Материалдар / Қали Жантілеуов-күй дәстүрінің шежіресі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қали Жантілеуов-күй дәстүрінің шежіресі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қали Жантілеуов-күй дәстүрінің шежіресі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
900
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Музыка

Сынып 4а

Уақыты:

Сынып: 4а

Кабинет: 106

Мұғалім:Амирова Гульзаман Уаповна

сабақ 3

Сабақтың атауы

Қали Жантілеуов-күй дәстүрінің шежіресі

Сілтеме

Музыка оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суреттер,таратпалар

Жалпы мақсаттар

Әнші, домбырашы, күйші Қали Жантілеуовтың өмір жолымен тансытыру, оқушының ой-санасын өрістетіп, ән айтуға, домбыра аспбын меңгеруге үйрету.   Музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасауға және әуезді ән айтуға баулу.


Оқыту  нәтижесі

Өткен тақырыппен байланыстырады;-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады;


Топқа бөлу

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Кезекшімен сұхбат

3.Оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеру.

4.Топқа бөлу (Нақыл сөздерді дұрыс құрастыру арқылы)

Ынтымақтастық атмосферасы

Орманның бiз емшiсiмiз,
Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады).
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау


1.Миға шабуыл

Тақырыпқа байланысты сұрақтар жасыру

Мағынаны тану


Топпен жұмыс.















. Picture 1

Қали Жантілеуов 1902 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында туған.Қалидың алғашқы ұстаздары Мәмен, Тоғайбай, Жұматай. Ол кішкентай кезінен бастап музыкаға әуес болды. Еңбегі бағаланып, Қазақстанның халық артисі атағы , «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Ол Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Түркештің,Динаның т.б күйшілердің 60- тан асқан күйлерін тартқан.

Қорытындылау:

1.Қали Жантілеуов кім?

2.Қалидың алғашқы ұстазы кім?

3 Қандай марапаттарға ие ?

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Құрманғазының көптеген шәкірттері болды. Олардың ішінде ең атақтылары Дина мен Мамен еді. XX-ғасырдың басында қазіргі Орал облысында оларға тең келетін күйші жоқ болатын. Дина мен

Мәмен жәрменкеде кездесіп, күй тартысады. Бұлтартысты көруге бала Қали да барады. Екі ұлыкүйшінің тартысы Қалиды таң қалдырады. Есейе келеҚали Құрманғазының атақты шәкірті Мәменді іздепбарады. Қасына ертіп жүріп Құрманғазының көптегенкүйлерін үйренеді.Құрманғазы атындағы оркестр құрылған кезде,республиканың әр жерінен Алматыға ең мықты

домбырашылар шақыртылады.

Сөйтіп, Батыс өңірінің күйшілік дәстүрін жалғастырушы ҚалиЖантілеуов 1932 жылы Құрманғазының көптеген күйлерін Алматыға алып келеді. Құрманғазының шоқтығы биік «Адай», «Ақбай», «Серпер» сияқты күйлері Қали ағамыздың орындауынан Құрманғазы оркестрінің репертуарына енгізіледі.

Қали өзінің соңына көптеген шәкірттерін тәрбиелеген ұлы ұстаз. Қалидың шәкірттері Қаршыға Ахмедияров, Шәміл Әбілтаев, Тұяқ Шамелов, Абдулхамит Райымбергенов, Айтжан Тоқтағанов сынды елімізге танымал орындаушылар күй дәстүрін бүгінгі ұрпаққа үйретіп жалғастырып келеді.Қазақ халқының әндері мен күйлері ұлы орындаушылардың соңынан ерген шәкірттері арқылы

сақталып жеткен.

Күйдің әңгіме желісіне құлақ түрелік:

Құрманғазының «Адай» күйі жайлы Қали ақсақал былай деп баяндайды: «Бірде Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Құрманғазы аты-жөнін айтпай, құдайы қонақ едім деп сыпайы ғана отыра береді. Бір кезде Құрманғазының көзі керегенің басында ілулі тұрған үкілі домбыраға түседі. Құрманғазы домбыраның үкісіне қарап, оның иесі қыз екенін біледі. Бір уақытта үйге 17 жасар қыз кіреді.

Қыздың аты Ақмаңдай екен. Ол үйге келісімен отырған қонаққа қарамай, бірден керегенің басындағыдомбырасын алып, бір күй тартады. Күйді аяғынадейін тыңдаған Құрманғазы, қызға қарап: «Шырағым,күйдің нашарын тарттың ғой. Домбыраңды бері

әкелші», - дейді. Құрманғазының бұл сөзіне кемпір

мен шал аң-таң болады. Сонда шал: «Бұл өңірде Ақмаңдайдың домбыра тартысына ешкім бір ауыз сөз айтып көрген жоқ еді ғой», - дейді. Қыз домбырасын қонағына береді. Құрманғазы қолына домбырасын алып, жаңа бір күйді тартып жібереді. Күй аяқталған соң үй иесі Құрманғазыға күлімдей қарап: «Шырағым, күй тартысың тым бөлек екен. Атақты Құрманғазының өзі емессің бе? Өзін көрмесек те атағын көп естуші едік», - дейді. Сонда Құрманғазы: «Болсақ болармыз», - деген екен. Сондағы Құрманғазының Ақмаңдай деген адайдың қызынаарнап тартқан күйі ел арасына «Адай» деген атпен таралып кетеді. Қазақстанға ең танымал Құрманғазының Адай» күйі Қали ақсақалдың«орындауында бізге дейін жетті!



Күй тыңдау!

Құрманғазының «Адай» күйі қазаққа ең танымал

күйлердің бірі. Бұл күйді халық аспаптар оркестірі

мен көптеген фольклорлық ансамбльдердің

орындауында тыңдай аламыз. Әсіресе күйдің құдіреті

халық аспаптар оркестірінің орындауында тіпті ашыла

түскендей болды. Құрманғазы атындағы халық

аспаптар оркестрі «Адай» күйін әлемнің көп

мемлекеттерінде орындап келеді. Атап айтар болсақ

Италия, Франция, Жапония, Америка т.б.

мемлекеттерде Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа»

сынды күйлерімен әлем халықтарын таңдандырып

келеді.

Көптеген музыканттар түрлі музыкалық сайыстарда

«Адай» күйін арнайы таңдап алып тартып жатады. Бұл

күй өзінің екпінді шабытымен барлығын жеңіске де

жеткізіп жатады. Анатолий Гайсин «Адай» күйін баян

аспабында орындап халықаралық сайыста жеңіске

жетеді. Ал «Ұлытау» тобы болса Американың Голливуд қаласында өткен

дүние жүзілік сайыста «Адай» күйін орындап бас жүлдені жеңіп алады.

«Ұлытау» тобы

Сергіту сәті

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.

/ Б.Бөрiбаев/


Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс


Сұрақ – жауап арқылы.

Қали Жантілеуов кім?

Әнші

Күйші

Домбырашы

Халық артисі

Домбырада неше жасынан ойнады? (бес жасынан)

Оның ұстазы ұлы күйші кім болған? (Төлеш)

Үйге тапсырма. Ән үйрену: «Әгугай домбыра» жаттап келу.

Сұрақтар:

Қалидің ұстаздары кім болды?

Қали Жантілеуов кімнің күйлерін жеткізді?

Қали ақсақал Құрманғазының «Адай» күйі жайлы

не деп баяндайды?

Тартыс дегенді қалай түсінесің?

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз

парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).


5. Кері байланыс.

Сабақ бойынша ойыңды білдір!

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер



Үй тапсырмасы

Қосымша түсінік жаттау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Парақшаларды толтырады



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!