Материалдар / Қалдықтан қолөнер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қалдықтан қолөнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемдік экологиялық тұрмыстық мәселелер халық шаруашылығының дамуына ғана емес, сондай-ақ адамдардың денсаулығы мен кез-келген өңірдегі тіршілікке тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып отырғаны баршаға мәлім. Бүгінгі күннің негізгі міндеті мен мақсаты - экологиялық қауіпсіздікке кіретін әлеуметтік мәселелерді шешу үшін түбегейлі экономикалық реформаларды жүзеге асыру болса, табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесін осы міндеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2024
235
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

201 Әл-Фараби атындағы мектеп-лицей
















Көркем еңбек бағыты бойынша

жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған


«Қалдықтан қолөнер»


үйірме бағдарламасы












Әл - Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі Сейтқасымова Гүлдана Тұрашқызының іс-тәжірибиесінен

















Жалағаш кенті









Құрастырған: Сейтқасымова Г. Т. - №201 Әл-Фараби атындағы 201 мектеп - лицейінің көркем еңбек пәнінің жоғары санатты мұғалімі.













































Түсінік хат

Қай істе де өнер қолдан,

Өнерлі адам жеңер болған.

Ж.Баласағұни


Бағдарлама қолөнерді меңгерту үшін оқушылардың қабілеті және қызығушылығы басты назарда болмақ. Балалардың қызығушылығын ояту үшін түрлі әдіс -тәсілдерді сабақта пайдалану тиімді болып табылады. Сол арқылы баланың қолөнерге деген ынтасы артады. Жас ұрпақтың рухани мәдениеті мен дүниетанымын, көркемдік талғамын қалыптастырудың басты құралы - оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру.Үйірмеде алған білімдері мен өнерлерін өмірде қолдана білуге жаттықтыру. Сұлулықты сүйе білуге, өнерлі болуға ұмтылдыру.

Мектептерде өтілетін қолөнер үйірмелері бойынша жаңа оқыту технологиясын қолдану жолдарына бағыт береді.

Қолөнерді оқытудың білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты: «Оқушы бойындағы шығармашылықты экономикалық тұрғыда байыту және деңгейлерін, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту».

Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыруды көздей отырып, қолөнер бойынша барлық түрлері мен жанрлары қамтыла отырып жасалған.

Қолөнерден 5-9 сыныптарға арналған үйірме бағдарламасы көркем еңбек пәні мұғалімдері үшін көмекші құрал болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкестендіріліп оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптың бағыт-бағдарына сай құрастырылған.

Жалпы жыл бойына 34 сағат жоспарланып отыр, аптасына 1 сағат.

Мұнда оқушылар заманауи интерьерде қалдықтарды қолдана білуі, өзіндік идея жинақтаулары қарастырылады. Оқушыларды есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түсетінін, затқа қарап сурет салу барысында оқушылардың байқағыштық қабілеттерін дамытып, үйлесімдік шешім табуға, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Бұл күнтізбелік жоспардың жалпы мазмұнына қысқаша тоқтала кетсек:


Интерьерлік дизайн

Түспен жұмыс жасай білу үшін түстік шешімдер туралы теориялық бағыттама, жазықтық бетінде орналастыру үйлесімділігі, тоқыма киімдерді сөгіп, жіптерін жаңа дизайндық қолөнерге қолдану жүйесі (стринг арт, изонить т.б.), ескі жиһаздың әйнектерін, айналарын витраж техникасымен, 2D, 3D техникасымен өңдеу, жаңа технологиядағы изолон қалдықтарынан майда бұйымдар жасау, ескі былғары киімдерден туындылар шығару, мата қалдықтарынан түрлі техникада картиналар, коллаждар жасау сынды бірнеше тармақтарымен қамтылады.


Бағдарламаның мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін  көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Оқу негізі бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

оқушылардың интерьерді әрлеу, қалдық заттарды қажетке асыруға деген мәдени көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік, үнемдеушілік тәжірибесін меңгерту;

Оқушылардың басты назарын адамдардың өмір тіршілігіндегі мен салт-дәстүр тарихындағы сәндік қолданбалы өнердің дамуына аудару, композициялық шығармалар арқылы өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу;

Адам бойындағы табиғи дарынды құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
Оқушылардың мәдени білімді шығармашылықпен қолдану,қолданбалы өнермен жұмыс істеу, суретші шығармаларын салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың мәдени, рухани адамгершілік ұстанымын қалыптастыру.


Болжамы:

Оқушылардың ойын, қиялын кеңейту, көркем өнерге деген ынта - жігерін арттыру. Көне мәдениетімізді сақтай отырып, жаңа мәдениетті, өнерді бойымызға сіңіре білу.













Бағдарламаның тақырыптық жоспары мына бағыттарды қамтиды:

Түстік шешім қатынастары — 2 сағат.

Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Шығармашылық жұмыстың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, пішім сурет салудағы композициялық сәйкестік, түстердің шешімдік қатынастары мен үйлесімділіктері, желімнің түрлері, қажетті материалдар әзірлеу, эскиздер жасау.



Қалдық маталармен жұмыс — 7 сағат.

Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің еңбек жұмыстарымен танысу. Тұрмыста қолданыстан шыққан қалдық маталарды, ескі киімдерді іске асырып, интерьерге арналған сәнді бұйымдар жасау.



Шыны, айна бетін өңдеу жұмыстары – 2 сағат

Қолданыстан шыққан, шытынаған ескі айналарды өңдеу, жаңа қалыпқа келтіріп, креативті тұрмыста дизайндық бұйымға айналдыру.

Сыра қауашақтарымен жұмыс — 4 сағат

Экологиялық жарамсыз қоқыс заттардан сувенирлер, картиналар жасау. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Тері қалдықтарымен жұмыс— 4 сағат

Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, бояу, пішу, онымен жұмыс жасалатын құрал-жабдықтармен таныстыру және қолдана білу. Әр түрлі бұйымдар жасау.

Стринг арт техникасымен жұмыс — 4 сағат

Стринг арттың шығу тарихы, қолданылуы. Стринг арттың үлгілерін жасау, эскиздер арқылы ағаш бетінде тоқу әдістері. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Изонить техникасымен жұмыс — 2 сағат

Изонить техникасына түсінік. Осы әдіспен картиналар, тұмаршалар жасау.

Изолон қалдықтарымен жұмыс — 4 сағат

Изолон туралы жалпы мағлұмат, изолонды интерьерде қолдану әдістері, қалдықтарынан түрлі бұйымдар жасау.



Ескі табақшаларды интерьерде қолдану — 4 сағат

Табақшаларды қайта жаңғырту туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жұмыс жасау әдістерін үйрету, дайындау, соңғы өңдеу жұмыстары.



Көрме 1 сағат.

Қолөнер көркемдік бұйым материалдарынан дайындалған жұмыстарды безендіру, көрмеге дайындау. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.


































Күнтізбелік жоспар


р\с

Сағат саны

Сабақтың тақырыбы

Мерзімі

Әдістемелік оқулықтар


Пайдаланатын құрал-жабдықтар

Түстік шешім қатынастары

1

1

Үйлестіру заңдылықтары. Түстану ерекшеліктері.


Ақпарат құралдары


2

1

Түстік үйлесімділік




Қалдық маталармен жұмыс

3-4 5

3

Осиэ әдісімен картиналар жасау



Сызбалар, фотосуреттер, қажетті құрал

6-7


2

Кинусайга әдісімен картина жасау




8-9

2

«Ылғалды мата» әдісімен интерьерлік картиналар жасау




Шыны, айна бетін өңдеу жұмыстары

10-11

2

Айнаның бетін инкрустациялау, әрлеу




Тері қалдықтарымен жұмыс

12-13

2

Жазықтықтағы гүл шоғы




14-15

2

Композициялық шығарма




Сыра қауашақтарымен жұмыс

16-17

2

Интерьерлік картиналар




18-19

2

Сувенирлер жасау




Стринг арт техникасымен жұмыс

20-21

2

Бұғы силуетін жасау




22-23

2

Композициялық шығарма




Изонить техникасымен жұмыс

24-25

2

Әдістерді меңгеру




Изолон қалдықтарымен жұмыс

26-27

2

Гүлдер дайындау




28-29

2

Интерьерлік 3D картиналар жасау




Ескі табақшаларды интерьерде қолдану

30-31

2

Табақшаларға папье маше әдісімен сурет салу




32-33

2

Табақшалардан үй тұмар жасау




34

1

Көрме

1











Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:

ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды; 

қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;

қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;

жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;

құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;

түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;

 сурет сала білуі;

бұйымды эскизін орындай білуі;

ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;

шаблон үлгілерін дайындауды білуі;

технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;

үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.



Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:

Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;

Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;

Жіпті тістеп кесуге болмайды;

Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;

 Сынған инені жерге тастауға болмайды.

Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:

Үтіктер алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;

Ылғалды қолмен токқа қосылатын үтікті ұстауға тыйым салынады.

Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.

Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:

Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;

Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.

Желіммен жұмыс істеу тәртібі:

Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;

Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;

Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек.


Күтілетін нәтиже:

Үлгі бойынша қолөнерді өзектендіруге дағдыланады;

Сабақта меңгерген білім, білік дағдыларын өмірде қолдануды меңгереді; Қолөнер, сурет байқауларына қатысуға тәжірибе жинақтайды.


Қолөнер үйірмесіне ұйымдастырылған «Қалдықтан қолөнер» үйірмесінің тақырыптық- күнтізбелік жоспары

(жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат


Бұл бағдарлама бүгінгі талаптарға сай қажетті көрнекіліктер мен жабдықталып іске қосылған кабинетте жүзеге асырылады. Сонымен қатар дидактиқалық материалдар,суреттер, кітапшалар, слайдтар, бейне таспа қолданылады.

Қолөнер үйірмесі сабағынның негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады.

Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық  тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді.

Сонымен бірге оқушы салт –дәстүрімізддегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек.

Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін жасап үйренеді.

Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан қолөнер үйірмесіне қатысушы оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді.

Қолөнерге қызықтыру үшін кез-келген бұйым туындыларының жасалу құпия тарихын ашып көрсетейік, «Жас келсе іске» дегендей -

«Еңбек- ширатады,

Өмір - үйретеді».

«Білім - асыл қазыналы сандық,

Оны ашатын кілті - еңбек».

Қолданбалы қолөнер үйірмесіне 5-9 сыныптардағы  оқушыларға арналған бағытта қолөнерге, техникаға бейімі бар оқушыларды жинақтап, үйірме жұмысы жүргізіледі.

Шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керек заттардың жаңа сан алуан мата, қағаз, былғары, металл, изолон, ағаш, тоқыма құрастыру т.б. әсем, түрлі бұйымдарын жасауға қызығады. 











Қорытынды

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сәндік-қолданбалы өнер оқушылардың эстетикалық және еңбектегі рухани дамуында ерекше рөл атқарады. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады.

Көптеген жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан  басты экологиялық проблемалардың бірі — қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс мәселесі. Қазіргі уақытта мұндай қалдықтардың 97 пайызы алдын ала сұрыпталмай, санитарлық стандарттар талаптарына сай емес, бейімделмеген қоқыс алаңдарына шығарылады.

Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттер – дамушы елдер. Мұның түрлі себебі бар, біріншіден тұрмыс қалдықтарын өндейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде. Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр.

Бұл бағдарлама қолөнерде жаңа технолгиядағы дизайнда қалдықтармен жұмыс жасау әдістемесіне байланысты бала психологиясының теориялық және практикалық негіздеріне арналады.

Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді. Сондықтан да үйірме жұмыстарында олардың қызығушылығы мен ізденісі – бірінші орында және көркем еңбек сабағында осы оқушылар әрқашанда кез келген тақырыпты бірден іліп әкетеді. Шәкірттерімнің шығармашылық жұмыс нәтижесінде әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.



















Пайдаланған әдебиеттер



Мұғалім үшін:

  1. https://kvartblog.mediasole.ru/dekor_iz_staroy_posudy_40_idey

  2. Қазақ өнерінің тарихы /үш томдық/ Ежелгі дәуір ІІІ том. Алматы «Өнер» 2007 ж. 85-123 бет

  3. Марғұлан А.Х, Акишев К.А, КадырбаевМ.К, Оразбаев А.М «Древняя культура Центрального Казахстана» Алма-Ата 1966, 277-278 бет

  4. http://semeynaya-kuchka.ru/84-podelki-iz-metalla-gvozdej-gaek-lozhek-bochek-i-t-p/

  5. Айдарова З, Сауғабаев М «Бейнелеу өнері. Дидактикалық материалдар» Алматы, «Атамұра»,2006ж, 40бет

  6. Шоқпарұлы .Д. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология

  7. Маргулан А.Х. Казахское народное  Прикладное искусство- Алма-Ата: Өнер 1986,256 бет.

  8. https://kopilkaurokov.ru/tehnologiyad/presentacii/kinusaiga_tekhnikasy

  9. https://vplate.ru/podelki-iz-izolona/interesnye/


Оқушы үшін:

  1. Қ.Болатбаев, Ұ.Ибрагимов. Бейнелеу өнері. 5 -сыныбына арналған оқулық. 2 -басылымы, өңделген. Алматы «Атамұра» 2005.

  2. https://www.adme.ru/tvorchestvo-dizajn/14-genialnyh-sposobov-sdelat-iz-staroj-posudy-dizajnerskuyu-shtukovinu-1260265/

  3. https://tolagai-66.kz/kz/zhanaly-tar/218-aldy-zattardan-t-rmys-a-azhetti-b-jymdar-zhasau.html

  4. https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/25837/

  5. Аруана баспасы «Сен білесің бе?» атты тарихи этнографиялық кітаптар топтамасы.

  6. ЛитМир - Электронная Библиотека Зайцева Ольга Декоративные цветы из ткани, бумаги, кожи: Практическое руководство

  7. Журнал «ZIZHIPEISHIHUA» Изготовление цветов в разных техниках.

  8. https://daynotes.ru/svetil_nik_iz_izolona/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!