Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
8сынып
Сабақтың
тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану
жылуы.
Сілтеме, слайдтар, 8-сынып оқулығы.
Жалпы
мақсаты: Қайнау.Меншікті булану жылуы
туралы ақпарат беру.
Қайнау туралы өз ойларын айтуға, мағынасын түсіндіруге, Сұйықтың
қайнауының, оның булануынан айырмашылығын анықтауға, мысалдар
келтіре алуға баулу. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен жан-жақты
талдау мүмкіндіктерін қалыптастыру. Қайнау. Меншікті булану жылуы
туралы білетін болады. оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен
жан-жақты талдау мүмкіндігін қалыптасады.
Меншікті булану жылуының формуласын пайдаланып есептер шығаруды
үйренеді.
Топпен жұмыс жасай алатын болады.
Негізгі идеялар: Алған білімдерін тексере отырып,
жинақтау.
Тапсырмалар
«Миға шабуыл» сұрақ- жауап
(жеке оқушылармен жұмыс)
1.Слайд. Өз ойларын айту
2. Қайнау «Мәтінмен жұмыс» тақырыбына постер құру.( топпен
жұмыс)
топпен жұмыс істеу құрал жабдықтар мен суреттер бойынша әр топ
жұмыстың орындалу шарттарын талқылау. Бағалау парақшасын тарату
3. Жаңа сабақты бекіту «Ұшқыр ой» ( топпен жұмыс)
4. Сергіту сәті 5.Қызықты физика «Ойлан, тап!»
6.Физикалық диктант «Ойлан, тап!» 7.Бағалау. Кері байланыс.
Әдіс-тәсілдер: топтастыру, диалог, жеке, топтық жұмыс. АКТ:
проектр, Power Point презентациялар. СТО
стратегиялары
Сабақ бойынша мұғалімнің
жазбалары:
І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2.Топқа бөлу
ІІ. Миға шабуыл
1.Заттың қандай агреграттық күйлерін білесіңдер?
2.Затың қатты күйден сұйық күйге өтуі не деп аталады?(балқу)
3.Молекуласы ыдыстың барлық көлеміне таралатын заттың күйі қандай
күйге жатады?(сұйық)
4. Сұйық бетіндегі булану не деп аталады? (кебу) 5.Ауаның ылғалдыңы
дегеніміз не? (ауаңың құрамында су буының болуы) 6.Ауадағы су
буы қандай буға жатады ? (қанықпаған) 7.Ауаның ылғалдылығын
өлшейтін құрал?(психрометр) 8.Ауа ылғалдылығының адам өміріндегі
маңызы қандай?
Қайнау туралы слайд қарап, сабақтың тақырыбын анықтау. Қайнау
«Мәтінмен жұмыс» тақырыбына постер құру.Жаңа сабақты топқа бөліп,
оқушылыар сабақты түсіндіреді
І- топ 1. Қайнау дегеніміз не?Неліктен бу көпіршіктері ұлғаяды және жоғары көтеріледі?
ІІ топ 2.Қайнау қандай температурада жүреді? 3.Қандай температура қайнау температурасы деп аталады?
ІІІ топ
4.Қайнау процесінің қысымға тәуелділігі?
IV топ
5. Меншікті булану жылуының белгіленуі мен өлшем бірлігін ата.
6. Массасы m сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерінің формуласын жаз
Қайнау процесін бақылау үшін
құтыға су құйып, температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Біраздан
кейін құтының үстіңгі жағында тұманды байқауға болады.Ол ыдыстағы
сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді.Сыртқа шыққан су
буы салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде
конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты
қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене
көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын
еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп
шығады.
Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері
біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да
, жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында ызыл
естіледі.Неге? Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су
көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір
температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су
қайнай бастайды.
• Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде
де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау
деп аталады.
Біз кез-келген жер бетіндегі денелерге атмосфералық қысым әрекет
ететінін білеміз.Енді осы су көпіршіктері қандай жағдайда осы
атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер
ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау
керек.
• Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең
немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;
• Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын
температураны қайнау температурасы деп атайды.
Қалыпты атмосфералық қысымда әртүрлі заттың қайнау
температураларының мәндері анықталған.
Кейбір заттардың қайнау температурасы,
( Қалыты атмосфералық қысымда 105 Па)
сутек -2530С су
1000С сынап
3570С
Оттек -1830
С сүт
1000
С қорғасын
17400
С
эфир 350
С спирт
780С мыс
25670С
Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең
болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса
онда су төменгі температурада қайнай береді.
Биіктігі 5-6 мың метр
Эльбрус шыңында су шамамен
800 С- та
қайнайды. Сұықтың үстіндегі қысымды
жасанды түрде төмендетсек , онда кез келген температурада тіпті
қату температурасында қайнайды. 32 гПа 25
0
су бөлме температурасында
қайнайды. Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда , су
00
С-та қайнайды.Судың төменгі
қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ертіндісі бар
болғаны бірнеше ондаған градуста бұрқылдап қайнайды.Қант сиропының
күйіп кету қаупі болмайды және артық су тезірек бөлініп
шығады.Керісінше судың бетіне аса жоғары қысым түсіре отырып ,
судың температурасын 1000
С тан жоғары температурада
қайнатуға болады. Автоклав құрылғысында тем-ра
2000
С-қа дейін қызады.
Қайнау процесі үзбей жүру үшін оған үнемі сырттан энергия беру
керек. Қайнаған сұйықтың температурасы өзгеріссіз қалады.Бірдей
массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру
үшін әртүрлі жылу қажет болады. Заттардың булану қабілеттілігін
сипаттайтын шама меншікті булану жылуы (r) деп аталады.
Меншікті булану дегеніміз- сұйықтың бірлік массасын қайнау
температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
Q = rm (Дж кг)- өлшем бірлігі
Қалыпты атмосфералық қысымда қайнау температурасында әртүрлі сұйық
үшін меншікті булану әртүрлі болып келеді. (7 –кесте )
Жаңа сабақты бекіту: «Ұшқыр ой» Өздік жұмыс әр топқа жеке тапсырма
беріледі.
І-
топ
1.Сұйықтың тек үстіңгі бетінен
ғана емес, сонымен қоса оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда
болуымен жүретін мұндай қарқынды булану?
2.100ºC-тан 0ºC-қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша
энергия бөледі?
ІІ-топ
1. Неліктен өзеннен ыстық күні
шомылып шыққанда тоңамыз?
2. 11 кг спирт буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері
бөлінеді?
ІІІ-топ
1.Ашық ыдыстағы судың қайнау
температурасы 1000
С-қа тең , егер су тұмшалап
жабылған ыдыста қыздырылса, қайнау температурасы өзгере ме?
2.20 кг су буға айналдыру үшін 46 106
Дж энергия жұмсалады.Булану
жылуы қандай?
IV- топ
1.Биіктігі 5-6 мың метр Эльбрус
шыңында су шамамен 800
С- та қайнайды.Осы биіктікте
ет пісіріп жеуге бола ма?
2. Қайнау температурасында 2,3 106
Дж энергия жұмсап, қанша суды
буға айналдыруға болады?
4. Сергіту сәті. 5.Қызықты
физика
1.«Аузы күйген үрлеп ішеді» деген
мақалдың тұрмыс-тіршіліктегі мағынасы және физикалық тұрғыдан
түсіндір.
2.
Көсеуің ұзын болса, қолың
күймейді дегенді физикалық тұрғыдан
түсіндір. 3.
Бұлт, тұман,жауын- шашын қалай
пайда болады?
4.Неліктен қой бағатын малшылар жазда да, қыста да тон киеді?
Физикалық диктант «Ойлан , тап!» (жеке жұмыс)
ІІ тарау. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.
1. -------------- бұл заттардың қатты күйден сұйыққа айналуы
2. ------------ бұл сұйық күйден қаттыға ауысуы
3. ------------- бұл заттың қатаятын температурасы
4. Зат үш түрлі агрегаттық күйде бола алады: ----------
5.----------- денелерге қарағанда ----------денелердің берілген қысымда өзгермейтін белгілі бір балқу температурасы болады.
6.1 кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын жылу мөлшерін осы ---------------
7.Сұйықтың буға айналдыру құбылысы -------деп аталады.
8.Сұйықтың бетінде жүретін булану ------ деп аталады
Жауабы: Физикалық диктант
1.Балқу
2.Қатаю
3.Қатаю немесе кристалдану температурасы
4. қатты, сұйық және газ
5.Аморф, кристалл
6. меншікті балқу жылуы деп атаймыз
7. булану деп аталады.
8. кебу деп аталады.
7.Бағалау. Кері байланыс(
бағалау терезесі)
Бағалау парағы
№ |
Оқушының аты -жөні |
Сұрақ-жауап |
Мәтінмен жұмыс |
Ұшқыр ой |
Қызықты физика |
Физикалық диктант |
Қортынды |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|