үндестігі негізгі нысаны болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында әдебиетші және тарихшы ғалымдардың бұрынғы және соңғы кездері жарияланған еңбектері басшылыққа алыну мақсатында Қабылиса жырауды зерттеу.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу көзделді:

Жұмыстың міндеті. 

1. Қабылиса-Қабан атанған ақынның әулиелігі, батырлығы, жайлы деректер мәліметтер жинақтау.

2. Жетісудың даңқты ақындары жыраулары үлгі тұтқан , аруағына сыйынған Қабылиса-Қабан ақын мұрасын зерттеу.

3. Іле өзенінің бойындағы «Малайсыры» тауында орналасқан ХҮІІІ ғасырда Ұлы жүз ішіндегі жалайырдан шыққан аса көрнекті қайраткер Қабылиса жыраудың ұрпақтары орнатқан ескерткіш басына барып, тарихын білу.

Оқушы еңбекқор, көп ізденеді. Сабақтарға деген қызығушылығы өте жоғары және жауапкершілігі мол. Тілі жатық, ойын жинақтап айта алады. Болашақта зерттеу жұмысытарын жалғастыруға мүмкіндігі бар деп сенемін.



Жетекші: Г.Б.Тансыкбаева

Тарих пән мұғалімі



Тансыкбаева Гулим

Бериковна

қойған қолын растаймын: Мектеп директоры

Б.О.Жұмабеков



Abstract

Maratkyzy Maral is very clever, bent student. Inclined to the informations. She loves reading artistic literature and she is in permanent searching all news. Building upon her characteristics from childhood, I suggested to lead researching work to the theme “Kabylisa zhyrau” when she was at 8 th grade. At the 18th century the thematic nature of Kabylisa zhyrau’s work is the main form of superstitious concepts and relationships. During the researching work writer and historian guided the works of scholars which have been published at the past

By reaching the aims it was provided some tasks:

  1. To get information about nobility and courage of the poet Kabulis-Kaban

  2. To study the legacy of the poet Kabulis-Kaban, which was an example for the poets Zhetysu

  3. To go to the monument of Kabylisa Zhyrau,which is located on mountain ‘Malaisary’ on the valley of the river Ili who was the descendant of Zhalaiyr in the 18th century and get information about his history.

The student is hardworking, always in search. Increased interest in the lesson, responsible. Eloquent, can express his thoughts. In the future, I believe that she will have the opportunity to continue her researching work.





Leader: G.B.Tansykbaeva

Verifying signature: B.O.Zhumabekov

























Абстракт

Мараткызы Марал очень умная, склонная к Новшеству, любознательная ученица. Заинтересована к художественной литературе. Находится в регулярном поиске. Чтобы развить ее индивидульные качества, которые надлюдались в детского возраста, я предложила Марал, когда она была в 8 классе, занятся исследовательской работой на тему «Кабылиса жырау». С тех пор она начала расширенные поиски и наводила свои эксперименты на эту тему. С 18 века тематический характер их работ является основной формой суеверных концепций и взаимосвязей. В ходе исследования руководствовались первыми и последними опубликованными работами ученых.

Чтобы достичь цели наметила следующие задачи:

1. Собрать данных о благородстве и мужестве поэта Кабылиса-Кабана

2. Изучить наследие поэта Кабылиса-Кабана, который был примером для всех поэтов Жетысу

3. Отправится к памитнику великого акына Қабылиса жырауа, являющегося 18 веке потомком Жалайыра , который расположен на горе Малайсары вдоль реки Или и узнать историю возникновения.

Ученица трудолюбивая, всегда находится в поиске. Повышен интерес к уроком, ответственная. Красноречива, может выражать свои мысли. В будущем я верю, что у нее будет возможностьпродолжить иследовательскую работу.





Руковадитель: Г.Б.Тансыкбаева

Потверждаю подпись Б.О.Жумабеков













































Алматы облысының Балқаш ауданы «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 9- сынып оқушы

Маратқызы Маралдың «Қабылиса жырау» атты ғылыми жұмысына

Пікір

Ғылыми жобаны зерттеу барысында 9- сынып оқушысы Маратқызы Марал Қабылиса жырауды зерттеуді мақсат еткен. Зерттеу  жұмысының  тақырыбының  өзі  тың,   аз  зертелген тақырып.

Оқушының осы жырауды зерттеу барысында тарихын қайта қарау керек деген пікірінің өзі зерттеушінің Жетісу ақын - жыраулары пір тұтқан атақты Қабан жырауды ерекше атағанжөн. Қабан жырау өз заманының әрі ақыны, әрі батыры, әрі жырауы, әрі сәуегей абызы болған тұлға. Жырау туралы деректер әлі де аз болғанымен, көнекөз қариялардың айтқан аңыз, дәйектері ізімен, Сүйінбай, Бақтыбай, Кенен, Әбікен т.б. ақындардың жыр-толғауларындағы деректі жолдар арқылы Қабан жырау туралы біршама мәліметтер жинақталған.

Болашақта жұмыс жалғасын табады, мақсатына жетеді деп ойлаймын.

Зерттеу  барысында тарауларды  толықтыра  түсу  қажет, қосымша деректік  құжаттамаларды   қосу  қажет.

Оқушының  алғашқы жылдары  жазып отырғандығын ескерсек, жоғарыда аталған  кемшіліктердің болашақта түзелеттіндігіне   сенім  білдіруге  болады.





Тарих  ғылымының кандидаты доцент      Е. Е Нұрадинұлы.












Мазмұны:


І. Кіріспе.............................................................................................................

ІІ. Негізгі бөлім...................................................................................................

    1. Өмірбаяны.................

    2. Аңыздары...............................

    3. Жыраудың мұралары.............

ІІІ. Қорытынды...................................................................................................

ІV. Пайдалаған әдебиеттер.................................................................................


























Кіріспе 

Зерттеу жұмысының  өзектілігі. Қазақ хандығы мемлекетінің кейінгі ұрпақтарға жалғасуына  себеп болған дәстүрлі сөз өнерінің өкілі Қабылиса жырау болжаған келешек, еркіндік, тәуелсіздік, бодандыққа қарсы идеяға ерекше мән беріледі. Қабылиса жыраудың поэзиясын  М.Әуезов, журналист М. Жылқайдаров, М. Жолдасбеков, Е. Ерғожин секілді ғалымдар жете зерттеген. Дей тұрғанмен жыраудың поэзиясындағы тәуелсіздік идеясы арнайы зерттеліп, толық игерілген жоқ. Ұлтымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани қазыналарын Қабылиса жырау ұрпақтан ұрпаққа ұластырған. Қазіргі кезде жырау көтерген бодандыққа қарсы дүниетаным арнайы қарастырылмаған. Қабылиса жыраудың терең мәнді, қоғамдық ой тудыратын толғаулар арқылы  елдің бірлігін, тыныштығын, сыртқы жаудан қорғау, елдік, ерлік мәселесін қозғаған. Қабылиса жырау  туралы зерттеулерде  азаттық, тәуелсіздік  идеясы тыңғылықты  сарапталып, арнайы ғылыми айналымға түспеген. Егемендік, еркіндік, тәуелсіздік, бодандыққа қарсы күрес көрінісі жыраулар поэзиясында қандай үндестік тапқанын арнайы қарастырудың  өзі де зерттеудің өзектілігін айқындайды.                                     

 

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

- ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Қабылиса жыраудың еркіндік, бодандыққа, отаршылдыққа қарсы толғаулары нақты мысалдармен талданады;

- Қабылиса жырау поэзиясына бүгінгі күн тұрғысынан баға беріледі;

- Жыраулар арқылы тарихи-әдеби, ұлттық-рухани құндылықтарымыз айқындала түседі;

Қазақ әдебиетіндегі толғау жанрының басты белгілері анықталып, Қабылиса жырау көксеген дүниетаным, тәуелсіздік белгілері қарастылылды. 

 

Жұмыстың мақсаты. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы шығармаларының тақырыптық сипаты, астарлы ұғым мен өзара ой үндестігінің негізгі нысанын білу.

Зерттеу әдісі.  Қабылиса жырау мұраларының дүниетанымдық құндылығын зерттеуде тарихи жүйенің герменевтика әдісін басшылыққа алып, өзара үндестігін анықтауда салыстырмалы, баяндау, әдеби талдау әдістері қолданылды.                               

 


Қабылиса жырау қазақ халқының ертеңгі болашағы, балалардың да татулықпен, бірлікпен қа­лып­тасып өсуін жырлайды. Жастайынан ауыз біршілікпен, достықпен қалыптасып өскен жас ұрпақтың халқын баянды бақытқа жеткізгені – тарихта дәлелденген ақиқат.

Қазақ хан­­­­дығы дәуірінде Қабылиса жырау поэзиясының басты тақырыбы – халықтың топтасқандығы мен бірлігі және әскери күш-қуа­тын нығайту мәселелері бол­ды. Сондай-ақ, Қабылиса жырау шығар­маларында арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы философиялық толға­ныстар да, ізгілік пен зұлымдық, жақсы мен жаман, достық пен дұшпандық туралы толғаулар молынан. Қабылиса жырау өз туындыларын, толғауларын кейінгі ұрпақтарына мәңгілік мұра етіп қалдыру жолында көркемдігі жоғары поэзия тілімен, таптыр­мас теңеулер, жарқын метафоралар, синтаксистік жә­не психологиялық параллель­дер арқылы баяндаған. Бұл туындылардың Тәуелсіз Қазақ­станның өркендеп дамуына тигізетін ықпалы орасан зор деп білемін 





































І.Негізгі бөлім

    1. Өмірбаяны

Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы (1733-1824)

Қазақ халқы ата жауы жоңғардың үсті-үстіне жасаған аяусыз шапқыншылығынан енді-енді бас көтерген кезінде Қаблиса жырау дүниеге келіпті Қабылиса жырау Жалайыр ішіндегі Мырза деген рудан шыққан. Шамамен XVIII ғасырдың басында тоқсан жыл өмір сүрген.

Ол жастай ел-жұртына өнегелі жыр төккен, есейе келе көрнекті жырларын даналық ойлармен өрнектеген. Жырау жырларындағы тарихи таным мен халықтың хал-жағдайына жасаған терең талдаулар, жеке адамның өміріне байланысты оның толыққанды өмір сүріп бақытқа жетуіне негіз болатын себептерді жан-жақты ашып көрсетуі ақынның интелектуальдық деңгейін сипаттайды. Қабылисаның өзіндік дәстүрлі мектебі болған, оны Сүйінбай, Бақтыбай, Сарыбай, Есенгелді, Мәулімбай, Қалқа, Кенен секілді ақ иық ақьндар ұстаз тұтқан. 

Қабылиса ақындығымен қатар сөз бастаған шешен, ел басқарған басшы, қол ерткен батыр болған.

Қайраткер өр мінезімен, өжет батырлығымен, от ауызды, орақ тілді сөзімен көзінің тірісінде-ақ Қабан ақын атанған. Ол ел басшылары Ескелді, Балпық билермен қатар «әулие» деген атқа ие болған. Өйткені әр жерде шашырап, көшіп-қонып жүрген жалайырлардың басын қосып біріктіруде, тұтас бір ел етіп топтастыруда оның еңбегі, қажыр-қайраты үш ғасыр бойы аңыз-әңгімеге айналған. Ел үшін, жер үшін қанын төгуге, жанын қиюға әзір екенін мына бір көріністен-ақ байқауға болады.

Тіл алсаңдар, шырағым,

Өсек сөзді елеме.

Үйір болғын, шырағым,

Жақсы сөзге өнеге.

Тіршілікте сыйласқын

Дүние қайтып келе ме?

Дүниеге сенім жоқ,

Мінерсіз бір күн кемеге

    1. Аңыздары

Ақынның шөбересі Мәрима Рақметқызының айтуына қарағанда, қазақ-қалмақ соғысы кезінде Жалайырдың бір батыры жекпе-жектің шартын сақтамай, қарсыласын қас пен көздің арасында шаншып өлтіреді.

Мұның арты дау-дамайға айналып, қалыптасқан салт-дәстүрді бұзғаны үшін әлгі жас батырды қалмақ жағы байлап беруді талап етеді. Ел ағалары бұл талапқа мойынсұнып тұрғанда, Қабан ақын алға шығып: «Бұл батыр ел қорғаны бола алатын азамат екен, жолына жан пида - мені байлап беріңдер!»

дейді де, өз еркімен жау қолына аманатқа кете барады (журналист Ораз Исмайылұлының жазбасынан).

Филология ғылымдарының докторы М.Жолдасбеков Қабан ақынның алдағыны болжайтын әулиелігін бейнелейтін мынадай аңыз келтіреді: «Бірде Жетісу өлкесінен шыққан атақты батырлар Өтеген, Райымбек, Қараш және Қабан төртеуі бас қосып отырады. Райымбек пен Өтеген құрдас, Қараштың жасы олардан сәл кішілеу, бәрінен үлкені Қабан екен.

Райымбек сөз бастайды:

- Өтеген, «ел аралаған - сыншы» деген, жер-дүниені шарлап келдің, жасымыз болса тақады, батыр атағың бар, көпті көрдің, өле қалсақ жағдайымыз қандай болады, қайсысымыз қай жерде қаламыз, айта аласың ба? - дейді.

Өтеген:

- «Аға тұрып сөйлеген ініден без» деген, бұл дүниенің жарығын бізден бұрын көрген алдымызда Қабан ағамыз отыр, сол кісі айтсын! - депті.

Сонда Қабан:

- Екеуің біріңді бірің түрткілеп, ақыры мені сөйлеттіңдер ме? - деп сөз бастайды.  - Әке-шешем қойған атымды өзгертіп, ел мені

Қабан атандырды: мен бір бастаудың басында, шоқ қамыстың түбінде қалармын. Үш күн денем жерде жатады, үш күннен соң табылады. Ал, Өтеген, сенің мінезің жайлы, жүзің жылы еді, жылжып аққан судың жағасында жатасың, бірақ түбінде сені де жылжытып басқа жерге қояды. Райымбек сен көпшіл ең, қиямет-қайымға дейін басыңнан дабыр, үстіңнен дүбір кетпейтін үлкен жолдың бойында боласың» деген екен. Бұл аңызды Кенен Әзірбаев пен Әмірқұл Құлшықов айтқан. («Асыл арналар», Алматы, «Жазушы» баспасы, 1986, 152-153-беттер).

Бұл аңыз рас болса, Қабанды шын әулие деуге қақымыз бар. Себебі, Өтегеннің қабірі «жылжып аққан су» Іле өзенінің бойында-тұғын, беріде Қапшағай теңізінің астында қалатын болған соң, ұрпақтары «жылжытып» биік төбенің басына қойды. Райымбек Алматыдан Ташкентке қарай шығатын үлкен жолдың бойына жерленген екен, ол маңай бұрын да, қазір де дабыр-дүбірдің орны болды, жуырда ұрпақтары басына биік ескерткіш орнатып, ары-бері өткендер, арнайы келушілер тәу ететін қасиетті мекенге айналды. Қабанның өзі Іле өзені бойындағы шоқ қамыстың ішінде, бұлақ басында жатыр.

Қарт журналист М. Жылқайдаров мынадай бір дерек келтірген: «Бірде ақын ауылына Ұзынағаш жақтан бір топ мейман келеді. Бала-шағалары жақын ауылға тойға кетіп, үйде жалғыз қызы(бес ұлының ішіндегі) Қоянкөз бен Қабан ақынның өзі қалады. Қонақтарға шай қайнатылып, ет асылғанда ерке қыз құда түсуге келгендерге ылғи  қойдың қол етін қазанға салыпты. Алдарына ас келгенде қонақтар тіксініп: «Жақсы әкеден де осындай көргенсіз бала туады екен-ау» деп, бір-біріне қара керек. Соны аңғарған  ақын табан астында:

Балам білмей қонаққа қол асыпты,

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!