Материалдар / «Қайырымдылық адам жанының нұры»

«Қайырымдылық адам жанының нұры»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайырымдылық акциясы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
637
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қайырымдылық адам жанының нұры» атты қайырымдылық концертінің сценариіЖүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін балаларға қолдау көрсетуге келген қадамдарыңызға нұр жаусын.Жансаң көзі қарақтыҚиналғанды аңғарарӨзіңнен сөз тараптыЖақсылыққа жалғанарДәнекер боп жүргеніңАзаматтық ерлігіңЖөн жосықты білгеніңЕңсесі биік елдігімБайлық қуат алапатҚағып түсер қарғысыңДемеушілік шарапатАлар елдің алғысын демекші бүгінгі Үшарал қазақ гимназиясында өткелі отырған «Қайырымдылық адам жанының нұры» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек.Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.Ендеше кешіміздің алғашқы сөзін гимназия директоры Құсайынова Қорлан Тұрсынбекқызына беріледі.Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,Жақсыларды табуың қиын екен...1. Өзінің туындысын,шығармасын оқитын Республикалық Фариза оқуларында көркем сөз номинациясы бойынша бас жүлде алған 10 б сынып оқушысы Манапова Мөлдірді «Өмір оты» атты шығармасымен шақырамыз. Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,Қазақ – нағыз қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра!Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.2. Терме: «Бастау»орындайтын 8 а сынып оқушысы Дүйсенбек Диана

Жүргізуші: Өмір деген тәтті екен әрқашан да,Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,Күресуге үйренем шаршасам да.Бала жүрек риза жаратқанға,Жарқыраймын әр күні таң атқанда.Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,Мен өмірді сүйемін әрқашан да.3. Би: «Көңілді балақайлар» 1 ә сыныбыЖүргізуші: Атаң болса, анаңмен -Алтыннан соққан қорғаның,Ағаң болса ақылды -Ешкімнен кем болмадың.Інің болса жанашыр -Семсер қылыш білегің.Ақылды қыз, ақылды ұл Өкпе – бауыр, жүрегің.4. Ән: «Қос бәйтерек»Орындайтын: Нұрланқызы Іңкәр және Берік Диас5. Республикалық Фариза оқуларында көркем сөз номинациясы бойынша жүлделі 3 орынға ие болған Асемханова Аяулымды қарсы алайық.6.Ән: 0 в сынып оқушысы Айдынқызы Аружанның орындауында «Қасиетті домбыра» әні.Жүргізуші: Шыдамдыны мына өмір ұнатады,Бірде қуантып, бірде жылатады,Сүріндіріп кейде сені құлатады.Жылатып тұрып жұбатады.Дұшпандарға кейде сені сынатады,Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,Мына өмір бірақ та қымбат әлі.7.Би: «Кішкентай жұлдыздар» 5 а сынып оқушылары8.Ән: Нұрланұлы Нұрсұлтан9.Жүргізуші: Саятұлы Бекзаттың орындауында «Әкелер» әніӨмір берсе жаратқаным жетімге,Берді оған күшпен тірлік етуге.Күресуге келмесе де шамасыЖаралмаған мәңгі жылап өтуге.10.Көркемсөз: Тұрсынбаев Еркебұланды : «Мейірімдінің жанары»атты өз туындысымен ортаға шақырайық.11.Жүргізуші: Абдурашитқызы Айзара «Құттықтаймын мама»12.Жүргізуші: 4 сыныбын «Лента » биімен қарсы алыңыздар!Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,Күн арқалап кетеді таңды мына,Менің жаным ашиды барлығына,Таң нұрына, адамның тағдырына.13.Ән: «Арман ай» Орындайтын: Маулен Балжан14.Жүргізуші: 7 А сыныбының орындауында «Өзбек» биі.Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.Жолында жолығатын екі тағдыр,Күтеді Адам үшін сын сағатты.Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,Арымен өз бақытын тапқан Адам!15.Ән: Орындайтын Қинаят ӘминаМайысып бұраңдаған денелеріАлаулап жайнаған көздеріБуын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,Алдарыңызда гимназияның гүлдері16.Испан биіЖүргізуші: Ана сүтінен барлық адам  нәр алған,Ол азығың өзіңменен бірге жаралған.Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,Күш-қуат боп өн бойыңа тараған.17.Ән: «Ана» Орындайтын: Тұрсынбаев ЕркебұланЖүргізуші: Пейілділік көл - көсір,Жомарттық ерге сын.Кеңдігін көрсеткен.Қайырымдылық қорында,Ізгілік жолында.Мың алғыс, қонақтар.Ата аналар атынын сөз сөйлеу үшін 9 а сынып ата анасы Құсайынова Толқын Райхановнаны шақырамыз.Жүргізуші: Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» , «Мың адам жүрген жерде жол қалады» дегендей көмекке мұқтаж жандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің - нық болуына қадам жасайық! 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ