Қалаулар шегі...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалаулар шегі...

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

: 27

Мұғалімі:

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Қалаулар шегі...

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Жақсыдан жаманды ажырата білу, қарапайымдылық, сөздің және істің бірлігі.

Мақсаты: Даналар өсіетін оқушыларға түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға жақсыдан жаманды ажырата білудің маңызын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kk.wikipedia.org

2.www.shkolamechti.ru

2. http://bilim-all.kz/


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

Тақырыбы: "Айдаһар"

Мақсаты: Көпшілікпен ойынның ережесін ұстана ойнауға үйрету, қарым-қатынасты нығайту.

Барысы: Ойыншылар бір қатарға бір-бірінің иығынан ұстап тұрады. Бірінші ойыншы айдаһардың "басы", ал соңындағылары "құйрығы". Басы құйрыққа дейін жетіп, оны ұстауы керек. Ойынның шарты бойынша айдаһардың денесі бөлініп кетпеуі қажет. "Бас" "құйрықты" ұстаған сәтте, ол құйрыққа айналады. Бүкіл ойыншы екі рольде ойнап болмайынша ойын жалғаса береді.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №26 – сабақ. . «Ата салтым – асыл қазынам» тақырыбына шығарма жазу.

2. Келесі сабақ. №27, «Атаның өсиеті» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. «Қанағат қарын тойғызар» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?

  2. «Қалауларды шектеу» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Асан атаның өсиетінен қандай ой түйдіңдер?

  4. Өзің күнделікті өмірде қаншалықты қанағатшылық танытасың? Айтып бер.


  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.

Аристотель

Аристотель - ежелгі грек философы, логиканың негізін қалаушы. 

Сұрақтар:

1. Қанағат дегеніміз не?
2. Қанағатшылдық сезімі адамды үнемі жақсылыққа жетелей ме?
3. Қанағатсыздық адамды қандай жағдайларға итермелейді?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Әке мен бала

Ы. Алтынсарин


Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

Анау тағаны, балам, ала жүр, – деп. Бала әкесіне:

Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, – дейді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі кайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірен-бірен алып жеп, баласына қарамай, аяндап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты киынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, – дейді.

Сұрақтар:

  1. Әкесі баласына қандай өтініш білдірді?

  2. Бала қандай әрекет жасады?

  3. Үлкенді тыңдай білу қандай қасиет деп ойлайсыңдар?

  4. Әкесінің «Аз жұмысты киынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың,азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың» деген ақылын қалай түсінесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1 - топ: «Қанағат»

2 – топ: «Рақым»

3 – топ: «Ізгілік»

4 – топ: «Мейірімділік»

Тапсырма: Мақал – мәтелдерді толықтыру.

1. Ер ... - қанағат. (азығы)

2. ... шыққан сөз,
... болсын кез. (білімдіден, талаптыға)

3. Қайран менің өз үйім - ... ... боз үйім. (кең сарайдай)

4. Қанағат - ... төл перзенті, 
Тағы да денсаулықты ол күзетеді. (табиғаттың)

5. ... жетудің бір көзі – еңбек пен қанағат. (игілікке)


6. Топпен ән айту.

«Мейірімді болайықшы,ағайын» әні


Көктем етім көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы,ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы,бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы,халайық!


Ел болғанымен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де, болса деп!



7. Үй тапсырмасы.

1. №27 – сабақ. Қанағат туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №28, «Аққуды атпас болар» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2021
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі