Материалдар / Қала және ауыл
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қала және ауыл

Материал туралы қысқаша түсінік
семинарға, ашық сабаққа көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
285
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: ДүниетануМектеп: №172 мектеп-гимназия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған әлемСабақ тақырыбы: Қала мен ауыл
Күні : Мұғалімнің есімі: Бегімбек Айгүл Қуатжанқызы
Сынып: 1 «Г»Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың мақсаттары:1.1.3.1 Қала және ауыл туралы түсінік қалыптастыру, ажырата білу, салыстыру1.2.1.1 Өзінің тұратын мекен-жайы туралы айтады, көрікті жерлерімен танысады.
Жетістік критерийлері:Барлық оқушылар: қала және ауыл тіршілігімен танысады;Оқушылардың басым бөлігі: өз туған өлкесін сипаттауды үйренеді, аппликация жұмысын орындайды.Кейбір оқушылар: жергілікті жердегі көрікті орындармен танысады, екі жұлдыз бір тілек арқылы ойын толық жеткізе алады
Ресурстар:Мультимедиапроектор, компьютер, флипчарт, қала және ауыл суреттері, қала және ауыл туралы таныстырылым, «қала», «ауыл» тсөздері жазылған үлестірме парақшалар, Орал қаласындағы кеме шығаратын зауыттың фотосуреті, оқушылар тұратын ауылдағы немесе қаладағы орталық көшенің фотосуреттері, асықтар.
Тірек сөздер:қала – город – city;ауыл – село (деревня) – village;көрікті жерлер – достопримечательность – sights.
Тілдік мақсаттар:«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы сабақты қорытады
Құндылықтарды дарыту:Оқушлардың бойында эстетикалық, ауылға, қалаға деген жағымды сезімдерін дарыту
Пәнаралық байланыстар:Көркем еңбек, сауат ашу, математика
АКТ қолдану дағдылары:Компьютер, интерактивті тақта
Бастапқы білім:Оқушылардың қала және ауылдағы тіршілік туралы мектепке дейінгі білгендері
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері:Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер:
Сабақтың басы
Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушының іс-әрекеті:
Ең алдымен сыныпта қолайлы ахуал туғызамын.Оқушыларға «Қайырлы күн!» ойынын ойнауды ұсынамын.
  • Мен «Қайырлы күн!» деген сөзді айтып, сыныптағы балалардың атын атаймын. Аты аталған бала маған қол бұлғайды, бұл мені естіп, сәлемдесуіме жауап қайтарғаны деп санаймын. Ойнап көреміз бе?
  • Топтастыру. Оқушыларға асықты үлестіремін.
  • Сәйкестендіру картасы. Оқушыларға ауыл және қала фотосуреттерін араластырып таратамын.
  • Оқушыларға сұрақтар қоямын.
  • Балалар, мына бірінші топтағы суреттерді бір сөзбен қалай атасақ болады? Қандай тақырып қойсақ болады? Бұл қай жер?
  • Екінші топтағы суреттерге ше? Ол тақырыптарды қандай ерекшеліктеріне байланысты бөлдіңдер?
  • Оқушылар мына сөздерді тыңдай отырып, «Қайырлы күн!» ойынып ойнайды. Қайырлы күн, қыздар! Қайырлы күн, ұлдар! Көп қабатты үйде тұратын оқушыларға қайырлы күн! Жер үйде тұратын оқушыларға қайырлы түн! Бүгін тісін тазалағандарға қайырлы күн! Кәмпит жегенді ұнататындарға қайырлы күн! Көңіл күйі керемет оқушыларға қайырлы күн!











    Бірдей түсті асықты алған оқушылар бір топ бірігіп отырады.

    Оқушылар суреттерді флипчартқа екі топқа бөліп орналастырады. Бірінші топ қала екінші топта ауыл. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпқа өздері келеді. Оқушылар А 3 парақтағы жұмыстарын интерактивті тақтадан тексеріп, тақтаға іледі.
    Сабақтың ортасы
    Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушының іс-әрекеті:
    Оқушыларға флипчарттар беріп, суреттер таратамын. Оқушылар суреттерге мұқият қарай отырып, «Сюжетті суреттер» құрастырады.1-2 топ. Мозайка құрастырады.3-топ. Жайлаудың сюжетті суретін құрастырады.4-топ. Қаланың сюжетті суретін құрастырады.5-6 топ. «Орнын тап»
  • Суретте қай жер бейнеленген?
  • Оны қайдан білдік?
  • Кімдерді қалалық деп атайды?
  • Ауыл тұрғындары немен айналысады?
  • Сенің қайда тұрғың келеді?
  • Неліктен?
  • Сергіту сәті:
    Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушының іс-әрекеті:
    Қала мен ауылға байланысты сөйлемдерді оқимын.
  • Арман бағдаршамның жасыл көзі жанған соң әжені жолдың арғы бетіне өткізіп жіберді.
  • Қожа есегінен құлап түсті.
  • Мұзайдынында балалар топ болып сырғанап жүр.
  • Егістік алқабынан жұмысшылар көңілді келе жатыр.
  • Елдос трамвайдан түсіп бара жатып досын көріп қалып қатты қуанды.
  • «Ажырата біл» ойыны.Оқушылар ауылға және қалаға байланысты сөйлемдерді мұқият тыңдай отырып, іс-қимылмен ажыратады. Егер ауылға байланысты болса топпен құшақтасып тұра қалады. Ал қалаға байланысты сөйлем айтылса, орындарына отыра қалады.
    Дәптермен жұмыс. Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды жеке орындауды ұсынамын. Жұмыс дәптерінің тапсырмаларын қызыға орындайды.
  • Қалада кездеспейтін заттарды тауып, оларды қызыл қарындашпен қоршайды.


  • Сабақтың соңы
    Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушының іс-әрекеті:
  • Балалар, біз қайда тұрамыз?
  • Алматы қала ма ауыл ма?
  • Ендеше қала мен ауылды «2 жұлдыз 1 тілек» арқылы қорытындылайықшы.
  • Оқушылар «2 жұлдыз 1 тілек» арқылы қорытындылайды. Олар қаланың және ауылдың 2 жақсы жағын және 1 ұнамайтын жағын жеткізу керек
    БағалауОқушыларды мадақтап, қар қиыршықтарын тарату арқылы ауызша бағалау
    Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
  • Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
  • Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





























    Оқу ісінің меңгерушісі: ____________













































































































































    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!