Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қала мен ауыл" дүниетану 1сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Бізді қоршаған әлем Бағдарлауды үйренеміз |
Мектеп: |
|||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
|||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқу мақсаты: |
|
||||
|
|
||||
|
|||||
Тірек сөздер: |
көкжиек – горизонт – horizon; тұсбағдар – компас – compass; солтүстік–С – север – С – North– N; оңтүстік–О – юг– Ю – South– S; шығыс–Ш – восток –В – East– E; батыс–Б – запад –З – West– W. |
||||
Ресурстар: |
Тұсбағдар, қол сағаты, флипчарт, көкжиек атаулары (С, О, Б, Ш) жазылған үлестірме парақшалар, «Сағат бойынша қалай бағдарлауға болады?» бейнежазбасы. |
||||
Сабақтың мақсаты: |
1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау |
||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
||||
Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек деп аталады. Аспан мен жер беті жанасып тұрғандай болып көрінетін шекара көкжиек сызығы деп аталады. Көкжиек тұстарын яғни, солтүстікті, оңтүстікті, батыс пен шығысты таба білу бағдарлау деп аталады. Адамдар ерте кезден табиғат белгілері бойынша бағдарлауға үйренген. Мысалы, күн үнемі шығыстан көтеріліп, батыста батады. Тал түсте күн әрқашан оңтүстік бағытта болады. Қатты жел соғып тұрған қарама-қарсы бағыт солтүстік деп аталады. Бұл көкжиектің негізгі тұстары.
Көкжиек тұстарын күн және сағат бойынша анықтау. Көкжиек тұстарын күн және сағат бойынша анықтау үшін бетіңізді күнге қаратыңыз. Сағаттың тілі күнге бағытталатындай орналастырыңыз. Сағат тілі мен қысқы уақыт бойынша «1» саны немесе жазғы уақыт бойынша «2» саны арасындағы сызық оңтүстікті көрсетеді. Егер мүмкіндік болса, оқушыларға көрсетіңіз. Көкжиек тұстарын тұсбағдар бойынша анықтау. Көкжиек тұстары мен қозғалыс бағытын жылдың кез келген уақытында тұсбағдармен анықтауға болады. Ол тіпті табиғатқа шағын саяхат жасаған кезде де қажет. Тұсбағдардың негізгі бөлігі – магнитті тілі. Ол өз осі бойынша еркін айналады. Тұсбағдардың тілі сыртқабатының ішінде орналасқан. Онда С, О, Б, Ш бөліктері көрсетілген шеңбер бар. Тұсбағдар бойынша бағытты дұрыс анықтау үшін оны тегіс жер бетіне қою қажет. Сақтандырғышын тартып, аспаптың көк ұшы солтүстікті көрсететіндей етіп бұрыңыз. |
Сабақты мектеп ауласында өткізген дұрыс. Оқушыларға айналасына қарауды ұсыныңыз. Оқушылар көргендерін сипаттап жазады.
Не көріп тұрсың? Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-суретке аударыңыз. Олардан сұрақтарға жауап беріп, суретке ат қоюын сұраңыз. Оқушылар «көкжиек» сөзінің мағынасын қалай түсінетінін айтсын. Жауаптарын тыңдаңыз. Айналада көріп тұрған кеңістік көкжиек екенін түсіндіріңіз. Оқушылардың біріне оқулықтағы 1-мәтінді оқуды ұсыныңыз.
Тұсбағдар және сағат. Бұл тапсырманы топта өткізіңіз. Ол үшін оқушыларға көкжиек тұстарының атауы жазылған үлестірме парақшаларды таратыңыз. Оқушылар таңдап алынған үлестірме парақшаларына сәйкес топтарға бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударыңыз (егер мүмкіндік болса, әр топқа тұсбағдар мен қол сағатын таратыңыз). Олардан бұл заттардың арасында қандай ұқсастық бар екенін сұраңыз. Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінмен танысуды ұсыныңыз.
Сен білесің бе? Оқушыларға тұсбағдарсыз жергілікті жерде бағдарлаудың көптеген тәсілдері бар екенін айтыңыз. Тұсбағдар өсімдігі бар екенін, оның жапырақтары солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасатынын айтыңыз. Осындай өсімдіктердің бірі – сүтшөп (латук). Оның жапырақтары қырымен орналасады және ұштары солтүстік пен оңтүстікті көрсетіп тұрады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің емдік қасиеттері туралы ақпаратты да айтыңыз. Оқушылардан 3-суретке қарауын және айдар мәтінін оқуын сұраңыз. |
||||
Не байқадың?
|
|||||
Сабақтың қорытындысы |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
||||
Орындап көр. Бұл тапсырма тұсбағдарды қолдана отырып, жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Деректі материалды қолдана отырып, оқушыларға тұсбағдарды қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз. Әр топқа солтүстікте, оңтүстікте, батыста және шығыста орналасқан нысандарды (ғимараттар, тұрғын үйлер, дүкендер, саябақтар) анықтауға тапсырма беріңіз. |
Бұл сабақта оқушылар бірқатар жаңа ұғымдармен алғаш рет танысады, сондықтан да оқушылардың үш тілдегі тірек сөздерді тыңдауына және айтуына назар аударыңыз. Тірек сөздерді естерінде жақсы сақтауы үшін «Есте сақта» ойынын өткізіңіз. Бұл ойын үшін көкжиек тұстарының атауы көрсетілген үлестірме парақшаларды қолданыңыз. Оқушы тірек сөздердің біреуін қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде айтады және өзінен сол жағында тұрған оқушының есімін қосады. Ол өз кезегінде бұл сөзді басқа тілде айтады. Осылайша, оқушылар үш тілде барлық тірек сөздерді айтып шығуы тиіс. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Қосымша тапсырмалар |
||||
Жаратылыстану. Оқушылар тұсбағдар өсімдік – сүтшөп (латук) туралы мәлімет алады. Өнер. Жұмыс дәптерінде оқушылар үйдің айналасында орналасқан заттардың суретін салады және бояйды. |
«Шатастырма!» ойынын өткізіңіз. Алдын ала әріптер дайындап алыңыз. Оқушылар бірден сөзді қай тілде бастау қажет екенін түсіне алуы тиіс. Әріптер белгілі бір түсте болуы қажет: қазақ тілінде – жасыл, орыс тілінде – сары, ағылшын тілінде – қоңыр. Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Оларға әріптердің біреуін көрсетіңіз. Мысалы, «С» әрпі жасыл түсті. Бірінші оқушы «солтүстік» сөзін қазақ тілінде айтады, келесі оқушылар бұл сөздерді орыс және ағылшын тілдерінде айтады. Барлық сөздерді дұрыс және тез айтқан топ жеңеді. Ойын тірек сөздерді еске сақтауға көмектеседі, сонымен қатар оқушыларды мұқият болуға үйретеді. Тұсбағдарды қолдана отырып, тәжірибелік дағдыларын бекіту мақсатында оқушыларға өз үйінің қалай орналасқанын анықтауға тапсырма беріңіз. |
||||
Бағалау |
Оқушылар –– көкжиек және оның тұстары – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс туралы; –– тұсбағдардың көмегімен және жергілікті жер белгілері бойынша бағдарлау тәсілдері туралы білді. Оқушылар –– тұсбағдарды пайдалануды; –– нысандардың бағытын анықтауды; –– тірек сөздерді дұрыс қолдануды үйренді. Блиц-сауалнама (әр оқушыға арналған үлестірме парақшалардағы кестеде). Әр жауаптан кейін дұрыс болса (+) белгісін, бұрыс болса (-) белгісін қою қажет.
|
||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |