Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қайырымдылық акциясы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«А.С.Пушкин атындағы орта мектеп» КММ
БАЯНДАМА
2-ТОП
2016-2017Ж
Тамыры тереңде жатқан тарихты таңқалуға бір сәт жетеді, ал таңқалдыруға бір адамның ғұмыры жетпейді дегендей кең жайлауы, асау өзені, асқар тауы, мәуелі бағы, көркем белі, лебі жұпар, ерке желі, жанға сая панамыз –көркем жеріміз, тәуелсіз Қазақстан еліміздің бүгінгі мерейлі меркесі құтты болсын.
Даңғыл жол, алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге – бүгін міне 24 жыл толып отыр.
Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз жиырма төрт жылда өтіп отырмыз.
Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді.
Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізіп, «Отан» деп жүрегімізді қақтырып, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірген ұғым.
Ежелден ата – бабалар аңсаған арманы 1986 жылғы дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген оқиға болды.
Бұл тәуелсіздік елімізге тер мен қан төгілмей, оңайлықпен келе қалған жоқ.
Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, елбасымызды, халқымызды барша әлем танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым елге айналды.
Ел басымыздың арқасында елімізді әлем танып, мойындады. Көреген басшы, парасатты қайраткер, ұлы көшбасшы, дана тұлға-дара тұлға ретінде Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевты халқы қолдап, ата-бабамыз аңсап кеткен күнге жетіп отырмыз.
Қазақстан еліміз үшін 25 жыл аз болғанымен, тарихи оқиғалары аз болған жоқ. Ең бастысы өз еліміздің Ата заңы Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекеттік рәміздерімізді, төл теңгемізді, Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының Астанасы болып жариялануы, осы жылдар ішінде істелген істердің бәрі бостандықтың, тәуелсіздіктің арқасында болашақ ұрпаққа жасалған ұмтылмас мұра.
Биылғы жылы еліміз «Қазақ хандығының 550 жылдығын», Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығын, Ата заңымыздың 20 жылдығын атап өтіп, Дүние жүзілік сауда ұйымына мүше болдық, қазақ халқының ғасырлар бойы талпынып, аңсап келген асыл арманы – еркіндік, бостандық, егемендік барлығы тәуелсіздіктің арқасында.
Мәңгілік еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, еңсесі биік, мәртебесі берік, биіктерден шарықтап асқақтай берсін- Қазақ елі!
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев). Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Тарихы
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсандаҚазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Өскелең ұрпаққа – балалар мен жасөспірімдерге, патриоттық тәрбие беру басымдығын сақтай отырып барлық қала азаматтарының әлеуметтік және жас тобына бейімделуіне Концепцияның мемлекеттік мәртебесі (статусы) бар.
Қазіргі заманда патриоттық тәрбие берудің мәселелері
Концепция
қала жастарының мәдени және тәрбиелік әлеуетінің (шамасының)
дамуына рухани бағдар береді. Қазақстанның әлемдік бірлестікте
алдыңғы қатарда болу мақсатын іске асыруға, әлеуметтік, білім және
мәдениет институттарына жаңа талап қоюына бағдарланып отыр.
Қай мемлекет болмасын өз жерін кез-келген қол
сұғушылықтан қорғауға қабілетті болғанда ғана тәуелсіз бола алады.
Сол себепті Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап мемлекет шешкен
аса маңызды міндеттердің ішінде ұлттық қауіпсіздік, қазіргі заманғы
арнайы жасақталған және ұрысқа қабілетті армия құру
проблемалары – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының
кезек күттірмейтін ісі болды. Елбасының тікелей
басшылығымен сол кезде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігінің, аумақтық тұтастығының күзетінде
болуға арналған армия құруға барлық жағдайлар жасалды.
«
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау
мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы » деп
айқындаған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы
Конституциялық Заңы, егемен Қазақстан үшін бұл міндетті
шешудегі ең алғашқы қадам болып табылды.
1992
жылы 7 мамырда Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері құрылды. 1992 – 1998 жылдарда біз Қарулы Күштерді
қайта құрдық, ал 1999 жылдан бастап оның түбегейлі реформалаудан
бастадық. Сол бастапқы кезеңдердегі өзекті мәселелердің бірі Қарулы
Күштердегі ұлттық кадрлардың жетіспеушілігі болды. Өйткені 1992
жылы Қазақстанда жалғыз әскери оқу орны – Алматы жоғары әскери
командалық училищесі ғана болды. Сондықтан да қорғаныс
министрлігіне ұлттық кадрлар даярлау жүйесін құру міндеті
жүктелді.
Бүгінгі таңда бұл міндет табысты жүзеге асырылды деп
айтуға болады. Қазір елімізде бірнеше әскери оқу орындары
офицерлер, кәсіпқой сержанттар даярлауда. Елбасы Жолдауында
атап өтілгендей, біздің негізгі мақсатымыз әлемдік стандартқа сай,
білімді, шет ел тілдерін еркін меңгерген, әскери және техникалық
даярлықтың шеберлері болып табылатын мамандар даярлау, бір сөзбен
айтқанда әскери элитаны қалыптастыру болып табылды. Жоғары
әскери оқу орнында болған бір кездесуінде Жоғарғы Бас
қолбасшы офицерлер корпусына жоғары баға берді. Ол: « Офицер
армияның абыройы, ол жай ғана мемелекеттік қызметші
емес, ол көптеген адамдардың тағдыры сеніп тапсырылатын
мемлекет адамы, ... Офицер – армияның тұрақты мәні, орталық
тұлғасы, әскердің миы, ұрыстың ұйымдастырушысы және
жеңістің жасампазы » деген болатын.
Осылай, 20 жылдан астам уақытта еліміздің қорғаныс күші
қалыптасып, оның дайындығы өскелең талап үрдісінен шығуда деп
толық айта аламыз. Ол елімізді сыртқы күштердің қол сұғуынан, түрлі
лаңкестік әрекеттерден қорғай алатын дәрежеге жетті. Бұған
Конституция күні қарсаңында өткен Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерінің әскери шеруі айқын дәлел бола алады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
ұрысқа қабілетті, қазіргі заманғы техникамен және қару – жарақпен
жарақталған, қуаты мен ұтқырлығы жоғары, ел қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шеше алатын жоғары
технологиялы, кәсіби әскер болды.
Отанды қорғау мемлекеттің маңызды міндеті болғандықтан Отан
қорғаушылар қатарын толықтырып отыру жүйелі түрде жүргізілуі
тиіс. Бұл істе алғашқы буын болып саналатын орта мектептердегі
алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың ролі зор. Пәнді
оқытудағы негізгі мақсат жас жеткіншектерді Қазақстандық
патриотизмге, Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілікке, әскери борышты
мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге
бағытталады.
Патриоттық тәрбие – Тәуелсіз
еліміздің келешегін баянды ететін, оның қалыптасу, өркендеу жолында
елдің әрбір азаматының қосар үлесімен өлшенетін ұғым, адамдық
қасиет.
Сондықтан, еліміздің
Қарулы Күштерін тек бейбіт мақсаттағы әскери шерулерден
көрейік!
Ел боламын десең, бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы
болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық
жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып
жүріп еңбек ет. Жердің де,
елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.
Назарбаев).
Бір қаламның
ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан
айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл
лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл -
бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім
Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен
айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық,
ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік
туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында.
Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы,
махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.
Талай - талай
қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат
құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан
жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті
Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан -
тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді
десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.
Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы
кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз
он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық,
отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз
жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы.
Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық
келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл - тарих.
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық
сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын
қалаймын.
Сонау ел басына
түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған
сәттегі туған жерді, ата - бабаларының кіндік қаны тамған топырақты
құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша
толқымассың?!
Міне, ежелден
еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 20 жылдығын
тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі
барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.
Тәуелсіздік!
Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен - ау!
Шыдамадым
қапасқа,
Кеңшілікке
қаштым.
Көндікпедім
матауға,
Асау атша
бастым.
Уһ, шырқап,
зымырап,
Сұңқардай зулап
ұшайын!
Ұшайын!-
деп, дүние
құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті.
Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар - ұжданы азаттықты
тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе,
несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей
тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол
жеткізді.
Ашық
тәрбие сағаты: Тәуелсіздікке –25 жыл, «Мен қазақпын, мың өліп, мың
тірілген…»
Тақырыбы: «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген… »
І жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
ІІжүргізуші:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
Мұғалім:
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…
Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап
бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет,
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне осындай…
І жүргізуші:Армысыздар
қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 2011 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған «МЕН –
ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН…» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
«Әнұран»
I оқушы:
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада, Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
І жүргізуші:
Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.
Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
IІ оқушы: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан
кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл
сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
І ж: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
ІІ ж: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
І ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
ІІ ж: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
І ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
ІІ ж: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
І ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
ІІ ж: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
IІІ оқушы:
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпан күн!
КӨРІНІС:
Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.
—
Қыздар, мен газет әкелдім
—
Қане, не жаңалық бар екен?
—
Пленум болыпты.
—
Қонаевты орнынан алды дейді.
—
Онысы несі?
—
Орнына кім болыпты?
—
Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
—
Қазақтан-ақ біреу қойсашы!
—
Т.б.
Жастар шуласып кетеді
І- жүргізуші:
Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі –
қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта
болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де Брежнев атныдағы алаңда
жастардың алғашқы тобы пайда болды.
Бір топ жастар Менің Қазақстаным әнін айтып шығады.
— Пленум шешіміне қарсымыз!
— Әр ұлтқа өз басшысы!
— Колбинді әкетсін!
— Қонаевтің өзі сөйлесін!
Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2
адамдарды ұстап алады.
— Қайрат!
— Қайрат! – деп топ шуласып
тарайды.
Қайратты тергеуге әкеледі.
Қайрат:
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың
Балағаттайсың маған бір түйінін түсінбедім.
Жазықты емеспін қайталай берем
несіне,
Оқып көр міне, өлеңге түнде
түсірдім.
Тергеуші:
Түкірдім мен жырларыңа
Ит не деген өткір едің
Ине сұқтым тырнағыңа
Өлердей ғып тепкіледім.
Алдап арбау тәсілімен
Мойындата алмадым.
Қайрат:
Мойындата алмайсың
Тергеуші:
Байқа, 87 бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.
Тіліңді безеп, өлең айт маған
десең,
Свицкийді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат:
Бітер екен осы бір «Кеңес» қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен
ешқашан.
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Тергеуші:
Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға,
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрібір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді
қайтармаймыз
Паспорттарыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат:
Күнадан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Бозтоғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!
IV оқушы:
Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан
бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова,
Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету
парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар
шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз
әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз
күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.
Vоқушы:
Қасиетті Қазақстаным,
мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі
екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі
дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне
бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын
аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге
енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
І жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.
1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
ІІ жүргізуші:
1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
І жүргізуші:
1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
ІІ жүргізуші:
Армандаған күнге де жеттік.
Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.
І жүргізуші: Тәуелсіздіктің
көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың
ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
I оқушы:
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі
екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі
дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне
бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын
аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
IІ оқушы:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
IІІ оқушы:
Ұлан-байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
IVоқушы:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Vоқушы:
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә — әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
I оқушы:
Далада думан, қалада думан жыр
бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл
күнім.
Жасай бер, жаса
Қалдырған бақыт бұлбұлым.
Хормен: Жаса,
Қазақстан!
IІ оқушы:
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
IІІ оқушы:
Туған жерім Қазақстан байтақ елім
Туып өстім тәй бастым қастерледім
Туған жердей жер болмас деген мақал
Еске салар мәңгі сені аяулы елім
Қастерлесең табынсаң думан елге
Ардақты да мен деген бол азамат
Елім жерім деген ер жігітке
Тәуелсіз еліңді қыл аманат
Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан
Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді ол қаншама
Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!
IVоқушы :
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Vоқушы:
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
I оқушы:
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
І-жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
ІІ-жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Ән: «Отаным»
І-жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Мен – қазақпын, мың өліп,
мың тірілген…» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.