Материалдар / Қалай дұрыс тамақтану керек?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге керек болар деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Пән: жаратылыстану

Мектеп: Астана қаласы

80 мектеп-гимназиясы

Мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі


Сабақ тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?

СЫНЫП: 1 «Г» сынып

Сабақтың мақсаты:

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:адамның өсуі және дамуы үшін керек қажет­ тіліктерді анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру;

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

тамақтану пирамидасы салынған плакат;

бос” тамақтану пирамидасы бар парақтар;

оқушылардың алдын ала дайындаған азық-түлік тізімі (бір күн бойы жеген тағамдары).

Топпен жұмысқа арналған тапсырмалар жинағы, маркерлер, түсті дөңгелектер, жеке үлестірме-карточкалар.

Интернет-ресурстар:

Қазақтың ұлттық тағамы туралы бейнефильм: http://www.youtube.com/ watch?v=nZH30H-gq-I.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қандай азық-түліктің денсаулыққа пайдалы екенін және олардан қандай тамақ әзірлеуге болатынын түсінеді;

дұрыс тамақтану ережесімен танысады;

қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын біледі.

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер


Тамақтану пирамидасы— дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америкалық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған.



Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қолданылатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі­ мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналастырылған. Кейіннен Азия, Жерорта теңізі мемле­ кеттері мен ет тағамдарын жемейтіндерге арнап тамақтану пирамидасын жасады.



Шұбаттың құрамында кальций және фосфор микроэлементтері, А, В, С дәрумендері бар. Құрамында жоғарыда аталған пайдалы заттары бар құртты жылдап сақтауға болады. Ерекше құрамға ие

қымыз өкпе ауруларын және кейбір асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі.




Таңғы асқа балаға жұмыртқа, картоп, макарон, ботқа тағамдарын дайындаған дұрыс. Оған қоса жеміс, көгөністің де пайдаcы зор. Сусыннан — шырын, шай, сүт қосылған какао пайдалы. Бутерброд дайындауға болады, бірақ шұжықтың орнына піскен етті пайдаланыңыз.

Түскі ас бірінші және екінші ыстық тағамнан тұруы қажет.

Ас қабылдау арасындағы үзіліс тым ұзақ болмауы керек, сондықтан бесіндікке жеміс, ірімшік, йогурт, тоқаш жеп, шай, сүт ішуі керек.

Кешкі асқа жұмыртқа, сүзбе, көгөніс, балық тағамдарын, шай, шырын немесе сүт өнімдерін пайдаланған абзал. Қарабидайдан жасалған нанды жеген дұрыс. Ұннан жасалған және тәтті тағам­-дарды (тәтті тоқаш, торт, халуа, шоколад және т.б.) баланың күнделікті мәзіріне қосуға болмайды. Оларды жеуге болады, бірақ сирек пайдаланған дұрыс. Фастфуд — тез дайындалатын және тез тамақтану өнімдері. Әдетте оларды көп мөлшер­ дегі майда және әртүрлі тағам қоспаларын, дәм күшейткіштерін қосып дайындайды. Бұндай тағам­ дардың құрамында трансмайлар көп болады.

Оқушыларға алдын-ала бір күнгі ас мәзірін жасап келу тапсырылды.

Психологиялық дайындық.

Сәлемдесу:

-Үлкенге де – «Сіз»,

Кішіге де - «Сіз»,

Сәлемдесіп құрметпен

Бас иеміз біз!

  • Бір-біріне сәттілік тілеу.



Кіріспе тапсырма:

Адамның өмірге келген сәттен бастап оның өсу кезеңдерін есімізге түсірейік, ол үшін топпен ақылдасып, мына суреттерге ретін дұрыстап қойып шығыңдар:

-Адам дүниеге келген сәттен бастап оның өсуі үшін не қажет деп ойлайсыңдар, балалар?

- Әрине су, жылу, баспана, таза ауа, киім, тамақ.



Дастарқан. Оқушылардың назарын суретке аударып, “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде қайсысы саған таныс? Қандай азық-түліктерден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” — деген сұрақтар қойылады. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы бейнефильм көрсету.. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өту. Оқушылардың негізгі тағамдардың атауларын білуі маңызды: ет асу, бауырсақ, қазы, шұжық, қымыз.





Қалай дұрыс тамақтану қажет? Күніне неше рет тамақтану керек?

Мөлшері қандай болу керек?

Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?

Топпен талдап, ой-пікірлерін білдірулерін ұсынылады.

Жауабы:

Дастарқанда шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпектер, жаңғақтар, жеміс-жидектер.

Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы:

7.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.





Пайдалы тағам.

Тамақтану пирамидасын көрсету. Суретте көрсетілген барлық топтарды және жеке азық-түліктерді атап шығуларын сұраңыз. Олардың қайсыларын көп және жиі қабылдау керектігін ой­лануларын ұсыныңыз. (Дәнді дақылдар, макарон өнімдері, ботқалар.) Олар пирамиданың қай жерінде орналасқан? Жоғарыда не орналасқан? (Май.) Оны жеуге бола ма? (Иә, бірақ көп мөлшерде емес.) Оқушылар пирамидада “күнделікті тағамға пайдалануға қажет азық-түлік топтары көрсетілген” деген қорытындыға келулері тиіс. Пирамиданың төбесіне жақын орналасқан азық-түліктерді аз мөл­ шерде пайдаланукерек.

Шеңбердегі азық-түлік. Оқушылар неліктен шеңбердің ішінде бейнеленген азық-түліктерді­ көп мөлшерде қолдануға тыйым салынғандығы туралы ойлансын. Барлық нұсқаларды тыңдап шығу.Газдалған тәтті сусындармен шөлді басуға болмайтынын, себебі олардың құрамында көп мөлшерде қант болатынын айтылады. Тез дайындалатын азық-түліктердің де зиянды екенін айтылады. Олар туралы сабаққа арналған арнайы материалдарды слайд арқылы қолдана отырып айтып беру.

Дастарқан

Суреттегі барлық тағам түрлерін ата. Сен олар туралы не білесің? Қалай дұрыс тамақтану керек?



  • Келесі кезекте әр оқушы алдындағы бос тамақтану пирамидасына өзінің ас мәзірін зерттеп, не артық екеін табуы қажет. Ол не себепті артық?

Пәнаралықбайланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Отбасындағыдәстүрлер.



Оқушылардан басқа ұлттардың тағамдары туралы не білетіндерін сұрап көру.

Аспаз болып көр. Оқушылар үш күнге арналған таңғы ас мәзірін құрастырады. Олар таңғы астың бірінші күніне қажет азық-түліктерді — көк түспен, екінші күндікін — жасыл түспен, ал үшінші күндікін — қызыл түспен қоршап сызады.

Бұл тапсырма шығармашылықпен орындалады және оның әр түрлі жауаптары болуы мүмкін. Тағам дайындау үшін оқушының қандай азық-түлік түрлерін таңдағанын бақылау.

Жауабы:

Берілген азық-түліктерден: күріш ботқасын, қара­ құмық ботқасын, сүзбе қосылған нан, уыздық, омлет, жеміс-жидек салаты, сарымай жағылған бутерброд дайындауға болады. Сусын: шырын, сүт, сүт қосылған­ какао. Қант ботқа мен какаоға қосу үшін қажет.

Бағалау




Оқушылар қандай азық-түліктен жасалған та­

ғамдар пайдалы болатынын түсінеді.

Жұппен жұмыс.

«Әжеңе көмектес» Оқушылар тек пайдалы азық-түліктерден дайындалған тағамдарды бояйды. Тағамдарды дұрыс бояған оқушыларды анықтау. Егер оқушылар неліктен дәл осы тағамды таңдағанын түсіндірсе, жақсы болады. Осы тапсырманы орындай алмаған оқушыларға көмектесу.

Жауабы:

Жеміс, көгөніс, піскен ет, қымыз, шырынды бояу керек.

Топпен жұмыс.

Бұл тапсырманы орындауда зиянды және пайдалы тағамдарады ажыратып, суреттерін екі бағана бөліп жабыстыру қажет. Әр суретке тоқталып, себебін түсіндіруді өтіну. Хатқалтада жемістер, көкеністер, құрт, гамбургер, тәтті чупа-чупс кәмпиттер суреттері салынған.

Жеке жұмыс.

Үлестірме әрқайсысына таратылады. Тапсырма:

-Адамға пайдалы тағамдардың тұсына «+»белгісін, ал зиянды тағамдардың тұсына«-» белгісін қойыңыз.



Осы тапсырманы орындату арқылы әрбір оқушының пайдалы және зиянды тамақтар туралы нақты түсініктері байқалады.


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2.Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2. Рефлексия. Бұл кезеңде бағдаршам әдісі қолданылды: жасыл түс - түсіндім, сары - сұрақтарым бар, қызыл –түсінбедім.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!