Материалдар / "Қалдықтарға екінші өмір сыйла"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қалдықтарға екінші өмір сыйла"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалдықтарға екінші өмір сыйлай отырып, қолөнерге баулу. Жаңа идея тудыра отырып,күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
1216
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы, Жылыой ауданы

«№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ









Shape1

«Қалдықтарға екінші өмір сыйла»









Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секциясы: Дүниетану

Орындаушы: Жаңа Қаратон кенті,№23 Жалпы орта білім беретін мектептің 4 «Б» оқушысы Ғалымжан Нұрайым Ғабитқызы

Секция жетекшісі: «Педагог-зерттеуші», Бастауыш сынып мұғалімі Әділхан Арайлым Жұмажанқызы













2022-2023 оқу жылы

Пікір

Оқушы қалдықтарға екінші өмір сыйлау мақсатында өз қолөнер туындыларын кіріктіре отырып ізденіс нәтижесінде ғылыми жұмыс ретінде жазуға бел байлады. Оқушы ғылыми жұмыстың тақырыбын ашуға жұмыстанған. Тақырыпқа қатысты әдебиеттерді оқып, саралап, жүйелей, зерделей білген. Жұмыста Жылыой өңірінің қазіргі кезде қоғам дертіне айналған қоқыстары туралы зерделеп, ақпарат көздерінен қосалқы мәліметтерді пайдалана отырып,өз ойын қосып тақырыпты кеңінен аша білген. Қаламыздың жылдан жылға көркейіп,гүлденуіне өз үлесін қосуы үшін тазалық бірінші орында тұруы қажет деп есептейді. Өйткені, «таза ауа-жанға дауа» - деп бекер айтылмағанының дәлелін көрсете білген.

Сонымен қатар оқушы қоқыс қалдықтарынан жаңа туынды шығатынын да айқын көрсете білген. Оған дәлел өзінің жасаған қолөнер туындылары болмақ.

Оқушы бұл бастаған жаңа жобасын жылдан жылға толықтырып,өңдеп,жаңа жетістіктерге жетеді деген сенім білдіріп,сәттілік тілеймін! Жұмыс толығымен өз мәнін ,мазмұнын жан-жақты қамтып,нәтижелі жаңалығы ашылған деп бағалаймын.







Мектеп директоры: Аязбаева З.М.

Жетекші: Әділхан А.Ж













МАЗМҰНЫ:




І. Кіріспе..........................................................................................................3


ІІ. Негізгі бөлім:


2.1.Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешу жолдары.....................6

2.2.Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы.........................................8

2.3. Қоқыс индустриясы....................................................................................10

2.4. Химиялық қоспалардан келер қауiп көп.............................................13.

ІІІ. Қорытынды...............................................................................................18

2.5. Қоқыс қалдықтарынан жасалған қолөнер бұйымдарыен таныстыру.... 20


ІV. Пайдаланған әдебиеттер................................................................... ..... 21























Түйіндеме

Зерттеу мақсаты: Тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда бо­луының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақы­лауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды тасымалдап, залалсыздандыру жайы, оларды өңдеп, кәдеге асы­рудың жолдарын анықтау. Қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсыну.

Жобаның міндеттері: - Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;

- Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау; 

- Ауданымыздың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;

Зерттеу әдістері: Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып , тұрмыстық қалдық заттардың құрамын және қайта өңдеу жолдарын дәлелдеу.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Ғылыми жобаның құрылымын жасау

  2. Жалпы әдебиеттерге шолу жасау.

  3. Тұрмыстық қалдықтардың түрлерімен танысу.

  4. Тұрмыстық қалдықтармен ластану және олардың қоршаған ортаға әсері.

  5. Тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы – экологиялық мәселе.

  6. Қалдық заттардан жасалған қолөнер бұйымдарымен таныстыру.

Зерттеу нысанасы: қоршаған орта, экология.

Зерттеу мәселелері: тұрмыстық қоқыс, қайта қолдану мүмкіндігі және қайта өңдеу.

Зерттеу әдістері: сараптама, сұрақ-жауап, қадағалау, салыстыру және жинақтау.

Кіріспе

«…Атырау облысының тұрғындарына көп адамдар өмірінде тым құрығанда бір рет болып көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған. Осы бір қасиетті жерде көптеген әйгілі адамдар, әулиелер жаны тыныштық тапқан. Лайым олардың рухы сіздерді қоршап-қорғап жүрсін, сіздерді қолдап жүрсін, бақытты өмір жолына бағдар берсін…» деп елбасымыз НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаеватап айтқандай біздің туған жеріміздің киелілігін, қасиеттілігін талай адам зерттеген.Осындай туған жеріміздің табиғаты, тазалығы қандай екенін атап айтайық.

Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ дала­сын­да бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң­дарына төгілгені. Ұлы даламыз­дағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлыдаланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнау­лы күл-қоқыс алаңдарына төгу­мен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Маңғыстау облысының бас экологы Орынбасар Әбдіұлының айтуынша, статистикаға жүгінер болсақ, осы жылдың 1 қаңтарында облыс халқы 545700 адам болса, есеп бойынша әр адам жылына 1,53 текше метр тұрмыстық қалдық шығарады деп есептеледі екен.

Құлсары қаласының қала атанғанына 20 жыл болса да, көңілді жабырқатар жүдеу көріністер менмұндалап алдыңа шығады. Жақында «АЖ» бұл жердегі орталық көшенің – Махамбет атындағы даңғылдың ажарсыз кейпі туралы жазған еді. Қаланың іші қоқысқа толы, жасыл-желектер өте аз.

- Жиырма жылда не өзгерді? Қандай дамуды көріп отырмыз, жекеменшік тойхана, кафелермен, болмаса сауда орындарымен мақтанамыз ба? Көшелерді сыпырмайды, су шашпайды, ықшам аудандағы көпқабатты үйлердің айналасы қоқысқа толып жатыр. Жасыл желек жоқ.

- Бұған дейін қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тазалау, сұрыптауды екі жекеменшік мекеме атқарып келді, ол «Жылыойтазалық» ЖШС мен «Промэкология» ЖШС.

Ал қоқыстарды зерттейтін сала-Гарбология деп аталады.

Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады.Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді

Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауданымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі,аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді.

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1.Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешу жолдары

Ертеде қоқыстарды өңдеу мәселесі бүгінгідей бірінші орында тұрмаған. Себебі адамдар өз шаруашылығында шығарған өнімдерін өңдемей, түрлі қаптарға қаптамай, жарнама жасамай қолдана берген. Көкөністердің қалдықтары малға берілетін немесе жерге тыңайтқыш ретінде қолданатын.

Адамдардың ауылдан қалаға көшуі күнделікті қолданатын заттардың тұтыну және сұраныс құрылымын өзгертті. Ауылда өндірілетін өнімдерді қалада сату үшін және алушыға ыңғайлы болу үшін қаптау қажет.

Қаланың экологиясына, әсіресе үлкен қалаларда халықтың кіші ауданда орналасуына, көлік және индустриялық кәсіпорындардың қалдықтары қала экологиясына кері әсер етеді.

Көшелерге қоқыстарды тастағанға тыйым салынатын бірінші құжат 500 жыл біздің заманымызға дейін Афинада шығарылған. Қоқыстырды тастау үшін қаладан тыс арнайы орындар бөлінген. Сол кезден бастап қоқыстарды арнайы бөлінген алаңшықтарға (полигондарға) тастайтын болған. Қалалардың өсу нәтижесінде бос орындар азайып, ал сүйкімсіз иіс және егеуқұйрықтың саны көбейуі нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайы нашарлап кетті. Сол себепті алаңшықтар шыңыраулармен ауыстырылды.

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі – тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты.

Қалдықтардың көлемі мен құрамы және олардың алып жатқан ауданы жөнінде дәл мәліметтің болмауы мәселенің шешімін қиындатады. Сондықтан да болса керек Республика бойынша тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы жөніндегі статистикалық мәліметтер әр БАҚ-да, ғаламторда әр түрлі.


2.2.Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы.

Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар, жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Shape2 Shape4 Shape3

Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы

Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылмайтын

Тұрмыстық қалдықтар пайдағаасырылатын


Shape6 Shape5

Shape7

Shape8 Shape10 Shape9

Shape11 Shape12

Жанатын

Жанбайтын



Shape13 Shape14

Қатты қалдықтар

Сұйық қалдықтар





Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары – макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі

майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.

  Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады :

Макулатура;

Медициналық қалдықтар;

Істен шыққан құрал-жабдықтар;

Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;
• Ағаш қалдықтары;

Мұнай өнімдерінің қалдықтары;

Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;

Полимер қалдықтар, пластмассалар;

Өндірістік қалдықтар;

Радиоактивті қалдықтар;

Шыны сынықтары мен қалдықтары;

• Құрылыс қалдықтары,

Тоқыма қалдықтары және тері;

Түсті металл сынықтары;

Қара металл сынықтары;

Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар;

Электрондық сынықтар.

Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған компьютерлер, теледидарлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді.
Қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, хром және

пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны көп.

Тұрмыстық тұтыну қалдықтарының ішінде гигиеналық мақсаттарда пайдаланылатын заттардың қалдықтары да қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер етеді.

Гигиеналық қалдықтар:

Памперстер;

Төсемдер;

Тампондар;

Мақтасы бар таяқшалар;

Гигиеналық ылғал майлықтар

Е гер қаланың күндіз –түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз-ақ өзін-өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ.

Қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарым туралы айтып өтейін:

1. «Құмыра»

Шырыннан босап қалған пластикалық ыдысты тазалап жуып аламыз,кептіріп алып,екі бөлікке бөлеміз.Құмыраның астыңғы тіреуіш бөлігі және үстіңгі зат салатын бөлігі ретінде екіге бөлінеді. Құйма ыстық желім арқылы бір біріне бекітіп аламын, қатқаннан кейін қалаған түске бояп,безендіремін. Бұл жасалған құмыраға гүл салуға болады және ас үйге пайдалануға болады. Ол дегеніміз тамақ әзірлегендегі құралдарымыз әр жерде жатпау үшін жинақтап салып қоюға болады.





2. «Қалам салғыш»

Т үтікшелерден жасалған құрал салуға ыңғайлы алты жұлдыз ыдыс. Түтікшелерді бір біріне кигізіп,үшбұрыш пішінді шығарамыз. Содан кейін қара

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!