Материалдар / Қайырымдылық -адам жанының нұры
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қайырымдылық -адам жанының нұры

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда "Қамқорлық"атты республикалық акциясы аясында өткен қайырымдылық іс шарасы туралы қайырымды жанждардың жақсылығы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2018
1246
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қайырымдылық –адам жанының нұры

Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да, қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады. К.Г.ПаустовскийАдамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Бүгінгі қоғамда да осындай іс-шаралар түрлі деңгейде өтуде. Аталған тақырыптағы іс-шара біздің де мектебімізде үнемі өтіп отырады. Осындай іс шараның бірі 10қаңтар мен 10ақпан аралығында өтетін республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында Тұздыбастау ауылы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар 13 мектепте «Жетім көрсең жебей жүр» атты тақырыппен үлкен қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты ұлттық адамгершілік құндылықтар негізінде жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылық акциясына мектепішілік бұйрық шығарылып, арнайы іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сәйкес «Жас ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінен акцияны насихаттау тобы құрылды. Бұл топ мүшелері әр сыныпқа, мұғалімдерге, ата-аналарға акцияны насихаттау жұмыстарын жүргізді.Акцияның міндеті жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларын қыстық жылы киімдермен, азық түлікпен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Акцияға ата-аналар, мектеп мұғалімдері, әкімшілік мүшелері, сынып жетекшілер және барлық сыныптар белсенді қатысты. Акция барысында қыстық қиімдер, қыстық етіктер, спорттық киімдер, азық-түліктер, ойыншықтар, оқу-құралдарымен қоса ата-аналар тарапынан ақшалай көмек те берілді. Ата-аналар мен сынып жетекшілер сыныптарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлеріне азық түлік апарып берді. Мектепке жиналған материалдық көмектер арнайы құрылған комиссия шемімімен мектебіміздегі жетім, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына таратылды. "Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені, құр алақан қайтару одан да ұят" (Әли (р.а.) –демекші мектеп оқушылары да шын көңілмен өз мүмкіндіктерінше көмек көрсетті. Жасаған қайырымдылықтары арқылы олар өздерінің жүректерінің кеңдігін, тазалығын, өздерінен кейінгілерге үлгі болатындықтарын көрсетті. Қасиетті Құранда «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» ескерткен. Себебі қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің. Ендеше бізде осы бір кішігірім іс-шара арқылы біреулерді қыжалатынан шығарсақ енді бір жағынан имандылық пен мейірімділікке шөлдеген қазіргі қоғамда жасөспірімдерге адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіре білсек мақсатымызға жеткеніміз. Солтанбекова Жазира Талғар ауданыТұздыбастау ауылы13 орта мектептің Әлеуметтік педагогі Конец формы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!